400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың фонтикалық білімін жетілдіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



    Ағылшын тілі сабағында оқушылардың оқуға  ынтасын арттыру үшін фонетикалық жаттығуларды мен екінші жыл пайдаланып жатырмын.

Әдістемелік жұмыс тікелей менің 2013-2014 жылынан  ағылшын тілін оқыту 1 сыныптан басталғанымен байланысты. Әр сабақ сапалы да қызықты өту үшін фонетикалық жаттығуларды, әсіресе ұйқасты қолданамын.

Бұл жаттығулар мағынасыз ермекке айналмайтын әдеттегі жаттығулар тәрізді болу керек. Демек, оған өзгеше түрде берілетін оқу жаттығулары алынады. Оқушылар көбінесе қиындау, бірақ грамматика жөніндегі білімдерін бекітуге, тілдерін жетілдіруге орфографиядан беріп дағдылар қалыптастыруға қажетті тапсырмалар алады.
Фонетикалық жаттығулардың өз ерекшелігі болады. Әдетте оған оқушылардың белсенділігін арттыратын, қызықты болатын тақпақ не өлен таңдау қажет. Жаттығулардың ерекшеліктері оларды оқушылар зор белсенділік жағдайда бар ынтасымен орындайтын тиіс. Айтуды орындау барысында ойынға еліге оқушылар берілген тапсырмаларды бар ынтасымен орындайды. Мысалы тақпақты бірнеше рет оқытқызып, содан кейін тақтадан кейбір сөздерді өшіріп айтқызу, ең соңында бүкіл тақпақты жаттап, өздері айтады. Осымен оқушылардың есте сақтау қабілеті өседі.
Демек, жаттығулар шетел тілін меңгерту жөніндегі қиын тапсырманы қызықты да тартымды етеді. Ондай жаттығулар сабақта әр түрлі сипатта қолданылуы мүмкін:
Ең алдымен жаңа материалды түсіндіру кезінде пайдалануға болады. Сабақтың соңында оқушылардың сабаққа қабілеттілігі төмендеп зейіні қажырай бастаған кезде олардың назарын, ақыл – ойын жұмысқа жұмылдыруға пәрменді әдіс-тәсіл қажет болған шақта пайдаланған орынды, мұның үстіне оқушылардан белгілі дәрежеде өзінше жұмыс істей білуді қажет етеді. Сондықтан ондай жаттығулар өзінен бұрын орындалған жаттығудан кейін дайындалуы тиіс. Оған жеткілікті уақыт бөлу керек.
Жаттығуларды жарыс рухын көтеріп, оқушыларды тапсырманы түсінбей орындай салмайтындай етіп құру керек. Ол үшін жаттығуларда жеңіл грамматикалық операция мен оның ауыр түрлері кезектесіп отыру керек. Мұнымен бірге оқушылардың үйреніп отырған ереже бойынша жіберетін типтік қателері де ескерілуі керек.
Мұғалім сабаққа дайындалған сабақтың мақсатына сәйкес жаттығуды дұрыс таңдап алып қана қоймай, сол сабаққа лайықты фонетикалық жаттығуды  дұрыс таңдап алуы тиіс. Бір жаттығудың өзі әр түрлі ойын түрінде орындалуы да мүмкін, оны таңдап алу мұғалімге, оның өз алдын қойған мақсатына, оның орфографиялық немесе пунктуациялы қырағылықты дамытса, енді біреулері оқушылардың сөздік қорын байытады.
Мұғалім сабаққа әзірленгенде жаттығулар түрінің санын, оларға берілетін уақытын айқындауы керек. Көптеген әдіс-тәсілдерге елігіп, фонетикалық жаттығуларды өткізуге керекті уақытты шектеуге болмайды. Мұнан ойынға ылғи 5-10 мин беріп отыру керек деген сөз тумаса керек.
Ойынға мұғаліммен бірге оқушылар да дайындалуы керек. Кейбір ойындарға күні бұрын дайындалмайынша ойдағыдай өтпейді. Әрине оған қалай дайындалу жағын мұғалім күні бұрын үйрету керек.
Осындай жаттығулар жеке оқушы немесе топтар аралығында өткізіледі. Топпен жұмыс істеген кезінде артықшылық мол, өйткені нашар оқитын оқушылар екпінділермен елігіп кетеді. Мұнда әрбір оқушының жұмысын бақылауға алып, ойынға қатысушылар топтарынан мақұлданып немесе сыналып отырады, оны өткізу тәртібі туралы ашық та айқын түсініп білу керек. Осы сияқты тапсырманы мысалмен түсіндіру міндет. Қазіргі кезде  оқушының айту қабілеті мұғалімнің қолында. Және де көптеген газет-журнал немесе Интернет сияқты ресурстар толып жатыр. Сондықтан да пәннің ерекшеліктері мен талаптарына байланысты фонетикалық жаттығуларды өткізу керек.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
429
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі