жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ағылшын тілі сабағында оқушылардың ауызша сөйлеу тілін дамыту" баяндама
Баяндама тақырыбы:
«Ағылшын тілі сабағында оқушылардың ауызша сөйлеу тілін дамыту»
«Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен
қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз
лаулаған жалын иесі, мұғалімге тамаша қызмет тапсырылған,
күн астында одан жоғары еш нәрсе болмақ емес.»
Ян Коменский
Ағылшын тілі сабағында әрбір оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады.
Қазіргі кезде халықаралық қатынастардың күшейіп, соған сәйкес халықтар арасындағы өзара түсіністік мәселесінің алдыңғы қатарға шығуы және ағылшын тілін оқушыларға меңгертуде тіл мен мәдениет мәселелерінің ара қатынасына, олардың өзара байланысына оқушылардың арасында диалогтық сөйлесу өзара түсіністік, ынтымақтастық жағдайында өрбіп, қалыптасуына ерекше көңіл бөлінуде.
Адам тілдесу барысында әр түрлі көмекші құралдарды пайдаланатыны белгілі.
Қазіргі кезде өзге тілге үйретуде, көбінесе ауызша тілдестіруге мән беріліп жүр, осы күнге дейін өзінің мән-маңызын жоймаған әдіс-коммуникативтік әдіс. Бұл әдістің негізін салған Е.И.Пассов. Бұл әдістің негізіне коммуникативтік лингвистика , психологиялық әрекеттесу теориясы, мәдениеттер сұхбатында жеке тұлғаның белсенділігін дамыту мәселелері де енді.
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың ауызша сөйлеу тілін дамыту барысында өз сабақтарымда диалогтарды жиі қолдануға тырысамын.
Диалог термині «Тіл білімі сөздігінде» сұхбат. Қазақ тілі энциклопедиясында сөйлесу, әңгімелесу-екі адамның тіл қатысуы. Міне , сондықтан тек қана екі оқушымен шектелмей одан да көп оқушыны қосып тілдестіруге болады.
Мен өз сабақтарымда диалогтың ешбір дайындықсыз, ешкімнің мәжбірлеуінсіз кенеттен күнделікті өмір тақырыбына да, саяси, мәдени іскери, әдеби тақырыптарға да жүргіземін.Бағдарлама бойынша берілген тақырыптарды қамту барысында лексикалық бірліктерді белсенді түрде сөз қорына енгізуде, бірден бір тиімді тәсіл деп санаймын және оқушылардың тақырып көлемінде оқулықтан тысқары тіл байлықтарын дамытуына да ықпалын тигізеді.Диалогтық сөйлесуде, оқушының дауыс ырғағына да айрықша мән беремін.
Ағылшын тілінің оқулықтарында әрбір сабақтың тақырыбына сәйкес дайын диалогтар бар. Бұлар сол тақырып көлемінде ғана лексиканы қамтиды.
Диалог ауызша тіл меңгерту барысында оқушыларды күнделікті өмірдегі шынайы диалогтық сөйлеуге дайындау болып табылады. Сабақ тақырыбына арналып дайындалған диалогтар мен шектелмей, оқушылардың ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру үшін халықтың күнделікті өмірінен алынған мәтіндер негізіндегі диалогтарды пайдалану керек.
Тіл меңгеруде сөйлеу әрекетінде тілдің жүйесіне қатысты фонетика, грамматика, лексика, графика, орфография ережелерін міндетті түрде оқушыға үйретуді қажет етеді Ауызша сөйлеу оқушыларды сөзді дұрыс айта білуге және қажетті ойын жеткізуге ынталандырады.
Дұрыс,сауатты сөйлей білу, түсіне білу-сөйлеу әрекетін де жоғары деңгейде меңгеруге көмектеседі .
Жаңа технологияның әдіс-тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану ұстаз шеберлігін қажет етеді.Ол үшін мұғалім көп ізденуі қажет. Оқушыларды жұппен, топпен жұмыс істету арқылы олардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру , шыңдау жолдарының бірі болып табылады.
Өзім оқытып жүрген оқушыларымның ерекшеліктерін зерттеп біліп алған соң, оларды даму деңгейіне орай әдіс- тәсілдерді іріктеп, оларды жетілдіруге ерекше назар аударып келемін.
«Ағылшын тілі сабағында оқушылардың ауызша сөйлеу тілін дамыту» проблемалық тақырыбында белсенді жұмыс жасап келемін.
Бұл тақырыпта мынадай стратегияларды қолданамын:
Стратегиялар:
«Кубизм» стратегиясы арқылы оқушылар ұғымды жан-жақты, әр қырынан салыстырады, суреттейді.
«Рольдік ойындар» стратегиясы арқылы оқушылардың тілдері жаттығып, образдарда ойнауға үйренеді.
«Диалогтар құрау» стратегиясы арқылы оқушылар басқа адамның ойымен де есептесуге ұмтылады.
«Венн диаграммасы» стратегиясы арқылы оқушылар екі жаңа ұғымды салыстырады, ортақ қасиеттерін табады.
«Семантикалық карта» арқылы оқушылар жаңа ұғымның өзіне тән қасиеттерін,ерекшеліктерін анықтайды
Ағылшын тілі сабағында бұл әдіс-тәсілдер арқылы кез-келген жастағы оқушылардың психикалық дамуы үшін аса маңызды екені дәлелденген.
Қорытынды:
Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50 ден астам жаңа технология қолданады екен.Осы жаңа технологияларды күнделікті сабақта қолдану үшін ұстаз алдында отырған шәкірттердің жас ерекшеліктерін таңдап алып, ол технологияны жүзеге асыруда ұстаз белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі ерекше орын алады. Жаңа технологияларды күнделікті сабақта пайдалану үшін, әр мұғалім педагогтік мақсат-мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады.Мен өз тәжірибемде оқушылардың ауызекі сөйлеу әрекетінің дамытуда осы әдіс-тәсілдердің тиімділігін байқадым.Тілді үйретуде, сөйлеуде диалогтың алатын орны ерекше. Диалог құрып, тілді жете меңгермей, тілдік қатынас та жүзеге аспайды.
Қорыта келгенде, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді.Оқушыларға білім бере отырып, инновацияның түрлі тәсілдерін, оқытудың жаңа технологияларын қолданып, педагогикалық білімдерін үнемі жетілдіре отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу әрбір ұстаздың міндеті деп білемін.
Шығыс Қазақстан облысы
Аягөз ауданы ,Байқошқар ауылы
«Горный жалпы білім беретін орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ағылшын тілі мұғалімі
Бекмұратқызы Тоғжан

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген