Қарағанды облысы , Ақтоғай ауданы
"Ж.Кеңесбаев атындағы ЖББ" КММ
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Серік Мәдина Асқарқызы
«Ағылшын тілі сабағында түрлі ойындарды пайдаланудың жолдары мен тиімділігі»
1. Ойын арқылы оқыту – оқушының қызығушылығын
арттырудың бірден-бір жолы
2. Ойындар және олардың түрлері
3. Бастауыш сынып оқушылары үшін ағылшын тілі сабақтарында ойынды қолдану әдістемесі және оның маңызы
4. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын толықтыруға арналған ойындар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ойынның педагогикада, оқыту
процесінде алатын орны Платон
заманынан белгілі болған. Ойынның оқу процесіндегі
маңыздылығы
жөнінде Я.А.Коменский былай деген екен: "Мектепке -
ойынға
асыққандай" бар, ол сондай ғанибет". Ал XVIII ғасырда
Ж.Ж.Руссо мен
И.Г.Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу
керек
деп түсіндірген.
Ойынның теориясы мен маңыздылығы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт та өз үлестерін қосқан. Тәрбиеде жөне оқыту барысында ойынның өз алатын орнын В.А.Сухомлинскнй, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская да атап керсеткен.
Сабақ барысында ойынның басты мақсаты - білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды.
Ойын дегеніміз не? Бір қарағанда ол қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ойын міндетгі түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың іс-әрекеттсрімеи байланысты. Ойыінның өз деңгейінде өтуі,ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық кажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінентуындайды. Ойынның басты шарты - жеңіске жету болса да, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.
Ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры баийды. Ойынның негізгі мақсаты – баланықызықтыра отырып, лексико-фонетикалық материалды берік' меңгерту. Сондай-ақ ойын үстінде балалардың ойлау қабілеті, назары, байқампаздық әрекеті, зейіні жетіледі. Оқушлардың тілін дамытьш, ойын жүйелі айта білуге үйрету - мұғалімнің басты парызы. Ойын үстінде оқушының түрліқасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі ататынын көрнекті педагогА.С.Макаренко кезінде де атап көрсеткен.
Сабақтағы ойын түрі – ұжымдық еңбек, сондай-ақ тәрбиелік мәні бар тәсілдердің бірі. Ойынды орындау барысында жеке оқушының қабілеті, оның іскерлігі көрінеді, байқалады. Мұғалім әр оқушының жұмысын бағалауға мүмкіндік алады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, сондай-ақ іздендіру, іздену дағдысын қалыптастырады.
Ойын түрін сабақта пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады. Сондықтан ойынды дұрыс ұйымдастыру да шешуші роль атқарады. Мұғалім әр тақырыптың ерекшелігіне, қиындығына, жеңілдігіне қарай ойынды дұрыс таңдап алуы қажет. Сондай-ақ белгілі мақсат қоя отырып, оқушының даярлығы мен ерекшелігін де ескеруі тиіс. Ойын түрін қолдану оқушыға ерекше әсер етеді. Кейде ойынды жаңа материалды бекіту кезінде қолдану керек деген пікір бар. Мұғалім ойын түрін қалай, қандай жағдайда қолдану керектігін, яғни жаңа материалды түсіндіру немесе қайталау кезеңінде де оны дұрыс жоспарлауы тиіс. Демек, сынып оқушылары түгел қатысуы керек. Бұл кезеңде мұғалімнің ұйымдастыру ерекшелігі үлкен роль атқарады.
Ойын түрлерінің шартын (ережесін) меңгеру аса қажет, оны 2 түрлі түсіндіруден аулақ болу қажет. Оқушыны ойынның үстінде, не соңында өзінің белсенді қатысуына қарай әр түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім оқушыға ойында жеңгені үшін баға қоюы мүмкін, немесе ойынның әр кезеңіне байланысты да оқушы еңбегі бағалануы тиіс.
Көп ойындар дәл ұпаймен есептелетін жарыс ойындар болып келеді. Ойын ойнаушылардың арасында жүргізілуі мүмкін. Бұған байланысты ұсыныстар әр ойында көрсетіледі. Ойыншылардың қызығушылығы жарыста ғана көрінбейді, сонымен қатар ойын барысында да байқалады.
Зерттеуші ғалым Т. Сабыров ойын арқылы сабақты қызықты өткізу жолдарын зерттеп, өзіндік ой қорытады:
Оқу материалының мазмұнының қызықтылығы, мазмұндылығы.
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігі.
Мұғалімнің оқу әрекетін ұйымдастырудағы ерекшеліктері.
Бұл тұжырымдаманың үш бөлімінің мазмұнында оқыту әрекетінің әр түрлі жұмыстары, соның ішінде ойынға арналған әрекет бар деп түсінуіміз керек.
ІІ. Ойын элементтерін пайдаланудың әдістемесі. Ойындардың пайдалану кезеңі мен жолдары.
Ойынды сабақтың қай кезеңінде ойнауға болады ? Бұл сабаққа әр кім әр түрлі жауап береді. Ал көпшіліктің ойынша ойынды сабақтың соңында ойнау орынды деп есептеленеді. Ал мен өз тәжірибемнен байқағаным ойынды сабақтың барлық кезеңінде: яғни, үй тапсырмасын сұрағанда, жаңа тақырып түсіндірер алдында, жаңа тақырыпты пысықтау үшін де қолдану мүмкін. Жалпы айтқанда ойындарды қолданудан мақсат оқушыларға сабақты ағылшын тілін үйретуде жемісті нәтиже алу. Ойындар үлкендер үшін және төмендегі сыныптарда оқитын оқушылар үшін, оның ішіндегі білімі күшті, орташа , төмен оқушылар үшін болады. Мұндай ойындарды деңгейлеп оқыту әдісін қолданып жүрген мұғалімдер пайдалана алады.
ІІІ. Ойын түрлері: лексикалық және грамматикалық ойындар.
Лексикалық ойындарды жаңа сөздерді сұрау кезінде ойнаған өте орынды. Мұнда әр оқушының қабылдау қабілетіне көңіл беру қажет. Төменгі сыныптар үшін ойындар:
«Шапалақ» ойыны.
Бұл лексикалық ойынды ойнау үшін тақтаға 10-15 оқушы шығып айнала тұрып алақандарын жазып, бірі ағылшын тілінде бір сөз айтып екінші бір оқушының алақанынан ұрады, ал екінші бір оқушы үшін оқушының алақаны бірінші оқушы айтқан сөздің аудармасын айтып жаңа бір сөзбен үшінші оқушының алақанынан шапалақпен ұрып ойынды жалғастырады. Білмей қалған оқушы шапалақ жеп орнына отырады яғни ойыннан шығады.
«Beating flies» ойыны:
Мұғалім бір тақпақтың бірнеше сөздерін тақтаға жазады. Оқушы тақтаға шыбынұрғышпен шығады. Мұғалім тақпақты оқи бастайды ал оқушы естіген сөзін ұрып тұрады. Қалған оқушылар санап отырады.
Бұл ойынды әр түрлі тәсілмен пайдаланса да болады. Мысалы, алфавитті жаттатқызуда, сандарды үйренгенде немесе суреттерге қарап сөздерді тапқанда.
Жоғары сыныптар оқушыларына арналған лексикалық ойындар.
«Құрастыру» ойыны:
Мұғалім бір мәтінді бірнеше парақшаларға жазып яғни 2-3 сөйлемнен бөліп айнала отырған оқышыларға тарқатып береді, оларға парақшадағы сөйлемдерді оқып аударуға кішкене уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін оқушылар яғни бірінші мәтіннің тақырыбы жазылған оқушы оқиды кейін оның ойын жалғастыру үшін келесі оқушы оқиды. Бұл ойын оқушылардан бір бірін мұқият тыңдауды талап етеді. Егер де кейінгі оқушының оқығаны мағынасыз болып үйлеспесе мұғалім дұрыстап отырады. Бұл ойынды «Саққұлақ» деп те атайды. Мәтінге қызықты қысқа анекдоттарды пайдалануға болады.
«I am in need» ойыны:
Бұл ойынды ойнау үшін 5-6 әр түрлі маман иелері және бір обруч керек болады. Обруч желім парашют болады. Әр түрлі мамандықты иеленген оқушылар обручтың ішіне кіріп, өздерінің қаншалықты керек екендігін ағылшын тілінде айтады. Мысалы: Doctor: «I am in need» because there are many ill peopls in the world must help hem. They needs me....
Teacher: I am in need. We teachers taught you have to cure people and have to build buildings… Ойын осылай жалғаса береді, парашютте бір ғана адам қалуы керек. Ол адам өзінің қаншалықты керек адам, маман екенін ағылшын тіліне тоқтаусыз айтқан адам болады. Мұндай ойынға әр түрлі ситуациялар түзсе де болады.
«Кім жеңімпаз» - ойынында сыныпқа доп әкелінеді. Сыныпты топқа топтың бір оқушысына допты лақтырып алған оқушы тез арада «a book» деп жауап беру керек. Ол оқушы бір топтың оқушысына допты лақтырып «a mother» сөзін айтуға болады. Ол оқушы тез арада ана деп жауап беру керек. Жауап бере алмай қалған топ ұтылады. Бұл ойынды көбіне 5 сынып оқушыларымен ойнаймыз.
«Кім саңырауқұлақ тереді?» - ойыны. Бұл ойында сабақтың жаңа сөздігіне байланысты ұйымдастырылады. 12 саңырау құлақтың суреті салынады, оқушылар 2 топқа бөлінеді. Оның артына жаңа сабақтан жаңа сөздіктер жазылады. Екі топтың оқушылары бірдей ойынды бастайды. Қай топтың оқушылары саңырау құлақтың артындағы сұрақтарға қиналмай дұрыс және тез жауап берсе, сол топтың оқушылары «жүйрік» атағын жеңіп алады. Мұндай ойындарға оқушылар өте қызығушылықпен қатысады.
«Құстар алма бағында», « Паркте», Мектепке» т.б. сол сияқты әр түрлі тақырыпта суреттер жинап, сұрақ-жауап арқылы да жаңа сөздіктерді қалай меңгергенін тексеруге болады.
Әр түрлі суреттерді көрсетіп «describe the picture» деген сұрақ арқылы оқушылардың сөйлеу, еркін сөйлей ала ма? Оған жаңа сөздіктерді әрқашан осылай тексеріп отыруға болады.
«What*s this?» деген сұраққа It*s a… деген жауапты талап ететін ойын. Бұл ойынды 5-6 сынып оқушылармен өздері бір-бірімен ана тілінде жұмбақ сұрақтарды қояды. Жұмбағының соңы «What*s this»
Грамматикалық ойындар.
«Irregular verbs» ойыны.
Сынып екі топқа бөлініп алфавиттегі әріптер бойынша кезектесіп бұрыс етістіктердің 3 түрін айтып шығады.
«I am going to» ойыны.
Бұл ойын «I am going to» ын үйрету үшін арналған ойын. Ойынды айнамай тұрып оқушылар ойынының атынан бұл оборотты тез жаттап алады. Мұғалім тақтаға I am going to.. (пысықтауыш, мекен жай), I am going to (етістік) деп жазып қояды. Оқушылар кезектесіп алфавиттегі әріптерден келетін етістік, сөздерді қолданып сөйлем құрап айта береді. Ең соңында ең нашар оқитын оқушылардан қайта сұралады.
Бұл ойынды: «as clever as»
« as nice as»
« as boring as» ді үйретуде, «There is, there are» оборотын үйретуде қолданса болады.
«Tenses» ойыны
Бұл ойын карта ойынына ұқсап кетеді. 36 парақшаға әр түрлі жақтарға тиісті сөйлемдер жазылады. Оқушыларға 36 карта таратылады. Бір оқушы екінші оқушыдағы картаның бірін алып сөйлемді оқып қай жаққа тиісті екендігін айтады. Дұрыс болса сол картаны жерге тастайды дұрыс болмаса өзіне алады. Кімнің қолында карта қалмаса сол жеңімпаз есептеледі.
«Предлогтар – Prepositions» ойыны.
Оқушылар сыныптағы барлық заттарды жұмбақ ретінде қайда, ненің үстінде, ненің жанында, ненің ішінде, ненің астында екендігін жасырады оқушылар табады. Мысалы: «Nesn» сөзі. It is on the floor, it is in closs, it is under her ceiling, it is at the window…
Оқу ойындары.
Сөздерді, жүйелерді, сөйлемдерді, буындарды, дыбыстарды оқытуды мақсат етеді.
Тілдік материалдарда пысықталады. Оқу мен белгілі бір материалға бағытталады. Негізінен, мұғалімге бағытталған, ойынды тек мұғалім жүргізеді. Тексеріліп, жоспарланып отырады. Орындалуы жағынан шектеу қойылады.
Коммуникативтік ойындар
Коммуникативтік мүдделі, оқуды мақсат етеді. Тілден тыс та мақсаттар қойылады. Еркін коммуникацияға мүмкіндік туады. Белгілі бір тапсырмаға немесе проблемаға байланысты өтіледі. Ойын түгелдей оқушыларға бағытталған. Баланы көбінесе өз бетімен ізденуге, оқуға бастайды. Толық жоспарланбайтын және тексерілмейтін ойындар ашық жеке орындалуға арналады. Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай сабақ берудің тәсілдерін өзгертіп отыру керек. Бастауыш сынып оқушыларында заттың сыртқы түріне қызығу басым келеді: сондықтан олардың өзіндік дара қабылетін дамыту керек.
Бастауыш сынып оқушылары сабақ үстінде жалығып кетпес үшін ойындар арқылы түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану қажет. Мысалы, тақтаға бір сөзді қате жазып қоямын да, сосын оқушыларға былай деймін:
«Балалар, әріптер тентек болып, бізден қашып кетіпті. Оларды тәртіпке шақырып, ретімен қояйық». Балалар қате сөздерді дұрыстап жазады. Және де ойыншықтарды қолданып отырамын. Мысалы, бір оқушыны шығарып, көзін байлап, ойыншықтар жаққа әкелемін. Бала ойыншықтың сыртынан сипап көріп оның қандай ойыншық екенін айту керек. Орта буында қолданылатын ойындар. Шақтарға байланысты өтілетін бұл ойын Present Continiyus шағына байланысты. Оқушы тақтада пантомимо арқылы немесе дыбыссыз қимыл жасайды. Басқа бір оқушы оқушылардан не істелініп жатқанын сұрайды. What is he doing? Оқушылар кезекпен табуға тырысады. He is writing. He is reading. Сонымен қатар сабақтарда балаларды қызықтыратын қуыршақтар арқылы ойын түрлерін енгізуге болады. Қатты қағаздан қуыршақ суретін қырқып алып және оған түрлі түсті киімдер бөлек дайындалады. Осыған байланысты оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
What is she wearing
She is wearing a red dress on.
Творчестволық ойын түрлері:
Сабақта қолдалылатын творчестволық мәндегі немесе басқа ойын түрлері лексико-грамматикалық, әріп пен дыбыстарды, сөздерді дұрыс айту дағдысын меңгерту мақсатында қолданылады.
Бұл ойын барысында түрлі жұмбақтарды айтқызу арқылы сөздерді аударуға деген дағды беру көзделеді. Бұл жұмбақ түрлерін оқушының өздігінен сөздерді аудару мақсатында жаттығу жұмысы ретінде пайдалануға болады.
Мысалы: No feet, but jumps (а ball)
It lives in winter
And dies in spring (snow) т.б.
«Сөйлемді дұрыс құрастыр» ойыны: ойынға қажетті материалдар: карточкаға неше сөйлемдер жазылады. Карточканы кесу қажет. Мақсаты: сөйлемді дұрыс құрастыру. Сөйлемді дұрыс, әрі тез құрастырған оқушы жеңген болып есептеледі.
Қорытындылап айтатын болсам ойындар ағылшын тілін үйретуде және үйренуде ең маңызды роль атқарады. Мұнда мен кеңінен қолдануға болатын ойындарды көрсетемін. Биылғы жылы төменгі сыныптарға осы ойын түрлерінің элементтерінен қолданып әрі оқушылардың білімін нығайтуға әрі өзімнің тәжірибемді нығайтуға жақсы нәтижеге қол жеткіздім. Көрсетілген ойындардан басқа әр бір жаттығуға мұғалім өзі ойын ойлап тапса болады. Бірақ сабақта тек ауызша ойындармен шектеліп қана қоймай жазбаша диктант ойындарын жиі ойнау қажет. Мұндай ойындардың маңыздылығы соншалықты оқушылар жаңа сөздерді, грамматикалық тіркестерді, обороттарды фонетикалық дыбыстарды қалай жаттап алғандықтарын өздері байқай алмай қалады.
IV.Ағылшан тілі сабағында суреттермен ойындар өткізу
Суретте сіздер өздеріңіз білесіздер сурет жан-жақты білім беруге бейімделген көрнекілік. Осы суреттер арқылы сөздерді құрастыруға болады. Лексика грамматика материалдарды қорытындылауға қолдануға болады. Суреттер арқылы еске сақтау көру қабілетін дамытуға да болады. Кітаптағы суреттерден бөлек балалар журналынан алынған суреттерді қолдануға болады.
There is/are структурасында оқушыларды жаттықтыруға «Find your match» түріндегі суретті жаттығуларды қолдануға болады. Мысалы, оқушы үй және талдар бейімделген бір суретті алады.
Оқушыларға мұнадай суреттерді ұсынуға болады. Әр бөлменің әр түрлі жиһаздардың аттары, магазиндер, кафе және жыл мезгілдерінің суреттері (көктем, күз, жаз, қыс), жан-жануарлардың суреттері, мектеп оқушыларының қолданылатын құрал- саймандары. Сол суреттерді жеке жұмысқа беруге де болады. Оқушыға үш нәрсе бейімделген екі сурет беріледі. Осы сурет бойынша оқушыға үш тапсырма беріледі:
-
Осы суретке қара да екеуінің айырмасын тауп бер ?
-
Осы айырмасын ағылшан тілінде атап бер ? Мысалы, Two windows/ three windows; one/two/three/trees.
-
Осы сурет арқылы сөйлем құрау: In one piсture the house has got two windows, but in the other there are three windows. In one picture there are two chemneys on the roof, but in the other there is only one.
Тағыда бір нұсқа оқушыларға сынып бөлмесінің суреті бойынша тапсырма беру. Суретке қарап өзінің сынып бөлмесінің суретін осы суретпен салыстыру. Мынадай сөйлемдер қолдану арқылы: In the picture are 12 desks and in our classroom there are only 10 desks.
To have етістігін қолдану үшін оқушаларға мынадай суреттерді пайдалануға болады. Осы суреттерді оқушылардың күнделікті қолданылатын құрал –саймандар. Мысалы, I have a pen. I have a book.
Жалпы орта білім беретін мектептерде оқыту тұжырымдамасында төменгі және ортаңғы сатыда тіпті жоғарғы сатыда да сабақты ойындар мен ойын элементтерін кеңінен қолданған тиімді болады деп көрсетілген. Ойындар және жаңа тақырыптарды өткенде сөздерді грамматикалық жүйелерді тұрақты сөз тіркестерін пысықтауға арналған жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланылады. Мұғалім мүмкіндігінше ойындардың сабақ кезінде пайдалануға ыңғайлы және ықшам өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алған ойындар шәкірттердің сөз байлығына тіл қорына сай болуы керек. Мұғалім кез келген ойынды өткізу үшін алдын –ала жоспар құрып алуы керек. Ол жоспар әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай бөлімдерден тұрғаны жөн.
-
Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес болуы;
-
Ойынға бөлінетін уақытты нақты белгілеу;
-
Ойынның ойнау түрі, топ болып ойнау, екеу ара ойнау, кішірек топ болып ойнау, нақтылап ойнау;
-
Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;
-
Қолданылатын сөздер сөз тіркестері мақал мәтелдер, тақпақтар, өлеңдер таңдау;
-
Пысықталатын грамматикалық, фонетикалық, лексикалық материалдарды анықтап алу;
-
Ойынның өту барысының жоспарын жасау.
VI. Қорытынды
Міне, оқушылардың білім нәтижесін, сабақтарды қалай меңгеріп жатқандығын осы ойын элементтері арқылы білуге болады.
Ойын элементінің оқушыларға деген берер көмегі өте жоғары дәрежеде.
Сабақта оқушыларды қызықтыра отырып түрлі әдістермен ойын элементтерін сабақта пайдалана өту-бұл тәжірибелі мұғалімге байланысты. Ал, ойын элементінің оқушыны тілді үйренуде атқаратын қызметі мен рөлінің ықпалы мол екендігі барлық ұстаздарға белгілі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мектепте ағылшын тiлiн оқытудың мәселелерi - әдістемелік нұсқау.
2. Обучающие игры на уроке английского языка. М.Ф.Строкин. /26-124 бет/
3. Игры – песни на английском языке. М., 1965.
4. Денисова Л.Р. Использование игровых элементов на начальном этапе обучения английскому языку. Ин.з. вшк. № 5, 1984.
5. Sen R. Happy reader. New – Delhi.
6. Reading and writing. London. 1984.
7. Қазақстанмұғалiмi журналдары.
8. Iзденiс 2000 №2.
9. Беспалова Г.М.: «Общение на английском языке с первых уроков», Иностранные языки в школе, 1978, № 2
10.Елухина Н.В.: «Основные трудности аудирования и пути их преодоления», - Иностранные языки в школе, 1977, № 1.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ағылшын тілі сабағында түрлі ойындарды пайдаланудың жолдары мен тиімділігі

шағым қалдыра аласыз