АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Елбасы жолдауында кез-келген орта санатты
мектептің балаларының ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып
үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек
делінген. Жалпы орта білім беретін мектепт ерде қазіргі таңда шет
тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр.Қазақстан Республикасындағы
ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе
мемлекеттік тілді еркін меңгерту, шет тілін меңгертудегі басты
мақсат- білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай
көтеру.Бұл үшін жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының
іс-тәжірибелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтындығы
белгілі.
Мемлекетіміздің білім беру жүйесін 2015 жылға
дейін дамыту тұжырымдамасында басым бағыттардың бірі ретінде шетел
тілдерін оқыту атап көрсетілген.Осыған орай 12 жылдық білім беру
мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі
қоғамда өмір сүруге икемді,білімді және қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру,оның болашаққа кәсіби бағдарын айқындауына игі ықпал
ету болып табылады.
Бүгінгі күні елімізде 12 жылдық білім беруге көшу
қызу пікірталас туғызуда,оқытудың жаңа жүйесіне көшу әлемдік білім
кеңістігіне енуді көздейтін заман талабынан туындаған
мәселе.Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне
біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады.Әрине
12 жылдық білім беру жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесінің
бірі ойын элементтері мен іс-әрекеттер арқылы оқыту.Ойын
элементтері оқытудың бір түрі болып табылады.Бұл әдістің тиімділігі
оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын,ынтасын
арттыруында болып табылады.оқудың алғашқы кезеңіңде оқушының тілдік
материалды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі.Ойын түрлерін дұрыс
өткізген сабақта оқушылардың тілід үйренуіне ынтасы артып,сол
тіліді білуге қызығады.
Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын
арттыратын тек ойын элементтері болып саналады.Ойын оқушыны бірігіп
жұмыс істеуге бағыт береді,іздендіруге дағдысына қалыпт астыруына
мүмкіндік туғызады.
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай
мақсатта қолдану тиімді.
1. Алфавитті дұрыс
меңгерту.
2. Орфографияны дұрыс
оқыту.
3. Дұрыс оқу дағдысын
қалыптастыру.
4. Лексиканы меңгерту.
5. Оқушылардың ойын дамыту,дұрыс жазу,дұрыс айту
дағдысын қалыптастыру.
Баланың есте сақтау қабілетін және алфавитті дұрыс
меңгерту мақсатында мынадай АВС ойынын қолдануға
болады.
Ойынның шарты 4 кезеңнен тұрады.1 кезеңде балалар
допты немесе сызғышты бір-біріне бере отырып алфавиттің А әрпінен Z
әріпіне дейін айтып беруі керек. Арасында бала шатасып қалса
ойыннан шығып отырады.
2 кезеңінде балалар А әіпінен Z әріпіне дейін атай
отырып әрбір аталған әріптерге бір-бір сөзден қосып отырады.
Мысалы: “A is for Apple”
“B is for
Ball”
“C is for
Cat”.
3
кезеңде ойынды бастаушы бала алфавиттің кез-келген жерінен бір әріпті айтып допты немесе сызғышты келесі балаға береді.
Ал келесі баланың мақсаты сол әріптен кейінгі әріптерді толығымен атап шығу.4
кезеңде бастаушы бала допты алып келесі ойыншыға кез-келген әріпті айтып лақтырады.Ал келесі ойыншы болса сол аталған әріптің екі шетінде тұрған әріптерді айтатын болады.Ойынға 25
минут уақыт бөледі.
Оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге қарым –қатынас жасауға шет тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданып сабақты қызықты өткізуге,оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады.Таңдап алынған ойында оқушылардың сөз байлығына ,тіл қорына сай болуы керек.Мұғалім кез-келген ойынды өткізу үшін алдын –
ала жоспар құрып алуы керек.
Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төменгі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс.
Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:
1.
Ойынның өтілетін сабақтарының мазмұны мен тақырыбына сай болуы.
2.
Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.
3.
Ойынның ойналу түрі топ болып ойнау.
4.
Ойынға қажет материалдың түгел дайындалып қойылуы.
5.
Қолданатын сөзде,сөз тіркестері және өлең таңдау.
6.Ойындардың өту барысының жоспарын жасау.
Мұғалім алдымен оқушының оқуға қызығушылығын ояту қажет.Оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып,дарыны ұшталады,өз күшіне ,мүмкіндігіне сенімі артады,кісілігі қалыптасып,дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек.
Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі.Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауып отырады.Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен әс-әрекеттер арқылы да оқытуға болады.Біз сынып ішінде ойындарды қашан қолдануымыз керек.Мысалы сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін өтілген жаңа сабақты түсіру үшін қолданған жөн.
Сынып ішінде тағы мынадай ойындарды ойнатуға болады:
1. What is in the
bag?
2. Bingo
3. Go fish
What is in the
bag? Сумкада не бар ойыны.
Мұғалім алдымен балаларпға бір сумка алып келіп,
балалардан сумкада не бар деп сұрайды.
Балалар дәптер,
қалам,
кітап бар деп айта бастайды.Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында да жаңа сөздерді еске түсіру үшін қолданса болады. What is
this?. Сұрағымен затты көрсету арқылы сұрайды.
Мысалы : Pen, book, copybook, pencil,
ruller, rubber деп көрсетеді.Who has a ruller?. Who has a
pencil? Сұрақтары арқылы да сұрауға болады.
Бұл ойын балалардың сөздік қорларын молайтып,
есте сақтау қабілеттері артады.
Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп,білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына ,қалыптасуына ,тілдік материалдарды жақсы біліп,
сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі.Ойындароқушылардың
танымын,ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді ,
әрі пысықтауды көздейді.Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі,олардың пәнге қызығушылығын оятып,ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады.
«Ойын бала қанының азығы»
деп С.,Торайғыров айтқандай бастапқы этапта шетел тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол –
ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады.Ойын үстінде нашар оқитын оқушының өзі өзін жан-жақты көрсеткісі келіп,сыныптастарымен,ұстазымен қарым-қатынасынжақсартады,сөйлеу дағдысын байқатады.Осыған орай,күнделікті сабақта әр түрлі ойын түрлерін пайдаланумен қатар “Language Courseware Merits
” программасынан мультимедиялық электронды оқулық бойынша тақырыпқа сәйкес ойын сабақтар пайдалану оқушыларға өте қызықты болады.
Қорыта келгенде,оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану біріншіден,
оқушылардың
білімін берік меңгерту құралы болса,
екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады.Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижелерге жеткізеді:
1.Әр оқушының шығармашылығы артады.
2.
Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады.
3.
Оқушының жеке қабілеті анықталады.
4.
Оқушы топ жаруға ұмтылады.
5.
Оқушының ойлау қабілеті артады.
6.
Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады.