жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
Бүгінде еліміз өзінің алдына әлеуметтік жаңғыру, үдемелі инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды міндеттер қояды. Тәуелсіз Қазақстанның XXI ғасырдың үшінші он жылдығындағы негізгі мақсаты – әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру үшін сеніммен қадам басу ниетінде. Осы жағдайларда аға буынның жасампаздығын жалғастыру, ұлттық бәсекелестікке қабілеттіліктің деңгейін одан әрі жоғарылату, Қазақстанның XXI ғасырда гүлденуі мен әлемдік танылуын қамтамасыз ету – білімді, білікті жастарға үлкен үміт пен жауапкершілік жүктейді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің дәрісінде қазіргі күнде отандық білім беру жүйесі халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, жаңа білім мен технологияларды түрлі қызмет аясында қолдана білетін, үнемі өз білімін жетілдіріп отыруға ынталы мамандарды даярлауға бағытталып отырғанын атап өтті. ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өңірінің барлық саласы компьютерлендіріле бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, оқытуға тиянақты түрде көңіл бөлініп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Жалпы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз компьютерлерді қолдану арқылы осы жүйеде ақпараттық жабдықтамаларды барынша тиімді пайдалану. Мұндағы басты жаңалық компьютер тек оқушы қолындағы құрал ғана емес оған қоса төмендегідей маңызды педагогикалық мәселелерді шеше алады\:
– оқушының қабілетіне қарай үйрету ісін ұйымдастыру;
– сабақтағы жұмыс тәсілдерінің тиімді түрін таңдау;
– сабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау.
Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға, оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын ақпараттық қоғамға көштік. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивті әдістерге мыналар жатады: проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар,топпен жұмыс,миға шабуыл әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі, викториналар, мини зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, инсерт әдісі т.б
Білім
берудегі интерактивті технология
(интерактив сөзі-inter (бірлесу) act (әрекет))
сабақ барысында оқушылардың сабаққа
қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана
отырып өткізген сабақтар мұғалімнің
оқу процесінде уақытын үнемдей отырып
оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге
көмектеседі. Интерактивті тақтаның
керемет мүмкіндіктері оқушыларды
таңғалдырады, шабыттандырады. Оқушылар
ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында
олар қызығып,таңғалып, шабыттанып отырып
білім алады.
Білім берудегі интерактивті технология
- мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу),
act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ
барысында оқушының топпен жұмыс жасауға
қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір
толықтыратын, сабақ барысында барлық
оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын
оқыту барысы.
Интерактивті
тақта – бұл компьютердің қосымша
құрылғыларының бірі және де дәріс
берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі
құралдарды біріктіретін: ақпараттың
кескіні мен қарапайым маркер тақтасын
біріктіретін құрал.
Әр мұғалім
сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы
білім беру үшін жаңа технологияларды
пайдалана отырып, сонымен қатар
компьютерді, интерактивті тақтаны
қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың
қызығушылығы арта түсері анық.
Осы жаңа технология стратегияларды
интерактивті тақтадан енгізіп қойсақ,
оқушылар шығып жауаптарын орындайды.
Бұл
сабақты алдын ала электронды оқулықтан
тыңдап, көріп оқушылардың есте сақтауы
бойынша орындатқан тиімді.
«Қазіргі
заманда жастарға ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай
мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп,
Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа
білім беру жолында интерактивті
технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру
мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Осыған орай жаңа экономикалық және
әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық
білім беру жүйесінің алдында тұрған
білім беру сапаларын арттыруға,
стратегиялық міндеттерді шешуге
бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер
педагогикалық үрдіске жаңа талаптар
жүктейді. Елбасы бекіткен Қазақстан
Республикасының индустриялық-инновациялық
дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған
бағдарламасы ақпараттық технологиялар
саласындағы ақпараттық теңсіздікті
төмендетудің және білім деңгейін
арттырудың шешуші тұтқасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық - коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады. Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс. Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс - тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн? Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан - жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Біздің мемлекетімізде жаңа ақпараттық құралдардың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді. Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Білім заңы. Алматы, 2007 ж.
2. Н.Ә.Назарбаев. «Болашақтың іргесін бірге қалайық» Қазақстан халқына Жолдауы. //Егемен Қазақстан, 29.01.2011 ж
3. Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңы. Астана, Ақорда, 2007
4. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген