Ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту əдістемесі
Хамитова Дарига Алибековна
бакалавриат 4 курс, шет тілі:екі шетел тілі
Е.А Букетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті
Шайдарова Алина Мейіржанқызы

The method of developing cognitive abilities of elementary school students in the English language class
Khamitova Dariga
Bachelor's degree, 4th year, foreign language: two foreign languages.
Karaganda research University named after EA Buketov
Shaidarova Alina

Karaganda research University named after E.A .Buketov
Аннотация. Бұл мақалада ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту әдістері қарастырылады. Танымдық қабілеттер – балалардың қоршаған ортаны тану, ақпаратты өңдеу және есте сақтау процестеріне байланысты психологиялық қызметтері. Ағылшын тілін үйренуде олар қандай рөл атқарады және бұл қабілеттерді қалай дамыту керектігі қарастырылады. Мақалада ойын және и нтерактивті технологиялар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, қарым-қатынас әдістерін қолдану, тапсырмаларды бағалау, танымдық қабілеттерін арттыру жолдары көрсетілген. Сондай-ақ балалардың сыни ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамытуға бағытталған түрлі әдістер талқыланады.
Abstract. This article discusses the methods of developing cognitive abilities of elementary school students in the English language class. Cognitive abilities are psychological functions of children related to the processes of recognition of the environment, information processing and memory. What role they play in learning English and how to develop these abilities will be considered. The article shows ways to increase students' interest, use communication methods, evaluate tasks, and improve their cognitive abilities through games and interactive technologies. Various methods aimed at developing children's critical thinking, attention and memory will also be discussed.
Кілт сөздер: ағылшын тілі сабағы, бастауыш сынып оқушылары, танымдық қабілеттер, дамыту әдістемесі
Key words: English language lesson, elementary school students, cognitive abilities, development method
Кіріспе. Кіші мектеп жасындағы балалардың танымдық қабілеттері тез дамиды. Бұл кезеңде балалардың зейіні, есте сақтауы, ойлау процестері, қиялдары қалыптасады. Ағылшын тілін үйрену кезінде когнитивті дағдыларды тиімді дамыту маңызды, себебі ол балаларға тілдік дағдыларды тез және оңай меңгеруге көмектеседі. Ағылшын тілі сабағында танымдық қабілеттерін дамыту үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдау өте маңызды.
1. Танымдық қабілеттерді дамытудың теориялық негіздері.
Танымдық қабілет – адамның қоршаған ортаны танып білу, есте сақтау және қолдану қабілеті. Оларға қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау, елестету және сыни талдау жатады. Оқушылардың танымдық қабілеттері олардың оқу процесіндегі жетістігімен тікелей байланысты, сондықтан бұл қабілеттерді тиімді дамыту қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестері жас ерекшеліктеріне қарай даму кезеңінде. Бұл жастағы балалар әлі де жаңа ақпаратты үйренуге және пайдалануға дайын. [1].
2. Ағылшын тілі сабағында танымдық қабілеттерді дамытудың негізгі принциптері
2.1. Қызығушылықты арттыру
Балалардың сабаққа деген қызығушылығы олардың тез әрі жеңіл оқуына әсер етеді. Сондықтан ағылшын тілі сабағында әр түрлі ойындарды, интерактивті жаттығуларды және қызықты материалдарды қолдану арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға болады. Оқушыларды қәзіргі замаңға сай білім беру, әртүрлі сайтпен жұмыс, ойындар ұйымдастырып оқушылардың қызығушылықтарын арттыру қажет. Сабақтарда әртүрлі әдістерді қолдану арқылы оқушылардың зейінін сақтау және оларды белсенді қатысуға ынталандыру. Оқушыларды жетістіктері үшін мадақтап, олардың өз-өзіне сенімін арттыру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмалар беру. Ойын элементтері, тыңдау және қайталау, интерактивті жаттығулар, визуализация әдісі және топтық жұмыс оқушылардың тіл үйренуге деген ынтасын жоғарылатады.
2.2. Қарым-қатынас әдістерін қолдану
Ағылшын тілін үйренудің негізгі мақсаты – тілдік қарым-қатынас. Сондықтан сабақты ұйымдастыру кезінде коммуникативті әдістерді қолдана отырып, балалардың сөйлеуді түсіну, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуға назар аудару қажет. Қарым-қатынас әдістері оқушылардың өзіндік пікірлерін білдіріп, сұрақтар қоюды, жауап беруді, сөйлеу мен тыңдауды жақсартуды көздейді. Диалогтық әдіс оқушылардың бір-бірімен сөйлесуін қамтамасыз етіп, тілдік дағдыларды дамыту үшін өте тиімді. Оқушылар жұппен немесе топпен жұмыс істей отырып, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптар береді. Сұрақ қою — оқушыларды өз ойларын ашық әрі дәл жеткізуге үйрететін қарым-қатынас әдісі. Топтық жұмыс оқушылардың бір-бірімен өзара әрекеттесіп, бірлесе жұмыс істеуін қамтиды. Жоба жұмысы — оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған әдіс. Тыңдау әдісі оқушылардың тыңдау дағдыларын дамытуға арналған. Ағылшын тілі сабағында қарым-қатынас әдістерін қолдану оқушылардың сөйлеу, тыңдау, жазу және оқу дағдыларын дамытуға үлкен ықпал етеді. Диалогтар, топтық жұмыс, жазбаша және ауызша тапсырмалар арқылы оқушылар ағылшын тілінде өз пікірлерін еркін білдіріп, тілдік қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді. Бұл әдіс арқылы оқушылар ағылшын тіліндегі мәтіндер мен диалогтарды тыңдап, түсініп, жауап беру дағдыларын жетілдіреді. Мұғалімнің дұрыс бағыт-бағдар беруі мен қарым-қатынас әдістерін тиімді қолдануы оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырады және тілдік қабілеттерін тереңдетеді.
3. Ағылшын тілі сабағында танымдық қабілеттерді дамыту әдістері
3.1. Ойын технологиялары
Ойын – балалардың дамуы мен оқуының негізгі әдістерінің бірі. Ойын технологияларының көмегімен балалар ағылшын тілінде жаңа сөздер мен сөйлемдерді меңгеріп қана қоймай, оларды өмірде қолдана білуге де үйренеді. Мысалы, «Сөз тап» немесе «Рөлдік ойындар» арқылы оқушылардың зейіні мен есте сақтау қабілеті дамиды.
Рөлдік ойын балалардың шынайы өмірлік жағдаяттарды сомдап, ағылшын тілін қолдана отырып, сенімділігін арттырады. Оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытатын бұл әдісті қолдану арқылы балалар тілдік кедергілерді жеңіп, жаңа тілдік материалдарды белсенді түрде меңгереді. [3].
3.2. Коммуникативті әдіс
Ағылшын тілін оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамыту. Коммуникативті әдіс оқушылардың сөйлеу, тыңдау, оқу, жазу дағдыларын дамытуға бағытталған. Сыныпта диалог, топтық жұмыс ұйымдастыру – балалардың тілі түсініп, өз ойын жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Бұл әдіс сонымен қатар студенттердің өз пікірлерін білдіру және проблемаларды шешуге тырысу кезінде сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Мысалы, белгілі бір тақырыпқа байланысты пікірталастар мен әңгімелер арқылы оқушылар қарым-қатынас жасайды, жаңа ақпаратты игереді және оны қолдануды үйренеді. Коммуникативті әдіс оқушыларға ағылшын тілін күнделікті өмірде, нақты жағдайларда пайдалану мүмкіндігін береді, әрі олардың сөйлеу қабілеттерін арттырады. Коммуникативті әдістің ерекшеліктері: шынайы қарым-қатынас, әлеуметтік контексте оқыту, көп деңгейлі қарым-қатынас, оқушылардың белсенді қатысуы.
3.3. Интерактивті технологиялар
Интерактивті құралдар оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Компьютерлік бағдарламаларды, интерактивті тақтаны және мультимедиялық ресурстарды пайдалана отырып, балалар көрнекі материалдармен жұмыс істей отырып, ақпаратты тез және оңай қабылдайды. Мысалы, мультимедиялық тапсырмалар балалардың зейінін шоғырландыруға және есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі. Бейне және аудио жазбалар тыңдау дағдыларын дамытады және оқушылардың тілдік материалды түсінуін арттырады.
3.4. Сөздік ойындар
Сөздік ойындар оқушылардың сөздік қорын молайтып, есте сақтау қабілетін арттырады. Мысалы, «Сөз құрастыр» немесе «Жұмбақтарды шеш» сияқты ойындар арқылы балалар жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйренеді. Сонымен қатар, сөздік ойындар оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады және оларды белсенді қатысуға ынталандырады. Сөздік ойындардың түрлері: сөздер мен суреттерді сәйкестестендіру (Flashcards), сөздер тізбегі (Word Chain), Крассвордтар (Crassword Puzzles). Сөздік ойындар оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың тиімділігін арттырады.
4.Когнитивтік процестерді дамытудың практикалық әдістері
4.1. Тапсырмаларды бағалау
Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту үшін тапсырмалардың күрделілік деңгейінің маңызы зор. Тапсырмалар оқушының білім деңгейіне сай болуы керек. Алдымен оңай тапсырмалар беру керек, ал үйренген сайын оларды біртіндеп қиындата беру керек. Бұл әдіс оқушының белсенділігін арттырып, өз бетінше ойлау қабілетін дамытады. Бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тілі сабақтарындағы тапсырмаларын бағалау үшін әр түрлі критерийлер мен әдістерді қолдануға болады. Мұнда әр оқушының танымдық қабілеттерін, оқу материалын меңгеру деңгейін және тілдік дағдыларын бағалау маңызды
4.2. Мәселелерді шешуге арналған тапсырмалар
Проблемалық тапсырмалар балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытады. Мұндай тапсырмаларда оқушыларға белгілі бір мәселені шешу немесе болжам жасау тапсырылады. Мысалы, сурет бойынша әңгіме құру немесе мәтіннің мазмұнын болжау сияқты тапсырмалар балалардың тілін және танымдық қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Оқушыларға нақты өмірден алынған немесе ойдан шығарылған проблемалық жағдайлар ұсынылады. Бұл тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған.[4].Мәселелерді шешуге арналған тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін және тілдік дағдыларын дамытуға көмектеседі. Мұндай тапсырмалар арқылы оқушылар нақты өмірдегі мәселелерді шешуге дайын болады, олар өз білімдері мен дағдыларын қолдануға үйренеді. Сонымен қатар, бұл тапсырмалар оқушылардың ағылшын тіліндегі сөйлеу, тыңдау, жазу және оқылым дағдыларын бір уақытта дамытуға мүмкіндік береді.
4.3. Топтық жұмыс
Топтық жұмыстың арқасында балалар бірлесіп әрекет етіп, өз ойларын еркін жеткізеді. Оқушылар бірлесіп тапсырмаларды орындағанда өзара пікір өзара алмасу және тілдік және танымдық қабілеттерін дамыту. Топтық жұмыс әсіресе коммуникативті дағдыларды дамыту үшін тиімді.Топтық жұмыс барысында оқушыларды бағалау үшін олардың топтық жұмысқа қатысуын, рөлдерді орындауын және жалпы ынтымақтастық дағдыларын ескеру қажет.
5.Зейін мен есте сақтау қабілетін дамыту.
5.1. Қайталау әдісі
Қайталау – білімді бекітудің ең тиімді әдісі. Ағылшын тілінде жаңа сөздерді үйрену кезінде оларды жиі қайталау балалардың есте сақтау қабілетін жақсартады. Қайталаудың арқасында оқушылар сөздердің мағынасын жақсы түсінеді және оларды қолдануды үйренеді. Бұл әдіс оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға, сөздік қорын байытуға, грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдануға және дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.[5].
5.2. Визуализация
Тілдік материалдардың көрнекілігі балалардың ақпаратты қабылдауын жеңілдетеді. Суреттер, сызбалар және бейнелер арқылы жаңа сөздерді меңгерту оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырады. Көрнекі ақпарат балалардың ойлау процестерін дамытып, тілді тез меңгеруге көмектеседі.Бұл әдіс арқылы ақпаратты көзбен көріп қабылдау арқылы түсіну және есте сақтау оңайырақ болады. Визуализация әдісінің бірнеше түрі бар: флешкарталар, суреттер мен иллюстрациялар, инфографика және диаграммалар, видеоматериалдар, интерактивті тақталар.
Қорытынды. Ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту үшін мұғалімдер түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануы қажет. Ойын технологиялары, қарым-қатынас әдістері және интерактивті құралдар балалардың танымдық процестерін дамытудың негізгі жолдары болып табылады. Мұғалімдер жеке қабілеттерді ескере отырып, тапсырмаларды ретке келтіру және проблемалық тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың зейінін, есте сақтауын және сыни тұрғыдан ойлауын дамыта алады. Оқушылардың тіл үйренуге деген ынтасын арттыру, оқу дағдыларын жетілдіру, түсіну қабілеттерін дамыту және шығармашылық мүмкіндіктерін ашу үшін әртүрлі әдістемелер қолдану қажет. Ойын арқылы үйрену оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына және жаңа материалды қызығушылықпен қабылдауына мүмкіндік береді. Тыңдау және қайталау арқылы тыңдау дағдылары мен дұрыс дыбыстау қабілеттері қалыптасады. Интерактивті жаттығулар және онлайн викториналар оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне және нәтижелерін бақылауына көмектеседі.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Бейсенбаева, Ж.Қ. (2015). Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту. Алматы: Раритет 120 бет
-
Қалиев, Т. (2010). Ағылшын тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Мектеп.200 бет
-
Сәтімбекова, Г.(2012). Бастауыш сынып оқушыларының тіл байлығын дамыту. Астана: Елорда.
-
Рахметова, А.М. (2018). Танымдық қабілеттерді дамытудағы ойын технологияларының рөлі. Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.
-
Мұхамбетова, М.Қ. (2017). Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқыту әдістемесі: теория және тәжірибе. Алматы: Нұр-Сұлтан.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту әдістемесі

шағым қалдыра аласыз