Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Білім беруді дамыту орталығы
Ағылшын тілі
«SPEAKING CLUB»
атты элективті курс бағдарламасы
(Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәні мұғалімі
З. Н. Хайруллинаның іс-тәжірибесінен)

2023 жыл
Құрастырған: Хайруллина Зульфия Нурболатовна
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-сарапшы.
Рецензенттер: М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті доценті шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, Phd докторы - Зубков В. С.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Дінмұхамед Қонаев атындағы №44 мектеп -гимназиясы» КММ, жоғары санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші - Тасанова Р. Т.
Бұл курс бағдарламасында ағылшын тілін оқытуда сөйлеу біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері берілген. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай жазылып, психологиясын дамытуға лайықталып жазылған. Айтылым, оқылым тапсырмалары арқылы ағылшын тілін оқуға деген қызығушылығын арттырады. Сол арқылы оқушылар сабақты жеңіл меңгеріп, тілді ары қарай үйренуіне ынтасы артып, оқушының сол пәнге деген қызығушылығы пайда болады.
Түсінік хат
Халықаралық қатынастардың кеңеюі, біздің мемлекетіміздің әлемдік қауымдастыққа кіруі шет тілі шынымен де талап етілетін мемлекетке айналдырды. Шет тілдерін оқытудың негізгі мақсаты - коммуникативтік , яғни сөйлеу дағдыларды қалыптастыру. Бұл бағдарлама ағылшын тілін үйренудегі міндетті талаптарды қанағаттандырады, қосымша оқу материалын ұсынады, ол мектептің оқу бағдарламасының материалын жақсы түсінуге және сабаққа жақсы дайындалуға мүмкіндік береді. Бағдарламаның мазмұны түрлі жанрдағы мәтіндердің мазмұнын түсіну дағдыларын меңгеруге, әдеттегі қарым-қатынас жағдайында диалог жүргізуге, қарапайым түп нұсқа мәтіндердің негізгі мазмұнын тыңдауға және өзіңіз үшін маңызды ақпаратты білуге көмектеседі. Ағылшын тілінің курсы сізге ағылшын тілінің қажетті лексикалық минимумын меңгеруге мүмкіндік береді.
Элективті курс 9 сынып оқушыларына арналған. Курста оқушының танымдық қабілетін дамытатын, оқу материалының дидактикалық мақсаты мен оның меңгерілу сатыларына қарай мазмұны мен құрылымына сәйкес келетін тапсырмалар таңдап алынды. Оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілетін арттыру, сөздік қорын дамытуға тапсырмалар негізделген.
- оқушының сөздік қорын дамыту арқылы байланыстыра сөйлеуге үйрету.
- тілдерін дамыту арқылы көркем шығармаларды оқып, талдай білуге үйрету.
- таным көкжиегін кеңейту арқылы сапалы білімге қол жеткізу.
- ауызша және жазбаша сөйлеу тілдерін, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
- ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа баулу.
- баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интеллектуалдық деңгейін көтеру.
Курс міндеттері:
-
Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.
-
Оқушының оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру.
-
Ағылшын елінің шығармаларын оқуға деген қызығушылықтарын ояту.
-
Ауызекі және жазбаша тілді байланыстыра отырып,сөйлеуін ( ойын еркін жеткізу,сауатты да мағыналы, түсінікті жаза білу) дамыту.
-
Шығармашылық белсенділік пен суреткерлік қиялын жетілдіру.
Элективті курстың пәнаралық байланыс негізінде: қазақ тілі және орыс тілі пәндерімен байланыстырылады.
Курсты жүзеге асыру ұзақтығы: 36 сағатқа, аптасына 1сағаттан есептелінді.
Курс өзектілігі:Оқушыларды тіл заңдылықтарын қолдана білуге, ауызекі және жазбаша сөйлеу біліктіліктерін тиімді меңгеруге үйретеді. Ағылшын тілінде сөйлеу өнерін игеруге талпындырады, оқушының ойлау қабілеті мен дүниетанымын
кеңейтіп, шет елдермен
қарым-қатынас кезінде өздерін еркін ұстауға
үйретеді.Оқушыны жан-жақты жетілген,өз бетімен әрекет
ете алатын,
шығармашыл-ізденімпаз тұлға болып
қалыптасуына жағдай
жасайды.
Бағдарлама жаңалығы:
«Speaking club» элективті курс бағдарламасы негізінде оқушылар ұғымдарды, жаңа тіркестерді, сөздерді дұрыс қолдану арқылы өмірде өзі үшін пайдалануды үйренеді.
Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу арқылы баланың өзін қоршаған ортасы, басынан өтіп жатқан оқиғалар, өз бетімен бақылау арқылы жинаған білімін оқу материалымен ұштастыруға, тіл мәдениетінің сөлеу мәдениетінің дұрыс қалыптасуына,ойлау үрдісін дамуына да септігін тигізеді.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушы өз ойын айтуға диалогтық және монологтық қабілеттерін дамытуға
2. Сұрақ-диалог, монологтық баяндай білуге: өзім туралы, отбасы, достық, жұсым, орындар мен мекемелер, ауа райы, үстелде отыру әдебі туралы сипаттама беруге және күнделікті күн тәртібіндегі іс-әрекеттерді айта отырып, толық ақпарат беруге .
3.Шет тіліндегі мәтінге бағыт беру: оның мазмұнын тақырып бойынша алдын ала болжай білуге;
4. Қарапайым мәтіндерді негізгі мазмұнын түсіне білуге және мәтін тақырыбын анықтай білуге
5.Мәтінді тыңдау арқылы мағынасын түсініп,мәтінге сай тпсырмалар орындай білуге дағдыланады.
Lesson plan:


