400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ағылшын тілі сабақтарында әндер, ұйқастар, өлеңдерді қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмекші құрал ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

23




Ағылшын тілі сабақтарында әндер, ұйқастар, өлеңдерді қолдану



Cемей қаласының №6 гимназиясы

Ағылшын пәні мұғалімі: Қалибекова Айжан Бақытбекқызы



Ғылыми жұмыс зерттеудің көкейтестілігі: Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін тәжірибелерін жалғастырып тың жаңалықтар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек.

Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Білім - жолы қиында қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу ұстаз алдында тұрған ең басты міндет болып отыр.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. «Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігімен қабілеттілігінің бірлігі».

Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн.

Тәуелсіз еліміздің болашағы - жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді[5;23].

Ағылшын тілі бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты еккендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін»- деді. 

Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру.

Мектептерде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен қатар, жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқытуда сабақта өлеңдер, ұйқастар және тақпақтарды қолдану өте маңызды. Осы тәсілдерді қолдана отырып оқыту арқылы мұғалім оқушыны жан-жақты тұрғыдан дамытуға тырысуы керек. Сондықтан да курс жұмысының тақырыбы зерттеудің өзектілігін ашады.

Ғылыми жұмыстың мақсаты:ағылшын тілі сабақтарында әндер, ұйқастар, өлеңдерді қолдануда отырып, оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорларын, сөйлеу мәдениеттетрін қалыптастыру.

Ғылыми жұмыстың міндеттері:

1. Ағылшын тілі сабағын ұйымдастыру жолдарын сипаттау.

2. Ағылшын тілі сабағының түрлерін айқындау.

3. Ағылшын тілі сабағына қойылатын талапатарды анықтау.

4. Ағылшын тілі сабақтарында әндер, ұйқастар, өлеңдерді қолдану жолдарын сипаттау.

5.Сабақта өлең, ұйқас, тақпақтарды қолдану әдiсiнің маңызын ашу.

Ғылыми жұмыстың нысаны: ағылшын тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларымен бірге атқаратын іс әрекет.

Курс жұмысының пәні: ағылшын тілін оқыту үрдісі.

Ғылыми жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Қазіргі кезеңде мектептерде ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылған. Оқушылардың ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді. Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету. сондықтанда курс жұмысының тақырыбын толық ашып сипаттау барысында оның теориялық және практикалық маңыздылығы толы қанды зерттеліп, айқындалады.

Ғылыми жұмыстың әдістері:

  1. Педагогикалық және психологиялық, өнер әдебиеттерін талдау.

  2. Шет тілі пәні мұғалімдерінің тәжірибелерімен танысу, зерттеу, байқау.

  3. Үйрету мен оқытудың әр түрлі әдістерді қолдану.

Ғылыми жұмыстың құрылымы: кіріспе, І теориялық және ІІ практикалық бөлімдер, эксперимент жұмысы, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Ағылшын тілі сабағын ұйымдастыру

1.1 Ағылшын тілі сабағы

Ағылшын тілі пәні – болашақ ел иелерін тәрбиелейтін жалпы білім беретін мектептің білім беру жүйесінде өзіндік орны бөлек жетекші пән. Өйткені шет тілі жас ұрпақтың дүниені тануының көзі болып саналады. Сондықтан, бұл пән тек тіл білімі туралы білім беріп, соған сай іскерлік дағдыны меңгерумен, яғни жеке пәндік қызмет атқаруымен шектелмейді. Ол басқа пәндік білімді меңгерудің құрамын тілдік бірліктерде де қалыптастыратындықтан жалпы пәндік қызмет атқарады.

ХХІ ғасырдың басында халықаралық стандарттың қабылдануымен шет тілдерін оқыту процесінде түбегейлі өзгерістер орын алып отыр. ЮНЕСКО 2001 жылды шет тілдері жылы деп жариялады. Сол жылы Европалық Ынтымақтастық елдері біріге отырып, тілдерді оқыту мәселесіне қатысты жаңа бағыттарды қалыптастырып, оны үйретудің тың жолдарын ұсынды.

Қазіргі Европалық Ынтымақтастыққа кіретін елдерде ағылшын тілдерін оқыту мен үйрету алты деңгей бойынша оқытылады. Оның сипаттамасы барлық европа тілдерінде бар. [15;36]

Отандық әдістемеде түрлі оқу орынының типтік бағдарламасы, тілді оқыту бағдарламасында ағылшын тілін оқыту бірнеше буынға бөлінеді:

  1. бастауыш, орта және жоғары (орта мектептер үшін);

  2. 1-2-ші- тілідк емес жоғары оқу орындары үшін;

  3. 1, 2, 3 – тілдік жоғары оқу орындары үшін.

Әлі күнге дейін буынға бөлудің ғылыми негізі жасалып, бір буынды екінші буыннан ажырататын дағдының түрлері анықталған жоқ. Европалық деңгейлік оқытудың ең басты ерекшелігі шет тілдерін оқыту процесінің анық прагмалық бағдары болып табылады. Қазіргі таңда мектептерде ағылшын тілін оқыту жүйесі жан-жақты дамыған түрде қарастырылуда. Мұндай ауқымды да жауапты жұмыста ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктелмек. [11;48]

«Мұғалім» - жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман (Қазақ совет энциклопедиясы).

«Педагог» (грек сөзі - тәрбиеші) – жалпы білім беретін мектеп мұғалімі, кәсіптік-техникалық, арнаулы орта, жоғарғы оқу орнының оқытушысы, мектепке дейінгі мекеме, мектеп-интернат, балалар үйі, түзету коллонияларының тәрбиешісі, мектептен тыс мекемелердің қызметкері, педагогиканың ғылыми проблемаларын зерттеуші ғылыми қызметкер т.б. (Қазақ совет энциклопедиясы – 10 т. 620 б). [13;245]

Пән мұғалімдерінің жұмысын жаңаша ізденіс, жаңа әдіс-тәсілдермен озық тапсырмалармен түрлендіру қажет.Ағылшын тілін оқытудың қиындығы мынада: егер бала ана тілінде сөйлеу мен жазу дағдыларын мектептен тыс отбасында, өзі жүрген ортада қалыптастырса, шет тілінде сөйлеу, жазу, оқу тек қана сабақта қалыптасып жүзеге асуында.

Ағылшын тілі сабақтарының мақсаты – оқушылардың сөздік қорын молайтып, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлей білуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрылысын меңгерту, шет тіліне тән дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету.

Ағылшын тілін оқыту:

  1. Ағылшын тілін оқыту мақсаттарынан тұрады.

  2. Ағылшын тілін оқытудың міндеттерінен тұрады.

  3. Пәнінің мақсаттары және міндеттері – педагогика ғылымының бір.

  4. Оқытудың курстық құрылымы.

  5. Оқытудың әдістемелік-теориялық негіздері

  6. Сөйлеу әрекетіне төселдіру.

Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады. Оқу бағдарламасында пән атаулары мен тақырыптары, сағат саны белгіленеді, бұл оқытудың негізгі құжаты. Сондықтан, мұғалім өзінің оқыту-тәрбие жұмысын осы бағдарламаға сүйене отырып жоспарлап, жүзеге асыруы тиіс. Бағдарламаның түркі және қосалқы мақсаттарын ажырата білу керек, себебі әр сабақ негізгі және қосалқы мақсаттары болады. [8;42]

Ағылшын тілі сабағының типтері.

Мұғалім әр сабақ сайын жаңа тақырыптың ауызша-кіріспе курсын түсіндіру жолын өзгертіп отыруы тиіс. Мұғалімдерге арналған оқулықта күнтізбелік тақырыптық жоспарлармен қатар, әрбір сабақтың жоспары берілген. Осы сабақ жоспарын негізге ала отырып мұғалім әрсабаққа шығармашылықпен қарауы тиіс. Дұрыс емес жоспарланған сабақ ешқандай нәтиже бермейді, мақсатына жетпейді.

Сондықтан сабақтың алға қойған мақсатына, міндеттеріне байланысты ағылшын тілі сабағының мынандай түрлері бар:

1.Лексикалық дағдыларды қалыптастыратын сабақтар.

2. Грамматикалық дағдыларды қалыптастыратын сабақтар.

3. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын сабақтар.

4. Монологтық сөйлеуге үйрету сабақтары.

5. Диалогтық үйрету сабақтары.

6. Оқу дағдыларын қалыптастыратын сабақтар.

7. Оқытудың алғашқы сатысындағы сабақтар.

8. Оқытудың жоғарғы сатысындағы сабақтар.

Кесте 1: Ағылшын тілі сабақтарының негізгі түрлері.

Ағылшын тілі сабақтарының негізгі түрлері.




Shape9 Shape8 Shape7 Shape6 Shape2 Shape3 Shape4 Shape5


Лексикалық дағдылардың қалыптастыратын сабақтар.


Грамматикалық дағдыларды қалыптастыратын сабақтар

Сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын сабақтар.

Монологтық сөйлеуге үйрету сабақтары.


Диалогтық үйрету сабақтары.


Оқу дағдыларын қалыптастыратын сабақтар.


Оқытудың алғашқы сатысындағы сабақтар.


Оқытудың жоғарғы сатысындағы сабақтар.

І. Лексикалық дағдыларды қалыптастыратын сабақтар. Ең бірінші лексикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған сабақтар жөнінде айтатын болсақ, әрбір оқушы ағылшын тілі сабағының курсы аяқталған соң 3000 сөз білуі тиіс.

Егер оқушы ағылшын тіліндегі бір сөзді кездестіріп оны таныса, бірақ мағынасын есіне түсіра алмаса немесе кейіннен есіне түсірсе, бұл оқушының сол сөзді біледі деп есептейміз бе?

Әрине, біледі, бірақ оқуүшін мұндай білім жеткіліксіз? Себебі, мәтінді оқып жатқан кезде, сөздің мағынасын түсініп оқып, әрі қарай жалғастыруы тиіс, сол сияқты сөйлеу кезінде де әрбір сөздің мағынасын есіне тез түсіріп, басқа сөзбен байланыстыруы тиіс. Сондықтан, әрбір ағылшынтілі сөзін игеру керек, яғни лексикалық дағдыны қалыптастыру керек.

Сөз игеруге үйретудің негізгі үш сатысы бар:

1.Бірінші сатыда мұғалім келесі күні берілетін мәтінде кездесетін жаңа сөздермен таныстырады.

2. Бұл сатыда берілген жаңа сөздерді толық игеріп, өз ойын айтқанда пайдалануы керек.

3. Ең соңғы сатыда оқушы жаңа сөздерді толық игеріп, өз ойын айтқанда пайдалануы керек.

йлеу әрекетінің кез-келген түрі үшін болатын сөз

ІІ. Грамматикалық дағдыларды қалыптастыратын сабақтар. Жаңа сөздер, жаңа лексиканы үйреткеннен кейін, олар бір-бірімен грамматика арқылы байланысуы керек, яғни грамматикалық дағдысыз шет тілін үйрету де, үйрену де мүмкін емес.

Іс әрекеттің қай шақта (осы, өткен, келер) болғанын, байланысын, уақытын грамматикасыз жеткізу қиын. Өкінішке орай, кейбір мектептерде, әсіресе, ауылдық жерлерде ағылшын тілін үйретумен ғана шектеледі, грамматикаға көп көңіл бөлмейді.

Грамматикалық дағдыны қалыптастыру үшін де жоғарыдағы үш сатыдан тұратын жұмыстар жүргізілуі тиіс.

Аталған жаңа грамматикалық тақырып әр сабақ сайын қайталанып отыруы керек. Өйткені грамматикалық дағды қайталанып отырмаса, ұмытылып қалуы мүмкін болады.

ІІІ. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын сабақтар.Келесі сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын сабақтар, бұл белгілі бір мәтін негізінде беріледі.

Әр тақырып аталғаннан кейін мұғалім үйге осытақырып бойынша түсінгенін айтып келуге тапсырма береді.

Ал, оушы бұл тапсырманы орындау үшін екі түрлі жолы бар: біріншісі – өз сөздерімен айтып беру, екіншісі – мәтінді толықтай жаттап алу.

Бірінші жолмен орындаса көп қате жіберуі мүмкін, ал екінші жолымен жатап алып айтса, кішкене болса да, пайда болады, бірақ бұл да дұрыс жол емес, сондықтан сөйлеу дағдыларын дамыту керек. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын көптеген жаттығу түрлерін орындату керек.

ІУ. Монологтық сөйлеуге үйрету сабақтары. Монологты сөйлеуді дамыту сабақтары – ағылшын тіліне оқытудағы– негізгі сабақтарыдң бірі. В.Л.Скаткиннің пікірінше, монологтық сөйлеу дегеніміз – ойлауға, еске күш түсіретін сөз, сөйлем шығару керек.

Монологтық сөйлеуді дамыту сабақтарының міндеттері: мынандай:

1. Қарым–қатынас жасаудың белгілі бір шартында, белгілі–бір адамға қарытып сөйлеу.

2. Өз ойын толық түсіндіруді көздеу.

3. Логикалық бір–бірімен жалғасқан ойды жеткізу.

4. Фразалары тоқтамайтын жылдамдықпен сөйлеу.

5. Диалогтық үйрету сабақтары. Дилогтық сөйлеуді дамыту сабақтарынсыз шет тіліне үйрету мүмкін емес. Монологтық сөйлеу алдын–ала әзірленуді талап ететін болса, диалогтық сөйлеу алдын–ала жоспарланбайды, сөйлесу кезінде пайда болады. Мысалы: диалогтық сөйлеудің мынандай үлгісі бар:


Хабарлау, сұрақ қою

Ұсыныс жасау

Shape12

Қарсылық білдіру себебі

Shape11

Жаңа ұсыныс жасау

Shape14 Shape13

Келісу


Сенімсіздік білдіру

Сенімді болу

Shape16 Shape15



Диалогтық сөйлеуді дамытуда дисскусия – сабақ, конференция–сабақ, экскурсия–сабақ, ойын–сабақ, талқылау сабақтарының рөлі зор.

6. Оқу дағдыларын қалыптастыратын сабақтар. Оқуға үйрету сабақтарын жоспарлау үшін мұғалім екі нәрсені білуі керек:

1.Оқи білу дегініміз не?

2. Қандай жаттығулар арқылы оқуды дамытуға болады?

Оқи білу дегініміз – оқытудың техникасын игеру, яғни, сөздің көрінісін жылдам танып, оны дауыстай білу.

Оқуға үйретуде мұғалімнің алдында мынандай міндеттер тұрады:

1. Мәтінді ұсынудың бірлігін ұлғайту.

2. Мәтінді бірінші оқығаннан ұғынуды үйрету.

3. Оқудың жылдамдығын өсіру.

4. Белгісіз сөздердің мағынасын түсінуге тырысу.

7. Оқытудың алғашқы сатысындағы сабақтар. Ағылшын тіліне үйретудің екі жылы оқытудың алғашқы сатысына жатады, яғни, 4-5 сыныптар, ал 6-7-8 сыныптар ортаңғы сатысына, 9-10-11 сыныптар жоғарғы сатысына жатады.

Оқытудың төменгі сатысында балалар шет тіліне қығыға қарайды, сондықтан бұл сатыдағы әр сабаққа көрнекіліктер, суреттер, үлестірмелі материалдар, түрлі сызбаларды қолдану керек. Ойынның түрлері, өлеңдер, қысқа римовкалар арқылы жаңа материалды алу бұл сатыда өте қолайлы.

8. Оқытудың жоғарғы сатысындағы сабақтар. Ағлшын тіліне оқытудың жоғарғы сатысындағы сабақтар оқушылар жасының ерекшелігіне көп көңіл бөліну керек.

Өйткені, жасөспірім балаларда психологиялық ерекшеліктері болады. Жоғарғы сыныптың оқушысы оқыту іс әрекетінің бірінен соң бірін тез байқап көруге тырысады. Бұл шақта әрбір жасөспірім өз бетімен үйрету әдіс-ойымен келіспей, өзінің ойын дәлелдеуге әзір тұрады.

Оқушы шет тілін оқу арқылы шет тілінің білім дағдыларын, іскерліктерін, қабілеттерін саналы жете меңгеруге жұмсайды. Шет тілін оқи отырып, оның басқа тілдерден өзара айырмашылығын салыстырып, сөйлеу дағдылары, мәдениеті, ой-еңбегін оқытумен қатар теориялық әрі тәжірибелік міндеттерін білген жөн. [11;59]

Қай тілдің болмасын механизмін үйрену үшін, сол тілдің жүйесі қалай құрылғанын, оны тәжірибелік жағынан қалай меңгеру керек екенін білу қажет. Демек, қазақ тілінің құрылысы сияқты қатынастық тәсілде ұйымдастыру тиімді деп айтуға болады. Шет тілін оқытуда, оқу материалы мен тілдік материалдарды беруде және оны талдауда оның қызметтерін ескеру.

Сонымен, ағылшын тілін оқытудың негізгі мақсат – сабақта оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыра отырып, сөздік қорын молайту, оқу техникасын қалыптастыру. Сондықтан да, шет тілі сабақтарында осы аталған негізгі мақсатты жүзеге асыруда шет тілі пәнінің мұғалімі жүйелі тәртіппен жүзеге асырса білсе, сабақта оқушылардың шет тілін меңгерулері жеңіл болады.

1.3 Ағылшын тілі сабағына қойылатын талапатар

Ағылшын тілін оқыту:

  1. Шет тілін оқыту мақсаттарынан тұрады.

  2. Шет тілін оқытудың міндеттерінен тұрады.

  3. Шет тілі пәнінің мақсаттары және міндеттері – педагогика ғылымының бір.

  4. Курстық құрылымы.

  5. Шет тілін оқытудың әдістемелік-теориялық негіздері

  6. Сөйлеу әрекетіне төселдіру.

Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады. Оқу бағдарламасында пән атаулары мен тақырыптары, сағат саны белгіленеді, бұл оқытудың негізгі құжаты болып табылады. Бұл құжат оқулықпен салыстыру барысында өзгерістердің, толықтырулардың көрінісі.

Сондықтан, мұғалім өзінің оқыту-тәрбие жұмысын осы бағдарламаға сүйене отырып жоспарлап, жүзеге асыруы тиіс. Бағдарламаның түркі және қосалқы мақсаттарын ажырата білу керек, себебі әр сабақ негізгі және қосалқы мақсаттары болады. [7;42]

Сабақтың құрылымына қойылатын талаптар:

- сабақтың тақырыбы бойынша оның білімдік, дидактикалық, тәрбиелік мақсаттарын анықтау:

- түрінанықтау, жаңа материалдыөткенматериалменбайланыстыру;

- оқушының білімін бекіту, қайталау, бақылау жүйесін ойластыру;

- үй тапсырмасының көлемін дұрыс белгілеу;

- сабақтың түсініктілігі;

- баланың мүмкіндіктерін қадағалау.

Негізгі және қосалқы мақсаттардың қатынасы, кезектері, байланысы мұғалім үшін айқын болуы керек.

Оқытудың негізгі 3 түрі: 1) тәрбиелеу;

2) ағарту;

3) дамыту.

Оқыту және үйрету мақсаттарының 4 түрі бар: 1) тәрбиелік;

2) тәрбиелік;

3) ағартушылық;

4) тәжірибелік.

Оқытудың тәрбиелік мақсаттары - оқушылардың көпшілігі ағылшын тілін оқуға үлкен қызығушылықпен кіріседі. Олар ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Бастапқы кезеңде аз сөздерді ғана айтса да, соған қуанады. Олар амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын білгісі келеді. Мұғалім осы кезде олардың тілін тыңдап, қолдап, дамытып отыруы қажет. Қарым-қатынас 2 жақты болуы қажет, ол тыңдай білуге, сұрай білуге үйретеді[11;18].

Мәдениетті сөйлей білуге шет тілі арқылы қол жеткізуге болады. Оқушылар оқуға үйренеді, кітап оқи білудің тәрбиелік маңызы зор. Ағылшын тілінде оқуды үйрете оқу мәдениетін көрсетуге көмектеседі. Сондай-ақ мәнерлеп оқу да оқушының мәдениеттілігін көрсетеді. Оқу арқылы интеллектуалды еңбекті де дамытуға болады.

Балаларды оқи білуге, ақыл-ой еңбегінің тәсілдеріне үйрету керек, ол жазбаша және ауызша жаттығулар жасау үшін қажет. Оқушылар оқулықты, сөздікті және анықтамалықтарды пайдалана білуі керек, оқулық белгілерін түсіне білуі керек. Оқыту эстетикасы талғамды да қалыптастырады.

Ағылшын тілінде білім алу мен тәрбие «education» деген бір сөзбен беріледі, олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.

Оқытудың дамытушылық мақсаттары. Дамыту мақсаттарын оқушылардың сезім, қозғалыс, ақыл-ой, ерік-жігерін дамыту арқылы жүзеге асыруға болады. Даму тек қана ойлаумен байланысты емес.

Оқу-ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттардың негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білім деңгейін жоғарылату, сол тілде ойлауды дамыту - тіл білімін дамытудың басты мақсаты. Әйтседе, оқытудың барлық мақсаттары өзара тығыз байланысты. Демек, қарастырылып жатқан мақсаттардың барлығы кез-келген тілді үйрену үшін маңызды. Сондықтан, осы мақсаттарды алға қою арқылы қалаған тілді меңгеруге болатынын көреміз. [9;85]

Оқыудың ағартушылық мақсаттары – кез-келген тілдің ағартушылық қызметі өте зор. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетінің тікелей көрсеткіші (мәселен, француз тілі – француздар мәдениеті туралы хабар береді, иврит тілі – еврейлердің мәдениетінің көрсеткіші болып келеді).

Оқушылар жаңа тілді оқып үйрену үшін сол тілде сөйлейтін халық туралы хабардар болады, өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді, осының бәрі – тілді оқытудың ағартушылық мақсаты.

Шет тілінің терминдерімен салыстыру арқылы оқушы туған тілдің сөздері мен грамматикасының категориясын толық түсіне алады. Сондықтан, мұғалім бірінші сабақтан бастап ана тілі мен шет тілін салыстыра отырып оқытады. Мысалы: Верещягин, Притыкина ағылшын тілін өлең арқылы таныстыруды ұсынады.

Оқытудың тәжірибелік мақсаты. Оқытудың тәжірибелік мақсатын түсіну үшін шет тілі пәнінің ерекшелігімен танысуымыз қажет. Бұл пәнді оқытуда оқушылар шет тіліндегі атаулар, құбылыстармен танысады.

Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы 2 түрді меңгеру шет тілін игерудің тәжірибелік мақсаты. Яғни, оқушы шет тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс. [17;58]

Шет тілін оқытудың міндеттері – шет тілін оқыту арқылы өнегелік, эстетикалық жағынан жан-жақты дамыған, саяси-идеялық жағынан сенімді, еңбексүйгіш азамат тәрбиелеп, бүкіл оқыту үрдісінде қатынастық бағыт бере отырып, оның жалпы дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру.

Оқушы шет тілін оқу арқылы шет тілінің білім дағдыларын, іскерліктерін, қабілеттерін саналы жете меңгеруге жұмсайды. Шет тілін оқи отырып, оның басқа тілдерден өзара айырмашылығын салыстырып, сөйлеу дағдылары, мәдениеті, ой-еңбегін оқытумен қатар теориялық әрі тәжірибелік міндеттерін білген жөн. [11;59]

Шет тілін оқыту мына келесі мәселелерді іске асырады:

1) шет тілінің әдістемелік тұжырымдамасын саралау;

2) шет тілінің бірнеше нұсқадағы оқу жоспары мен модельдерін жасау;

3) мектептерде шет тілінен берілетін білім көлемі мен дағдысына міндетті түрде қойылатынын анықтау.

2 Ағылшын тілі сабақтарында әндер, ұйқастар, өлеңдерді қолдану

2.1Сабақта өлең, ұйқас, тақпақтарды қолдану әдiсiнің маңызы

Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.

Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, үш тілді жетік меңгерудің кілті екені белгілі. Ағылшын тілі — ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген.

Шетел тілін оқытудың басты мақсаты — оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.

Ағылшын тілін үйренудің алғашқы кезеңдерінде тақпақтар, өлеңдер мен әндерді мәнерлеп оқыту, жаттату - балалардың сөздік қорын кеңейтіп, сөздердің оқылуын есте сақтауға көп септігін тигізеді[20;52].

Өлеңдер, прозалық тақырыптағы тақпақтардың мағынасын толық түсіндіргеннен кейін және дұрыс дыбысталуын айта білгеннен кейін ғана жатталады. Оқытудың бірінші кезеңінде қысқа өлеңдер мұғалімнің қайталауымен жатталынады. Мысалы:

All About Me

Things I do slowly

Treasures I have

People I lake

Things that annoy my

Games I like to play

Foods I lake to eat

Things that scare me

Places I d like to visit.

Фонограмма мен кестені пайдалануға болады:

Қысқа өлеңдер мен қара сөз үлгілерін жаттаудың мынандай үлгісі бар:

1. Егер өлеңнің ішінде жаңа сөз кездессе, мұғалім сөзді дұрыс түсіндіріп, керек кезінде тақтаға оның аудармасы мен транскрипциясы жазылуы керек.

2. Мұғалім өлеңді өзі жатқа айтуы керек және оқушылар синтагмаға бөлінген өлең жолдарын мұғалімнің артынан қайта қайта қайталауы керек.

а) хормен;

ә) жеке өзі айту.

Мұғалім өлеңді екі жолдан оқиды. Оқушылар соңынан қайталайды.

3. Ең соңында мұғалім толығымен оқиды. Ал, оқушылар хормен түгелдей қайталауы тиіс, кейбір қабілетті оқушылардан жатқа айтуын сұрайды. Екінші және жоғарғы кезеңдерге егер ағылшын классиктерінің өлеңдері алынатын болса, мұғалім автор туралы қысқаша айтып кетуі тиіс және автордың портретін немесе суретін қодануына болады. Содан кейін өлең беріледі.

Сынып оқушылары өлең мен мәтінді оқиды. Бұдан кейін өлең немесе мәтін аударылады. Мұғалім тағы бір рет оқып шығады, оқушылар жеке-жеке бөлгеннен кейін түгелдей оқиды. Өлеңді немесе мәтінді жатап келуге үйге тапсырма беріледі де, келесі сабақта тексеріледі.

Жаттауға берілген өлеңдерден бұрыннан белгілі тақырыптан алынуы тиіс және өте ұзын болмауы тиіс. Оқытудың алғашқы кезеңінде ол 2-3 жол ғана болса, ал жоғарғы сыныптарда 5-6 жол болуы керек, бірақ ол бір-бірімен байланысқан, аяқталған толық ойды беретін болуы тиіс.



Present Simple tense шағының ІІІ жақ жекеше түрінің жасалуы мен апта күндерін қайталауда «Mrs.Grundy» өлеңін оқытып, жаттатуға болады.

Mrs. Grundy washes on Monday,

Irons on Tuesday,

Shops on Wednesday,

Bakes on Thirsday,

Sews on Friday,

Cleans on Saturday,

Cooks on Sunday,

This is the tale of mrs.Grundy.

Өлеңнің ішінен ІІІ жақ жекеше түрдегі етістікті тауып, жалғауын белгілеп, аудармасын беруді тапсыруға болады: irons – үтіктейді, shops – дүкен аралайды.Оқушылардыңа ойлау қабілетін дамыту мақсатында жаңа сабақтың лексикасы – жануарлар атаулары мен грамматикасы - Present Perfect шағын қатыстыра отырып, өлең шумақтарын құраса, осы сабақты жақсы түсінгенін көрсетеді.

Omar has seen a wolf,

Serik has seen a fox.

Ainur has seen a rabbit,

They all have been in a box.

Реттік сан есімдердің жасалуын және оқылуын есте сақтау үшін өлеңді жаттатуға болады.

E.g.-------------Five little birds,

Seat in a tree,

The first one said,

What do you see?

The second one said,

A man with a gun,

The third one said,

We'd better run.

The fourth one said,

Lets hide in the shade,

The fifth one said,

I'm not afraid.

Балалар ағылшын тілін оқуды асыға күтеді. Жаңа пән оларға құпиялы қызыққа толы болғандықтан, олар алда не күтіп тұрғанын білмей, тек пәннің басталуын тағатсыздана тосады. Мұғалім осыны ескере отырып, оқушылардың қызығушылығын сөндіріп алмас үшін түрлі жұмыстар жүргізіп, ағылшын тілін меңгертуде түрлі әдістерді әр ағылшын сабағында қолдануы тиіс[2;32].

Ағылшын тілі сабақтарында әріптер мен дыбыстарды үйретуде фонетикалық жаттығу-өлең шумақтарын құрастыруға болады. Бұл орайда сабақтың жаңа сөздері мен грамматикалық құрылымды пайдалануға болады.

E.g.--------I have got a dog,

I have got a cat,

I have got a shell,

I have got a small red ball

I'm glad

I have got them all.

I 've got a dog,

You've got a cat.

We 've got a frog,

They've got a bat.

Әсіресе, ойын не саяхат сабактары балаларға ұнайды. Мысалы, “Брэйнг ринг”, “Дүкен”,”Алтын сақа”,”Жұлдызды сәт”, «Бір ғашық болу”, ”Ғажайыптар алаңы” ойындарын апталық өткенде не болмаса сабақта қолдану өте тиімді.

Мысалы, ұйқастарын табудағы мақал -мәтел ойыны.

1 .Give English, Russian equivalents to this proverb.

“Айтылғансезатылғаноқпентең”.

“Слово ее воробей , вылетит не поймаешь”,

“First think, then speak”.

2. Give Kazakh, English equivalents to this proverb.

“Восток или Запад, дома лучше всего.

“East or west, home is best”.

“Өзүйім, өлеңтөсегім”.

3. Give Kazakh, Russian equivalents to this proverb.

“Never put off till tomorrow, what can you do today”.

“Бүгінгіістіертеңгекалдырма”.

“He откладывай на завтра, то что можешь сделать сегодня”.

4.Попуриойынындаалдын ала жазылған өлендердің басы айтылады, оны 2 топ ойыншыларыаяқтауыкерек. Оғанөздерінебұрыннан танысөлеңдеріболуы қажет.

1 .Whatisyourname?

2. Crocodile Genas Song

3.Bingo

4.1f you are happy.

5. Сөзқұрастыру . Who is quicker?

Competition- come,on,tie,men,ten,net,pen.....

6. Екі топ көрнекті жерлердің суреттерін көрсетіп қай жер екеңдігін, не айта алатындығын сұрайды.

1. Buckingham palace

2. Tower of London

3. Halloween

4. Christmas

7. Әр топ ағылшын немесе американ жазушыларының ертегілерінен

үзінді көрсетуі керек. Қарсы топ кітаптың не ертегінің атын, жазушының аты-жөнін, қатысқан кейіпкерлерді атайды.

Бұл әдісті сабақта қолданылатын есту, көру, оқу және жазу қабілеттерін түгел камти отырып, тінті үлгерімі нашар оқушылардың сол тілге деген ынтасы мен қызығушылығы пайда болатынына еш күмән жоқ.

Қорыта келгенде, шет тілін оқытуда есте сақтау және логикалық ойлауқабілеттерін дамытатын жоғарыда аталған әдіс-тәсілдермен ғана шектелмейтінін айта келіп әрбір мұғалім сол әдіс-тәсілдерді қалай сұрыптап пайдалану керек, ол қайткенде тиімді, нәтижелі болады деп толғанса, қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін соғұрлым жанаша, мақсатты, сапалы ұйымдастырса,оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне, белсенділіктерін

арттыруға мүмкіндік берілсе, олардың білімді игеруі соғұрлым жоғары

деңгейдеболады. Сондықтан да жасұрпаққа жан-жақтыбілімбереотырьш,

жақсыбіліктімамандайыңдау-мұғалімніңбастыміндеті[13;32].





2.2Сабақта өлең, ұйқас, тақпақтарды қолданудың жолдары

Ағылшын тілі сабақтарында өлеңдер мен тақпақтарды жаттап айту оқушының тіл байлығын дамытады, оқу жылдамдығын арттырады, дыбыстарды айту деңгейін жақсартады.

Сабақта әріптер мен дыбыстарды үйретуде фонетикалық жаттығу-өлең шумақтарын құрастыруға болады. Бұл орайда сабақтың жаңа сөздері мен грамматикалық құрылымды пайдалануға болады.

E.g. I have got a dog,

I have got a cat,

I have got a shell,

I have got a small red ball

I’m glad

I have got them all.

I ‘ve got a dog,

You’ve got a cat.

We ‘ve got a frog,

They’ve got a bat.

Сонымен қатар to be және to have етістіктерінің қолданылуын «Lets boast!» — «Мақтанайық!» ойыны арқылы пысықтауға болады.

E.g. Івариант:

P1: I have a dog. P2: You have a dog and I have a dog and a cat.

P3: He has a dog and a cat, but I have a dog, a cat and a hen.

ІІвариант:

P1: My mother is a very good doctor. She is 40. Her name is Damegul. I love her.

P2: Your mother is a good doctor. My mother is a teacher. She is a teacher of English. She is a very good and a kind teacher. She has many pupils. Her name is Alma. She is 35.

Шет тілін үйренудің алғашқы кезеңдерінде тақпақтар, өлеңдер мен әндерді мәнерлеп оқыту, жаттату — балалардың сөздік қорын кеңейтіп, сөздердің оқылуын есте сақтауға көп септігін тигізеді. Present Simple tense шағының ІІІ жақ жекеше түрінің жасалуы мен апта күндерін қайталауда «Mrs.Grundy» өлеңін оқытып, жаттатуға болады.

Mrs. Grundy washes on Monday,

Irons on Tuesday,

Shops on Wednesday,

Bakes on Thirsday,

Sews on Friday,

Cleans on Saturday,

Cooks on Sunday,

This is the tale of mrs.Grundy.

