Ағылшын тілі сабағында тіл үйренудегі грамматикалық ерекшеліктерді тиімді меңгерту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ағылшын тілі сабағында тіл үйренудегі грамматикалық ерекшеліктерді тиімді меңгерту

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі Абай облысы Семей қаласы білім басқармасы “№32 жалпы орта білім беретін мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі

Абай облысы Семей қаласы білім басқармасы

“№32 жалпы орта білім беретін мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі





«БЕКІТЕМІН»

Директор А.Е.Сулейменова

«__» « ____» 2025ж.

__________



Ағылшын тілі сабағында тіл үйренудегі грамматикалық ерекшеліктерді тиімді меңгерту


(жаратылыстану-математикалық бағыттың 7-сынып оқушыларына арналған)







Азимбаева Балжан Нурболатовна

педагог-эксперт

ағылшын тілі пәні мұғалімі













Түсіндірме жазба


Бағдарламаның жалпы сипаты

Ағылшын тілі сабағында тіл үйренудегі грамматикалық ерекшеліктерді тиімді меңгерту” атты бағдарлама оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ету барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, “Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік қамтамасыз ету” туралы ереже ҚР-ң 2007 жылғы 27 шілдедегі 319-III “Білім туралы” Заңына (06.05.2020 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде) сәйкес әзірленді. Бағдарлама мазмұны аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берліген. Жаратылыстану-математикалық бағыттың 7-сынып ағылшын тілі пәнінде қолдануға ұсынылған).

Мақсаты:

Ағылшын тіліндегі грамматикалық ерекшеліктерді түсіндіруде тиімді әдістерді пайдалана отырып меңгеру.

Міндеттері:

-етістіктердің грамматикалық ерекшеліктерін ажырата білу;

-шақтардың сөйлемде қатесіз қолдану дағдыларын жетілдіру;

-зат есімдердің мағыналық түрлерін сөйлемде ажырата білу;

-сын есімдердің жасалу жолдарының ерекшеліктерін саралау;

-модальді етістіктердің сөйлемде қолданылу қызметін түсіндіру;

-шартты сөйлемдердің функционалдық қызметтерін меңгерту;

-есімдіктердің сөйлемде қызметін дұрыс қолдану;

-ырықты етістердің осы және өткен шақтағы қолданылуын талдау.

Бағдарламаның өзектілігі:

Аталған авторлық бағдарлама, білім беру үдерісіндегі әлемдік деңгейде өзекті.Тілдің қазіргі нұсқасы 17-ші ғасырдан бастап Ұлыбританияның және 19-20-шы ғасырлардан бастап Америка Құрама Шттарының әлемдік ықпалы бойынша әлемге таралды.

Бұл авторлық бағдарлама, Қазақстанда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құрған “Үш тұғырлы тіл жобасы” атты бағдарламасы аясында, 2007 жылдан бастап кезең-кезеңмен іске асырылды.

Аталған авторлық бағдарлама, 2017-2027 жылдарға арналған жаңартылған білім беру мазмұны аясында өзекті.

Ұсынылған авторлық бағдарлама-жаңашыл авторлық бағдарлама.

Педагогикалық жаңалығы: Ағылшын тілінің грамматикалық ерекшеліктерін тиімді әдістермен оқыту.

Психологиялық жаңалығы: Ағылшын тілінің грамматикалық ерекшеліктерін орта буынға оқыту.

Күтілетін нәтижесі:

-шақтардың жасалу жолдарының ерекшеліктерін ажырата біледі.

-зат есімдердің көпше және жекеше түрлерін сөйлемде қатесіз қолданады.

-сын есімдердің және үстеулердің жасалу жолдарының ерекшеліктерін ажыратады.

-модальді етістіктердің сөйлемде қолданылу қызметін түсінеді.

-шартты сөйлемдерді қатесіз қолдану дағдыларын жетілдіреді.

-есімдіктердің және анықтау сөздерінің сөйлемдегі қызметін дұрыс қолданады.

-төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдарын ұғынады.

-өткен шақтағы әдеттерімізді баяндайтын құрылымның, ырықты және ырықсыз етістердің жасалу жолдарының ерекшеліктерін түсінеді.























Тұрақталу бөлімі

(аптасына 1 сағат, барлығы – 34 сағат)


Бұл бағдарламада дәрістік сабақтар мен тәжірибелік сабақтар араластырылып берілген.


Тақырып

Сағат саны

Нәтиже

1

Кіріспе. Present simple versus present continuous

1

Жай осы шақ және созылыңқы осы шақтың ережесін қайталап, салғастырмалы берілген жаттығу орындайды.

2

Present perfect

just-yet-already-since-for

1

Аяқталған осы шақтың қолдануы мен уақыт көрсеткіштерінің мазмұнын және “have been-have gone”-ның айырмашылығын анықтайды, тапсырмалар орындайды.

3

Present perfect versus Past simple

1

Екі шақтың құрылымдық айырмашылығын салғастырады,салғастырмалы берілген жаттығу орындайды.

4

Past Continuous

Past Simple versus Past Continuous

1

talking about pas actions-ті (өткен шақ әрекеттерін)-қолданып, сұрақ қою, жауап беру әдістері арқылы екі шақты ажыратады, мысалдар келтіреді,салғастырмалы берілген жаттығу орындайды.

5

Will (future simple)

Making on-the-spot decisions

1

Will-формасына талдау жасап,

Making on the spot decisions-қа тапсырма орындап, аяқ асты шешім қабылдау категориясын мысалдармен дамытады.

6

Will-be going to- Present continuous

Making predictions

1

Will-келер шақ және be going to- категориясының жасалу ерекшелігін талдап, Making predictions,Talking about future plans-қа сұрақ қойып, сұраққа жауап бере отырып, талдайды.

7-8

Singular/plural nouns

2

Жекеше түрде және көпше түрде қолданылатын зат есімдердің грамматикалық мәні мен қолданылуына арналған жаттығулар жасайды.

9-10

Adjectives.

Comparative/Superlative

2

Сын есімнің шырайлары/жасалу ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі тапсырма орындайды.

11-12

Adjectives.-ing/-ed adjectives


2

Сын есімге -ing/-ed жалғауларының жалғану жолдарына талдау жасайды.Әртүрлі тапсырма орындайды.

13-14

Adverbs. Adverbs of degree.

2

Үстеулердің жиілігі, орындалу реттілігіне, “quite-rather” (Adverbs of degree) түріне шолу жасайды.Әртүрлі тапсырма орындайды.

15-16

Modal verbs

Can/could-be able to

2

Модальді етістіктерінің маңызын ашу арқылы қосымшалардан жаттығуларды жасайды.

Skills Practice-жасап, қысқа мазмұндама жазып үйренеді.

17-18

Modal verbs

Should/should not

2

Should/should’t-түрлерінің маңызын ашады.

Skills Practice-жасап, қысқа мазмұндама жазып үйренеді.

19-20

Modals (must/have to/need to/might)

2

Модальді етістіктердің түрлерін ажыратып, ережелері бойынша айырмашылығын анықтай біледі.

Skills Practice-жасап, қысқа мазмұндама жазып үйренеді.

21-22

Verb+ -ing/to-infinitive/infinitive without to


2

ing”- формасы бар етістіктерді қашан пайдалану керектігін түсініп, инфинитивті “to”- сіз сөйлеме дұрыс қолдана алады.

Осы етістік формалары арасында дифференциация жасап, оларды сөйлеу мен жазуда қолданады.

23-25

Zero conditional

First conditional

Second conditional

3

Шарттық сөйлемдердің жасалу ерекшелігін өзара салыстыру арқылы ажырата алады.

Деңгейлік тапсырмаларды орындап, мысал келтіеді.

26-27

Relatives (who/which/where)

Determiners (all-other(s))

Some-any-every- no and compounds

2

Ережесін ескере отырып, сұраулық және қатыстық есімдіктерінің ерекшелігіне берілген тапсырманы орындай алады

Анықтау сөздерінің мән-мағынасын түсініп, күрделі және жай түрлеріне және болымды, болымсыздарға талдау жасап, қосымшадағы тапсырмаларды меңгереді.

28-30

Reported statements

said/told

Reported questions, comands/requests

3

Мәлімдемелерді төлеу сөзбен жеткізуді үйренеді. «иә/жоқ» сұрақтарын және WH-сұрақтарын дұрыс құрылымдауды үйренеді. Командалар мен өтініштерді жеткізуді үйренеді.

31-32

Past habits (used to)

2

Өткен шақтағы әдеттеріміз жайлы баяндауда, құрылымның болымды, болымсыз және сұраулы түрлеріне байланысты тапсырмалар орындайды.

33-34

Қорытынды сабақ.

The passive

(present simple and past simple)

It -there

2

Күнделікті өмірден Active Voice (ырықты етіс) және Passive Voice (ырықсыз етіс) түрлеріне мысалдар келтіреді. Әртүрлі тапсырмалар орындайды.

Нормативті бөлім

Аптасын - 1 сағат. Барлығы 34 сағат

Тақырыбы





Оқу мақсаты.


Сағат саны





Білім өнімі

Барлығы

Лек

ция

Тәжірибе

1

Кіріспе. Present simple versus present continuous

Use the form of present simple and present continuous time on a range of familiar general and educational topics.

1


1

Жай осы шақ және созылыңқы осы шақтың ережесін қайталап, салғастырмалы берілген жаттығу орындайды.

2

Present perfect

just-yet-already-since-for

Use the form of present perfect time on a range of familiar general and educational topics.


1


1

Аяқталған осы шақтың қолдануы мен уақыт көрсеткіштерінің мазмұнын және “have been-have gone”-ның айырмашылығын анықтайды, тапсырмалар орындайды.

3

Present perfect versus Past simple

Use appropriately increased diversity of past simple forms and present perfect forms on a range of familiar general and educational topics.

1


1

Екі шақтың құрылымдық айырмашылығын салғастырады,салғастырмалы берілген жаттығу орындайды.

4

Past Continuous

Past Continuous versus Past Simple


Use the form of past simple and past continuous time on a range of familiar general and educational topics.

1


1

talking about past actions-ті қолданып, сұрақ қою, жауап беру әдістері арқылы екі шақты ажыратады, мысалдар келтіреді,салғастырмалы берілген жаттығу орындайды.

5

Will (future simple)

Making on-the-spot decisions


Use the form of will-be going and present continuous time on a range of familiar general and educational topics. [1]

1


1

Will-формасына талдау жасап,

Making on the spot decisions-қа тапсырма орындап, аяқ асты шешім қабылдау категориясын мысалдармен дамытады.

6

Will - be going to-Present Continuous

Making prediction

Use a variety of forms of the future tense, including the present continued with a future meaining for a number of familiar general and educational topics. [1]



1

Will-келер шақ және be going to- категориясының жасалу ерекшелігін талдап, Making predictions,Talking about future plans-қа сұрақ қойып, сұраққа жауап бере отырып, талдайды.

7-8

Singular/plural nouns

  1. Use various quantitative for calculable and uncountable nouns, including the words too much, too many, none any, enough, on familiar general and educational topics. [1]

  2. Есте сақтау қабілетін, ақыл – ой тәрбиесін дамыту.

2

1

1

Жекеше түрде және көпше түрде қолданылатын зат есімдердің грамматикалық мәні мен қолданылуына арналған жаттығулар жасайды.

9-10

Adjectives.

Comparative / Superlative

  1. Use common participles as adjectives and correctly put adjectives before noun on familiar general and educational topics. [1]

  2. Есте сақтау қабілетін, ақыл – ой тәрбиесін дамыту.

2

1

1

Сын есімнің шырайлары/жасалу ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі тапсырма орындайды.

11-12

Adjectives.-ing/-ed adjectives


  1. Use common participles as adjectives and correctly put adjectives before noun on familiar general and educational topics. [1]

  2. Есте сақтау қабілетін, ақыл – ой тәрбиесін дамыту.

2

1

1

Сын есімге -ing/-ed жалғауларының жалғану жолдарына талдау жасайды.Әртүрлі тапсырма орындайды.

13-14

Adverbs. Adverbs of degree.

1.Use comparative degree adverb structures with correct and incorrect adverbs for a number of familiar general and educational topics. [1]

2.Есте сақтау қабілетін, ақыл – ой тәрбиесін дамыту.

2

1

1

Үстеулердің жиілігі, орындалу реттілігіне, “quite-rather” (Adverbs of degree) түріне шолу жасайды.Әртүрлі тапсырма орындайды.

15-16

Modal verbs

(Can/could be able to)

1.Use different modal forms for different functions on different familiar and common learning topics. [1]

2.Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

2

1

1

Модальді етістіктерінің маңызын ашу арқылы қосымшалардан жаттығуларды жасайды.

Skills Practice-жасап, қысқа мазмұндама жазып үйренеді.

17-18

Modal verbs

(Should/should not)

1.Use different modal forms for different functionson different familiar and common learning topics. [1]

2.Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

2

1

1

Should/should’t-түрлерінің маңызын ашады.

Skills Practice-жасап, қысқа мазмұндама жазып үйренеді.

19-20

Modals (must/have to/need to/might)

1.Use different modal forms for different functions on different familiar and common learning topics. [1]

2.Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

2

1

1

Модальді етістіктердің түрлерін ажыратып, ережелері бойынша айырмашылығын анықтай біледі.

Skills Practice-жасап, қысқа мазмұндама жазып үйренеді.

21-22

Verb+ -ing/to-infinitive/

infinitive

without to

1. Use infinitive forms after a limited number of verbs and adjectives, use gerund forms after a limited number of verbs and prepositions, use prepositional verbs and start using phrasal verbs on familiar general and educational topics. [1]

2.Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

2

1

1

ing”- формасы бар етістіктерді қашан пайдалану керектігін түсініп, инфинитивті “to”- сіз сөйлеме дұрыс қолдана алады.

Осы етістік формалары арасында дифференциация жасап, оларды сөйлеу мен жазуда қолданады.

23-25

Zero conditional

First conditional

Second conditional

1.Use and recognise 0 conditional, I conditional and II conditional clauses on a range of familiar general and educational topics.

2.Talk about factual situations by using the I conditional and talk about imaginary situations by using the II conditional. [1]

3.Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.

3

1

2

Шарттық сөйлемдердің жасалу ерекшелігін өзара салыстыру арқылы ажырата алады.

Деңгейлік тапсырмаларды орындап, мысал келтіеді.

26-27

Relatives (who/which/where)

Determiners (all-other(s))

Some-any-every- no and compounds

1.Use determinative relative adjuncts which, who, that, where on general and educational topics. [1]

2.Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

2

1

1

Ережесін ескере отырып, сұраулық және қатыстық есімдіктерінің ерекшелігіне берілген тапсырманы орындай алады

Анықтау сөздерінің мән-мағынасын түсініп, күрделі және жай түрлеріне және болымды, болымсыздарға талдау жасап, қосымшадағы тапсырмаларды меңгереді.

28-30

Reported statements

said/told

Reported questions, comands/requests

1.Use some forms of indirect speech for statements on a number of familiar general and educational topics.

2.Use direct and reported speech approriatly in varied context by changing direct sentences to indirect sentences. [1]

3.Есте сақтау қабілетін, ақыл – ой тәрбиесін дамыту.

3

1

2

Мәлімдемелерді төлеу сөзбен жеткізуді үйренеді. «иә/жоқ» сұрақтарын және WH-сұрақтарын дұрыс құрылымдауды үйренеді. Командалар мен өтініштерді жеткізуді үйренеді.

31-32

Past habits (used to)

1.Use “used to+infinitive” in the affirmative, negative, and interrogative forms to talk about habits and situations in the past to the future on different familiar and common learning topics.

2.Еңбек сүйгіштікке баулу.

2

1

1

Өткен шақтағы әдеттеріміз жайлы баяндауда, құрылымның болымды, болымсыз және сұраулы түрлеріне байланысты тапсырмалар орындайды.

33-34

Қорытынды сабақ.

The passive

(present simple and past simple)

It -there

1.Use active voice and passive voices on a range of familiar general and educational topics.

2.Еңбек сүйгіштікке баулу.

2


2

Күнделікті өмірден Active Voice (ырықты етіс) және Passive Voice (ырықсыз етіс) түрлеріне мысалдар келтіреді. Әртүрлі тапсырмалар орындайды.


Барлығы


34

12

22
















Ақпараттық-әдістемелік бөлім

(аптасына 1 сағат, барлығы – 34 сағат)



Ағылшын тілі пәнінен жазылған “Ағылшын тілі сабағында тіл үйренудегі грамматикалық ерекшеліктерді тиімді меңгерту” атты авторлық бағдарламаның бірінші бөлімі “Grammar tenses”

тақырыбымен аталады.Бұл бөлімде 6 сағат: Кіріспе. Present simple vs Present continuous, Present perfect

(just-yet-already-since-for), Present perfect vs Past simple, Past continuous, Past simple vs Past continuous,Will-be going to- Present continuous, Making predictions,Will (future simple) Making on-the-spot decisions тақырыптары қамтылған. Аталған бөлімді:

  • Коммуникативтік оқыту технологиясы

  • Ақпараттық-коммуникативтік технологиясы

  • Деңгейлік саралау технологиясы

  • Аутентикалық ақпараттармен оқыту технологиясы арқылы оқытамыз.

Авторлық бағдарламаның екінші бөлімі “Parts of speech”

тақырыбымен аталады. Бұл бөлімде 8 сағат: Singular/plural nouns, Adjectives,Comparative/Superlative,Adjectives.-ing/-ed adjectives,Adverbs, Adverbs of degree тақырыптары қамтылған. Аталған бөлімді:

  • Модульдік оқыту технологиясы

  • Дамыта оқыту оқыту технологиясы

  • Рейтингтік оқыту технологиясы

  • Сыни оқыту технологиясы арқылы оқытамыз.

Авторлық бағдарламаның үшінші бөлімі “Verbs and modal verbs”

тақырыбымен аталады.Бұл бөлімде 11 сағат: Modal verbs

Can/could-be able to, Modal verbs Should/should’t, Modals (must/have to/need to/might), Verb+-ing/to-infinitive/infinitive without to, Zero conditional, First conditional, Second conditional тақырыптары қамтылған. Аталған бөлімді:

  • Кэмбриждік оқыту технологиясы

  • Драгункиннің грамматиканы оқыту технологиясы

  • Интербелсенді оқыту технологиясы

  • Ұжымдық оқыту технологиясы арқылы оқытамыз.

Авторлық бағдарламаның төртінші бөлімі “Revision unit” тақырыбымен аталады. Бұл бөлімде 9 сағат: Relatives (who/which/where), Determiners (all-other(s)), Some-any-every- no and compounds, Reported statements said/told, Reported questions, comands/requests, Past habits (used to), The passive (present simple and past simple) It -there тақырыптары қамтылған. Аталған бөлімді:

  • Мәселелік оқыту технологиясы

  • Тестік оқыту технологиясы

  • Ойын арқылы оқыту технологиясы

  • Деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқытамыз.



















Бағалау критерийі


Критерийлер

Дескриптор

ұпай

Теориялық сабақтар үшін

Шақтар туралы жалпы ережелерді біледі

3

Шақтардың грамматикалық ерекшелігін, қолданылуы мен жасалу жолын анықтайды

3

Сөйлемдерге іс-әрекеттің орындалу тәртібі бойынша талдау жасай біледі

3

Грамматикалық ерекшелігі мен айырмашылығын анықтайды,екі категорияны салғастыра талдайды

3

Уақыт көрсеткіштеріндегі сөздерді,түсініктерді логикалық қорытындылар арқылы салыстырып, пайымдайды

3

Практикалық сабақтар үшін

Аутентикалық материалдар үзінділерін пайдаланады

5

Диалогтар, желідегі хаттардың түрлерін құрады

5

Айтылымды дамыту барысында шақ категорияларын үйлестіріп, оқиға желісімен мазмұндайды

5

Өзіндік көзқарасы мен пікірлерін дәлелдейді, өз ойынан шағын әңгіме құрастырады

5

Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, болжамды жауаптарымен салыстырады

5

Негізгі жұмыстың құрылымын сақтайды,үлгі бойынша сұрақтарға жауабын құрылымдайды

5

Көркем ой құралдарын қолданады,толықтырады,түрлендіреді.

5

Барлығы:


50 ұпай







Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Мұғалімдер үшін:

  1. Интернет ресурс: https://rao.kz/rus/2820-calendar-thematic-plan-for-grade-7.html

  2. Интернет ресурс: https://stud.kz/referat/show/97948

3.Амирова Айгуль. Литература для подготовки к ЕНТ и ЕГЭ. Ағылшын тілі ҰБТ: – Алматы. 2024-2025ж.,100б.

4.Virginia Evans-Jenny Dooley. “New Round-Up 6” English Grammar Practice. Teacher's book For Kazakhstan: Pearson Longman. 2011 y.,–203p.

5.Shumbalov A.E., Tolegenov A.A. “English language book 2: school aid-preparation to exams”: Almaty.2023 y.,–293p.

6.Shumbalov A.E., Tolegenov A.A. “English language book 1: school aid-preparation to exams”: Almaty.2022 y.,–125p.

7.Төлегенова А. Английский язык. Краткий справочник:– Алматы.2022 ж.,–47б.

8.Черныш Е. Английский язык. Анықтамалық құрал:– Алматы.2019 ж.,–17б.

Оқушылар үшін:

1.Virginia Evans-Jenny Dooley-Bob Obee.Translations by Natalya Mukhamedjanova “Excel For Kazakhstan grade 5 Student’s book”: Almaty.2017 y.,–112-113p.

2.Virginia Evans-Jenny Dooley-Bob Obee.Translations by Natalya Mukhamedjanova “Excel For Kazakhstan grade 5 Workbook and Grammar book”: Almaty.2017 y.,–68-69p.

3.Virginia Evans-Jenny Dooley-Bob Obee.Translations by Natalya Mukhamedjanova “Excel For Kazakhstan grade 6 Student’s book”: Almaty.2018 y.,–56p.

4.Virginia Evans-Jenny Dooley-Bob Obee.Translations by Natalya Mukhamedjanova “Excel For Kazakhstan grade 6 Workbook and Grammar book”: Almaty.2018 y.,–80-81p.

5.Virginia Evans-Jenny Dooley-Bob Obee.Translations by Natalya Mukhamedjanova “Excel For Kazakhstan grade 7 Student’s book”: Almaty.2017 y.,–66p.

6.Virginia Evans-Jenny Dooley-Bob Obee.Translations by Natalya Mukhamedjanova “Excel For Kazakhstan grade 7 Workbook and Grammar book”: Almaty.2017 y.,–42-43p.

7.Wetz Ben, Sturing James, Nicolas Tims “English Plus for Kazakhstan grade 7 Student’s book: Oxford University Press.2016 y.,–67-68p.

8.Janet Hardy-Could, Kate Mellersh English Plus for Kazakhstan grade 7 Work book: Oxford University Press.2017 y.,–49-50p.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.05.2025
276
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі