жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ағылшын тілі сабағында критериалды бағалау жүйесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы қаласы Білім басқармасы
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Ағылшын тілі сабағында критериалды бағалау жүйесінің
Пәні: Ағылшын тілін оқыту әдістемесі
Студент: Изетай Алтынай
Курс: 4
Мамандық:0105000
«Бастауыш білім беру»
Біліктілік: 0105083
«Ағылшынша білімі бар
бастауыш сынып мұғалімі »
Топ: 41 «БШ»
Парақтардың саны:
Студенттің мәлімдемесі |
Мен, ұсынылған жұмысты өзімнің жазғанымды, ал қолданылған дереккөздерінің нақтылығын растаймын.
Студенттің қолы________ « __» ________20____жыл
|
Қорғау
Баға______ (__________)
Қорғау уақыты___ ___________ 20____жыл
Ғылыми жетекші____________ Алимпияева З. С.
Мазмұны
|
Кіріспе...................................................................................................... |
3
|
|
|
І тарау. АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ |
|
|
1.1. |
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері
|
|
|
1.2. |
Ағылшын тілі сабағын бағалаудың тиімділігі................................................................................................... 1.3 Ағылшын тілі сабағында формативті бағалаудың әдістері....................................................................................................
|
|
|
|
|
|
|
|
ІІ тарау. Ағылшын тілі сабағында критериалды бағалау жүйесін қолдану
|
|
|
2.1. |
Оқыту жүйесіндегі білімді бақылау және бағалаудағы формализмді жою жолдары ............................................................................ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды................................................................................... Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................... |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кіріспе
Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі- білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту болып табылады. Ұлы педагог Ы.Алтынсарин Оқытушы бағаланғанда олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне қарай бағалау керек деп айтқандай, оқу жетістігін нақты бағалау мәселесі-білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.
Қазіргі таңда педагогика ғылымының өзекті де, өткір мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру, оқыту мәселесін жақсарту болып отыр. Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы құжат «Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының негізгі бағыттарында» бұл мәселеге жоғары мән беріледі. Құжатта былай делінген: «Оқушылар білімін бағалауда қандайда болмасын жалаң бүркемелеушілікке жол берілмеуін міндетті түрде қадағалау қажет». Бұл талаптардың жүзеге асыуы осы таңдағы оқушылардың білімін бақылау жүйесіне жоғары сын қоя отырып, жан-жақты талдау жүргізуді қажет етеді. Қазіргі қалыптасқан білімді бақылау-тексеру жүйесіне қанағаттанбау (білім көрсеткіштері және оны тексеру тәсілімен қоса) мәселелері дидактикалық материалдар бетінде жиі ескеріліп, әрі айтылып жүр.
Осы күндегі білім бағасы жүйесінің бірден-бір кемшіліктерінің бірі ғалымдар пікірінше, айрықшаланған көрсеткіштердің көптігі, көпжақтылығы және немғұрайлығы. Бұл көрсеткіштердің осындай қыры білім бағасының мазмұндық сипатының жойлмауына, әрі осы мазмұнға сәйкес бағаға практикалық тұрғыда бағдарлануға қиындық туғызады. Сондықтан да, білім сапасының теориялық негізделген принциптерін жасау мәселесі және соған сай психологиялық тұрғыда оқушылардың білімін тексеру тәсілдері қазіргі таңда ерекше қиын әрі күрделі болып отыр. Тәжірбиелі әдістер мен оқушылардың білім сапасын бағалау критерийлерінің соған сәйкес оқыту, меңгеру теориясымен органикалық байланысын талап ету мәселесі-педагогикалық психологияда диагностиканың негізін құраушы принцип болып табылады. Білім сапасының психологиялық диагностиканың бұл шектеулі оқу әрекетінің процесі дамыған, толыққанды сипаттағы оқытудың теориясына сүйенген жағдайда ғана жойылды.
Оқушылардың білім сапасына қазіргі таңда қойылар талаптың өсуі білімді игеру көрсеткіштері құрылымының өзгерісінде көрініс табуда, әрі осы мәселенің дидактиктер мен педагогтар зерттеулерінде көп қарастырылуы да септігін тигізіп отыр.
Мотивация – психология ғылымындағы өте бір күрделі ұғым болып табылады.
С.Л. Рубинштейннің айтуынша іс-әрекеттің өзінде бағытталуына орай мақсаты нақты көрінеді және әрекет орындалуына қарай мотивтері белгілі болып отырады. Әрекет мотивтері өте күрделі, олар түрлі қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде дамиды. Адамзатқа мотивтер арқылы қоғамның жері көп жағдайларда бағалау әрекеті көмегімен беріліп, жүзеге асып отырады.
Оқушыны критериалды бағалауды негізі
қалыптастырушы бағалау. Қалыптастырушы
бағалау барлық тоқсанда күнделікті
сабақ беру барысында жүйелі жүргізіледі
және сабақтың бөлінбейтін бөлігі болып
табылады.
Қалыптастырушы
бағалау үнемі жүргізіліп отырады, балл
мен баға қойылмайды. Мұғалім мен оқушы
арасында кері байланыс әрекеті арқылы
оқыту үдерісін уақытында түзетіп
отыруға, оның өлшемін анықтауға, сабақты
әрі қарай жоспарлауға ықпал етеді.
Қалыптастырушы бағалау -мұғалімдерді,
оқушыларды және педагогикалық үдерістің
және басқа қатысушыларын оқуды жетілдіру
үшін қажет ақпаратпен қаматамасыз
ететін оқудың ағымдағы
бағалануы.
Қалыптастырушы
бағалау:
Күнделікті
алған білімінің меңгеру деңгейін
анықтайды
Негізі
бақылау жұмысына дейін білімін
жүйелейді
Кездескен
қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге
оқушыға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы
бағалау –сапалы оқытудың негізі құралы.
Оқыту үдерісін басқарудың негізгі
кілті бағалауда деп айтуға болады.
Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі
басқа оқушымен салыстырмалы түрде
бағаланып келді. Бағалау термині жақын
отыру латын тіліндегі мағынада.
Бағалаудың негізгі сипаты бір адам
басқа адамның не айтьып, не істегенін
немесе өзін-өзі бақылау жағдайында
өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе
тәртібін мұқият бақылауы болып
табылады.
Өз
кезегінде, білім беру сапасын жоғарылату
оқушылар жетістігін бағалаудың нақты
критерийлерін жасауды талап етеді.
Бағалаудағы ерекше амал критерий арқылы
бағалау болып табылады.
Оқыту
үшін бағалаудың негізгі идеясының бірі
– оқушылар мен мұғалімдерде жұмыстың
белгілі бір бөлігінде оқытудағы
мақсаттың ортақ түсінігі болуы тиіс.
Сонда ғана біз өзіміз қол жеткізген
деңгейді бағалай аламыз. Мұғалім
тапсырманы орындаудағы жетістіктің ,
жартылай жетістік немесе жетістікке
жетудегі кемшіліктің неден құралатынын
анық түрде жеткізсе ғана, оқушылар
өздерінің күшті жақтарын және оны
жетілдірудің салалары қандай екенін
бағалай алады.
Бұрын
оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы,
орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы
өздігінен білім іздейтін жеке тұлға
екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы
бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастыршы
және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді.
Қалыптастырушы бағалау оқытуды әдістерді
және осы мүмкіндіктерді іске асыру
түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін
анықтауға бағытталған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін»- деді. Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды.
Зерттеу
жұмыстың мақсаты:
Оқушылардың
білім нәтижесін бақылау түрлерін
анықтау;
Оқушылар білімін
бағалаудың жаңаша формаларын оқу
процесінде кеңінен пайдалану;
Рейтингтік
бағалау жүйесін іс-тәжірибеге енгізу;
Зерттеу
жұмыстың міндеттері:
Оқушының
білім нәтижесін бағалауда, олардың
кемшілігін жеке-дара қарастыру;
Оқушы
еңбегінің көрсеткішін анықтауда олардың
өз күшіне сеніммен қарау;
Оқушылардың
білім сапасын бағалаудың жаңаша
формаларын қолданысқа енгізу.
Зерттеу
жұмысының пәні: Ағылшын
тілі
сабағында оқушылардың білім нәтижесін
бақылау, бағалау
Зерттеу
жұмысынан күтілетін нәтиже:
Белсенділік
пен дербестік
Теория мен практиканы
байланыстыру
Өз беттерінше әрекет
жасайды
Дәйектілік пен
дәлділік
Нақты ақпаратты жүйелейді.
I-тарау АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әркезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.
Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың «5» баллдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді.
Тест – ағылшын сөзі (test) аударғанда «байқау, бақылау, зерттеу» деген сөз. Педагогика тарихында тест пайдалану 130 жылдан артық уақыты қамтиды. Ең алдымен, педагогикалық тесті 1964 жылы Джордж Филлер қарастырып, оны Гринвич госпиталіндегі мектепте пайдаланған. Кейбір мамандар білімді тест түрінде тексеруде американ психолог-педагогы С. Пресси мен оның қызметкерлері шығарған де есептейді.
С. Пресси оқу жылында оқушының білімін тексеруге мың сағаттан астам уақыт қажеттігін есептеген. Сондықтан ол алдына оқушы білімін бағалауға жіберілетін уақытты қысқартуды мақсат етіп қойды. Бұл мәселені шешуде тест тапсырмалары бар бағдарламамен жұмыс істейтін қарапайым технологиялық құрылымдар шығаруға болады.
Содан бері мектептегі үлгерімді тест бойынша тексеру Америка штаты, Франция, Англия, Жапония, Дания, Канада, Австралия, Израиль және т.б. елдерде кеңінен тарай бастады.
Мысалы, алдын ала тексерудің мақсаты – жаңа материалды игеруге қажетті білім, білік, дағды деңгейін анықтау. Мұндай тексерудің нәтижесінде мұғалім оқушылардың біліміндегі олқылықтарды дер кезінде байқап, анықтап, қосымша сабақ, кеңес ұйымдастыра алады. Алдын ала тексеруге арналған сұрақтар мектеп бағдарламасына сәйкес құрылады.
Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр. Оқыту саласында тест қолдану білімді тексеру әдісін жетілдіруге қосылып отырған үлкен үлес болып есептеледі.
Тест «тәжірибе, тексеру» деген мағыналарды білдіреді. Тест сөйлесім, тілдесім, жазылым әрекеттерінің дәрежесін бақылауға өте тиімді әдіс болып табылады.
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері
Білімді тексеруге қойылатын талаптар.
Тексерудің түрлері: оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру, оқушылардың ауызша берген жауаптарын тексеру және бағалау, сабаққа қатынасып отырған оқушылардың білімдері,не баға беру, оқушылардың жазбаша берген жаауаптарын бағалау, бақылау жұмысы, оқушылардың үй жұмыстарын тексеру, зачет, емтихан арқылы білімді тексеру.
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері.Оқушылардың оқу материалын қалай меңгергенін тексеру және бағалау оқыту процесіне керекті бөлік. Бұл тек қана оқыту нәтижелерін бақылау емес, соынмен қатар оқу процесінің әртүрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектеседі, себебі мұғалім және оқушы оқу материалын меңгергендігі жөнінде сандық мәлімет алады. Мұғалімге оқушының нені білетіні, нені түсінбейтіні, қай материалжақсы меңгерілгенін, қайсылары нашар немесе мүлдеммеңгерілмегені білгілі болады. Бұл оқушылардың танымдық жұмысын ұйымдастыру үшін негіз. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға береді, жұмыс әдістеріне толықтырулар, түзетулер енгізіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын табады, бағдарламаның қандай сұрақтарын, ережелерін, ұғымдарын, заңдарын оқушылар нашар түсінетінін, жақсы түсінетіндерін біледі.
Білімді тексеруге қойылатын талаптар. Білімді тексеру және бағалау белгілі бір дидактикалық талаптарды қанағаттандыру керек:
Тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттелігі. Бұл талапты бұзу оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімніңсапасына кері әсер етеді. Оқушылар сабаққакүн сайын әзірлену керек. Оған мұғалімнің тұрақты бақылауы әсер етеді.
Әрбір оқушыны өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқытупроцесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.
Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгерубілімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғлім оқушының қосымша білімін, қандай қосымша әдебиеттерді оқитынын білу керек., бірақ ол үшін баға қойылмайды. Кеңес, нұсқау, консультация беру жеткілікті.
Оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, алған білімдердің оқушылардың жалпыжәне ақыл-ой дамуына, жеке тұлғаның сапаларын қалыптасыруға ықпалын оқуға әсерін білу керек.
Білім, іскерлік, дағдыларды алуан түрлі формалар арықылы тексеру керек.
Байқалған кемшіліктерді оқушы өзі түзету керек.
Мұғалім оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдыңәдістемесі мен тәсілдерін білуге үйрету керек.
Баға әділ қойылу керек, оны көтеріп, не кемітіп қоюға болмайды.
Баға бааның ынтасын туғызатын құрал, оны мадақтау не жазалау үшін қолдануға болмайды.
Оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы.
Әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалім баға береді, бірақ оқушылардың өздерін де қатыстыру керек.
Бүкіл бақылау – бағалау процесі әрбір баланың оқуда артта қалып қоймауына, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесу қажет.
Ағылшын тілі сабағын бағалаудың тиімділігі
«Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз — білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын білім алушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға, алған теориялық білімін өмірде қолдана білуге бағыттау қажет» деді Н.Ә. Назарбаев.
Оқушы ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір оқытушыға жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Ағылшын тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру.Ағылшын тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Ағылшын тілін оқытудағы білімділік мақсаты – ағылшын тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым — қатынасты нығайтуға ұмтылу үйрету.
Бағалау тиімділігі:
Күнделікті тәжірибеде қолданылады(сабақ сайын, күнбе күн);
Алға басуды қамтамасыз ететін кері байланыс;
Оқушыға да, оқытушыға ға қолайлы бағалау формасы;
Оқытушыға топтың үлгерімін қадағалауға көмектеседі;
Формативті бағалау қалыптастырушы, ынталандырушы функцияларды атқарады.
Бағалаудың шарттары
Оқушылардың оқу мақсатын білуі мен түсінуі
Оқушылар мен тиімді керібайланыс
Өздерінің тану үрдісіне белсенді қатысуы
Оқушылар бағалау өлшемдерін білуі мен түсінуі
Оқушылардың өз жұмыстарын талдай алуы және талдау мүмкіндіктің болуы (рефлексия)
Бағалау қортындылардың негізінде оқыту амалдарын түзету
1.3 Ағылшын тілі сабағында формативті бағалаудың әдістері
Оқыту үшін бағалаудың негізгі идеясының бірі - оқушылар мен мұғалімдерде жұмыстың белгілі бір бөлігінде оқытудағы мақсаттың ортақ түсінігі болуы тиіс, сонда ғана олар өздері қол жеткізетін деңгейді бағалай алады. Мұғалім тапсырманы орындаудағы жетістіктің, жартылай жетістік немесе жетістікке жетудегі кемшіліктің неден құрылатынын анық түрде жеткізсе ғана, оқушылар өздерінің күшті жақтарын және оны жетілдірудің салалары қандай екенін бағалай алады. Тапсырма нәтижесі тек жиынтық балл түрінде болған кезде, оқушылар мұғалімнің мұндай балды қойғанына немесе келесі жолы өз балын жақсарту үшін не істеу керектігіне қатысты сенімсіздік білдіреді. Жетістіктерді анықтайтын айқын өлшемдердің болуы жеке тұлғаның, жұмыстың алдыңғы нәтижесі немесе тіпті жазу мәнері сияқты факторлардың мұғалімге әсер етпеуін қамтамасыз етіп, баға қою сенімділігін жақсартады.
Критериалды бағалау бір оқушыны екінші оқушымен салыстырудан біршама ерекшеленеді. Оқушының жұмысты орындауы алдын-ала белгіленген және талқыланған өлшемдерге қатысты бағаланады.Төменде көрсетілген өлшемдерге тоқталып өтейін.
Ауызекі тіл
Балл
Коммуникация
Оқушы мынаны жасай алады...
Ауқымы
Дұрыстығы
Тапсырма туралы толық мәлімет бере алады.
Бірқатар идеялар мен көзқарасты аздаған қиындықпен және шамалы ауытқумен немесе ауытқусыз білдіре және түсіндіре алады.
Өзара әрекеттерді өте жақсы жасай алады.
Өте сенімді және айқын табиғилықпен сөйлей алады.
Өзіндік бастаманы қолға алып, күрделі жауапты дамыта алады.
Лексика мен құрылымы сәйкес, оның ішінде кейбір кешенді лексикалық бірліктердің ауқымы кең.
Түрлі грамматикалық шақтарды үнемі дұрыс пайдалану.
Тек қана күрделі сөйлемдерде кездесетін қатесі бар, ең дұрыс сөйлеу тілі.
Жақсы дыбыстап айту мен дауыс мәнері.
Тапсырма туралы толық мәлімет хабарлай алады
Өзара әрекеттерді өте жақсы жасай алады, негізінен, аздаған кідіріспен және қажет болса, біреудің көмегімен немесе көмегінсіз, сирек сенімді сөйлей алады.
Өзіндік бастаманы қолға алып, күрделі жауапты дамыта алады.
Идеялар мен көзқарасты аздаған қиындықпен түсіндіріп, жеткізе алады.
Сәйкес лексика мен құрылымның әр алуандығы.
Етістіктің түрлі шақтарын бір мәнде пайдалану.
Кейбір қателер болмаса, негізінен сөйлеуі дұрыс, хабарламалары түсінікті.
дауыстап айтуы мен дауыс ырғағы жақсы.
Кейбір жерін қалдырып, тапсырма туралы тиісті ақпаратты хабарлай алады.
Пікірді ашып айтпай, жеткізе алады.
Аздаған үзіліспен әңгімелесе алады.
Лексика мен құрылымдар жеткілікті деңгейде, бірақ ауқымы болжамды.
Түрлі шақтарды қамти алады (бірақ, үнемі сәтті болмайды).
Жіберген қателер саны жеткілікті, соның ішінде базалық қателер, жалпы тілдік қарым-қатынасы дұрыс.
Негізінен дауыстап айтуы мен дауыс ырғағы дұрыс.
Тапсырмаға қатысты шектеулі тәсілмен ғана әңгімелесе алады.
Қарапайым ақпарат пен пікірді айта алады, алайда жауаптары өте шектеулі.
Көмек сөзге үлкен үміт артып, ұзақ кідіріспен әңгімелесе алады.
Лексика мен құрылымдардың ауқымы шектеулі және/немесе қайталана береді.
Сөйлемдері қысқа әрі қарапайым.
Базалық қателері көп, бірақ негізгі мағынаны жеткізеді.
Бұрын зерделенген ақпараттың жекеленген бөліктері.
Әдеттегідей, дыбыстап айтуы дұрыс
Тапсырмаға қатысты аз сөйлесе алады.
Тек өте қысқа, қарапайым жауаптарды ұсына алады және көмек сөзге үміттенеді.
Негізгі құрылымның ауқымы өте шектеулі.
Мақсатты емес тілді көп пайдаланады.
Аяқталған сөйлемді сирек береді.
Сөйлеу тілі дұрыс емес (тек жекелген мысалдардың дұрыс пайдалануы)
Дауыстап айтуы көбінесе негізгі әңгімелесуге кедергі келтіреді.
Ағылшын тілі сабағында оқушылар Өзін-өзі бағалайды және өзара бағалайды.
Егер қалыптастырушы оқыту әдістерін тиімді пайдалану мақсаты қойылса, оқушылар осы әдістерді дұрыс икемдеп қолдана бастауы тиіс.
1. Жұптарда өзара бағалау
Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беру, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлуді білдіреді. Кері байланыс, әдетте, жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс.
Жауап үлгілері бар жұптарда өзара бағалау
Гиббстің пікірі бойынша, университеттегі инженерия курсында ерекше жетістікке ие болған стратегияның бірі төмендегідей: Сіз дәл уақытында бағалай алмайтындықтан, оқушыларға қалағаныңыздан аз жұмыс берген жағдайда бұл стратегия өте пайдалы. Қалай болған күннің өзінде, өзара бағалау жақсы тәсіл болып табылады.
Оқушылар сұрақтар жазылған форманы толтырады және онда өз атын көрсетеді.
Олар мұғалімге бағалау үшін басқа оқушыларға берілетін осындай нысандарды береді. Оқушылардың ешқайсысы олардың жұмысын кім бағалайтынын білмейді.
Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын мұғалім ұсынатын бағалау жүйесін қоса алғанда, «жауаптар үлгілері» немесе «дайын шешімдер» арқылы бағалайды.
Жұмыстар өз иелеріне қайта беріледі және әр оқушыда дайын шешімдер қалады. Оқушылардың көпшілігі мұғалім үнемі тексере бермейтін өз жұмысының бағалану сапасын жиірек тексереді.
Өз құрбысының жұмысын бағалау үдерісінің мұғалім жүргізген бағалаумен салыстырғанда, бірқатар артықшылықтары бар. Оқушылар есептің шешімінің немесе сұрақтың жауабының балама тәсілдерін көреді: олар жауап үлгілері мен дайын шешімдерді көреді және бағаларды қоймай тұрып, мұны мұқият зерделеуге тиіс; олар қандай жағдайларда бағалардың жоғарылайтынын және төмендейтінін көреді.
2. Топтардағы өзара бағалау
Оқушылар әрқайсысы үш немесе төрт оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді, олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Олар неғұрлым әртүрлі жауаптар берсе, соғұрлым оқыту үдерісінің жеңіл болуына байланысты топтар екі оқушыдан тұрмауға тиіс.
Оқушыларға алдымен өз бетінше жалғыздан орындауға тиіс сұрақтар немесе есептеулер таратылады (мысалы, бес минут ішінде).
Оқушылар өз жауаптарын, негіздемелерін, әдістерін, жұмыс стилін және т.с.с. айырмашылықтарын белгілей отырып салыстырады. Олар талқылайды және төмендегіге қатысты келісімге келуге тырысады:
Қандай әдіс, жұмыс стилі, негіздеме және жауап және т.с.с. жақсы және неліктен?
«Үздік жауаптың» топтық идеясы.
Топ мүшелері қандай қателіктер жасады және неліктен (мұндай талқылау ынталандыру және құрылымдық негізде жүргізіледі)?
Оқушыларға жауап үлгілері ұсынылады және олар өз тобының жауабын мұғалім ұсынған жауап үлгісімен салыстырады.
3. Өзін-өзі бағалау
Мақсаттар, бағалау өлшемдері немесе тапсырмалар арқылы өзін-өзі бағалау
Тапсырманы, сабақты, тақырыпты меңгеру соңында оқушыларға мақсаттар, тапсырмалар немесе бағалау өлшемдері туралы ескертеді. Сосын оқушылардан, мысалға, бес минут ішінде өз жұмыстарын қарап шығып, мыналарға қатысты өздерін бағалау сұралады:
Олар нені оқыды, білді және не жасай алады?
Олар мақсат пен міндеттерге жету үшін тәжірибе жүзінде тағы нені үйренуі немесе орындауы қажет?
Оқушылар мұны іс-әрекеттің жеке жоспарын құру үшін қолданады
Іс-әрекет жоспары келесі сабақта жүзеге асырылады.
Оқушылардың бағалауының артықшылықтары:
Оқушылар басқа да бағалау тәсілдерін үйренеді және мүмкіндіктерге барынша кең шолу жасай алады.
Әдістерді бағалау көмегімен оларды көбірек түсінеді.
Олар өздерінің оқулары туралы көп зерделейтін болады. Мысалы, егер PrSimle мен Past Simple шатастырғандықтан, қате жібергенін түсінетін болса, осындай әдіс көмектеседі.
Егер құрылымдық негізде бірін-бірі қолдайтын болса, «көмекшілер» және «көмекті қабылдайтындар» да оқитын болғандықтан, бұл әдіс оқушыларға өте ұнайды (Талқылау стандарты, әдетте, сіз күткеннен әлдеқайда жоғары!).
Олар жетістікті туа пайда болған қабілеттерге қарағанда, ұмтылу, дұрыс стратегияны қолданумен және т.с.с. байланыстырады. Бұл оқушыларды жақсаруға жетелейді.
II-тарау
Ағылшын
тілі сабағында критериалды бағалау
жүйесін қолдану
Ағылшын тілі сабағында критериалды бағалау жүйесін қолдану.
"Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы“ А. Байтұрсынов
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой-
талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Оқыту — мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. [ МАН, 70 бет] Осы орайда оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын бірден бір тәсіл критериалды бағалау болып табылады.
Ұлы педагог Ы.Алтынсарин «Оқытушы бағалағанда олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек» деп, айтқандай, оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі-білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.
Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Критерийлер — оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау — бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [МАН, 107 бет]
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;
Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;
Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
Критериалды бағалаудың маңызы:
Мұғалімдер үшін:
Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
Сабақ берудің сапасын арттыруға;
Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін:
Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге
Ата-аналар үшін:
Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;
Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;
Оқушылардың
оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар
дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну,
қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез,
бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия,
коммуникативті дағдылар, тілдік
дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары,
топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті
іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар,
шығармашылық дағдылар, IT-технологияларды
қолдану дағдылары.
Критерийдің
мазмұны:
Бағалау
критерийлері — оқытудың мақсатын және
ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі
(сипаттама).
Дескриптор — жетістік
деңгейінің сипаттамасы.
Критерийлер
Дескрипторлар
А
Білу және түсіну
Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және сипаттамаларды білу және жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу.
В
Қолдану
Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану. Білгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару, жобалар, мәселені шешу және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады.
С
Сыни ойлау және зерттеу
Білім көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету.
D
Коммуникация және рефлексия
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактілер мен ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын қабылдай отырып, өз көзқарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.
Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет. [МАН, 55 бет]
Мен өз сабақтарымда критериалды бағалауды жиі қолданамын, яғни сабақтың басында оқушылар нені білуі тиіс, не нәрсеге қол жеткізу керек деген мақсатпен сабақтың критерийін интерактивті тақтаға жазып көрсетемін немесе әр оқушыға қағазға жазылған күйде сабаққа құрылған критерийлерді таратамын. Жалпы критерийлерді әрдайым өзім құрастырып қана қоймай, кейбір тақырыптарды оқушылармен бірігіп құруға дағдыланудамын. Сабақ критерийлері өткен сабақпен байланыстырыла құрылады, өйткені ағылшын тілі сабақтарында кейбір түсінуге қиын грамматикалық құрылымдарды дамыту, жетілдіру мақсатында көбірек жұмыстануды қажет етеді және әр сабақта оқушылардың сабақта ағылшын тілінде сөздік қорларын пайдалануы, сөйлеген кезде немесе оқыған кезде дауыс ырғағына, яғни дауысты көтеріп немесе төмен түсіру мәнеріне көңіл бөле отырып, сабақ критерийлерін құрамын түсіндіру.
Дипломалды практикасын мен #172 мектепте 4 И сыныбында өткіздім. Практика кезінде ағылшын тілі сабағында Логикалық ойлау, Грамматикалық-аударма әдісі, Сатылау, Тізбектеу әдісі, Үнсіздік әдісі, Физикалық сезіну әдісі, Рольдік ойындар, Мәдени қарым-қатынас, Жобалау әдісі, Аудиолингвистикалық әдістерді қолдандым . Соның ішінде өте тиімді әдіс тәсілдер:
«Audio-Lingual method» (аудиолингвистикалық әдіс) әдісі. Бұл әдісте оқушы магнитофоннан немесе оқытушының айтқан сөздерін тыңдап, кейін бірнеше рет қайталайды. Оқушы осы іс-әрекетте сөздердің, сөйлемдердің немесе тіркестің дұрыс айтылу жолдарымен және оны аз уақыт көлемінде жаттап алу, оны қарым-қатынас әдісінде қолдану шарттары бейімделе бастайды.
Практика кезінде ағылшын тілі сабағында осы әдісті қолдандым. Осы әдіс арқылы оқушылар ағылшын сөздерін одан әрі жақсы айтатын болды.
Silenb way» (үнсіздік әдісі). Ағылшын тілін оқытуда бұл әдістің басты мақсаты – тіл үйренушіге кедергі келтірмеу, әрі оған оқытушының көзқарасын араластырмау. Бұл әдіс бойынша оқытушы ешнәрсе айтпайды, бірақ ол оқыту барысында күрделі түрлі түсті таблицаларды қолданады. Бұл таблицалардағы белгілер мен түстер белгілі бір дыбысты таңбалап одан жаңа сөздер құралады. Мысалы ретінде «dog» сөзін айту үшін ең «d», кейін «о», сосын «g» дыбысының белгісі саналатын квадрат немесе түрлі таяқшалар көрсетіледі. Содан сөз құралады. Үнсіздік әдістің артықшылығы оқытушының тілді меңгеру сапасы, оқушының тілді меңгеру сапасына ықпал етпейді, сонымен қатар сабақта төмендегідей бағалау түрлерін қолдандым.
Тақырып: Help the planet
Бағалау парағы.
Оқушының аты-жөні |
1 тапсырма Үй тапс. |
2 тапсырма Сөздерді табу |
3тапсырма Постер қорғау |
4тапсырма Жаттығу орындау |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Әр топтан сайланған бағалаушы өзара бағалауды жүйелі түрде жүргізді. Бағалау барысында кеткен кемшіліктер түзетіліп, сабақ соңында оқушылар әділ бағаланды.
4 сынып. «Save our animals » тақырыбында Блум таксономиясы бойынша өткізілген сабақ соңында табыс критерийлері
Категориялар |
Табыс критерийлері |
І. Білім |
Шартты райлы сөйлемде қолданылатын терминдерді есте сақтайды, қайталайды, ережені айтады |
ІІ. Түсіну |
Ережені салыстырады, мысал келтіреді. |
ІІІ. Қолдану |
Шартты райлы сөйлемді өмірде қолданады. |
ІV. Талдау |
Шартты райлы сөйлемнің түрлерінің қалай жасалатынын ашады, ажыратады. |
V. Жинақтау |
тақырыпқа байланысты шағын әңгіме жазады. |
VI. Бағалау |
Критерийлерге сүйеніп, тақырыптың маңыздылығын айқындайды, жазбаша түрде бағалайды. |
4 сыныпқа өткен Қазақстанның көрнекті жерлері тақырыбына байланысты «Постер қорғау критерийін» құрдым.
Сriteria Критерий |
Descriptor Дескриптор |
The level of achievement Жетістік деңгейі |
А.Мазмұны |
Тақырып мазмұны ашылмады |
0 |
|
Тақырып мазмұны ашылды, бірақ толықтыру қажет |
1 |
В. Безендірілуі |
Бояуы қанық емес, сурет салмаған |
1 |
|
Әсемделген, бірақ эстетикалық талғамға сай келмейді. |
2 |
|
Жақсы әсемделген, сурет, символ, белгілер қолданылған |
3 |
С.Баяндау шеберлігі |
Ойды жеткізу тілі түсініксіз болды |
1 |
|
Ойды жеткізе білді, бірақ шешендік жетпеді немесе қайталана берді, қыстырма сөздер көп қолданылды. |
2 |
|
Тіл байлығы жақсы, ойды жетік жеткізе білді, өз пікірін пайымдады. |
3 |
Д. Шығармашылық |
Тақырыпты өзге қырынан аша білді |
3 |
2.1 Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың ,сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше, Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдыны қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.К.Исақов, Е.И.Перовский, С.Ф.Сухарский, Н.В.Чертинский, В.О.Онищуктің ғылыми педагогикалық еңбектерінде талданған.
Бақылауды ұйымдастырудың жекелеген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пшкало, Т.Л.Коган және т.б теориялық талдау жасаған.
Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады, себебі «есепке алу», «бақылау», «бағалауды» ұйымдастырудың мәні, олардың оқу тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.
Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің «5» балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік, оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауда, оның нәтижесінде оқыту процесінің сапасын арттыруда мұғалім әр кезде бағалау жүйесін дұрыс қолдана алмайды.
Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отыра, білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы және прктикалық қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама-қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.
Ғылыми-педагогогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде бұл мәселенің қалыптасуы мен даму динамикасын бірнеше кезеңге бөлуге болады.
20-шы жылдары үй тапсырмасын беру, білімді және емтиханды бағалауды оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды, соның нәтижесінде оқушының үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасау орнына «бригадалық-лабораториялық» әдіс жүйесіне негізделген «өздігінен бақылаудың» түрлері кең көлемде тартылды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда иесіздік, жауапкершілікке әкелсе, екінші жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне кері ықпалын тигізді.
30-шы жылдары білім, білік пен дағды нәтижесінің есепке алуды бақылау (Е.В.Гурьянов) және тәрбиелік қызметіне (П.Г. Ананьев) көптеп көңіл аударыла бастады.
40-60-шы жылдары бұл мәселе төңірегінде отандық ғылым мен практика тәжірибесін жинақтау жұмыстры қолға алынды. Оқушыларпды бақылау: әрі оқыту, әрі тәрбиелеуді көздесе, кейіннен оның дамыту қызметі ойластырылды (Н.Т.Дайри).
Осы мәселені дұрыс шешудегі оң қадам 70-ші жылдары Педагогика ғылымы Академикасының оқыту мазмұны мен әдістері ғылыми зерттеу институты қызметкерлерінің зерттеулері кезінде бастама алды. Мұнда оқу тәрбие процесінің барлық буындарын басқару және тексерудің диагностикалық қызметі айқындалды.
Дегенмен, бүгінгі таңда оқыту теориясын да бақылау немесе бағаның мәні тәсілдері жайлы әлі де болса ортақ пікір қалыптаспай отыр.
Бақылау -кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бағалау -оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне тоқтаймыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.
- Бақылаудың білім беру - қызметі оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.
- Тәрбиелік қызметі - оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілдік сезімдері артады.
Дамыту - қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламар жасайды.
Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық (информирующие), басқарушылық (управляющие), тәрбиелеушілік (влспитывающие).
Бірінші топөз алдына: белгілеп қоюшылық (фиксирующая), бағралаушы (ориентирущая), бақылаушы (контролирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.
Екінші топ:ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік (регулирующая), дәлдеп түзетушілік (корректирующая) болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтижесінің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.
Үшінші топ:қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая), ынталандырушық (стимулирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білуде.
Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең таралған. Мысалы, ғалым–педагогтар Ю.К. Бабанский, Н.А.Сорокин бақылауды күнделікті, аралық, қорытындыдеген түрлерін көрсетеді. Ал Г.И.Щукина – күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан көзқарастарын білдіреді. Е.А.Дмитриев – күнделікті, тақырыптық және қорытынды деп бөледі.
Профессорлар Ж.Б.Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев «Педагогика» оқулықтарында тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын-оқтын және қорытынды бақылау деп бөлген.
Күнделікті бақылау - оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.
Күделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.
Тақырыптық бақылау – оқу бағдарламарларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерінің өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелердің оқушылардың есіне салады.
Қорытынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сонықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық бақылаудың үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларына педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.
Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етеді. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалық бақылау әдістемелерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалық бақылау әдістеріне бөлінеді.
Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана жауап беріледі. Қалған сұрақтар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді.
Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда тапсырмалар түрі деп ұғынылады. (жазбаша бақылау жұмысы, тестік жұмыс, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, зачет, шығарма, диктант, т.б.).
Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданған принциптер негізінде жүргізіледі, олар: әділдік, жан-жақтылық, жүйелілік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік.
Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) – бұл субъективтік факторларды болмауды көздейді.
Жүйелік, бірізділік-әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстырыла қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерігнде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қорытындылау, тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою.
Жеке-дарақатынас-әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті т.б.) қарастырады.
Жан-жақтылықта–бақылау оқу бағдарламасыныбарлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық білімдерін білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.
Дифференциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.
Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенімділігін және оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әр түрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар: - ауызша баяндау (әңгіме, жеке дара, топтық, фронтальдық сұрақ).
- жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру)
- практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу)
-машиналы бағдарламалап бақылау(перфокараталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану).
- өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою).
Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі – мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысынада оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, біріне бірі сұрақ қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.
Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен таспырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.
Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялды оқыту барысында нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.
Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.
Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал.
Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды.
Баға «балл» есебінде көрсетіледі. Келесі кезекте баға және оның өлшемі қандай, соған тоқталамыз. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымында оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын дәстүрлі «5» балдық жүйелер қолданылады.
«5» бағасы – оқу материалын толық, дәл, логикалық бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады;
«4» бағасы – оқу материалын толық біледі, бірақ болар-болмас қателері бар жауапқа қойылады.;
«3» бағасы – жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, біліміне кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;
«2» бағасы – оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады.;
«1» бағасы – тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан қателер үшін қойылады.
Сынақ – қорытынды бақылаудың айырықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады. Ол (1959 жылдан енгізілген) оқу бағдарламасының негізгі бөлімдерін және тақырыптардағы білім, білік, дағдыларды жүйеге келтіру, тереңдету міндеттерін шешеді.
Емтихан – оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы. Ол (1944 жылдан енгізілген) оқушылардың білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойынша оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі.
Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестік шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.
Оқыту – динамикалық процесс. Оның сапасын үнемі жетілдіріп отыру - өмір талабы. Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әр кезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.
Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың «5» балдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді. Соның нәтижесінде қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқыту процесіндегі рейтинг – тестік жүйе оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрі өмірге келді.
Рейтинг - ағылшын тілінде torat – «бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген ұғымды білдіреді.
Рейтинг жүесінің мақсаты:
-оқу-таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру;
- оқу-таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тиіділігін жетілдіру және әділдігін орнықтыру;
- оқу-таным әрекетіндегі білім, білік, дағды сапасын, дәрежесін бақылауда жүйелілікті қамтамасыз ету;
- оқу-таным әрекетіндегі студенттердің жауапкершілігін, белсенділігін арттрыу;
- тексеруде уақытты үнемдеу.
Бұл жүйенің ерекшелігі оқушының педагогикалық әрекеті мен студенттердің оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады, оқу процесінің барлық кезеңдерінде олардың білім, білік, дағды нәтижелерінің тексеру, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады.
Тест – оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырма жиынтығы. Олар уақытты көп жоғалтпас үшін көлемінің шағын болуы, тестік тапсырманы өз бетінше қалай болса, солай түсінік беруге жібермеуді, жауапта дәлсіздік немесе көп сипаттылықты болырмауды, оның әрі қысқа әрі жинақы болуын, тестік тапсырманы орындау мен сандық бағалау арақатынасының мүмкіндігін жариялылығының, тапсырма мен жауаптағы дәлдік пен айқындықты қамтмасыз етуге т.б. талап етеді.
Бақылауды рейтинг-тестік жүйесін қолдану ерекшелігі, оқу материалдары логикалық тұрғыдан аяқталған бөлік, немесе тарау болып саналатын модульдерге (блоктарға) біріктіріледі. Модульдердің саны оқу пәндереінің мазмұнының көлеміне байланысты белгіленеді. Модульдердің құрылымы оқу материалдарының белгілі бір бөліктерінен (порция) тұрады. Әрбір модуль нақтылы міндеттерден және өз бетінше тереңдетіп оқу тақырыптары мен тапсырмаларынан құрылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Нағыз мұғалім психолог, педагог болу үшін шәкірттердің өзіндік ерекшеліктерімен санасу, аса сезімтал бала жанын жазбай танитын адам болуы қажет.
Бүгінгі шәкірт ертеңгі маман. Ендеше қоғам талабына сәйкес мұғалімнің негізгі мақсаты-оқушының білім сапасын көтеру. Ол үшін мұғалімнің алдында сабақ сапасын көтеру, жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығуын арттыру, қабілетін дамыту міндеттері тұр.
Демек мұғалім бір ғана әдіспен шектелмей шығармашылығын шындап, озық іс-тәжірбиелерді пайдалана білуге оқушы қызығушылығын арттырып сонымен бірге оқушы санасына күш түсірмей білім беруге болады деп ойлаймын.
Жаңа технологияларды тиімді пайдалана отырып сабақ берудегі үлгерімді көтеруге айтарлықтай көмегін тигізетін, оқушының оқуға қызығушылығын арттыратын, шығармашылығын шындайтын, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етуге әбден болады.
Мұғалім «5» немесе «2» алған оқушының білімінің сол бағаға сәйкестігін нақтылау үшін қосымша сұрақтар қойып оқушыға мүмкіндік туғызу керек. Содан кейін ғана сынып журналына бағаны қойса оқушы және мұғалім арасында келіспеушілік туындамайды. Мұғалім мен оқушы арасында сәйкессіздік орын алса. Онда оқу үрдісіндегі мағыналық және психологиялық кедергі тууы мүмкін.
Оқушы еңбегінің жемісін күнделікті бағалап отыру-мұғалімнің басты парызы. өйткені, еңбегінің күнделікті бағаланатының сезінген бала алға ұмтылып, жақсы оқуға ынталады. Баға қою арқылы бала жанына үрей туғызудан гөрі қайта талаптандыруға ұмтылу керек. Ал журналға қойылған «екілік» оқушының ынтасына, талабына кері әсер етуі мүмкін. Кейде оқушылар тарапынан «әттең, қайта сұраса», «5-тік алсам» деген талпынысты байқауға болады. Осылай талаптанған шәкіртті аңғарып, оларға да кешіріммен, түсіністікпен қарай білу қажет.
С. Кобеев мұғалімге қажетті психологиялық қырағылық туралы былайша сыр шертеді: «Бала жанын жазбай тану үшін мұғалімге тәжірбиелі психолог, жан сызғының білгірі болу керек. Әр шәкірттің бабын тауып, онымен дұрыс үндесе білгенде ғана ұстаздық абырой-бедел арта түседі. Сыныпта қанша бала болса, соншама мінез бар, мәселен кейбір бала ұяң, сылбыр, не баяу келеді, мұндайларға ерекше қамқорлық қажет. Күйгелек, қозғалғыш, қызба оқушыларға тиісінше өзіндік әдіс қолданбай болмайды. Ұстаз шәкірттеріне ықыласты қарап, кең пейілді, әдепті, болғанымен, кейде балалармен қоян-қолтық араласа алмайтын жағдайға да кездеседі. Мұндайда сабақта тәртіпсіздік үстемдік етеді, кейбір оқушылар үй тапсырмаларын орындамайды, айтқан ақылды алмайды, шынтуайтқа келгенде сыйламайды».
32
Оқушының сабаққа үлгермеушілік себебін, не оқушының өзінің, не оның туған-туыстарының физиологиялық жетімсіздігінен, биологиялық фактілерден іздеуге дейін баратын деген екен.
Оқыту үрдісінде оқушылардың мінез-құлқын ойдағыдай басқару мұғалімнің психологиялық ерекшеліктерді терең білумен сипатталады. Оқушы психологиясын зерттей отырып, оқушының әр темперамент ерекшелігін ескеріп жұмыс тапсыру мұғалім шеберлігін байқатады. Оқушылардың ой-өрісі, мінез-құлқын тану, олардың еркін жұмыс істеуіне жол салу-ұстаз мүмкіндігінің басты шарты. Бұлар оқу-тәрбие үрдісіндей ауадай қажет. Шәкірттердің психологиялық ерекшеліктерін білу мұғалімге оқу-тәрбие үрдісінде жақсы көрсеткіштерге жетуге көмектеседі.
Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың білімімен тығыз байланысты екені дауссыз. Сондықтан бүгінгі таңда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бірде-бір бала оқылмай қалмауын қадағалау, ағарту саласында оқу-тәрбие жұмыстарын жақсарту және салауатты өмір салтын орнықтыру міндетін қойып отыруы заңды.
2030 жылы еліміз Орта Азияның барысы, жастарымыз елінің арысы болсын десек, оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдайды жасауымыз қажет.
Оқушы білімінің сапасы-оқытушының білімділігі мен біліктілігінің іскерлігінің айнасы. Нарық заңдылығына сүйенсек кез-келген өнімнің сапасын өндіру емес, оны тұтынушы анықтауы бағалуы қажет.
Сондықтан оқытушының берген білімін, оның өзі емес, басқалардың да бағалағаны жөн. Сонымен қатар оқушы білімін бағалауда қазіргі заман талаптарымен, оқушылардың сана-сезімдерімен, психо-педагогикалық ерекшеліктерін де ескерген жөн.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Немов Р.С. Психология. Москва, 1998. 460-476 б.
Досқалиев Қ. Білім бағалау негіздері. 58-60 б. «Қазақстан мектебі» 10/2004.
Р.Қарменов. Оқушылардың білімдерін бағалау жолдары 38-43. «Бастауыш мектеп» 4/2006
Савин Н.В. Педагогика. Мектеп баспасы «Алматы», 1975.
Бабаев С.Б. Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Алматы 2005.
Ахметов Г. Мониторинг және бағалау. 38-43 б. «Қазақстан мектебі» 2/2005
Г.Н.Аширалиева. Оценка возможностей учащихся в средней школы. 31-34 с. «Бастауыш мектеп» 1/2005.
Ералиева М.Е. Мектептің бастауыш сатысында оқушылардың білім сапасын мониторингілеудің ғылыми әдістемелік мәселелері. 16-19б. «Білім» №6 (24) 2006.
Тоқбергенова У. Оқу жетістігін бағалау. «Қазақстан мектебі» 8/2005.
Демеубаева Т. Тест тиімділігі. 39-40б. «Қазақстан мектебі» 2/2006.
Ахметова Г. Рейтинг жүйесі арқылы құрылған мониторинг - әділ бағалау құралы. 83-92б. «Білім берудегі менеджмент» 3-2004.
Қайырбекова А., Қилыбаева С. Жаңа технологиямен оқытуда тестік жүйенің тиімділігі. 20-26 б. «Ұлағат» 1/2004.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педогогика. Алматы 2004.
Байбекова М. Оқыту процесіндегі бағалау 19-22б. «Ұлағат», 1-1999.
Досқалиев Қ. Оқушылар білімін есепке алудың және бағалаудың жай жоспары. 39-41б. «Ұлағат» 5-2003.
Педагогикалық диалог. 11-15 бет. №2/2014

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген