«Жетісу облысы білім
басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «Өтенай
ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №21 орта мектеп»
КММ

Тақырып: Ағылшын тілі сабағында жаңа әдістерді қолдану арқылы
оқушылардың қызығушылығын арттыру
жолдары
Пәні:
Шетел тілі мұғалімі
Орындаған:Байтолеуова Ә.Ә
Уақыты:
17.10.2022
Талдықорған, 2022
жыл
Ағылшын тілі сабағында жаңа
әдістерді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
жолдары
Бүгінгі таңда білім жүйесін
қашықтықтан оқыту болғандықтан білімнің халықаралық талаптарын
меңгерудің маңызы үлкен. Елімізде және бүкіл әлемдік індет яғни
(пандемия) байланысты, осылай қашықтықтан өтуге міндеттелінді.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған,ақпараттық мәліметтер ағыны
күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып,адамның
қабілетін, талантын дамыту-заманның басты талабы. Қазіргі заманда
балалар комьпютер және басқа да ақпарат құралдарын, интернет жайлы
жетік меңгерген. Балаларға қашықтықтан сабақ өту барысында бұл
жағынан қиындық болмады.
Президенттің жолдауында:
«Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен
айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны
дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы
нәтиже шығару.Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы
және бағыттағы инновациялар енгізілген.
Оқу үрдісіне жаппай жаңа
педагогикалық технологияның түрлері енгізілуде және енгізілді.Жаңа
педагогикалық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін-зерделік ,
кәсіптік,адамгершілік,рухани,азаматтық және басқа да көптеген
ұстаздық қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі
дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.
Оқу-тәбие үрдісіне жаңа
педагогикалық технологияларды
ендірудің алғашқы шарты: мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін
қалыптастыру болып табылады.
Шет тілді оқытудағы негізгі
мақсат – шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны
еркін игеру. Шет тілі – қазіргі заманның
талабына сай, қоғамның
әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-
техникалық және мәдениет
дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін
оқыту әдістемесінің деңгейі
жоғары.
ХХІ
ғасыр – озық технологиялар ғасыры.
Сондықтан,қашықтықтан оқыту
кезінде білім беру жүйесінде
жаңа технологияларды тиімді пайдаланамыз. Осы мақсатта еліміздің болашағы
үшін қашықтықтан оқыту
жайлы қоғамды ақпараттандыруды қолға алуда. Білім
берудің жүйесінің негізі – қашықтықтан оқыту болғандақтан,
жаңа технологияларды кеңінен пайдаланудың маңызы
ерекше.Педагогикалық-әдістемелік оқыту барысында оқу міндеттерін
шешуге бағытталған оқу бағдарламалық құралдары (электронды
оқулықтар, электронды курстар, дәрістер, слайд-дәрістер,
мультимедиялық презентациялар және т.б.) кеңінен
қолданылады.
Қашықтықтан оқыту кезінде
аудио арқылы және бейнеролик пен балаларға сабақ өту
тиімді.
Себебі, тіл үйрену арқылы адам
бүкіл бір ұлттың мәдениеті мен әлеуеметін қатар үйренеді. Ал оны
толықтай меңгеру үшін оқулықтың аздық етері анық. Адам көру, есту
арқылы тіл қолданушылардың мәдениетін тезірек
сезінеді.
Тіл үйрену барысында жаңа
технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу,
тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден
болады. ағылшын тілін оқыту әдістеріне тоқталайық.
Ағылшын тілін оқыту әдістерінің ең маңызды қолданылатын
әдісі-«Grammar-translational method»
(грамматикалық-аударма әдісі)
болды. Бұл әдісте қандай да бір грамматикалық
құрылым меңгеріліп, кейін сол тақырыптарға орай сөйлем мәтіндері
жинақталады.Одан кейін сол сөйлемнің аудармасы қамтылады.
Біріншіден, бұл әдіс грамматиканы жетік меңгеруге жол береді.
Екіншіден, логикалық ойлау деңгейі жоғары азаматтарға ыңғайлы
болды.
Ағылшын тілін үйретудегі
келесісі-«Audio-Lingual
method» (аудиолингвистикалық әдіс)
әдісі. Бұл әдісте оқушы магнитофоннан
немесе оқытушының айтқан сөздерін тыңдап, кейін бірнеше рет
қайталайды. Оқушы осы іс-әрекетте сөздердің, сөйлемдердің немесе
тіркестің дұрыс айтылу жолдарымен және оны аз уақыт көлемінде
жаттап алу, оны қарым-қатынас әдісінде қолдану шарттары
бейімделе бастайды.
Түсіндіру
әдісі – оқытушы сабақ
барысында, оқыту үрдісінің бастамасы ретінде іске асырылатын әдіс.
Бұл әдісте оқытушы жаңа сөзді, жаңа тақырыпты немесе сөйлемдерді
түсіндіру үшін қолданылады.
Сұрақ – жауап әдісі –
балалардың тілін дамыту үшін маңызды әдістің бірі. Бұл әдісте
оқушылар коммуникативтік әдісте болады. Бір-бірілеріне сұрақ қойып,
кейін сұрағына жауап алады. Кең көлемде қолданылатын әдіс түрі
болып табылады.
Ағылшын тілін үйрету барысында ескертетін
жайттар:
1 - Ағылшын тілін оқытуды
жүйелі түрде жүргізу.
2 - Үйрету күнделікті өмірде
жиі қолданылатын контекстерден басталады.
3 - Тапсырманы оқушының
қабілетіне қарай беру.
4 -
Оқу материалдарын шындыққа сай етіп алу.
5 -
Үйрену – қарапайымнан күрделіге қарай ұстанымы арқылы жүзеге
асады.
Ұстаздардың алдына қойған міндеті оқытудың әдіс
тәсілдерін үнемі жетілдіру. Әрбір педагогикалық технология жеке
тұлғаның өзін - өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық
қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды
қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік
әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.Жаңa технологияны қолдану мына
кезеңдер арқылы іске асады:
I
кезең: оқып - үйрену;
II
Кезең: меңгеру;
III
Кезең: өмірге ендіру:
IV
Кезең: дамыту;
Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану
мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын
оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір
жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке
келеді.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі –
ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге
өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология
арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін
жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып
табылады.
Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман
талабы.
Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және
мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді
қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды
және аудио арқылы түсіндірме жұмыстрмен білім беру
процесінде терең қолданамыз. Ағылшын тілі
сабағында компьютерді, электрондық оқулықтарды
қолданданымызда:
• лексиканы оқып үйретеді;
• сөйлеу ырғағын;
• диалог, рөлдік ойындарды;
• хат жазуға үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп,
оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.
Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер,
телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді,
тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде.
Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген
қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық
технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет
деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Және мен өз
сабағымда электронды оқулықтарын жиі қолданамын.
Жаңа
ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда
күтілетін нәтижелер:
• үлгерімі төмен оқушыларға
көмектеседі;
• оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын
арттырады;
• сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын
арттырады;
• оқушыларды жеке жұмыс істеуге
үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге
көмектеседі;
• оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу,
ойлау қабілеттерін дамытады;
Шетел
тілін оқыту сабақтарында барлық ойын түрлері презентация көмегімен
қолдануға болады.Себебі бұл ойындар сабақты сапалы, әрі қызықты
етуіне септігін тигізеді.
Лексикалық ойындар сөздерді оқыту барысында
қолданады.Компьютер көмегімен ағылшын сабағын ойын арқылы қызықты
қылып өткізуге болады. Мысалы: Сөзжұмбақтар, сөзтізбектер, берілген
видео бейнені дыбыстау т.б. Шетел тілі сабағында көру, естумен
жүргізілетін жұмыс, оқушыны қызықтыра түседі.Жұмыс оқушыны бір
жағынан ойлануға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып,
шығармашылық қабілеттерін арттыруға, белсенділікке
ынталандырады.