Тақырыбы:Ағылшын
тілі сабақтарында оқушылардың тыңдап
түсіну іскерліктері мен дағдыларын
дамыту
Қазақстан
Республикасы әлемдік бірлестікке кірген
заманда білімнің рөлі мен маңызы артты.
Мәдениеті жоғары ХХІ-ғасыр адамың
қалыптастыру міндеті білім беру ісін
ірілендіру қажетті мектеп пен коғам
алдында жаңа маңызды мәселелер қойып
отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде
шетел тілдерінің мазмұны аныкталып,
оған қойылатын талаптар нақтылануда.
Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар
оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тындап
түсіну, сөйлеу, оқу жэне жазу іскерліктері
мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды,
оларды өзін қоршаган айналасындағы
адамдармен қарым-катынас мәдениетіне
де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде
сөйлеу кабілеттерін жетілдіру мектепте
берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі
мақсаты болып табылады. Шетел тілі
аркылы окушылар әлемді таниды, тілін
окып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен
танысады. Шетел тілінде окушылар дұрыс
қарым-қатынас жасай алу үшін, олар ауызша
айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс.
Тындап түсіну - сөйлеудің серігі, сөйлеу
экспрессивті
форматқа
жатса, тыңдау импрессивті формақта
жатады. Ауызша айтылған сөзді қабылдау
мен түсіну өте күрделі психикалық
әрекет. Тыңдап түсіну кысқа мерзімдік
жэне ұзақ мерзімдік еске, кабылдауға,
логикаға, санаға, ажырату және таным
механизмдеріне, салыстыруға, жинақтаута
байланысты. Тындап түсіну барысында
окушылардың санасында фонетикалық және
интонациялык есту қабілетін қалыптастыру
керек, себебі бұл күрделі процесс
болғандықтан жалпыға ортақ қиындыктарды
және арнайы қиындықтарды ескеру қажет.
Олар:
• Сөйлеуші қолданылған кейбір лексикалық
және грамматикалык материал окушыға
таныс емес болуы мүмкін, бұл жағдай
оқушыға тындаған мәтіннің мазмұнын
түсінуді қиындатады. Бұл қиындыкгы
жеңудің жолы - оқушылардың пассивтік
және потенциалдык сөздік қорын байыту;
• Әр
адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері
мен интонациялык ерекшеліктері болуы
занды құбылыс. Оқушы өз мұғалімінің
сөйлеу ерекшеліктеріне дағдыланып
алады да, басқа адам айтқан сөзді
түсінбеуі мүмкін. Бұл қиындықты жеңудің
жoлы - сабақта техникалық құралдарды
жиі колдану керек;
• Мұғалім
әдетте сабақта өте баяу ырғақпен
сөйлейді, мұндағы мақсат оқушылар оның
айтқан сөзін түсінсін дегендік. Окушылар
осындай баяу сөзге дағдыланады да, дұрыс
ырғақта сөйлеген сөзді түсінбейді. Міне
бұл қиындықты сабақта тек техникалық
құралды қолдану аркылы жеңуге болады;
• Мұғалім
сабакта шет тілінде сөйлегенде, айтқан
сөзін оқушылар түгел түсінсін деп
бірнеше рет қайталап айтады. Окушылар
осы қайталауға үйренеді. Шынайы
коммуиикацияда сөйлеуші айтқанын
қайталамайды, сондыктан мүғалімнің
мақсаты окушылардың тыңдаған мәтіннің
мазмұнын бір-ақ рет тындағанда түсінуге
үйрету. Ал кей жағдайларда окушылар
мәтіннің мазмұнын бір рет тындағанда
түсінбесе, оны екінші per тыңдатуға
болады, бірақ
та
бұл жолы мүғалім тындайтын мәтінге
косымша бір тапсырма беруіне болады.
Мысалы, мәтінді екінші рет тыңдаңдар
да, бұл оқиғаның басты кейіпкеріне,
оқиға уақытына, оқиға жеріне және т.б.
назар аударыңдар деген сияқты тапсырмалар;
• Келесі
бір қиындық мынада: егер тыңдаушы
сөйлеушініц бет
әлпетін
көріп, оның сөйлеу органдарының
қимыл-қозғалысын
байқап отырса, онда ол өзі тындап отырған
сөзді жеңіл түсінеді, бірақ та мұндай
жағдай үнемі бола бермеуі мүмкін (телефон
арқылы сөйлесу, радиодан хабар тыңдау
т.с.с.). Жоғарыда айтылған қиындыктарды
женудің алғы шарты – мұғалімнің сабакта
техникалык құралдарды кеңінен пайдалануы
және тындау қабілеттерін дамытуға
арналған жаттығуларды дұрыс ұйымдастыра
алуы. Окушылардың ағылшын тілі сабақтарында
тыңдап түсіну қабілеттерін дамытуда
төрт жаттығулар тобын ұсынуға болады.
Бірінші топ жаттығуларынын максаты -
мәтінді тындаудың алдында лингвистикалық
және психологиялық қиындықтарды алдын
ала жою. Екінші топ жаттығудын мақсаты
- мәтінді тындауға арналған жаттығулар.
Мұнда оқушылар мәтіннің тақырыбын,
идеясын анықтай, берілген кестені/сызбаны
жэне т.б. толтыру, сұрактарға берілген
жауаптардың мәгін мазмұнына сәйкес
келетін аныктай және т.б. Үшінші топ
жаттығудың максаты - мәтін мазмұнын
толық түсініп, оқушылардың бойында
төмендегідей іскерліктерді дамыту:
интерпретация, комментарий және талдау
жасай алу. Мысалы, тындаған мәтіннің
тақырыбын талдау, мәтін мазмұнына
берілген ассоциограмманы толтыру,
уақиғаны бағалау, басты кейіпкерді
сипаттау, мәтінді коммуникация жағдайымен
ұштастыра білу және т.б. Үшінші топ
жаттығуларып орындау барысында окушыларға
тірек, таяныш сөздер, жоспар, суреттер,
сызбалар және т.б. ұсынуга болады.
Төртінші топ жаттығудың максаты -
окушыларды мәтін мазмұнының басты
идеясына байланысты ойларын айтқызу,
пікір-талас ұйымдастыру, «дөңгелек
үстел» ұйымдастыру, сахналау, сценарий
жазу жэне т.б. Енді тыңдауға арналған
мәтіндерге койылатын талаптарға токтала
кетсек.
Олар:
• тыңдауға арналған мәтіннің мазмұнының
тәрбиелік
мәні болуға тиіс және оның мазмұны
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
келуі керек;
• мәтіннің
берік логикасы болуы шарт;
• мәтіннің
мазмұнында тындаушылар үшін кызыкты
жаңа мәселе болуы керек;
• мәтін
аутентивті, яғни шындыққа негізделген,
жасанды мәтін емес болуы тиіс. Жоғарыда
айтылған ойларды қорытындылай келе,
оқушылардың тыңдап түсіну іскерліктерін
қалыптастырып, дамыту қажет. Егерде
окушылардың тыңдап түсіну іскерліктерін
дамытпасак, оқушылардың шет тілінде
сөйлей алуға да үйрете алмаймыз.