Өлеңнің ішінен ІІІ жақ жекеше түрдегі етістікті тауып, жалғауын белгілеп, аудармасын беруді тапсыруға болады: irons – үтіктейді, shops – дүкен аралайды[9;44].

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында оқушылар жаңа сабақтың лексикасы – жануарлар атаулары мен грамматикасы — Present Perfect шағын қатыстыра отырып, өлең шумақтарын құраса, осы сабақты жақсы түсінгенін көрсетеді.

Omar has seen a wolf,

Serik has seen a fox.

Ainur has seen a rabbit,

They all have been in a box.

Реттік сан есімдердің жасалуын және оқылуын есте сақтау үшін өлеңді жаттатуға болады.

E.g. Five little birds,

Seat in a tree,

The first one said,

What do you see?

The second one said,

A man with a gun,

The third one said,

We’d better run.

The fourth one said,

Lets hide in the shade,

The fifth one said,

I’m not afraid.

Берілген сөйлемді немесе мәтінді логикалық түрде лезде жалғастыру дағдысын қалыптастыру үшін түрлі әдістер қолдануға болады.
Мысалы,
Present Indefinite tense (жай осы шақтың) жасалуын пысықтау үшін Present Continuous tense (созылмалы осы шақ) құрылымымен байланыстыруға болады.

T: Each of you will tell us what he or she is doing now, then you will explain when you usually do it.

E.g. The pupils are not cleaning the classroom now. They usually do it after lesson.

Бұл жұмыс әдетте «Оқушы күні» тақырыбы аясында өрбиді.

«The day of a pupil»

P1: I’ not making my bed now. I make my bed in the morning.

P2: I’m not having breakfast now. I have breakfast in the morning.

P3: I’m not having dinner now. I have dinner after school at 2 o’clock.

«Оқушының бір күні» тақырыбы аясында сөйлемді жалғастыру жұмысы жақсы аяқталғаннан кейін сөйлеу қабілеті мен ой өрісін одан әрі дамыту мақсатында мәтінді жалғастыру жұмысын беруге болады. (әр түрлі шақтарда беруге болады).

Тақтаға баланың суреті ілінеді.

- Listen to the beginning of the story and speak about Ospan’s day. (Only his morning time).

T: It is morning. Ospan opens his eyes. He doesn’t want to get up, but his little cat comes up to him and touches his hand. The mother comes into the room. She says: «Ospan, itstime to get up, its 7 o’clock.»

Оқушылар мәтінді түрлі нұсқада аяқтай алады.
Диалогпен жұмыс жасағанда баланың ой өрісі, шапшаң жауап қайтару дағдысы, берілген ситуацияға эмоциясын білдіруін көруге болады.

T: The weather is fine today

P1: Yes, its warm today!

P2: Oh, the sun shines brightly!

Немесе берілген сөйлемге қарсы мағыналы сөйлеммен жауап беруге болады. (эмоциясын білдіре алады)

T: Lets have a class-meeting on Wednesday, children

P1: Oh, its not good day for the class-meeting. We have many lessons on Thursday.

P2: I can’t come. My mother is ill.

Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыруда өмірден алынған жағдаят-мәтін беріледі. Бұл мәтін қате нұсқада. Оқушылар қатесін дұрыстайды, содан соң жазып алады.

Мәтін сыныптағы бір оқушы туралы болуы мүмкін…
I have a friend. His name is Bakhtiar. He is 7. He is in the 6th form. He gets up at 5 o’clock every morning. He washes his face, hands and legs in the sitting-room.Bakhtiar goes to the park. He has 5 or 6 lessons there.

Адамдардыжәнежануарлардысипаттайтынсынесімдердібалалартілдееркінқолдануыүшінмультфильмдеркейіпкерлерісипатталғанқысқамәтіндердіоқытып, суреттенкөрсетеотырып, қазақтілінеаударып, түсінікайтутапсырмасынберугеболады.

1) Gena is not a boy. It is a crocodile. He is big, long, dark green and funny. Gena is a very clever crocodile. It can sing. Gena has a friend, Cheburashka by name. Cheburashka is funny too. Cheburashka is very kind. Gena and Cheburashka are good friends.

2) Micky is a funny little grey mouse. It has small black eyes, big ears and very long tail. Micky is a very clever mouse. It is not afraid of cats and dogs.
Хат жазу жұмысы. Яғни бұл хатта біреуінің киіп жүрген киімін екінші біреу қалайтыны жайлы айтылады.

E.g. Dear Phariza! Dear Bolat!

I like a blouse on you. Your cloth style is modern!

It sits on you perfectly. Especially, your jeans.

I wish I had the same one. I wish I bought the same jeans!
Alia Magzhan

Ағылшын тілін оқытуда түрлі әдістерді қолдану – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, ағылшын тілін жете меңгеруге, шет тілінде еркін сөйлеуге көп септігін тигізеді[2;32].

Эксперимент жұмысы

Эксперимент жұмысының өтілу базасы Абай ауданының Кескін ауылының Кескін орта мектебінде жүргіздік. Өйткені, осы мектепте мемлекеттік іс тәжірибиден өткендіктен курс жұмысының тақырыбын өзекті етіп ала отырып, эксперимент жұмысы жүргізілді.

Эксперимент жұмысы өткен сынып 4 сынып.Бұл сыныпта барлығы 15 оқушы бар, оның ішінде 9-ұл, 6-қыз балалар. Сынып оқушыларыныңағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтары жоғары, бірақ білім деңгейлері орташа.

Эксперимент жұмысының барысында біз оқушылармен «Жыл мезгілдерін» өттік. Мәтінге байланысты сөздерді жаттадық, сөздік диктант жаздық, өлеңдер жаттатып, өлеңнің немесе тақпақтың мазмұнын анықтадық, тірек-сызбаларды қолдандық.

Сабақта оқушыларымен ағылшын тілі сабағын қазақ тілі сабағымен интеграциялық сабақ ретінде алдық. Сабақта топпен, жұппен жұмыс істедік, ойын ойнадық. Екі тілде өлеңдер бердік, балалар оны қайталады, жеке-жеке қайталады, көп қайталанған дыбыстарды, сөздерді атады, олардың қандай дыбыс және сөз екеніне анықтама берді және ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де бірдей дыбысталатын дыбыстарды тапты. Мысалы:

Whatever one toucan can do

Is sooner done by toucans two

And three toucans it, s very true

Can do much more than two can do.

Әбдіреде әдемі әтеш отыр,

Әдемі отырған әбдірені әжем ашып отыр.

Қайталанатын дыбыстар: ә, д, ш, р, е

Бірдей дыбысталатын дыбыс - Ә.

Тақтада екі тілде етістіктер берілген.

Оқу – to read

Жазу – to read

Көру – to write

To walk – қыдыру

To go – бару

To make, to do - жасау

Етістіктерді ағылшын және қазақ тілінде хормен оқытып, бірнеше оқушыға жеке-жеке оқытып, топтар арасында екі тілде сөз тіркестерін өздеріне құраттық және өз беттерінше сөйлем құрғыздық.

Сабақта тыңдалым бойынша жүргізілетін жұмыстарды алдын ала қарапайым өлең немесе тақпақтарды таңдаудан бастадық. Тапсырма түрінде қарапайым (Тыңдаңыз, түсінуге тырысыңыз). Яғни, тыңдауға дейінгі дайындық жұмыстарын жүргізген жоқпыз.

Тыңдалымға үйретудің нәтижелі болуы мәтінді дұрыс таңдауымызға байланысты болды. Оның көлемі сыныптағы оқушылардың қабылдауына әсер етті. 2-3 минуттық материалды І деңгейде оқушы есінде толық сақталмай қалды. Сондықтан сабақ барысында аудиомәтінді қалай түсінетінін бақылау мәселесі түсінудің деңгейлерімен тығыз байланыстырдық. Мысалы:

Тақпқтар мен өлеңдер.

My name is Ann.

Her name is Nan.

His name is Ben.

Say it again.

Why do you cry, Willy?

Why do you cry.

Why, Willy, Willy, Willy?

Why, Willy? Why?

Clean the blackboard

Clean the door

Clean the table

Clean the floor.

Біздіңше тыңдалып дағдысының қалыптасуы фонематикалық және интонациялық тыңдауды қалыптастырумен байланысты. Ал, ол ұзақ өлеңді немесе проэзиялық, прозалық тақпақты үздік-үздік түсінуге тәуелді болып келеді. Сондықтан, бақылау түрлерін ойластырғанда, осыны есепке алдық.

Бақылаудың ең ұтымды түрі ретінде тест жүргізуді айтқымыз келеді.

Тілдік материалды тақырыптық негізде беру принципін сақтай отырып жүргіздік, ІІ деңгейден бастап оқу мәтіндері, сөйлеу үлгілері қолданылмады. Олардың орнына жарнама мәтіндері, теміржол және авиабилеттер, сабақ кестесі, қысқа өлеңдер алынды. Материалды ұсынудың ең жиі қолданылған түрі – нақты зат жөнінде әңгімелеу.

Мысалы, мұғалім телефонды қолдану нұсқауы жазылған кітапшаны көрсетіп, «Бұл материал не үшін берілген?» - деп сұрайды. Оқушылар өздері бұған дейін білетін сөздерді қолданды. Айта алмаған жерлерін ыммен көрсетеді. Қажетті сөздерді айтып, толықтырып, оларды тақтаға жазып отырдық. Яғни, лексикалық минимумды құрдық.

Таныс сөздер мен жаңа сөздерді әртүрлі түспен беріп отырдық. Лексикалық минимум берілгеннен кейін, екі түрлі ұялы телефонды көрсетіп, олардың артықшылықтары мен кемшілік тұстарын салыстыруды ұсындық. Лексикалық минимумды белсенді қолдануға итеретін 3-4 тапсырмадан кейін оқушылар лексикалық сөздері бар мәтінмен жұмыс істейді. Содан соң оқушылар лексикалық минимумды қолдануды қажет ететін әртүрлі ситуацияларға түседі.

Сабақ барысында мынандай тәсілдерді қолдандық: абстрактілі суреттер арқылы 10 минут бойы диалог ұсындық.

Сабақтар барысында сөздің әртүрлі мағынасы, синоним, омоним, антонимдерді де қолдандық. Мысалы:

Bear - аю - bear- көтеру

Bear – алыпсатар

To be – бөлу

Table - үстел, табель, тамақ, кесте, тау жазығы, жазық, тақтай, асхана.

Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту үшін оңайдан-қиынға қарай жаттығуларды, сабақта түрлі көрнекіліктерді, оның ішінде техникалық құралдарды және түрлі әдіс-тәсілдерді, мысалы, әртүрлі деңгейлік жаттығулар, сұрақ-жауап әдісін, ойындарды, карточкалар мен тірек сызбалар, таблицаларды т.б. пайдаландық.

Лексиканы оқытуда ойын тақпақтардың түрлерін мынандай мақсатта пайдалану тиімді:

1) өлеңдегі сөздерді дұрыс меңгерту;

2) орфографияны дұрыс оқыту;

3) өлеңді немесе тақпақты дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру;

4) лексиканы меңгерту;

5) сөйлем құрылысын меңгерту;

6) оқушы ойын дамыту, дұрыс жазу, айту, дұрыс оқи білу дағдыларын қалыптастыру.

Дидактикалық ойындарға келсек, көбіне бұл ойындар тілдік қатынастар мен түсініктерді, ұғымдар мен қарапайым білім беруде оқыту дағдыларын қалыптастыруда қолдандық.

Мысалы «СӨЗ ЖӘНЕ СӨЙЛЕМ», «НЕ ӨЗГЕРДІ?», «КІМДЕ КӨП, КІМДЕ АЗ?». «НЕ ПАЙДА БОЛДЫ?» деген ойында балаларға бір суретті көрсетіп, онда не бар және қалай орналасқандығын айтып, түсіндіреді.

Сәйкесінше оқытушы екінші суретті алып, балалардан сол суретке зейін қоюын сұрадық. Мұнда бейнеленген сурет тура бірінші суреттегідей, тек мұнда бір ғана зат жоқ. Оқушы соны табуы керек. Сонымен қатар шет тілі сабақтарында тиімді болған ойын түрлерін атап өтейік:

«АҒАШЫ» ойынын өткізудегі мақсат – оқушылардың шет тілінде НЕ? Сұрағына жауап беретін сөздерді оқып-үйреніп, мазмұны мен мағына бірлігін таныта білу. Ойынның шарты бойынша оқушылар «АҒАШ» деп аталатын бәйтеректің бұтақтарына жапсырылған конверттегі жазылған сөздердің ағылшынша аудармасын айтады және сол сөз бойынша сөйлем құрайды. Мысалы: АЛМА – АPPEL.

«20 QUESTIONS» ойынын да алдық. Лексикалық ойындар жаңа алынған сөздерді балалардың тез жаттауына, олардың түрлі жағдайларда пайдалануына, әрі тілін дамытуға көмектесті.

Енді «ЖЕР ШАРЫНА САЯХАТ» ойынын алайық. Бұл ойын «THERE IS» (There are) конструкциясын ойда орнықтыруға мүмкінік береді. Мұнда әрбір оқушыға сыныптағы барлық заттарды немесе тақырыптық сурет бойынша сипаттап шығуға мүмкіндік берілді.

Мысалы: «THERE ARE IS DESKS IN THE CLASS», «THERE IS A BLACKBOARD IN THE CLASS» және т.б. Кім бәрінен бұрын бастапқы затқа тезірек оралса, сол үздік «саяхатшы» болып саналды.

«Жер шарына саяхат» ойынының көмегімен «THERE IS» (There are) конструкциясы есте қалады, қарапайым жағдайда артикльдерді пайдалану дағдысын бір мезгілде жасауға мүмкіндік берді. Бұл жерде жаңа сөз белгісіз артикльмен қолданылады, ал екіншісі сөйлемде белгілі артикльді қолдануды талап еттік.

Зерттеу жұмысымызды қорытындылай келе, яғни шет тілін оқытуда

оқушыларға грамматиканы үйретуде ойындарды қолдану жоғарыда көрсетіліп сипатталған жұмыс түрлерінің барысында эксперимент сыныбында оқушыларға тілді меңгерту жолы тиімді болды. Яғни, тиімді оқушылардың сөйлеу дағдылары қалыптасып, сөздік қорлары молайды, тілге деген қызығушылықтары артты.




Қорытынды

Ойымызды қорытындылай келгенде, ағылшын тілі бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты еккендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін»- деді. 

Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру.

Шетел тілін оқытудың басты мақсаты — оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.

Мектептерде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен қатар, жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқытуда сабақта өлеңдер, ұйқастар және тақпақтарды қолдану өте маңызды. Осы тәсілдерді қолдана отырып оқыту арқылы мұғалім оқушыны жан-жақты тұрғыдан дамытуға тырысуы керек.

Ағылшын тілін үйренудің алғашқы кезеңдерінде тақпақтар, өлеңдер мен әндерді мәнерлеп оқыту, жаттату - балалардың сөздік қорын кеңейтіп, сөздердің оқылуын есте сақтауға көп септігін тигізеді.

Өлеңдер, прозалық тақырыптағы тақпақтардың мағынасын толық түсіндіргеннен кейін және дұрыс дыбысталуын айта білгеннен кейін ғана жатталады. Оқытудың бірінші кезеңінде қысқа өлеңдер мұғалімнің қайталауымен жатталынады.

Оқушыларды өлең немесе тақпақтармен таныстыру барысында, алдымен мұғалім өзі оқиды, сосын оқушылар хормен түгелдей қайталауы тиіс, кейбір қабілетті оқушылардан жатқа айтуын сұрайды. Екінші және жоғарғы кезеңдерге егер ағылшын классиктерінің өлеңдері алынатын болса, мұғалім автор туралы қысқаша айтып кетуі тиіс және автордың портретін немесе суретін қодануына болады. Содан кейін өлең беріледі.

Сынып оқушылары өлең мен мәтінді оқиды. Бұдан кейін өлең немесе мәтін аударылады. Мұғалім тағы бір рет оқып шығады, оқушылар жеке-жеке бөлгеннен кейін түгелдей оқиды. Өлеңді немесе мәтінді жатап келуге үйге тапсырма беріледі де, келесі сабақта тексеріледі.

Қорыта келгенде, шет тілін оқытуда есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын жоғарыда аталған әдіс-тәсілдермен ғана шектелмейтінін айта келіп әрбір мұғалім сол әдіс-тәсілдерді қалай сұрыптап пайдалану керек, ол қайткенде тиімді, нәтижелі болады деп толғанса, қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін соғұрлым жанаша, мақсатты, сапалы ұйымдастырса, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне, белсенділіктерін

арттыруға мүмкіндік берілсе, олардың білімді игеруі соғұрлым жоғары

деңгейдеболады. Сондықтан да жасұрпаққа жан-жақтыбілімбереотырьш,

жақсыбіліктімамандайыңдау-мұғалімніңбастыміндеті.






















Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Айтжанқызы. Ж. Мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқыту // Ізденіс.-2005.-№3.

2. Әбжанова Ж. Мектептегі ағылшын тілі //Бастауыш мектеп.-№2.-2008.

3. Әбенова З. Ағылшын тіліндегі пәнаралық байланыс // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2005. - № 7. -21-22 б.

4. Базарбекова С.Р. Ағылшын тілі сабақтарында өлең, тақпақтарды оқытудың жолдары //Мектептегі шет тілі.-№3.-2008.-21-22б.

5. Елібаев Қ. Ағылшын тілін оқытудағы қиыншылықтары.//Қазақстан мектебі.-2005.-№4.-10-12 б.

6.Дүйсенова Д. Ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын тиімді әдіс тәсілдер //Мектептегі шет тілі.-№11.-2010.-16-17б.

7.Жұмабаева А.К. Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету // Қазақстан мектептеріндегі шет тілдері.-2007.-№6 -47-48б.

8. Игисинова Ә. Шет тілін үйретуде ойындарды пайдаланудың тиімділігі // Қазақстан мектептеріндегі шет тілдері.-2007. -№3. -19-20б.

9. Қасымбаева С.С. Ағылшын тілінде жаңа технологияларды пайдалана отырып оқытудың тиімділігі // Қазақстан мектебі. – 2008. - № 10. –23-25.

10. Қошқарбаев Т. Шет тілінен өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру.

// Қазақстан мектебі.-2002.-№3.

11. Құлыбеков А. Ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту.

// Білім.-2006.-№2.

12. Машқан Н. Ағылшын тілінің шет тілі ретінде оқытылу жолдары //Қазақстан мектептеріндегі шет тілдері.-№5.-2004. -16-17б.

13. Мамырбаева С. Шет тілі және оның үйретудің маңызы // Қазақстан мектептеріндегі шет тілдері.-2007.-№12. - 4-6 б.

14. Нағашыбаева Р. Шет тілін оқытуда жаңылтпаштар мен мақалдардың маңызы //Білім. -2005.-№11. -5-7б.

15. Омар Г. Ағылшын тілін оқытуда сатылай комплексті талдау әдісі //Қазақ тілі мен әдебиеті.-№8.-2002.

16. Өмірзақова Н. Ағылшын тілін оқытуда сөйлеу әрекетін дамытудың жолдары // Қазақстан мектептеріндегі шет тілдері.-2008. -№4.-16-17б.

17. Примбетова С.С. шет тілі сабақтарында прозалық өлеңдер мен поэзиялық тақпақтарды қолдану // Қазақстан мектептеріндегі шет тілдері.-2005. -№10.-11-12б.

18. Рысбаева Г. Ағылшын тілінде сөздік қорды арттырудың кейбір жолдары //Қазақстан мектебі.-№4.2006.

19. Сатыбалдинова М. Шетел тілін оқытудың маңызы.//Шетел тілін оқыту әдістемесі. .-2007.-№3.

20. Тайжанова А.Р.Ағылшын тілі грамматикасын қазақ топтарында салыстырмалы оқыту жүйесі.//Педагогика.-2006.-№5-6.

21. Уасова Ш. Шет тілін үйретудің негіздері //Қазақстан мектептеріндегі шет тілдері.-2007. №10. -10-11б.

22. Хасан Д. Ғаламдық жаһанданудағы шет тілінің рөлі мен маңызы //Білім. -2007.-№1.-3-5 б.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
763
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі