Тақырыбы:
«Ағылшын тілі сабағында ойын технологиялары негізінде оқушылардың оқу - танымдық іс- әрекетін белсендіру».
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а)Ойынның мақсаты және түрлері
б) Ағылшын тілі сабағында ойын элементтері және іс – әрекеттер арқылы оқыту.
ІІІ. Қорытынды
Тақырыбы:Ағылшын тілі сабағында ойын технологиялары негізінде оқушылардың оқу - танымдық іс- әрекетін белсендіру
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында »
Н.Ә.Назарбаев
Кіріспе:
Елбасы жолдауында кез – келген орта санатты мектептің балаларының ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту,шет тілін меңгертудегі басты мақсат – білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. Бұл үшін жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс-тәжірибелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі.
12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді,білімді,қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру,оның болашақ кәсіби бағдарын айқындауына игі ықпал ету болып табылады.
Бүгінгі күні елімізде 12 жылдық білім беруге көшу қызу пікірталас туғызуда,оқытудың жаңа жүйесіне көшу-әлемдік білім кеңістігіне енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе.12 жылдық оқу мерзімінде оқытуда жалпы орта білім беру мазмұнында қазіргі білім беру салалары сақталады: тіл мен әдебиет.
Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ.
Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім.Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен ойындырды барынша қолдануда.
Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады.Әрине 12 жылдық білім беру жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесінің бірі ойын элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту.Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады.Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын,ынтасын арттыруында болып табылады.
Келешекте жаппай 12 жылдық білімге көшетіндіктен 12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасын алып қарасақ та оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген. «Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады.
Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденіпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш және орта буын сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар т.б. Осылардың ішінде дидактикалық
мақсаттағы ойындардың оқыту үрдісінде оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады.
Ғалымдардың пікірінше ойын мақсатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Сөз формаларын бекітетін ойын түрлері.
2. Қимылдық ойындар.
3. Сөйлесу, әңгімелесу арқылы ұйымдастырылатын ойындар.
5-6 жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойнау іс-әрекеті болып табылады, сондықтан ағылшын тілін үйрету үшін мұғалім осы факторды ескере отырып әртүрлі ойындарды пайдалану керек. Ойындар арқылы мұғалім балаларға жаңа сөздерді,сөз тіркестерін үйрете алады. 7-9 жастағы балалар да ойнағанды ұнатады, бірақ оларды ағылшын тіліне оқыту үшін тек ойындарды ғана емес, әртүрлі тапсырмалар, жаттығуларды да орындатқызу керек. Ойын арқылы балалар шетел тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандарын сезбей, әсерлене, қызыға отырып шет тілін тез үйренеді. Егер мұғалім ойынды тек балаларды көңілдендіруге, дем алдыру үшін ойнатса, одан ешқандай пайда жоқ. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп, ойналған кзде ғана нәтижелі болады.
Ойын түрлерін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады. Ойын түрін қолдану оқушыға ерекше әсер етеді, оны дұрыс жоспарлау қажет. Сынып оқушылары оған түгел қатынасуы шарт. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын түрлері болып табылады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді,іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі.Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып,сол тілді білуге қызығады.
А) Ойынның мақсаты және түрлері
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.
1.Алфавитті дұрыс меңгерту
2.Орфографияны дұрыс оқыту
3.Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру
4.Лексиканы меңгерту
5.Оқушылардың ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту,дұрыс білу дағдысын қалыптастыру.
Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығын, тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез- келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Тиімді пайдаланған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.
Оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге қарым-қатынас жасауға шет тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданылып, сабақты қызықты өтуге, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады.
Ойындар оқушылардың танымын, ақыл–ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды көздейді.Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта –ықылыас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет.
Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:
1.Ойынның өтілетін сабақтарының мазмұны мен тақырыбына сай болуы.
2.Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.
3.Ойынның ойналу түрі топ болып ойнау.
4.Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы.
5.Қолданылған сөздер,сөз тіркестері,өлең таңдау
6.Ойындардың өту барысының жоспарын жасау.
Б) Ағылшын тілі сабағында ойын элементтері және іс – әрекеттер арқылы оқыту.
Сабақ барысында оқушы зейінін сабаққа аудару, ауызша сөйлей алу және жазу дағдысын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығымен өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін дамытуда дидактикалық ойындардың үлесі зор десек болады. Мәтінді мазмұндауға үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс-әрекеттерін әңгімелеуге үйрету дидактикалық ойындарды ойнау барысында қалыптасады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тыңдап, ой-өрісін кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол.
Ойын арқылы оқушының: қисынды ой-қабілеті дамиды;
өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
сөздік қоры баийды, тілі дамиды;
зейіні қалыптасады;
байқампаздығы артады;
өзара сыйластыққа үйретеді;
ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;
бір-біріне деген оқушы сенімі артады;
сабаққа қызығушылығы артады.
Мұғалім алдымен оқушының оқуға қызығушылығын ояту қажет. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады,кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.
Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер арқылы да оқытуға болады. Біз сынып ішінде ойындарды қашан қолдануымыз керек. Мысалы сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн.
-
Сынып ішінде мынадай ойындарды ойнауға болады:
What’sin the bag?
Around the world
Board Race
Order Race
Question race
Bingo
Goldfish ойындарын қолдануға да болады. Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі.
Ойындар оқушылардың танымын, ақыл–ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы болаотырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта –ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, және тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Ойын ұғымына түсінік берсек, бұл баланың мінез –құлқына өзі басқарумен қатар топпен жұмыс жүргізе білу әрекеті, ол баланың бір-біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады. Сондықтан бағдарлама бойынша бекітілген оқыту үрдісінде ойын түрлерін сабақ үрдісінде үнемі пайдаланып отыру керек.
Ағылшын тілі пәнінде көбіне рольдік ойындар, грамматикалық ойындар, танымдық ойындар қолданылады. Ойын-оқу, еңбекіс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Іс-әрекетті кесте түрінде қарастырсақ, оқушының белсенділігі мен білім сапасын көрсетеді.
Білім алу мен оқушының
Ойлау қабілеті артады, дамиды.
Оқушылардың қызығуы артады
Танымдық әрекеттерді жетілдіреді.
Біліктілік дағдысын қалыптастырады.
Баланы еңбек етуге талпындырады
Баланың дене қозғалысы жақсарады
Топпен жұмыс істеуге дағдыланады.
Ұйымшылдық қабілеті артады.
Осы іс – әрекеттер арқылы оқушыларды оқытуға да болады. Іс-әрекеттің мынадай түрлеріне тоқталсақ:
Matching
Categories
Fill in the blanks
Dialogues
Drawing
Singing осы іс-әрекеттің түрлерін сабақ үстінде қолданса өте тиімді нәтиже береді.
Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын сері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатындығын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттыру мен қатар, ерік сезім түрлерін дамытады. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде сабақта пайдаланылатын танымдық ойындар, сөздік ойындар жан-жақты дамытып білімді толық игеруіне көмектеседі.
Ойын үрлерінің материалдары сабақтың тақырыбымен мазмұнына неғұрлым сәйкес келсе, оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығы артады.
Ойын сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады. Сондықтан осы баяндамада тілді меңгерту мақсатында сабақта қолданылатын түрлі ойындар мен таныстыра кетуді жөн көріп отырмын.
Ағылшын тілі сабағында ойналатын қызықты ойындар
1. «Алфавит» (“Alphabet”) ойыны
Мақсаты: ағылшын тілі әріптерін қаншалықты меңгергендігін тексеру.
Шарты: Тақтаға «А», «В», «С» сияқты алфавиттің үлкен әріптерін іліп қоямыз. Ал, оқушылар осы әріптің кіші әріптерін үстелге шашылып жатқан әріптерінің ішінен тауып ілу керек.
2. «Ойлан, тап» (“Think and find”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың қиялын, сезім түйсігін дамыту.
Шарты: Ортаға түрлі заттарға толы дорбаны қоямыз. Оқушыларды екі топқа бөліп, бір бірден шақырамыз. Көзі байлаулы оқушы дорба ішіндегі затты табуы тиіс. Қай топ бірінші аяқтайды, сол топ жеңіске жетеді.
3. «30 секунд» (“30 second”) ойыны
Мақсаты: оқушыларды жылдам ойлауға дағдылау және тақырыпты бекіту
Шарты: Бір ойыншы тақырыпқа сай сөз айтады, келесі оқушы сол сөздің соңындағы әріптен келетін сөз айтуы тиіс. Егер оқушы 30 секунд ішінде айта алмаса ойыннан шығады.
4. «Дұрыс жаз» (“Write right”) ойыны
Мақсаты: жылдам ойлау қабілетін дамыту
Шарты: Тақтаға екі сөз жазылады. Кімдекім сол сөздің әр әріпіне сөзді көп тауып жазса, сол топ жеңіске жетеді.
Мысалы: Swim – son, well, ill, mother
5. «Ширату» (“Brainstorm”) ойыны
Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын тексеру
Шарты: Тақтаға ұзақ сөз беріп, оның ішінен сөз шығару керек. Ескерту: сөз құрамында қанша әріп бар сонша әріпті қолдануы тиіс.
Мысалы: beautiful: eat, tea, but, fil, lie and so on.
6. «Шашу» (“Strew”) ойыны
Мақсаты: еске сақтау қабілетін тексеру.
Шарты: Сабақтың тақырыбына сай сөздердің жазылу ретін шатастырып жазып қоямыз. Оқушылар берілген уақыт ішінде сөздерді дұрыс жазуы керек.
7. «Менің заттарым» (“My things”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың еске сақтау, байқағыштық қабілетін жаңарту
Шарты: Оқушыларға күнделікті өмірдегі тұрмыстық заттардың атын қазақшаға аударып айтамыз. Мысалы: мен кеше бір «Перизат» үйге алып келдім. Әпкем маған сүйікті сусабыным «Көгершінді» сыйлады.
8.What’s in the bag? Сумкада не бар ойыны.
Мұғалім алдымен балаларға бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды. Балалар сумкада не бар? Балалар ішінде дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында қолданса болады. Әсіресе жаңа сөздерді еске түсіру үшін қолдануға болады. Мұғалім сумканың ішіндегі заттармен таныстырады. Сумкада не бар? Мұғалім оқушылардан What’s this? Сұрағы арқылы затты көрсету арқылы сұрайды. Мысалы: Pen, copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Сосын оқушыларға жеке-жеке қайталатады. Сөздерді ұмытпау керек. Сосын оқушыларға сумка ішіндегі заттарды таратып беріп,оқушылардан осы заттарды мына сұрақ арқылы сұрауға да болады. Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? Жауап бергенде оқушылар кімде екенін табу керек.Оқушылар тапса Janar has a pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының cабаққа деген қызығушылығы артып, сөздік қорлары молайып, есте сақтау қабілеті артады.
-
Board race Тақта сайысы ойыны
Бұл ойынның шарты:
Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, ойынның ережесімен таныстырады. Бұл ойында мұғалім түстер, сандар, сөздер айтады сол айтылған сөздерді, сандарды оқушылар қатесіз жазу керек. Келесі оқушы әрі қарай жалғасын жалғастырып отырады.Соңында оқушылардың жазғанын тексеріп қателерін жөндеп қай топтың жеңгенін анықтайды.
Мысалы:
P-1 ----P-2
Red ----Red
Ten ---Ten
Stone ----Stone
Winter ---- winter
Book ------ Book
Осылай рет-ретімен оқушылар жалғастырып болған соң қателерін жөндеп қай жақтын жеңгенін айтады. Бұл ойында оқушылар шапшаңдықты, дұрыс жаза білуді, есте сақтау қабілеттері артады.
-
Question Race Сұрақтар сайысы
Бұл ойынның шарты:
Мұғалім сол сабаққа қатысты сұрақтар қойылады. Осы сұрақтар оқушыларға таратылып беріледі. Оқушылар сол сұрақтарға дұрыс жауап беру керек. Мысалы жыл мезгілдерін өткен кезде суреттер арқылы да мынадай сұрақтар арқылы қолдануға болады.
1.How many seasons are there in a year?
2.What are they?
3.How many months are there in a year?
4.What are they?
5.What season is it now?
6.What month is it now?
7.How many days are there in a week?
8.What are they?
Осы сұрақтар арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттері артып, сөздік қорлары молайып, сабаққа деген қызығушылығы артады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ағылшын тілі сабағында ойын технологиялары негізінде оқушылардың оқу - танымдық іс- әрекетін белсендіру!

шағым қалдыра аласыз