400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолдану

Ойын дегеніміз жас ерекшелікке қарамайтың адамның көңіл-көтеретің, ойландыратын үрдіс. Ойын төзімділікті, тапқырлықты, ұқыптылықты, іздемпаздықты, іскерлікті, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкінділігі бар педагогикалық, тиімді әдістердің бірі. Ол ойындар баланың тапқырлығың, байқағыштығын зейіндігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш және орта буын сыныптарда пайдаланатын ойын-сабақ, ойын жаттығу, сергіту ойындары, логикалық ойындар т.б.

Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін пайдалану оқушының басқа тілді үйренуге ынтасын арттырады. Оқудың алғашқы кезеңінде оқушының тілдік материалды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс қолданып өткізілген сабақта оқушының тілді үйренуге ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады.Ойынның сабақ барысында басты мақсаты-білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушының:

  • қисынды ой-қабілеті дамиды;

  • өздігінен жұмыс істеуге үйренеді:

  • сөздік қоры баийды, тілі дамиды, Озейіні қалыптасады;

  • байқампаздығы артады;

  • өзара сыйластыққа үйретеді:

  • ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке үйретеді:

  • сабаққа қызығушылығы артады;

«Доппен ойын» бұл ойынды әр бір сабақта берілген жаңа сөздерді қайталауда, етістіктерді шақтарға жіктегенде тиімді тәсіл болып табылады. Мысалы: Вuу деп оқушыға допты лақтырсам, оқушы «Bought», «Bought» деп етістіктің екі формасын айтып, допты өзіме кері қайтарады. Бұл ойынды сабақты бастар алдында, оқушыны сабаққа дайындау үшін қолданамын.

«Сыңарыңды тап ойыны» оқушыларды окі топқа бөлемін және бір топқа күрделі сездердің бас жағың екінші топқа жалғасын беремін. Екі топ сынып белмесінде еркін жүріп, өз сыңарларын табады. Мысалы: A) Post-E)card Play-B)ground, A) Time-B)table т.б.

«My train ойыны» бұл ойынды ойнату үшін картоннан жасалған поезді дайын даймын. Оқушылар бір, қатарға тұрады жене бір-біріне алфавит бойынша сөз құрап « My train is carrying apples» деп екінші оқушыға береді, ол оқушы «My train is carrying bananas» деп үшінші оқушыға береді. Айта алмай қалған оқушы ойыннан шығады.

«My Grandmother's trunk ойыны» оқушылар шеңбер құрады. Бірінші оқушы айтады I packed my grandmother's trunk with blouses and shirts келесі оқушы I packed my grandmother's trunk with blouses, shirts and ties, тағы бір оқушы айтады,І packed my grandmother's trunk with blouses, shirts, ties and Jeans әр бір оқушы басқалардың айтқандарын қайталап жаңа сөз қосу керек. Бұл ойынды «Clothes» тақырыбын өткенде қолданған тиімді.

«Алақанымызды соғамыз ойыны» оқушылар шеңбер құрып тұрады. Бұл ойындың мақсаты «а, ап»артикльдерді саналатын зат есімдердің алдында дұрыс қолдану. Егер мен дауыссыз дыбыстан басталған зат есімді атасам, оқушылар алақандарын бір рет соғады, дауыстыдан басталғанны айтсам екі рет соғады. саналмайтын зат есімді атасам қол соқпайды. Ережені бұзған оқушы ойыннан шығады.

«At the Zoo ойыны» мұғалімнің үстелінің үстінде жан-жағы тұйық, шағың дөңгелек қоршау тұр. Мұғалім ренжіген кейіпте, балаларға, қоршаудың бос қалғаның, андардың неге екені белгісіз кетіп қалғандары жөнінде айтады. Тапсырма: Зообақтың адам- дарына аңдарды қайтару жөнінде көмек қажет. Teacher. let's help them gather the animals! Әр оқушы бір-бір ойыншықтан алып, аңның атын атап зообаққа қайтарады.

Қорыта айтқанда, шет тілін үйретудің және оқытудың алғашқы сатысында ойын элементтерін жиі қолдану оларды оқытып қана қоймай, тәрбиелеуге де септігін тигізеді. Оқушылардың ағылшын тілі сабағына қызығушылығын арттыру үшін әр бір сабақ өз дәрежесінде өтіуне, оның ойын түрінде тартымды, қызықты өткізілуіне әр бір пән мұғалімі мұқият дайындықпен келу керек.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
151
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі