АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл әдістемелік материал оқушылардың функционалдық сауаттылығын әртүрлі стильдер мен жанрдағы мәтіндер арқылы дамытуға бағытталған. Жұмыста мәтінмен жұмыс істеудің тиімді тәсілдері, тапсырмалар үлгілері және оқылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыру жолдары ұсынылған. Материал жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған және оқу үдерісінде практикалық тұрғыда қолдануға ыңғайлы. Ұсынылған әдістер оқушылардың сыни ойлауын, мәтінді түсінуін және өз ойын дәл жеткізуін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

Маңғыстау облысы

Мұнайлы ауданы «№12 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Ағылшын тілі пән мұғалімі Алыева Жулдуз Дерябаевна


Аннотация

Мақалада ағылшын тілі сабақтарында қәзіргі заманғы оқыту технологиясын қолданудың әдістері арқылы окушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді әдістемелік жолдары қарастырылады. Функционалдық сауаттылық білім алушылардың алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдана білу қабілеті ретінде сипатталады. Зерттеу барысында мәтінге негізделген тапсырма интерактивті әдістер және заманауи цифрлык ресурстарды колдану мумкіндікте ұсынылған. Мақалада ұсынылған әдістер окушылардың сыни ойлау, оқу, жазу және коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Түйін сөздер: функционалдық сауаттылық, мәтінмен жұмыс, оқу дағдысы, жазу дағдысы, ағылшын тілін оқыту, стильдер мен жанрлар.


Кіріспе

Казіргі білім беру жуйесінде функционалдык сауаттылықты дамыту негізгі басты бағыттардың бірі болып табылады. Оқушылардың тек тілдік білімді менгеруї жеткіліксіз, олар әртурлі акпарат көздерінен алынған мәліметтерді түсініп, талдап және күнделікті қ өмірде қолдана білуі қажет. Осы тұрғыдан алганда, ағылшын тілі пәні оқушылардың коммуникативтік, сыни және мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Бұл мақалада әртурлі стильдер мен жанр мәтіндер арқылы функционалдық сауаттылыкты дамыту жолдары карастырылады. Жұмыс оқытушыларға сабақ жоспарлауда, оқыту әдістерін таңдау және жаңа технологияларды тиімді пайдалану жолдарын көрсетуге, сондай-ақ оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.Қазіргі жаһандану жағдайында ағылшын тілін меңгеру – білім алушылардың коммуникативтік, ақпараттық және мәдени құзыреттіліктерін қалыптастырудың маңызды шарты болып табылады.

Зерттеудің теориялық негіздері

Қазіргі білім беру кеңістігінде ағылшын тілін оқыту үдерісі оқытудың мазмұнын жаңартуды, тиімді әдіс-тәсілдер мен заманауи оқыту технологияларын жүйелі қолдануды талап етеді. Ағылшын тілі – халықаралық қарым-қатынас тілі ғана емес, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, коммуникативтік құзыреттілігін және жаһандық ойлау қабілетін қалыптастыратын маңызды пән.

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында білім алушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын кешенді дамыту басты міндеттердің бірі болып отыр. Осы мақсатта ағылшын тілі сабақтарында дамытушы ойындар мен жаттығуларды, мәтінмен жұмыс жасаудың түрлі әдістерін, тыңдап-түсінуге бағытталған тапсырмаларды тиімді қолдану оқыту сапасын арттырады.


Бұл әдістемелік құралда ағылшын тілін оқытуда қолданылатын заманауи педагогикалық технологиялар мен әдістер жүйеленіп ұсынылады.

Құралдың негізгі мақсаты – ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне сабақ барысында қолдануға болатын тиімді әдістемелік нұсқаулар мен практикалық жаттығулар ұсыну арқылы білім алушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыру. Ұсынылған материалдар оқытудың коммуникативтік, тұлғаға бағдарланған және әрекетке негізделген қағидаттарына сүйене отырып жасалған.

Әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептердің ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне, жас мамандарға және педагогикалық бағыттағы білім алушыларға арналған. Құралдағы ұсыныстарды оқу үдерісінде жүйелі қолдану білім алушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттырып, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Әдістемелік тәсілдер

Ағылшын тілін үйренуде мәтінмен жұмыс жасау – тілдік дағдыларды (оқу, түсіну, сөздік қорды кеңейту) дамытудың негізгі әдістерінің бірі. Мәтінмен жұмыс жасаудың түрлері оқудың мақсатына, тереңдігіне және әдістеріне байланысты бөлінеді.

Сыныптан тыс оқу (extensive reading) – ағылшын тілін үйренудің ең тиімді әдістерінің бірі. Бұл әдісте оқушылар көп мәтін оқиды, мақсат – ләззат алу, сөздік қорды табиғи жолмен кеңейту, оқу жылдамдығын арттыру және тілдік сезімді (language intuition) дамыту. Сыныптан тыс оқу негізінен graded readers (деңгейге бейімделген кітаптар), қысқа әңгімелер, мақалалар, комикстер немесе онлайн мәтіндер арқылы жүзеге асады.

Қорытынды

Ағылшын тілін оқытуда оқу дағдысын дамыту үшін тапсырмалар оқу түрлеріне (skimming, scanning, intensive reading, extensive reading) және сабақтың кезеңдеріне (pre-reading, while-reading, post-reading) байланысты құрылады. Негізгі мақсат – оқушылардың мәтінді түсінуін, сөздік қорын, ойлау қабілетін және тілдік дағдыларды (speaking, writing integration) дамыту.Қазіргі заманда ағылшын тілін оқытуда дәстүрлі әдістермен қатар инновациялық оқыту технологияларын қолдану ерекше маңызға ие. Заманауи технологиялар оқушылардың білім алуына қызығушылықты арттырып, оқу процесін интерактивті, шығармашылыққа негізделген, оқушы орталығына бағытталған етеді.

Оқыту технологияларын қолдану арқылы мұғалім оқушылардың тілдік дағдыларын тиімді дамытып қана қоймай, олардың сыни ойлау қабілетін, өзіндік бағалау және коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алады. Мысалы, онлайн платформалар, мобильді қосымшалар, виртуалды лабораториялар мен интерактивті презентациялар сабақты көрнекі және тартымды етеді. Сонымен қатар, технологиялар оқушылардың жеке қабілеттерін ескеруге және әр деңгейдегі оқушыға бейімделген тапсырмаларды ұсынуға жағдай жасайды.

Қорытындылай келе, ағылшын тілін оқытуда қазіргі заманғы технологияларды жүйелі түрде пайдалану оқу сапасын арттыруға, оқушылардың белсенділігін, шығармашылығын және өз бетімен оқу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл әдістерді сабақта тиімді қолдану заманауи білім беру талаптарына сай жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі