Материалдар / Ағылшын тілі сабақтарында көңілді әндерді пайдалана отырып, оқушылардың бойына эстетикалық тәрбие қалыптастыру.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ағылшын тілі сабақтарында көңілді әндерді пайдалана отырып, оқушылардың бойына эстетикалық тәрбие қалыптастыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас буынды көңілді әндер арқылы ағылшын тіліне деген қызығушылығын ояту.
Авторы:
08 Қырқүйек 2023
224
12 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ағылшын тілі сабақтарында көңілді әндерді пайдалана отырып, оқушылардың бойына эстетикалық тәрбие қалыптастыру.


Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті

Саленова Аружан Нұрдаулетқызы


Ағылшын тілі - қазіргі заман талабына сай тіл. Әлем елдерінің көп бөлігі қазір осы - ағылшын тілінде еркін сөйлей алады. Қазақстанда енген Үштілділік идеясы да, осы ағылшын тілінің көп қолданысқа иелілігінен және бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру үшін жасалынған десек те болады. Ағылшын тілі - Қазақстан Республикасы үшін - халықаралық қатынастар тілі болып есептелінеді. Ағылшын тілі - жаңа заман тілі. Ағылшын тілі біздің елімізде әлем елдері қатарында бәсекеге қабілетті болуға, халықаралық қатыстардың нығаюына, мәдениетаралық қатынастардың маңызды бөлігі болып саналады. Сондықтан болашақ ұрпақтың, еліміздің жастарының ағылшын тілін жетік меңгеруі - ұстаздар алдына қойылған үлкен міндет.

Қазақстан жерінде оқушыларды ағылшын тіліне үйрету қарқынды дамып келеді. Оқушыларға тілді үйренуге барлық жағдай жасалынған. Әрине өз туған тілі болмағандықтан, өзге тілді үйрену оңайға соқпастығы рас. Бірақ жастарға жаңа тілді үйрету - келешекте еліміздің көркеюінің бір себебі.

Қазіргі уақытта ағылшын тілін оқытуға үйретуші әртүрлі жаңа әдіс-тәсілдер, қосымша кітаптар, қосымша құрылғылар мен технологиялық қолданбалар көптеп шығарылуда. Бұның барлығы оқушыларға тілді еркін меңгеруіне көмек беру мен тілді үйренуге деген ынтасын ашуға өз септігін тигізеді. Сондай көмекші құралдардың бірі - әндерді қолдану. Тілді үйренуде қолданылатын ережелер мен жаттығулар оқушыларға тым қызықсыз. Жаңа өткен тақырыпты тез әрі ұзақ уақытқа есте сақтау үшін балаға қызықты, көңілді және оңай ақпарат беру қажет. Ағылшын тіліндегі балалар әндері - шет тілін үйренудің ең тиімді әдістерінің бірі. Олардың көмегімен сөздерді тезірек үйренуге болады. Сонымен қатар, олар айтылымды жақсартады және сөйлеуді есту арқылы қабылдауға ықпал етеді.

Ағылшын тілін үйретуге арналған әндер:

ABC song ( әліппе)

Қандай да бір тілді үйрену - әліпбеден басталады. Әліпби тек әріптер жиынтығы екенін ұмытыңыз! Себебі жас буынға бір сарынды әріптерді қайталау қызықсыз әрі іш пыстырарлықтай көрінеді. Әліпбиді ән түрінде үйрену арқылы бала көптеген қарапайым сөздерді есте сақтай алады. Сондай-ақ әнді қосылып айту арқылы олардың көңіл күйі көтеріліп, тіл үйренуге деген қызығушылығы оянады.


A is for Apple, a, a, a, Apple

B is for Banana, b, b, b, Banana

C is for Cake, c, c, c, Cake

D is for Duck, d, d, d, Duck

E is for Elephant, e, e, e, Elephant

F is for Fish, f, f, f, Fish

G is for Guitar, g, g, g, Guitar

H is for Hat, h, h, h, Hat

I is for Igloo, i, i, i, Igloo

J is for Juice, j, j, j, Juice

K is for Kitten, k, k, k, Kitten

L is for Lemon, I, I, I, Lemon

Mis for Mittens, m, m, m, Mittens

N is for Nest, n, n, n, Nest

O is for Orange, o, o, o, Orange

P is for Pig, p, p, p, Pig

Q is for Queen, q, q, q,

R is for Ring, r, r, r, Ring

S is for Socks, s, s, s, Socks

T is for Teddy Bear, t, t, t, Teddy

U is for Umbrella, u, u, u, Umbrella

V is for Vegetables, v, v, v, Vegetables

W is for Wolf, w, w, w, Wolf

X is for X-ray, x, x, x, X-ray

Y is for Yoyo, у, у, у, Yoyo

Z is for Zipper, z, z, z, Zipper

I love my ABC Phonics Song

I want to sing it all day long



Greeting song

Балаларға ұзын әрі қиын диалогтар жүргізу қиын әрине. Сол себепті осы ән арқылы оларды қарапайым, жеңіл сұрақтармен таныстырып, басқа да балалармен немесе басқа да адамдармен қарым-қатынас жасауды үйрете аламыз. Балаларға қысқа және қарапайым сұрақтар қойып әрі оларға жауап беруді үйретеміз.

Good morning. How are you?

I'm fine. I'm fine. I'm fine.

Thank you.

Good afternoon. How are you?

I'm not good. I'm not good. I'm not good.

Oh, no.

Good evening. Good evening.

Good evening. How are you?

I'm great. I'm great. I'm great.

Thank you.

Қазіргі ағылшын тілді елдердің экономикасының дүниежүзіне ықпалы артуда. Екіншіден, ағылшын тілі- әдебиет пен саясаттың, өнердің, сауда-саттық пен әр түрлі ресми қарым-қатынас тілі. Еліміздің азаматтарының ағылшын тілін үйреніп, білуі - ел экономикасына өз септігін тигізетіндігі сөзсіз. Ағылшын тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтыруды, дамытылуы тиіс. Ендеше оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор болып келеді. Осы мақалада көрсетілгендей жас бүлдіршіндерді ағылшын тіліне қызықтырып, оларға қанағаттындырарлықтай білім бере алуымыз қажет. Мақалада көрсетілген әдіс- тәсілдерді өз практикамызда қолдану арқылы балалардың тілге деген махаббатын оятып, олардың пәнге деген қызығушылығын жас кезінен дамыта аламыз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!