Тақырып бойынша 14 материал табылды

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
"АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ" тақырыбында ағылшын тілінен мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Абай облысы Ақсуат ауданы Үштөбе ауылы «Өкпеті орта мектебі» КММ

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Какибаланова Маржан Бокебаевна

Аңдатпа. Мақалада ағылшын тілінде білім берудегі цифрландырудың маңыздылығы және білім беру процесінің тиімділігін арттыру үшін оқытушылардың кәсіби маңызды цифрлық құзіреттіліктерін қалыптастыру мәселесі өзектендіріледі. Оқу үрдісіндегі цифрлық білім беруді тиімді қолдану қолдану ерекшеліктері қарастырылады. Әр түрлі цифрлық ресурстарды пайдалана отырып, ағылшын тілін оқытуда қажетті технологиялар нақтыланады.

Бүгінгі таңда шетел тілдерін оқыту мен үйрену түрлі сала мамандарын білікті, нағыз кәсіби тұрғыдан дайындаудың ажырамас бөлігіне айналғандығын мойындағанымыз жөн. Оқыту барысының жоғары сапада болуы, көп жағдайда шет тілінен сабақ беретін мұғалімнің жұмыс жүргізу әдісі, оның заманауилығы, цифрлық құзіреттілігі, дүниетанымы мен уақыт талабына сай әдіс-тәсілдерді аса шеберлікпен қолдана білу қабілетімен тікелей байланысты. «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» А. Байтұрсынов

Ағылшын тілі – заманауи қажеттілік, цифрлық технологиялардың кілті екені белгілі. Уақыт талабына сай оқытушыға тек өз пәнінің терең білгірі болып қана қоймай, ақпараттық коммуникациялық білімді және цифрлық технологияны жан-жақты меңгерген құзырлы маман болу керек. Бұл ұүралдардың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім беру жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы, шығармашылығы енгізілді.

Қазіргі кезде ағылшын тілін оқытуда білім алушылардың қызығушылығын арттыратын интернет желісі арқылы көптеген бағдарламалар бар. Олардың рөлі жылдан жылға артуда және оқытушыға оларды меңгеріп отыру уақыттың талабы. Солардың ішінде өзімнің қолданып жүрген «CANVA» бағдарламасы. Мұндай цифрлық білім беру ресурстарын ағылшын тілінің әртүрлі аспектілерін оқыту үшін ғана емес, сонымен қатар сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін, оқытушының тікелей бақылауымен өз бетінше жұмыс істеу үшін пайдалануға болады. Сонымен қатар, цифрлық технологиялар ағылшын тілін үйрену кезінде оқыту сапасы мен тілді меңгеру деңгейін арттырады.

Цифрлық технологияларды сабақтардың әртүрлі кезеңдеріңде қолданылады. Сол өткізілетін сабақтың ерекшеліктеріне байланысты арнайы видео ойындар, презентациялар, қызықты грамматикалық тамсырмалар дайындалады.

Жоғарыда айта өткеніміздей оқытудың тиімділігін арттыру үшін оқу процесін ұйымдастырудың заманауи формаларын игеру қажет. Бұл процесс мұғалімнің еңбегін едәуір жеңілдетіп, оқушылардың оқуға деген ынтасын, білім беру берудің тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сабақтардағы ақыл-ой жүктемесінің артуы оқушылардың зерттелетін пәнге деген қызығушылығын, олардың сабақ бойындағы белсенділігін қалай қолдау керектігі туралы ойлануға түрткі болады. Цифрлық технологияларды пайдалану баланың қызығушылығын артырып, ынталандыратын ақпараттық ортаны құрастыруға үлкен мүмкіндік береді.

Қазіргі күні сабақ өткізу барысында қозғалмалы видео ойындар қолдану өте сұранысқа ие тәсіл болып отыр. Сондықтан оны жүйелі түрде орнымен қолдана білу де үлкен өнер. Мұғалімдер өз сабақтары барысында мультимедиялық технологияларды жиі қолдануға тырысады.

Цифрлық технологияларды сабақ кезінде қолданудың беретін оңды жақтары:

- Сабақ үстінде оқушылардың назарын ұстауға көмектеседі;

- Алынған білімге деген сұранысты сақтаудың көмегімен оқушылардың ынтасын одан әрі арттырады;

- Оқушыларға кітап пен оқулықтарда жазылып қойған дайын материалды пассивті түрде беру әдісін түрлендіруге көмектеседі;

- Оқушылардың оқуға, білімді игеруге деген қызығушылықтары мен ішкі мотивацияларын арттырады;

Тағы бір айта кететін жайт, цифрлық технологияларды қолдану тәсілі заманауи сабақты сапасы жағынан өте жоғары деңгейге шығаруға, мұғалімнің оқушылары арасындағы мәртебесін арттыруға, білім алмасу процесі кезінде жаңа креативті әдістерді қолдануға, оқушылардың білім көрсеткіштерін бақылауға және есепке алуға мүмкіндік береді. CANVA бағдарламасы көмегімен мұғалім өткізілмекші сабақтың ең ұтымды және жарқын деген сәттерін нақты көрсете алады. Мұндай бағдарламаның ең басты қарастырылатын факторлар оның тезистілігі мен көрнекілігінде. Яғни тезис ол мұғалімнің немесе сөйлеушінің көмекші құралы, ал көрнекіліктер оқушыларға арналады. Әрбір мұндай бағдарлама – бұл ұстаз өзі қалаған тәсілмен қолданысқа енгізе алатын және оны кез келген сәтті өңдеп, өзгертіп жібере алатын, іш пыстырмайтын компоненттерге толы ашық дидактиканың бір түрі. Жаңа материал түсіндірілген кезде цифрлық технологиялардың мұғалімнің сенімді серігі ретінде оның сөзіңе реңк беріп, байытады және тез әрі оңай түсіну үшін қолжетімді. Бұл әдіс балалардың материалды тек қана аудио арқылы емес визуализация арқылы қабылдауларына да көмектеседі. Осылайша түсіну тек ауызша ғана емес, визуалды тәсілдің сүйемелдеуі бойынша жүзеге асырылады. Ақпаратты қабылдаудың бірнеше әдістерін бір уақытта қолдану білім алу процесін тіпті де эффективті етеді. Сондай-ақ цифрлық технологиялар тек қана көрнекілік ретінде ғана емес, білімді ретке келтіруге үлкен көмек береді. Балаларға презентация логикасы негізгі ұғымдар олардың өзара байланысы арқылы айқын көрінеді. Мәселен, егер мұғалім сабақ жүргізу барысында мультимедиялық проекторды пайдаланып, экрандағы слайдтармен суреттесе бала ақпаратты өте жоғары сапалы түрде қабылдай алады. Canva бағдарламасымен жасалған презентацилық сабақ беру сол тақырыптың деңгейі мен құрылымына байланысты жоспарланады. Тақырып түсіндіріліп болғаннан кейін оқушылар ауызша жаттығуларды шешіп талдайды және жазбаша тапсырмаларды дәптерге түсіріп жұмыстанады.

Сонымен, жоғары да айтылып өткен мәліметтерді қорытындылар болсақ, жаһандану әр тұлғаның өмірінде ажырамас бөлікке айналған, жиырма бірінші ғасырда ағылшын тілін білудің маңызы күннен күнге артып келеді. Тіл үйрету мен үйренудегі көптеген қажырлы еңбек пен күш-қуатты талап ететін, бұл процессте тиімді әдісті таңдаудың маңызы өте зор.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Электрондық оқыту ортасында педагогтардың құзырлығын қалыптастыру» Ахметова Г.К, Мұхамбетжанова С.Т. Алматы 2012

2. Китайгородская Г.А. Шет тілдерін қарқынды оқыту: теория және электронды ресурс тәжірибесі

3. Козлова Е.В. Значение английского языка в современном мире.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12