жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды қолдану
Алматы қаласы Алатау ауданы №182 жалпы білім беретін мектебі
Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Абирова Маншук Нуртаевна
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды қолдану
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды қолдану оқушылардың білім деңгейін көтеріп олардың таным көзқарасын қалыптастырады.Жаңа технологияларды қолдану аз уақыт аралығында бірнеше жаттығуларды барлық оқушылардың орындап,меңгеруін қамтамасыз етеді.Елдегі білімнің заманауи жүйесі жоғары оқу мекемелерінің дамуын ғылым,мәдениет қана емес,сонымен бірге жаңа ақпараттық технологиялар орталығы ретінде де қарастырған жөн.
Қазіргі таңда ғылымның дамуы педогикалық технологияларды қолдануды қажет етеді,себебі педогикалық технология оқыту үрдісінде әрбір оқушының дамуын және белсенділігін арттыруға ықпал етеді.Жаңа технологияларды пайдалана отырып,біз оқушылардың сабақ барысында жоғары көрсеткіштерге жетуіне және алға білімдерін практикада пайдалануға жағдай жасаймыз.Жаңа технологияларды (интерактивті тақта,салайд,презентация) қолдану оқушылардың тілді жақсы меңгеріп шығуына ықпалын тигізеді.Технология желілерін тиімді пайдаланып,оқу үрдісінің мемлекеттік ғылым және білім кеңістігінің кез келген жерінде толық жұмыс істеу үшін ғылыми, оқу әдістемелік және ұйымдастырушылық тұрғыдан қаматамасыз етудің шынайы мүмкіндіктерін ұсынамыз.Ағылшын тілінде жаңа технологияларды пайдалану тілді үйрену процесіне игі әсерін тигізіп оның нәтижелі болуын арттырып,оқушылардың қызығушылығын тудырады.Яғни,оқушылар жаңа технологиялармен жұмыс істеу арқылы қабылдау,тыңдау,түсіну,аудару,талдау,сөйлеу сияқты әрекеттер арқылы кәсіби тілде қарым-қатынас жасауға дағдылана отырып,ағылшын тілін жете меңгеруге талпынады.Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту төрт бағытты қамтиды.Олар мыналар:
Модельдік технологиясы
Рейтингтік жүйе
Дамыта оқыту технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.Сабақты психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру дегеніміз-оқушының ішкі жан дүниесіне терең үңілу,ойына ой қосу,қиялына қанат бітіру,білім алуға деген құлшынысын,қызығушылығын ояту.Ол үшін мұғалім ретінде барлық мүнкіншілігін пайдаланамыз, Өйткені жай сабақ құнарсыз тамақ секілді адам,бойына жұқпайды.Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемлік ізденісі,қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп шәкірт жүрегінен орын алады.
Еліміздің Президенті «2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдерге үлгі болады»,- деген асқақ сезімді алға тарта отырып – ’’Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының өресі биік, денсаулықтары мықты өкілдері мен шығармашыл тұлғалары болады деп сенеміз’’, - деп атап көрсетті.
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтын ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеніңде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңіне пайдалану емес, мәселе тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде.Қазіргі таңда айтар болсақ,көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.Ақпараттық технологиядағы ақпараттарды жинау,сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы.
Қазіргі заман талабына сай,бәсекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелеуде жаңа технологияларды меңгере отырып оқыту заман талабы болып отыр.Оқушыларды оқытуда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,білім мен білікті танымдық тұрғыдан оқушыларды белсендіре алып,білім алу барысында өздігінен ізденіске үйрете білсек,оқытуда біз үлкен жетістікке жетеміз.Ол үшін біз алдымен оқушылармен жұмыс жасауда әр оқушының неге қабілетті,қай нәрсені тиімді пайдалана алады,нендей нәрсеге сүйене алады,қай нәрсеге қызығушылығы басым екенін анықтап,саралап алуымыз қажет.Анықтап,саралап алғаннан кейін оқушылардың жақсы жақтарын,өзіндік қабілеттеріне қарай жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушының мүмкіндіктерін онан ары қарай дамуына күш салар болсақ,онда біз оқушылардың дамуына өз септігімізді тигіземіз.
Шет тілін оқытуда оқушылардың назарын, қызығушылығын арттыру мақсатында қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып,ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану,интернет,тыңдап түсіну,визуалды т.б. қолдана отырып оқытудың оқушылар үшін маңызы зор және оқушылардың сабаққа,оқуға,білімге деген қызығушылықтары оянады,интернеттен өздеріне қажетті көп мағлұматтарды ала отырып өз білімдерін жетілдіреді.
Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді.Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні-қараң,келешегі тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай,егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ.Сусыз,құрғақ,таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты,жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді,өнбейді.Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет-оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.
Қорытындылай келе, ағылшын тілі-байланыс тілі.Ағылшын тілі қазіргі заман талабына сай,кең ауқымда қолданылатын тіл.Жаһандық экономикадағы тіл десек,кем түспес едік.Ағылшын тілі заманымызда өте маңызды рөл алып отыр.Адам әрдайым өз-өзін дамыту қажет.Еліміздің ертеңі-біздің қолымызда.Ата-бабамыз аңсаған арманының бірі-Қазақ елін әлемге таныту үшін,барлығымыз,яғни өскелең ұрпақтың,уақытын бос өткізбей көп тіл үйретіп,оқушыларымыздың дүниетанымын кеңейтіп,әрқашан оқушылардың өзіндік ізденісіне бағыт,беріп,өмірдің тылсым күштерін ақтару үшін жас ұрпақты білімді ету жолында бойымыздағы білім-танымды жұмсап жүрміз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген