Материалдар / Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілі сабағына оқушыға көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2020
246
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО

ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН


БҰЙРЫҚ



ПРИКАЗ


2Shape1 020 жылғы 21 қазаны № 453



Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан





«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы
№ 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы



БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 5191 болып тіркелген, 2008 жылғы 30 мамырда
    № 81 (1307) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1. Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларында:

2-тарау алынып тасталсын;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Формативтік бағалау, оның ішінде үй жұмысын бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне мониторинг жүргізу және сабақта сараланған жұмысты одан әрі құру үшін жүргізіледі және педагогтің ұсыныстары арқылы жазбаша нысанда (дәптерлерде немесе күнделіктерде) немесе ауызша жүзеге асырылады.

Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы формативті бағаланады. 2-11 (12) сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте жүзеге асырылады.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Тоқсандық баға формативті бағалау, БЖБ және ТЖБ қорытындысының негізінде 50%-да 50% пайыздық арақатынаста қойылады.

Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде жартыжылдыққа баға формативті бағалау және БЖБ нәтижесі бойынша қойылады.

Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда тоқсандық баға формативті бағалауды, бір БЖБ мен ТЖБ нәтижелерін ескеріп қойылады.»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. 1-сыныпта жылдық баға қойылмайды.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру қорытындысымен сол сыныпта қайтадан оқытуға ұсыныс берілген және/немесе баланың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімімен орнында қалдырылатын білім алушыларды қоспағанда 1-сынып білім алушысы оқу жылын қайта оқуға орнында қалдырылмайды.».

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі


А. Аймагамбетов



Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 23.10.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 21484 болып енгізілді


Результаты согласования

Министерство образования и науки РК - Заместитель директора Тимур Владимирович Давлет, 08.10.2020 16:18:42, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр Наталья Виссарионовна Пан, 21.10.2020 11:10:24, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

ҚР Білім және ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов, 21.10.2020 11:15:20, положительный результат проверки ЭЦП


ИС «ИПГО». Копия электронного документа. Дата 23.10.2020.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!