Ағылшын тілі сабағында қолданылатын рефлексия түрлері
Қазақстанның білім беру саласындағы өзгерістер ағылшын тілін
үйретуде де жаңа әдістемелерді қажет етеді. Ең бастысы сабақ
жүргізудің парадигмасы ( сабақтың өту құрылымы) өзгерді. Ең басты
өзгеріс тілді үйрету ғана емес, ол тілді жетік меңгеріп, қарымө
қатынас құралы ретінде пайдалана білу, оның коммуникативтік
құзіреттілігінде. Ол үшін мұғалім жаңа әдістерді пайдаланып, өз іс-
әрекетіне өзіндік талдау жасап, шығармашылық қабілетін жетілдіре
отырып, өз білімін жетілдірумен айналысуы керек.
Рефлексия қазіргі заман мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен
педагогикалық құзіреттілігінің негізігі компоненттерінің бірі болып
саналады. Рефлексия сөзі латын тілінде reflexio- артқа қарайлау
деген сөз. Шет тілдер сөздігінде рефлексия ой електен өткізу, өзін
өзі тану, өз өзіне есеп беру деген сөз. Бұл адамның өз іс
әрекетінің заңды түрде жүзеге асуының теориялық формасы. Ал
педагогика саласында рефлексия іс-әрекеттің өзіндік талдауы және
оның нәтижесі.
Оқушылардың ой-өрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол
оқушының өз бетімен білімін толықтыруы мен өзін өзі дамытуды
қамтиды, бұл екеуі де рефлексиясыз жүзеге асуы мүмкін емес. Білімді
саналы түрде меңгеру және белсенді болу дамыта отырып оқытудың
негізгі қағидаларының бірі. Оқушы лілім алудың мақсатын саналы
түрде түсінсе ғана белсенді болады.
Рефлексияны әр түрлі жүзеге асыруға болады, сабақтың соңындаң әр
тақырыптың соңында, сабақ этаптарының арасынла, тарау соңында. Ол
ақырындап оқушының ішкі рефлексисына ұласу керек.
Рефлексияның төмендегідей түрлері бар:
-оқу материалының мазмұнының рефлексиясы
-көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы
- іс-әрекет рефлексиясы
Рефлексияның бұл түрлерін жеке,топтық, жұптық түрде өткізуге
болады.
Төменде бірнеше мысалдар келтірейік:
1. Оқу материалдарының мазмұнының рефлексиясы.
Оны мұғалім оқушылар өткен материалдың мазмұнын қалай түсінгенін
анықтау үшін қолданады. 1
Ақталмаған сөйлем тәсілі (тезис):
got acquainted with….
During today’s lesson we have
Found out……
Аяқталмаған фразалар сабақ тақырыбына да байланысты болуы мүмкін.
- Alexander Bell was a man …
- A dictionary is a book…
2.Сабақ мақсатына жету рефлексиясы. Сабақ мақсаты тақтаға жазылып,
сабақ соңында талқыланады.
Understand the information…
know how to give arguments…
Now I <
can say my opinion on…
Etc.
3. Think wane (синквейн) 5
жолдық
• Бірінші жол-
тақырып атауы;
• Екінші жол –
тақырыпты екі сөзбен сипаттау,–
белгі немесе сын есіммен;
• Үшінші жол -
осы тақырыптағы іс-әрекетті үш сөзбен сипаттау,
етістікпен;
• Төртінші жол –
төрт сөзден тұратын фраза,
тақырыпқа қатысты;
• Бесінші жол–
синоним,
тақырыпты ашатын. Бұл жұмыс түрінде әр оқушы өз ойын,
алған әсерін білдіреді. Мысалы: Michael Jackson
Handsome ,talented
Sings, dances, loves
King of pop music
A famous star.
2. көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы; Төменде бірнеше тәсілдер көрсетілген.
1Тәсіл <<Пейзаж–көңіл күй айнасы>>
әр оқушы табиғат пейзажы бар сурет таратылады.
Мұғалім оқушыларға суретте өзі қалаған жерді көрсетіп,
ағылшынша бірнеше сөйлеммен түсіндіруді ұсынады.
2. Оқушыларда екі карточка:
синяя көк және қызыл.
Мұғалім сабақ басында және аяғында қалаған карточкасын көрсетуді сұрайды,
бұдан оқушының көңіл күйінің өзгерген,
өзгермегенін білуге болады.
3. Іс-әрекет рефлексиясы Жеке жазба жұмыс рефлексиясы. Бұл жұмыс сабақтың соңғы этапы,
қорытынды.
Өткізу түрі –
тестер,
мини -
шығарма,
эссе,
кесте,
досыма хат,
тірек сызба.
Тәсілдерге тоқтасақ:
1.Тәсіл<<Received the answer(!)
or not(?)>> Оқушыларға бір жағында(!)белгісі бар,
қандай сұрақтарға жауап алғанын жазады, ,
келесі бетінде (?)
белгісі,
қандай сұрақтарға жауап алмағанын жазады.
Оқушылардың жауабы келесі сабақтың міндеттерін қоюға септігін тигізеді.
2.Тәсіл <<
Телеграмма>>. Сабақ соңында 10-15
сөзден тұратын ағылшын сабағы туралы ата-аналарына телеграмма жазу ұсынылады. 2-3
минут телеграмма құруға беріледі,
содан соң барлығы өз телеграммаларын оқып жалпы қорытынды жасалады..
3. Тәсіл <<Өзіме хат>>
жазу дағдысын дамытуға септігін тигізіп,
оқушының өзіндік талдау жасауына ықпал етеді.
Сабақта не өткені туралы өз-өзіне хат жазу тапсырылады,
оқушы жазбаша түрде талдау жасайды.
4. <<Рыбья кость>>.
Проблемалық мәселелерді шешу
A fish bone
Problems Solution
5.<<Диаграмма>>
Сабақтағы материалды қалай түсінгенін тексеруге арналған.
6. Тәсіл <<Уақыт шкаласы>>
мәтіндегі хронологиялық даталарды есте сақтау үшін қолданылады, Уильям Шекспир туралы мәтін.
[ Сатинова В.Ф.]
1564 1577 1582 1583/85 1616
was his father’s marriage daughter, twins was
born fortune were born died
7. Бақылай-бағалау рефлексиясы.
Оқушылардың бірін-бірі,
өзін өзі бағалауға негізделген,
бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.
Evaluation card
Me neighbor group class teacher
Бұл тәсіл сын тұрғысынан оқыту әдісінің элементі болып табылады.. Рефлексия адамның негізгі үш қасиетін өз бетімен білім алу,
шешім қабылдай білу,
бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады,
бұл 21
ғасыр талабы. Біздің мамандығымыз жаңа ойларды,
тәсілдерді ұнемі қажет етіп отырады.
Сондықтан рефлексия жаңа заманға сай талапкерді қалыптастырып,
қабілеттерін дамытатын жолдың бірі.
Бала ойлауға,
сөйлеуге ,
өзін-өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады.
|