|
«М.О.Әуезов атындағы
педагогикалық колледжі» КМҚК
Шығыс Қазақстан облыстық білім
басқармасы
КГКП «Педагогический колледж
имени М.О.Ауэзова»
Управление образования
Восточно-Казахстанской области
|
Методическая
инструкция
СМК МИ-7.5-24-01
Оқу-әдістемелік кешенді
құрастыру туралы әдістемелік
нұсқаулық/
Методическая
инструкция по оформлению учебно-методического
комплекса
|
Издание /басылым
1/2017
Стр/бет.
0 из 10
|
«Шет
тілі»
ПӘК отырысына
арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Ағылшын тілін оқытуда жаңашыл
технологияларды
қолдану
Асылбек
Д.М.
Шет тілі пәнінің
оқытушысы
Семей, 2021
ж
«БЕКІТІЛДІ»
Директордың ғылыми әдістемелік
ісі жөніндегі орынбасары
______________
А.К.Боленбаева
« ____» ___________ 2021
ж.
___________________
(қолы)
«___»__________20____ж
«КЕЛІСІЛДІ»
«Шет тілі» пәндік әдістемелік
комиссиясының төрағасы:
___________ Б.Ж.Койгельдина
«
____» ___________ 2021 ж.
Мақсаты:
Білім алушыларды қазіргі қоғам
сұранысына сай, өзінің өмірлік
іс-әрекетінде жаңашыл технологиясын қажетті деңгейде
пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде
тәрбиелеу, яғни білім алушылардың интеллектін,
шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін
қалыптастыру.
Міндеттері:
-
Жаңашыл технология туралы
түсінік беру;
-
Ағылшын тілі сабағында ONLINE
TEST PAD платформасын қолдану тиімділігін
көрсету;
-
ONLINE TEST PAD платформасын
қолдануды көрсету.
Жоспары:
-
Жаңашыл технологиясы туралы
жалпы түсінік
-
Жаңашыл технологиясының
артықщылықтары
-
Ағылшын тілі
сабағында ONLINE TEST PAD
платформасын қолдану
Еліміздің болашағы көркейіп,
өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен
көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті
оқыту, яғни әр білім алушының табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы
жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім
беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа
технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы
іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.
В.Кларин технология сөзінен
қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту-үйретудегі амалдардың
жиынтығы, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы,
қарым-қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) «педагогикалық
мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен
әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті» –
деп түсінік берді. Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке,
оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны
жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды
ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық
технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен
тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі,
технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа
педагогикалық технология білім алушының жетілген тұлға ретінде
дамуы үшін маңызы зор.
«Педагогикалық технологиялар –
бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен
әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ
тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының,
тұрпаттары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда
әрбір құрамның басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында студенттің
дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын
құрайды».
Қашықтан оқытуда жаңа
технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, білім алушының
шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде
пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына
әкеледі. Жаңа педагогикалық
технология мақсаты – оқытуды
ізгілендіруі, яғни оқу құралдары білім алушылардың өздігінен
танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа
педагогикалық технология түрлері өте көп.
Адамзат қоғамында барлық
салалардағы жаһандық және қарқынды өзгерістер қазіргі тарихи
кезеңдегі білімнің ерекшелігін анықтады. Қазіргі қоғамның дамуында
білім беру жүйесінің негізгі міндеті жоғары әлеуеті бар шығармашыл
ойлайтын мамандарды тәрбиелеу болып табылады. Білім беру жүйесі қос
функцияны орындайды: бір жағынан, бұл үйлесімді дамыған, белсенді,
шығармашылық тұлғаны қалыптастыру болса, екінші жағынан, қоғамның
кадрлық әлеуетін дамытуды қамтамасыз
етеді.
Бүгінгі таңда келесі кәсіби
дағдылар бірінші орында қажет етеді: өзгермелі нарықтық жағдайларға
тез бейімделу мүмкіндігі; қоғамда болып жатқан процестерге
бағдарлану қабілеті; теле коммуникациялық құралдарды қолдана
отырып, ынтымақтастық жасау мүмкіндігі; сыни ойлау және тәуелсіз
шешімдер қабылдау қабілеті. Жаңа уақыт қоғамда бәсекеге
қабілеттілікті арттыруға көмектесетін жаңа оқыту мүмкіндіктерін
ұсынды. Қашықтан білім беру технологияларын тиімді енгізу және
электрондық білім беру ресурстарын пайдалану педагогикалық
қызметкерлер мен білім алушылардың интернеттің ақпараттық және теле
коммуникациялық желісіне сапалы қолжетімділігі болған жағдайда
мүмкін болатыны айқын.
Қазіргі уақытта қашықтан
оқытуда ONLINE TEST PAD платформасы арқылы жаңа оқыту технологиясы
негізінде өткізілген сабақ үрдісінде өзімнің іс-әрекетім. 24 топқа
кәсіптік шет тілі сабағынан «The Present Continuous» тақырыбын өту
барысында:
1.Топқа бөліп, ой
қозғадым.
2. Тақырыпқа қызықтырып
бағыттадым.
3.Тақырыпқа қатысты
мақал-мәтелдер жинақтауды ұсындым.
4.Тақырыпты талдауға
пікірталас ұйымдастырдым.
5.Өзекті мәселелерге
студенттің көзқарасын анықтадым.
6.Шынайы өмірмен байланыстыру
арқылы баға беруге бағыттадым.
Білім алушы
белсенділігі:
1.Топтарда жұмыс
жасады.
2. Мәтінмен өздері
танысты.
3. Әр түрлі әдістер арқылы
шығарманы саралады.
4. Жеке кейіпкерлерді талдады,
олардың іс-әрекетін зерттеді.
5. Ой қорытып, оны чатқа
жазды.
Студенттердің тақырыпты толық
меңгергендерін ONLINE TEST PAD цифрлық платформам арқылы анықтадым.
ONLINE TEST PAD цифрлық платформасына тоқтала кететін болсам,
қазіргі білім беру жүйесінде заманауи инновациялық технологияларды
қолдану, онлайн оқытуда интернет платформаны таңдау өте маңызды.
Танымал техникалық платформалардың бірі – білім алушылармен жұмыс
істеуге арналған OnlineTestPad интернет платформасы. Online test
Pad платформасының мүмкіндіктері мол.
Тест конструкторы – мұнда
оқытушы студенттермен кері байланыс жасау үшін тест тапсырмаларын
жасауға және бақылау жұмысы тапсырмаларын ұйымдастыруға мүмкіндік
алады. Сауалнама конструкторы – мұнда оқытушы студенттерден
сауалнама түрінде тапсырмаларын ұйымдастыруға мүмкіндік алады.
Сөзжұмбақ конструкторы –мұнда оқытушы қайталау сабақтарын немесе
ашық сабақтарды қызықты түрде өткізу үшін сөзжұмбақ құрастыруға
және оны ұйымдастыруға мүмкіндік алады. Комплексті тапсырмалар –
мұнда оқытушы өз сабақтарына қажетті оқу-дидактикалық материалдарды
жинақтап, арасында білім алушылармен көмекші құрал ретінде
қолдануға мүмкіндік алады.
Диалогты тренажерлар – мұнда
оқытушы әсіресе тіл мамандардың ұстаздары, қазақ тілі, орыс тілі,
ағылшын тіліндегі сабақтарды диалогты түрде тапсырмаларды қолдануға
мүмкіндік алады.
Online test Pad платформасында
сабақты ұйымдастырудың сегіз қадамы қарастырылады: – бұл жерде
қолданушы тіркеледі, яғни электронды поштасына жаңа аккаунт
жіберілді, қолданушы сол сілтемені басу арқылы активтендіреді.
Пароль және логинмен тест онлайн платформасына енуге мүмкіндік
алады; оnline test Pad платформасындағы мүмкіндіктерді тегін
қолдану: профиль. сауалнама, тесттер, сөзжұмбақтар, диалогтар,
комплексті тапсырмалар; оnline test Pad платформасында менің
профилім туралы мәлімет толтыру. Бұл жерде қолданушының аты-жөні
және қосымша мәліметтерді толтырады. Себебі бұл сіз нақты түрде
оқытушы екеніңізді растайсыз және осы жерде барлық жұмыстардың
авторы болуға негіз болатын лицензиялық құжатыңызды
әзірлейсіз.
Төртіншіден – онлайн түрде
сабақтарды әзірлеу барысында сабақтарыңыз міндетті түрде жарияланып
тұрағынын, статус түрінде ашық екен көруіңізге, және өз
сабағыңыздың интерфейсі алдын ала әзірленіп, сабаққа дайын екенін
растайтын құжат; негізгі сілтемені және параматрлерін әзірлеу
барысында қолданушы негізгі сілтемені көшіріп Whats up желісіне
немесе басқада сайттарға жіберу арқылы сабақтарыңызды жариялап
отырасыздар; сабақтың мазмұнынан келсек – сабақтардың тақырыптары
мен қысқа мерзімді жоспары беріліп отырады және оны қолданушыда,
студентте сабақ жарияланғаннан бастап көре
алады.
Жетіншіден нақты ұйымдастыру
және сабақты енгізу тәсілдері шеңберінде қолданушы сабақты
ұйымдастыруда неше түрлі форматтағы мәліметтерді енгізіп отырады.
Мысалы: мәтін, сурет, сілтеме, PDF формат, YouTube бейне сабағын,
аудио файлдарды, файлдарды жүктеуге осындай форматтағы мәліметтерді
енгізіп, осы сабақтың тақырыбын, яғни қысқа мерзімді жоспарын
енгізіп, содан кейін оқушыларға беретін тапсырмаларды беруге, осы
арқылы үлестіруге мүмкіндік береді. Барлық тапсырмалар сақталады.
Сегізінші қадамдағы Online test Pad платформасында кері байланысқа
тест тапсырмаларын құрастыруды атсақ, бұл жерде оқытушы білім
алушылармен кері байланыс жасау үшін тест тапсырмасын немесе
бақылау жұмысы тапсырмаларын ұйымдастыруға мүмкіндік алады. Барлық
тапсырмалар сақталады.
Қорыта айтқанда, жаңашыл
технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана
оқытушының шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен
ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын
арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр
оқытушыдан оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын
іскерлікті талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1. «Мұғалім kz»
республикалық оқу – әдістемелік журналы, Алматы,
2017. №4,
19-25
беттер.
2.
А.Иманбаева,Оқу – тәрбие үрдісін
ақпараттандыру жолы. Қазақстан мектебі, №2,
2000
3. Қазақстан Республикасының
білім мекемелерінде информатика пәнін оқыту. І том. Алматы,
2006.
4.
https://bilimdinews.kz/?paged=7&cat=917
(«Бiлiмдi ел – Образованная страна»
газеті).
5.
https://bilimainasy.kz/жаңа-педагогикалық-технологияларды/
(Білім айнасы
газеті).