400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ағылшын тілін 1 сыныптарда оқытудың тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-сыныпта ағылшын тілін оқытудың тиімді жолдары

№4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебі

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Рахманбергенова Анар


Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІ құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 жылдың Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. «Үш тұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз.

Қазіргі уақытта өркениетті ел ретінде көптеген шет елдермен қарым-қатынасымыз күннен-күнге нығайып, беделіміз артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды жақсартуды, оны терең меңгертуді талап етеді.

Ағылшын тілі – ХХІ ғасыр тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Ағылшын тілін біздің халқымыздың жаппай меңгеруі сол тілде жасалған, жасалатын шексіз байлықты аудару машақатынан, артық шығыннан құтқарады. Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – заман талабы. Осы мақсатта ағылшын тілін жетік меңгертудегі басты әрекет – ерте жастан бастап ағылшын тілін оқыту.
Қазіргі таңда ағылшын тілі біздің қаламызда да мектепке дейінгі және 1-сыныптардан бастап оқытылып жатыр. Бұдан бастауыш сыныптарда тіл игеруге жаңа әдістерді қолдану қажеттігі туып отыр, бірақ бұл бұрынғы әдістерді қолданбау керек деген пікір емес. Қайта бұл жаңа методиканың, оқыту әдістерінің дамуына негіз салады.

Өз ана тілін енді ғана меңгеріп, әріп үйреніп келе жатқан балаға ағылшын тілін үйрету оңай жұмыс емес. Бұл мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеп, ерінбей еңбек етуді талап етеді. 1-сыныпта жоғары сыныптардағыдай әр түрлі сөйлемдерді меңгерту, қайталау, бірнеше қайтара естеріне түсіру, тағы да басқа жұмыс түрлері оқушыны жалықтырып шаршатады. Сондықтан да ағылшын тілін игеруде ерте бастан жас деңгейіне сай ойын түрлерін пайдалану оқушының өзіне деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттырады. Өз тәжірибемде жиі кездесетін жағдай балалар сөзді дұрыс дыбыстай алмаудан қысылып, ұялады. Бастауыш сыныптарда оқушының ойлау қабілеті төмен болады. Есте сақтау қабілеті әлсіздеу болады. Сондықтан бала тез есте сақтап қалу үшін мұғалім өз сабақтарында ойын элементтерін пайдалану, рольдік ойындар, жарыстар, түрлі - түсті суреттер, музыка, әр түрлі қозғалыс жаттығуларын қолданып отыруы керек. Оқушының ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып, сабақты қызықты өткізіп, баланы шаршатып алмау керек. Сабақты жоспарлы түрде дайындаған дұрыс. Үйретілетін материал бірінен кейін бірі жалғасып отыру керек. 1-сыныптарда ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін пайдалану оқушының басқа тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Ағылшын тілін үйретуде алғашқы кезде балалардың көздерімен көріп, құлақпен тыңдау арқылы - тыңдау мен сөйлетуге үйрету керек. Бас кезде тек жеке сөздер ғана үйретілетін болғандықтан, заттардың түрлі - түсті суреттерін іліп, ауызша оқылуын айтып бала әріпті танымаса да суретінің астына оқылуын жазып қою керек. Бала сол суретке қарай отырып әріп танымаса да сол сөздің қалай жазылатындығын көзбен көру арқылы есте сақтайды.
Мұғалім сыныптағы дарынды және үлгермеуші оқушыларды да анықтап, олармен де жекелеп жұмыс жүргізіп отыруы қажет. Сондай-ақ, қосымша дәптер арнатып, бастапқы әріп элементтерін де үйрете бастау қажет.

Ағылшын тілін оқытушы мұғалімнің мақсат-міндеті:

- Бала бойына тілге деген қызығушылықты, оны үйренуге деген құштарлықтарын арттыру;

- Оқушыларды сауаттылыққа баулу;

- Жеке тұлғаның заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыт беру;

- Баланың сезімтал, шығармашыл, әлеуметтік, танымдық, тілдік қабілеттерінің дамуына ықпал жасай отырып, оның жалпы дамуына едәуір үлес қосу;

- 1-сыныптан-ақ, оқушыларды шет елдік құрдастар өмірімен, әндерімен, тақпақтарымен, оқулық және ертегі кейіпкерлерімен таныстыра отырып тілді тез және еркін меңгеруге көмек тигізу;

- Теориялық білімді практикалық жұмыспен ұштастыра білуді меңгерту;

- Оларды ұлттық үрдіске тәрбиелеу;

- Баланың білім деңгейін саралап, шығармашылық жұмысқа тарту;

- Оқушының жұмысына бақылау жасау, баға беру;

-Әр оқушыға жеке әдіс амал қолдану.
Көрнекті педагог Ш. Амонашвилидің пікірінше сабақта ойын түрлерін көп қолдану өте тиімді.
Мысалы, мұғалім тақтаға бір сөзді қате жазады. Оқушы қатені түзейді. Оқушы жоқ әріпті орнына қойып, сөзді ағылшын тілінде айтады.

Ойыншықтар аузы байланған қалтада. Ойынның мақсаты оқушылар қалтаның ішіндегі ойыншықтарды қалтаның сыртынан сипау арқылы табу керек. Сол ойыншықтың суретін салуға тапсырма берілсе де болады.

«What is missing?» Жоғалған ойыншықты тап. Өтілген ойыншықтардың суреттерін іліп, мұғалім бір ойыншықты жасырады.

«Close your eyes, heads down! Heads up, open your eyes! What is missing?»
Фонетикалық дағдыны қалыптастыруға «Snake» ойыны және ағылшын тіліндегі жаңылтпаш, тақпақтар жаттатуға болады. Әр сабақ басында тілді жаттықтырып сұрауға болады.

One, one, one

Little dogs run.

Two, two, two

Cats see you.

Three, three, three

Birds in the tree.

Four, four, four

Mouse on the floor.

Why do you cry, Willy?

Why do you cry?

Why, Willy?

Why, Willy?

WhyWilly?

Why?
Творчестволық ойындар, кроссворд, ребус, сканворд шешу ойындары. Оның ерекшелігі - баланың ойлау қабілетін көзімен көру арқылы жетілдіру.

Сабақ ортасында сергіту сәттеріне ағылшын тіліндегі әуенді жаттығуларды орындатуға болады. «The Skeleton Dance», «Crazy Hippo» т.б.

Ағылшын тілін тез меңгерудің тағы бір жолы осы тілдегі балаларға арналған әндер. Мәселен, «My Bonnie», «We can play», «May there always be sunshine», «If you are happy and you know it» т.б.

Қазіргі 1-сыныпқа арналған ағылшын тілі оқулығын игеру алғашында оңай болғанмен, кейін тапсырмалар күрделеніп, қиындай түсті. Осы кезеңде оқушыларды тек оқулық тапсырмасын орындаумен шектеп қоймай, сергіту жаттығулары мен әндерді және балаларға арналған ағылшын тілін үйрететін мультсериалдардан үзінділер көрсете отырып оқыту өте тиімді деп санаймын.
Қорыта келе, ағылшын тілін 1-сынып оқушыларына өз деңгейінде игерту үшін, мұғалім әрбір сабақта жүйелі түрде оз дәрежесінде, түрлі әдіс – тәсілдерді, ойындарды қолдану арқылы өткізсе ғана үлкен жетістіктерге жете алады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
847
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі