400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ағылшын тілі сабағында топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілі сабағында топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдары - мұғалімдерге пайдалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ағылшын тілі сабағында топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдары

Лукпанова Фарида Кайсалимовна

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Шет тілдерін үйрену, әсіресе ағылшын тілі – қазіргі заманның қажеттілігі.

Н.Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Жалпы білім беретін мектептерде ҚР-ның зияткерлік, дене бітімі мен рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту» мақсаты қолға  алынған. Осы сұранысты қамтамасыз ететін Кембридж бағдарламасы танылып отыр.

Оқу үдерісінде оқушыларға өздері ойлап ізденетіндей жағдай туғызып, күнделікті сабақта оқушы қабілетін дамытатындай, қалыптан тыс ойландыратын әдіс- әсілдерді қолдануда жұмыс істеудің ең тиімді жолы - топтық жұмыс. Оқушы бойындағы мүмкіндікті, жақсы қасиеттерді ашудың бірден-бір тиімді жолы: кезекпен сойлеу; бірін-бірі мұқият тыңдау; пікірталаста өзгенің көз-қарасын түсіну үшін сұрақтың бар немесе жоқтығын сұрау; өз ойын қоса отырып, қосылатын пікірдің бар немесе жоқтығын сұрау;келіспеген жағдайда бөгде ойды мұқият тыңдау әр пікірге құлақ асу;айтылған пікірді ұжымдап талқылау; көмектесу және көмек көрсете білу; түсіндіруді сұрау; пікірталастың, әңгіменің қортындысын жасау; топпен ортақ бір пікірге келу; уақытты үнемді пайдалана білу;рөлдерді белгілеу (басшы, хатшы, репортер, бақылаушы және т.б) жұмысты орнауда келісімге келу.

Тапсырманың нақты түрі мен орындалу тәртібін білу-сапалы жұмыстың кепілі. Сол себепті, жұмыс басталмай тұрып оқушыларға олардың нені жасау керектігі жөнінде айтылып өтілуі керек.

Жұмыс барысында топтың әрбір мүшесі: өз ойын еркін жеткізуі;-ортақ іске өз үлесін қосуы;-топпен бірге бір шешімге келуі;өзгенің ойымен санасуы;мәселені талқылауда көшбасшылыққа ұмтылмауы;жұмысты белгіленген уақытта бастап, белгіленген уақытта аяқтауы тиіс;

Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі: оқушы белсенділігін арттыру үшін оқу үрдісін сауатты ұйымдастыру болып табылды. Сол оқудың тиімді тәсілдерінің бірі топтық жұмыс. В.А.Сухомлинский былай деген «Мұғалімнің оқу үрдісіне шығармашылықпен қарауы баланың бойындағы жасырын қабілеттіктері мен дарынын ашады». Кеңес дәуірінде осындай жақсы ой айтылғанымен ол көбінесе іске аспады. Мұғалім сабақты белгілі бір қалыпта, бір сарында жүргізді. баланың жасырын қабілеті жабулы күйінде қала берді.
Бағдарлама негізі топтық жұмыс. Топтық жұмыс кезінде оқушы белсенділігі арттырылады. Әр оқушы топ мүшесі бола тұра өзінің топтағы орнын анықтай алады. Оқушы ынтымақтастығы арттырылады. Топтық жұмыс әр оқушының нақты іс әрекетін тудырады, бірлесе жұмыс жасайды. Бірлескен топтық оқытудың негізгі түйіні әрбір топ мүшесінің өз ойын толық жеткізіп, басқамен де келісімге, бітімге қол жеткізуге болатыны. Ынтымақтастық оқу дегеніміз - өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.

Күн сайынғы өтетін жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау, өткенді қайталау және қорытындылау сияқты жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақ оқушыларды жалықтырып, білімге деген ынтасын, қызығушылығын төмендетері сөзсіз. Сондықтан әр мұғалімнің сабақтарын қызықты өткізуі, сабағын жандандырудың әдіс тәсілдерін іздестіруі, яғни сол жаңашылдыққа оқушыларды тарта білуі, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі - мұғалімдік міндеті және парызы. Ағылшын тілі сабағында топтық жұмыс жасаудың артықшылығы жайында айтатын болсақ, бүгінгі таңда топтық жұмыс жасау оқу процесін күшейту және оңтайландыру үшін қолданылады, сонымен қатар тұлға аралық қарым қатынас құралдары айқын көрінсе, ал жеке жұмыс жасау кезеңінде: сөйлесу, жоғары сенім арту, өзара әсер, қолдау, оқушылардың қорларды тиімді пайдалануы, өзара көмек сияқты қарым қатынас байқалмайды. Заманауи

мектептердегі ағылшын тілі пәні мұғалімінің алдына қойылатын маңызды тапсырманың бірі – шет тілінде қарым-қатынас жасауға үйрету және мұғалімнің басқаруымен оқушылардың қарым-қатынасын максималды түрде белсенділікті қамтамасыз ету. Білім алушылардың тілдік белсенділігін арттыру мақсатында ағылшын тілінің заманауи сабақтарында тиімділікті арттырудың бір жолы ретінде отанымызда және шетелде мойындаған «сыныпта топпен жұмыс жасау» әдісін қолданған жөн. Топтық жұмыс жасау, шет тілі мұғаліміне сабақта “тілдік орта” құруға ықпал етеді, яғни шет тілінде сөйлеуге оқушыларды біршама жақындатады. Топта жұмыс істеу сыныпта ынтымақтастық орнату үшін, өзара әрекеттестік орнату үшін қажет. Топтағы мүшелер саны  мен топтағы жұмыс нәтижесі топтағы бірлескен жұмысты көрсетеді.

Оқушылар топтарға бірлескен жағдайда топ мүшелерінің жеке қабілеттері мен топқа қосқан үлесі құрметтеледі; жұмыс барысында механикалық есте сақтау мен қайталау процесстерімен бірге, ақпараттар өңделіп, қорытындыланады; топ мүшелерінің әрқайсысы басқа оқушылардың көзқарасымен таныса отырып, өзіне қажеттіні алады және оған өз көзқарастарын білдіре отырып, соны қорғауға мәжбүр болады да, өз ойларын тұжырымдап үйренеді. (Үлестірме материалдар: 4-апта)

Джин Раддок  «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «оқушылармен пікірлесудің мақсаты – оқушының көзқарасы тұрғысынан оқудың не екенін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады (Ruddck et al, 2004). Сол пікірге қосыла отырып, мен әр сабақтан соң немесе сабақтан бұрын оқушыларды әңгімеге тартып, ойларын біліп отырдым. Келешекте де осы оқушы үнін үнемі қолданып отырамын деп ойлаймын, себебі, бұл тәсіл әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, қабылдау деңгейін анықтауға мүмкіндік бере отырып, оқушылардың өз-өзіне есеп беруі немесе реттелуі дағдыларының да қалыптасуына ықпал етеді деп ойлаймын. Сол сияқты топтың да жалпы пікірін білу маңызды. Себебі, ол бірнеше оқушының пікірінен туындайды.

Жоғарыда айтып өткендей, топпен бірлесе жұмыс жасау, оқушылар арасында ынтымақтастықпен қатар, өз деңгейлерін саралай отырып, өз-өзінің реттелуіне көп көмек береді деп ойлаймын.

Топтық жұмысты бастамастан бұрын оқушылармен бірге топ ережелерін жасау керек. Мысалы топ ережелері төмендегідей болуы мүмкін:
- Бірін-бірі тыңдау
- Өзгенің пікірін сыйлау
- Сөзін бөлмеу
- Уақытқа бағыну
- Шапшаңдық
- Бәсекелестік
- Бірлестік

Топтық ережені оқушылармен бірлесе отырып құрғандықтан шығар, топта тәртіп сақтаумен қатар біріге, ынтымақтастықпен жұмыс жасайтындықтарын байқадым.

Топты құру барысында мұғалім топтағы оқушы санын да ескеру керек. Шағын топтармен жұмыс жасау үлкен топтармен жұмыс жасауға қарағанда тиімдірек екені белгілі. Бірлескен оқу ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами  түседі, өйткені олар көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұнда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша бірлескен оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және  қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және жұмысқа белсенді қатысуға мүмкіндік алады (Smith and MacGregor, 1992). (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 74-бет)

Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқытушы мынандай мақсаттарға жетеді:

- үйренушілер туындаған өзіне деген сенімсіздік пен қобалжудан қорқыныштан, жасқаншақтықтан арылады;

- әр үйренушіге өзінің қабілеттері мен ерекшеліктерін ашуға, көрсете білуге жағдай жасалады;

- үйренушілер арасында еркіндік және сенім атмосферасы қалыптасады;

- үйренушілер топ жұмысында позитивтік, конструктивтік, шығармашылдық қағидаларды ұстанады.

ну үрдісінде қатысушылардың әрқайсысы бір - бірімен жеке қарым - қатынас орнатады;

Топпен жұмыс жасаудағы мұғалімнің қызметі: Мұғалім сабақты ұйымдастырушы және құрастырушысы. Ұжымдық  іс әрекеттің мүшесі.
Өтілетін жұмыстың мақсатын түсіндіреді.
•    Оқушыларды топқа бөледі.
•    Топқа берген тапсырмаларға түсініктеме береді.
•    Топтық жұмысты бақылайды.
•    Олардың іс әрекетін белсендіреді.
•    Оқушылардың топтық жұмысын бағалайды.
•    Топтық жұмысқа қорытынды шығарады.
•    Жіберілеген қателіктерге көңіл аударады

Топтау әдістерінің тиімділігі төмендегідей:
Оқушылардың бір-біріне жолдастық, достық қарым қатынастары дамиды
Бір-біріне бар ынта-жігерлерімен көмектесуге, үйретуге бейім болады
Топтық жарыстар кезінде ұйымдастырудың жөн жобаларын біледі, оны қолдана алды.
Бір сабақтың үстінде берілген материалдарды, бір біріне көмектесе отырып толық меңгереді. Топтық жұмыс сабақты ұйымдастыруда жаңашылық алып келеді.Топ мүшелері мен мұғалімнің арасында, топ мүшелері арасында сенімділік байланыстың орнығуына көмектеседі. Топ ішінде кері байланыс жүзеге асады.

Топтық ережені оқушылармен бірлесе отырып құрғандықтан шығар, топта тәртіп сақтаумен қатар біріге, ынтымақтастықпен жұмыс жасайтындықтарын байқадым. Сабақтарда топтық жұмыстағы бірлесіп әрекет жасау тапсырмалары сатылап сәтті шығып жатты. Бұл тәсіл, яғни топқа бөлініп жұмыс істеу арқылы бір-біріне көмектесіп, топ намысын қорғау үшін, тіпті, сабаққа деген ынтасы төмен оқушының өзі белсене қатысып, жақсы қарым-қатынасқа бет алғандығы жөнінде айтты.

Оқушы сабақта алған білімін топтық талқылау, топтағы бірлескен іс - әрекет барысында қолдануға дағдыланғанда ғана, оны өмірде де пайдалана алады. Әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді.

Топтық жұмыс үйренушілерде ұжымдық сезім қалыптастырып, бірлескен жұмыстың қызықты әрі тартымды әрекет екендігін көрсетеді, оқушылардың жалпы еңбекке деген ынтасын арттырады. Оқушылар өмірде «Мен» қағидасынан гөрі «Біз» тұжырымының анағұрлым пайдалы екендігін аңғарады.
Өзім дәріс беретін сыныптарда осы топтық жұмысты жүйелі жүргізіп келемін. Топтық жұмысты жүргізудің бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Соның ішінде оқушыларға жеңіл әрі тиімді әдіс түрінің бірі деп - «Домино» әдісін қолданамын. Бұл әдісті немесе ойынды әр тақырып бойынша, грамматикалық, лексикалық және сурет арқылы қолдануға да болады. Яғни бір сабақта осы топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы мынандай мақсаттарға жеттім:
- үйрену үрдісінде қатысушылардың әрқайсысы бір - бірімен жеке қарым - қатынас орнатады;
- үйренушілер туындаған өзіне деген сенімсіздік пен қобалжудан қорқыныштан, жасқаншақтықтан арылады;
- әр үйренушіге өзінің қабілеттері мен ерекшеліктерін ашуға, көрсете білуге жағдай жасалады;
- үйренушілер арасында еркіндік және сенім атмосферасы қалыптасады;
- үйренушілер топ жұмысында позитивтік, конструктивтік, шығармашылдық қағидаларды ұстанады.

Топтық жұмыстың тиімділігі мен нәтижелілігі келесі әрекеттер барысында артады:

Берілген тапсырма топтың барлық қатысушыларына қызықты болуы керек.
1. Тапсырма барлық оқушылардың мүдделеріне сәйкес келіп, оларда бірлескен жұмысқа деген ынта тудыру керек.

2. Топқа бөлудің қызықты тәсілдерін қолдану керек.

3.Топ ішіндегі бірлескен жұмыс ережелерін айқындап, нақты уақыт белгілеу керек.

4.Тапсырманы топқа бөлінбей тұрып берген дұрыс.

5.Жұмыс аяғында әр топ жұмыс нәтижелерін жариялап, немесе ол туралы есеп беру қадағаланады.

6.Топтарда тиімді жұмыс жасау үшін сынып бөлмесі үйренушілердің еркін түрде қозғалып, жүріп, тұруына қолайлы болуы керек.

Осылайша, топтық жұмыстың табыстылығы мұғалімнің кәсіби және жеке қасиеттері мен оқушылардың бірге және келісе жұмыс жасауға деген ынтасы мен қабілетіне байланысты. Мұғалімдер мен оқушылар топпен жұмыс жасауға және топтық жұмысты ұйымдастыруға психологиялық тұрғыдан дайын болуы қажет. Басқаша айтқанда, оқушыларды алдымен топпен жұмыс жасауға үйрету үшін уақыт бөліп, тек содан соң ғана топпен шешуге арналған тапсырмаларды ұсыну керек. Егер жұмыс алдында оқушылардың нақты түсінуі үшін, не істеу керектігін түсінуі үшін нақты бағыт сілтеп, жағымсыз салдарды (сыныптағы қосымша шу мен бірнеше оқушының бір уақытта сөйлеуі) төмендетуге болады. Тапсырмалар көп уақыт алмауы қажет, әйтпесе, оқушылардың іші пысып, шаршайды. Топпен жұмысты ұйымдастыру үшін пайдалы ұсыныстар келтірейік: Топта 5 оқушыдан артық болмауы керек (кеңесші рөлін атқаратын әр топта өте жақсы дайындалған ең болмағанда бір оқушы болуын қадағалау қажет) Тапсырманы қысқа, анық және нақты түсіндіріңіз. Біріге жұмыс жасауға дағдылану үшін оқушыларға уақыт керек, егер ол топтар ауыспалы құрамды болса, оларды асықтырмаған жөн. Топпен жұмысты созудың қажеті жоқ. Тапсырма дайындау уақытын белгілеп, сол уақытты нақты қадағалап отырамын. Жұмыс басталған соң оған араласпаған дұрыс және қарым-қатынас барысында оқушыларға кедергі келтірмеңіз, тек қарым-қатынас үдерісіне кедергі келтіретін қателерге ғана мән беріңіз. Басқа қателерді өзіңізге жазып алып, алдағы уақытта ол қателермен қосымша жұмыс жасаңыз. Топтық тапсырмаларды дайындау барысында, әр топ нені талқылап жатқанын бақылап жүріңіз, бірақ топтың қасында ұзақ уақыт бөгелмеңіз, себебі сіздің бақылауыңыз жұмысқа кедергі болуы мүмкін. Тапсырманы түсіндіру, дайындау үдерісі, бақылау, топтық қатынастың қорытындысын шығару шет тілінде жүргізілуі тиіс. Тапсырманы уақытынан бұрын орындайтын оқушылар өзге топ оқушыларына кедергі келтірмеуі үшін, қосымша тапсырмалар дайындап қою қажет. Әр топ мүшесінің ойын мұқият тыңдап шығыңыз. Оқушылар жұмыс бағалап, өз ойыңызды айтыңыз. Қарым-қатынастағы ерекеше сәтті мерзімді баса айтып өтіңіз (дұрыс қолданылған тілдік материалдар(лексикалық толықтырулар, грамматикалық формалардың әр түрлілігі) ым-ишараның қолданылуы, эмоционалдық фон интонациясы), қателерді назарға алмаңыз. Топтық жұмыс қатемен жұмыс тәсілімен аяқталады. Сыныптағы жағымды психологиялық климатын сақтау үшін, мұғалім қателерді ешкіме тура айтпай, жалпылай дұрыстағаны жөн. Оқушылар қатені оқу үдерісінің табиғи құрамдас бөлігі ретінде қабылдауы керек. Мүмкіндігінше қателерді оқушылардың өздері дұрыстағаны абзал. Бастауыш сыныптан бастап топтық жұмысты жоспарлауға болады. Бастауыш сыныптағы оқушыларды топтық жұмысқа үйрету үшін, жұмысты тиімді және бірге жасаудың «құпиясын» ашатын ескертпелер беру қажет.

Есте сақтаңыз: топтық жұмыс – жарыс емес, бір-біріне көмек беру мен бір-бірін қолдауға негізделген, білімге деген ұмтылыс болып табылады. Сондықтан да:

Болуыңыз керек:

• Сыпайы;

• Мейірімді;

• Ұйымшыл:

• Тәртіпті;

• Әдепті және сыныптастар жаңсақтығына сабырлы болыңыз қажет.

Болмауыңыз қажет:

• Ұрыспаңыз;

• Бір-біріңіздің сөзіңізді бөлмеңіз;

• Жолдастарыңыздың қателеріне қуанбаңыз:

• Уақытынан бұрын «дұрыс жауаптарына» қарамаңыз;

• Бір-біріңізбен даусыңызды көтеріп сөйлеспеңіз (сыныпта жалғыз емессіз) Сонымен оқушыларды топпен оқыту: -топтық оқыту оқушылардың тілді үйренуге ынталандырады, пәнді меңгеруде тұрақты белсенділікті қалыптастырады; — сабақта топтық оқытуды енгізу оқушылардан белгілі бір даярлықты талап етеді, сондықтан топтық оқытуды ендірудің бастапқы кезеңінде оқушыларда бейімделу процессі жүзеге асырылады; — бүкіл сабақтарда топтық оқытуды қолдану мүмкін емес сондықтан және мақсатқа сәйкес қолдануды жөнді деп есептейміз; — топтық оқытуда ұжымдық ұмтылыстармен байланысты «бірге» оқытып, фронтальдық оқытудағыдай «қатар» оқытуды болдырмауды жүзеге асыру керек; — оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында топтық оқыту арқылы топтық технологиясын қолдану әдістемесін барлық пәндер бойынша ендіру қажет.

Әр сабақта оқушылар шағын топтар құрамын бірнеше рет өзгертуі мүмкін, сол себепті парталардың арасында ашық орындар қалдырып, жұмыс тақтасы да әр оқушыға көрініп тұруын ескерген жөн

Сыныбымда осы тақырыппен жұмыс жасай бастағанда, топтық жұмысты таңдағаным дұрыс болғанына көзім жетті. Себебі, оқушылардың барлығы да қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті. Тіпті алғашқы сабақтардан соң-ақ топқа бөлуді өз міндеттеріне алуға ұсыныс білдірген де оқушылар болды. Сондай-ақ топ басшылығын атқаруға міндеттеген кезде кей оқушылардың бұған жауапкершілікпен қарай отырып, «атқара алмаймын» деген сенімсіздік білдіргендері болды. Алайда одан кейінгі өткен сабақтардан соң жолдастарының іс-әрекетіне қарай отырып, қайта қызығушылық танытып жатты. Мұның өзі оқушының өз-өзін реттеуіне жасаған алғашқы қадамдарының бірі деп білемін. Алғашқы уақытта сыныптың бейімделмеуі мен топтық жұмыс, жұптық жұмыстағы, өз-өзін бағалаудағы дағдыларының болмауы көптеген қиындықтар туғызды. Бұл қиындықтар сыни  тұрғыдан ойлаудың, білім берудің жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерінің жаңадан енгізіліп жатуымен байланысты болар. Болашақта оқушылардың дағдыларын қалыптаcтырудың жолдарын қалай дамытуға болу жолдарын қарастырамын деген ойдамын. Оң нәтижеге жету үшін оқытуға мына дағды-формаларды енгізгім келді: оқушылармен топтық жұмысты ұйымдастыру, жұмыс кезінде оқушылардың орындауға тиіс болатын тапсырмаларын олардың ойлауына әсер етуіне назар салу. Топтық ережені оқушылармен бірлесе отырып құрғандықтан шығар, топта тәртіп сақтаумен қатар біріге, ынтымақтастықпен жұмыс жасайтындықтарын байқадым.

Сабақтарда топтық жұмыстағы бірлесіп әрекет жасау тапсырмалары сатылап сәтті шығып жатты. Бұл тәсіл, яғни топқа бөлініп жұмыс істеу арқылы бір-біріне көмектесіп, топ намысын қорғау үшін, тіпті, сабаққа деген ынтасы төмен оқушының өзі белсене қатысып, жақсы қарым-қатынасқа бет алғандығы жөнінде айтты.

Оқушы сабақта алған білімін топтық талқылау, топтағы бірлескен іс - әрекет барысында қолдануға дағдыланғанда ғана, оны өмірде де пайдалана алады. Әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді.

Топтық жұмыс үйренушілерде ұжымдық сезім қалыптастырып, бірлескен жұмыстың қызықты әрі тартымды әрекет екендігін көрсетеді, оқушылардың жалпы еңбекке деген ынтасын арттырады. Оқушылар өмірде «Мен» қағидасынан гөрі «Біз» тұжырымының анағұрлым пайдалы екендігін аңғарады.
Оқушылармен топпен жұмыс жасау барысында топты басқаруда аса қиыншылықтар болған жоқ. Себебі, бастауыш сынып оқушылары ойын түрінде, ертегі түрінде өтілген сабақтарға жаттыққан. Бірақ мен осы уақытқа дейін топпен жұмыс жасауды сайыс түрінде өткізіп келген едім. Топпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауға деген ынталары арта түскендей. Топтық жұмыстарды мен тақырыпты ашу және тапсырмаларды орындау кезеңдерінде қолдандым. Ал, жұптық жұмыстарды мәтінмен жұмыс жасағанда, яғни мәтінді оқып, көршісі екеуі бір-біріне  сұрақтар қоя отырып талдады. Тапсырманы орындау барысында барлық оқушы жұмыс жасауға талпынды. Біреуі сурет салады, біреуі жазады, біреуі өз ойын ортаға салады. Әр топ өзіне берілген тапсырманы жүйелі, тартымды, қызықты орындауға үйренеді. Әр сабақты өткен кезде топ ішінде топ басшысын сайлап, тобындағы хатшысы, қорғаушы тайм кипер рөлдерді бөліп сабақты қызықты орындауға тырысып жүрмін. Бірлескен оқуда оқушылар ұйымшылдықпен ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жасайды. Бір-бірін тыңдауды, сыйлауды, қолдауды үйренді. Топ көшбасшылары өз құрдастарын оқытуды, өз тобын алға тартуды үйренеді.Оқушылардың бірлесе жұмыс жасау мүмкіндігі олардың ұтымды түрде оқуына және есте сақтауына, сол алған білімді қолдана білуіне аса қажет. Топтық жұмыста барлық топ мүшелері алдына қойған мақсатты бірлесе шешеді. Олардың бойында өз тобын алға жетелеуге бағытталған сезім пайда болады. «Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін» жұмыс жасайды.  Топ мүшесі өзінің  тобының артта қалмауына жанталасады.Топ жұмысы зерттелген кезде сыныптағы
сөйлемейтін оқушының белсенділігі көрініс берді. Бұл жағдайға мұғалім де, сыныптастары да таңғала қарады.Топ жұмысының тағы бір маңызды ерекшелігі тапсырманың белгілі бір деңгейде ғана орындалмауы, оның топ ішінде түрленуі, шарықтауы, жаңа нәтижелерге жетуі. Топтық жұмыс және жеке жұмыста ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар. Жеке оқыту оқушыларға оңтайлы және жағымсыз қасиеттерге ие болуға мүмкіндік береді. Кейбір оқушылар тез арада шаршайды немесе сыныпта зерігеді. Басқалары сыныпта жұмысты аяқтамай, оны үйден аяқтауы мүмкін. Ал топтық оқытуда мұғалімдер дағдыларды түсіндіріп, әр топ мүшесіне әртүрлі рөлдерді тағайындайды. Мұғалім оқушыны қадағалап, тапсырма бойынша бағалайды. Оқушылар жеке формаға қарағанда тезірек жұмыс істей алады, өйткені олар көпшіліктің көмегіне ие болып келеді. Алайда, егер топ жақсы жұмыс істемесе немесе кейбір мүшелері қосымша жұмыс атқармаса, топтың жұмысы баяу жүреді. Топтық жұмыс кезінде оқушы белсенділігі арттырылады. Әр оқушы топ мүшесі бола тұра өзінің топтағы орнын анықтай алады. Оқушы ынтымақтастығы арттырылады. Топтық жұмыс әр оқушының нақты іс әрекетін тудырады, бірлесе жұмыс жасайды. Бірлескен топтық оқытудың негізгі түйіні әрбір топ мүшесінің өз ойын толық жеткізіп, басқамен де келісімге, бітімге қол жеткізуге болатыны.











Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Аstana-bilim.kz/files/…/janapedagogika.doc

  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2000.

  3. Мектепте топтық жұмысты ұйымдастыру, Маденова Л.М. – магистр,оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Қазақстан

  4. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учебное пособие для студентов педагогических вузов и системы повышения квалификации педагогических кадров / Сост. Е.С.

  5. Полат, М.Ю. Бухаркина, М.В. Моисеева, А.Е. Петров. — М.: Академия, 2000. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе образования. Алматы, 2001.

  6. (Smith and MacGregor, 1992). (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 74-бет)































Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі









Шығармашылық жұмыс тақырыбы:

«Ағылшын тілі сабағында топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдары»

Лукпанова Фарида Кайсалимовна































2020-2021 оқу жылы

6


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
1028
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі