жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Ағылшын тілін оқытуда жасанды интеллектті қолдану арқылы білім алушылардың танымдық белсенділігін дамыту»
«Ағылшын тілін оқытуда жасанды интеллектті қолдану арқылы білім алушылардың танымдық белсенділігін дамыту».
Өтегенова Гүлнәр Бақытбекқызы
Атырау жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжі
Ағылшын тілі пәні оқытушысы, Педагогика ғылымдарының магистрі
АҢДАТПА
Цифрлық дәуірде білім беру технологиялары қарқынды дамып, жасанды интеллект оқу процесінің маңызды элементіне айналуда. Ағылшын тілі сабағында жасанды интеллектті қолдану білім алушылардың интеллектуалдық ойлау дағдыларын дамытудың тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Бұл технология білім алушылардың сыни ойлау, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге, оқу процесін персонализациялауға және тілдік дағдыларды терең меңгеруге мүмкіндік береді. Жасанды интеллект платформалары арқылы оқыту, оқу мотивациясын арттырып, олардың аналитикалық және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
Кілттік сөздер: Жасанды интеллект, цифрлық білім беру, интеллектуалдық ойлау, сыни ойлау, шығармашылық қабілет, білім берудегі инновациялар.
АННОТАЦИЯ
В эпоху цифровых технологий образовательные технологии быстро развиваются, и искусственный интеллект становится важным элементом образовательного процесса. Использование искусственного интеллекта на уроках английского языка является одним из эффективных способов развития навыков интеллектуального мышления у обучающихся. Данная технология позволяет совершенствовать критическое мышление, творческие способности обучающихся, персонифицировать учебный процесс и глубоко овладеть языковыми навыками. Обучение с помощью платформ искусственного интеллекта повышает мотивацию к обучению и способствует развитию их аналитического и логического мышления.
Ключевые слова: Искусственный интеллект, цифровое образование, интеллектуальное мышление, критическое мышление, творческие способности, инновации в образовании.
ABSTRACT
In the digital age, educational technologies are developing rapidly, and artificial intelligence is becoming an important element of the educational process. The use of artificial intelligence in English lessons is one of the most effective ways to develop students' intellectual thinking skills. This technology makes it possible to improve students' critical thinking and creativity, personalize the learning process, and master language skills profoundly. Learning through artificial intelligence platforms increases motivation to learn and promotes the development of their analytical and logical thinking.
Key words: Artificial intelligence, digital education, intelligent thinking, critical thinking, creativity, innovation in education.
Кіріспе
Бүгінгі таңда заманауи цифрлық оқыту технологияларын қолданбай ағылшын тілін оқыту мүмкін емес, соның ішінде ынтымақтастықта оқыту, жоба әдісі, ақпараттық технологиялар. Бұл мәселенің өзектілігі- цифрлық ресурстардың жоғары коммуникативті мүмкіндіктермен сипатталады және білім алушыларды оқу қызметіне белсенді қоса алады, сөйлеу және тыңдау дағдыларының білімі мен әлеуетін жандандырады, білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілік дағдыларын тиімді дамытады. Бүгінгі таңда заманауи трендтерді қолдану мүмкіндіктері қоғамға өз қызметінде жетістікке жететін тәуелсіз және дербес әлемде тез бағдарланатын адамдар қажет екені белгілі. Кез-келген инновациялық қызметтің негізінде шығармашылық бастама жатыр. Шығармашылық қызмет тұлғаның эмоционалды және интеллектуалды салаларын дамытуды қамтиды. Бұл қазіргі білім беру процесінің басты міндеттерінің бірі. [3]. Оқу орындарында оқу қызметі осы мәселені шешуді қамтамасыз ететін нақты технологияларды қолдануды талап етеді. Оқытудың цифрлық инновациялық формалары: Ақпараттық - комуникативтік технология, жоба әдісі, сыни ойлау технологиясының әдістері, және қазіргі таңда айтылып, сабақ процессіне жаңалық енгізген -Жасанды интеллект.
Негізгі бөлім
Жасанды интеллект (Artificial intelligence (AI)) – компьютердің немесе роботтың ойлау, түсіну, қорыту немесе өткен тәжірибе негізінде үйрену қабілеті сияқты, адамдарға тән ойлау процестерімен байланысты тапсырмаларды орындау қабілеті. Жасанды интеллект (ЖИ) – адамның ойлау процесін компьютерлік жүйелермен модельдеу. Жасанды интеллект жыл сайын адамзаттың өмірі мен жұмысында үлкен өзгерістер әкелуде. [1]. Бұл өзгерістер ғаламдық маңызға ие және олардың бірі - әрбір оқытушы қызметін жаңарту және оларды жаңа мүмкіндіктермен қатарластыру. Жасанды интеллект қазіргі заманғы білім беру конфигурациялық күшіне айналды, оқытушылар мен студенттер үшін бұрын - соңды болмаған мүмкіндіктерді ұсынып отыр. Жасанды интеллектке негізделген құралдар мен қосым-шалардың кең ауқымы дәстүрлі оқыту әдістерін өзгерту үшін пайда болды, бұл білім берушілерден осы инновацияларды өз педагогикалық стратегияларына біріктіру үшін олардың әлеуетін түсінуді талап етеді. ЖИ-дің оқытушылар мен білім алушыларға пайдасы: 1.Уақытты үнемдеу; 2. Жеке оқыту; 3. Оқу материалдарын әзірлеу; 4. Оқу процесін талдау; 5. Интерактивті оқыту; 6. Кәсіби даму; болып табылады.
Ағылшын тілі сабақтарында цифрлық ресурстарын қолданудың негізгі мақсаттарына:
- тіл үйренуге деген ынтаны арттыру;
- сөйлеу құзыреттілігін дамыту: шет тіліндегі мәтіндерді түсіну қабілеті, сондай-ақ дәйекті дәлелді мәлімдемелерде ақпарат беру мүмкіндігі;
- лингвистикалық білім көлемін ұлғайту;
- Оқытылатын тіл елінің әлеуметтік мәдени ерекшелігі туралы білім көлемін кеңейту;
- ағылшын тілін өз бетінше үйрену қабілеті мен дайындығын дамыту; [4].
Қойылған мақсаттарға сәйкес мынадай міндеттер айқындалады:
Ағылшын тілі сабақтарында цифрлық жүйесін қолданудың өзектілігін қарастыру.
Ағылшын тілі сабақтарында шығармашылықты дамыту құралы ретінде цифрландыруда оқытудың тиімділігін арттыру;
ағылшын тілі сабақтарында шығармашылық қызметті дамытуды қарастыру.
Ағылшын тілі сабақтарында цифрлық жүйесі арқылы қолдану тәжірибесін жинақтау.
ЖИ мақалалар, есептер, жазбалар, түйіндер, аудармалар және басқа мәтіндік материалдарды жасау мен суреттерді, иллюстрациялар, фотосуреттер, инфографикалар, мемдер және басқа визуалдық контенттерді генерациялау және өңдеу. Бейнелер, анимациялар, презентациялар жасау, сондай-ақ бар бейнематериалдарды жақсарту және өңдеуі. Мәтіндерді дыбыстау, сөйлеуді синтездеу, подкасттар және аудиокітаптар жасау сияқты аудиоматериалдарды генерациялау. Кестелер, графиктер, диаграммалар құру, сондай-ақ мәліметтерді талдау және визуализациялау. Математикалық және статистикалық модельдерді ұсыну, деректерді талдау негізінде болжаулар жасау, трендтер мен сценарийлерді болжау. Чат-боттар, виртуалды көмекшілер және пайдаланушылармен нақты уақытта сөйлесе алатын басқа да интерактивті жүйелерді жасау. Ойын сценарийлерін жасау және басқару, виртуалды әлемдер және тренажерлер жасау болып табылады. [1] . Менің ойымша, адаптивті оқытуда әрбір білім алушының қажеттіліктеріне сәйкес оқу материалдарын бейімдеп, жекелендіру оқыту тәсілдерін ұсынады. Интеллектуалды оқыту жүйелерінде, ЖИ негізінде құрылған оқыту жүйелері оқу барысын қадағалап, оларды дұрыс бағытта дамытуға көмектеседі және де ЖИ білім алушылардың жұмыстарын автоматты түрде бағалап, оларға жылдам және дәл кері байланыс беру арқылы оқытушылардың жұмысын жеңілдетеді, содан соң, ЖИ оқу материалдарын жасауға және бейімдеуге көмектесіп, оқытушыларға уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. ЖИ негізіндегі құралдар, мысалы, виртуалды оқыту ассистенттері, білім алу процесін қызықты әрі тиімді етеді.[2]. Жалпы, ЖИ заманауи білім беру жүйесін тиімді қолдануда осындай мақсаттар қойдым:
1. Ақпараттық сауаттылықты арттыру: Жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы білім алушылардың мәліметтерді іздеу, өңдеу және талдау дағдыларын дамыту.
2. Шығармашылық ойлау: Жасанды интеллект көмегімен жаңа идеяларды әзірлеу және шығармашылық жобаларды орындау.
3. Сыни ойлау: Жасанды интеллект арқылы талқылау және талдау жүргізу, сондай-ақ ақпаратты сынақтан өткізу және сараптау қабілетін дамыту.
4. Коммуникативтік дағдылар: Жасанды интеллектпен жұмыс істеу арқылы тілдік қарым-қатынас дағдыларын жақсарту. [5].
Жасанды интеллект (ЖИ) ағылшын тілі сабағында білім алушылардың тәжірибесін өзгертуде маңызды рөл атқарады. ЖИ құралдары оқу процесін жекелендіру арқылы әртүрлі деңгейде және жылдамдықта білім беруге мүмкіндік береді. Бұл олардың интеллектуалдық ойлау дағдысын дамытуда тиімді болады, себебі, жеке қажеттіліктері мен деңгейлеріне сай тапсырмалар мен материалдар ұсынылады. ЖИ көмегімен студенттердің оқу нәтижелері жақсарады, мотивациясы артады, білім беру үдерісі жаңарады[3]. ЖИ платформалары тіл үйренуді тиімдігін көтереді, өйткені, олар білім алушыларға жылдам кері байланыс (рефлексия) беріп, қателіктерін түзетуге көмектеседі[3]. Бұл олардың қатемен жұмыс жасап, тез арада түзетуіне мүмкіндік беріп, дағдыларын жетілдіріп, ағылшын тілін меңгеру жылдамдығын арттырады[3]. ЖИ платформалары оқу процесін жекелендіріп, әрбір білім алушының қажетіне сай тапсырмалар мен материалдар ұсынады, мысалы, Duolingo, Babbel сияқты қосымшалар олардың деңгейін талдап, қиын немесе жеңіл тапсырмалар береді. Әр студент тапсырманы дұрыс орындаса, жүйе оның деңгейін жоғарылатып, жаңа материал ұсынады, ал қателіктері болса, жүйе қосымша жаттығулар береді.[3] Білім беру процесіне жасанды интеллектті маңызы ретінде, оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Олар оқу үлгерімін талдау, білімдегі олқылықтарды анықтау және жекелендірілген оқу жоспарларын әзірлеу үшін интеллектуалды жүйелерді пайдалана алады. Бұл әр білім алушыға жеке көзқарасқа назар аудара отырып, уақыт пен ресурстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Өзім қолданып жүрген Copilot, ChatGPT немесе басқа ұқсас нейрондық желі сабақтың мақсатын, уақытын, жоспарланған нәтижелері мен іс-әрекеттерін көрсете отырып, нақты сұраныс болған жағдайда сабақтың технологиялық картасын жасауға көмектесіп жүр, яғни кез келген мәтіндік және идеялық тапсырмаларыңызды орындауға көмектесетін виртуалды көмекші. Ол диалог жүргізіп, мәтін жазып, бағдарламалау кодын жасап, шығармашылық жобаларға көмек береді. Машиналық оқытуға негізделген интерактивті тапсырмалар айтылымды, грамматиканы және лексиканы пысықтауға, қызықты және динамикалық жаттығуларда, сондай-ақ интерактивті тапсырмалар мен диалогтар арқылы оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл студенттердің тілдік дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, сыни ойлау мен шығармашылықты қалыптастыруға ықпал етеді. Мысалы, twee нейрондық желісі барлық дағдыларды, сондай-ақ грамматика мен лексиканы үйренуге арналған тапсырмаларды жасауға көмектеседі. Оның көмегімен бейнені мәтінге айналдыруға болады. Қолданба Британдық немесе Американдық Ағылшын тіліндегі барлық деңгейлер үшін кез келген тақырыпта тапсырмалар жасай алады. Чатбот бірнеше минут ішінде жас ерекшеліктерін және тілді меңгеру деңгейін ескере отырып, қажет тақырыпқа арналған түпнұсқа мәтінді ұсына алады. [4]. Мәтіндерді аударуға қолданып жүрген тағы бір нейрондық желі, тіпті айтарлықтай үлкен деп айта аламын- DeepL- қарапайым аудармашы платформалармен салыстырғанда, ол контекстті әлдеқайда жақсы қарастырады. Жаңа лексиканы үйрену кезінде боттан оны түпнұсқа сөйлемдерде немесе мәтіндерде қолдануды сұрауға болады. Сөйлем контекстінің көмегімен білім алушылар оның мағынасын жақсы есте сақтайды. Егер маған белгілі бір грамматикалық тақырып бойынша сөздердің тізімі немесе оқу клубына арналған ағылшын тіліндегі көркем әдебиеттер тізімі қажет болса, бірнеше нұсқаны ұсынатын чатботқа жүгініп, содан кейін оларды талаптарға бейімдеп қолдана аламын. Сөйлеу дағдыларын дамыту үшін Deep English ai Chatbot-та сөйлесуге немесе хат алмасуға болады, ал боттың өзі сөйлесу тақырыбын ұсына алады, сонымен қатар оның арсеналында коллокацияны бар-жоғын тексеру немесе идиоманың шығу тегі туралы айту мүмкіндігі бар. [7]. Қазіргі білім беруде кез-келген пәндік салада жобалық қызметке үлкен мән беріледі, ал мультимедиялық презентация осы қызмет түрінің тікелей бөлігі болып табылады, бұл жағдайда Tome, gamma, SlidesGPT, Canva-платформалары сабақтарға презентация жасауда, әдістемелік мақсаттар үшін де, конференцияларда сөйлеу, өзінің педагогикалық тәжірибесін ұсынуда қолдана аламын. SmallTalk2Me студенттің тілді меңгеру деңгейін тексере алады, IELTS немесе job interview-ке дайындығын тексере алады. Сонымен қатар, қосымша әртүрлі курстарды, жасанды интеллект көмегімен лексиканы үйренуді, сондай-ақ сөйлеуді талдауды ұсынады. [3].
Сабақ процессінде dashboard.blooket.com мен Yippity платформасымен білім алушыларға қызықты тест тапсырмаларын жасақтап, орындатамын. Бұлар интерактивті сұрақ-жауаптар мен викториналар жасауға арналған платформа. Ол оқыту процесін қызықты әрі тиімді етуге мүмкіндік береді. Мен үшін, бұл оқытудың қызықты тәсілі, жеңіл интерфейс, білімді тексеру және бекітуге көмектесіп жүр. Мысалға, «Шетел балалар әдебиеті оқыту әдістемесін меңгеру» сабағында Оскар Уайльдтың «Дориан Грей портреті» романын оқыған соң, білім алушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында character.ai платформасы арқылы кейіпкермен тікелей сөйлестік, яғни хабарлама (смс) жазу мен тікелей аудиозвонок арқылы екі түрде таңдап кез келген атақты кейіпкерлермен байланыс жасауға болады.
Ағылшын тілі сабақ процессінде ЖИ қолдану білім алушының интеллектуалдық ойлау дағдысын дамытуына ықпалы зор. Білім алушылардың интеллектуалдық ойлау дағдыларын қалыптастыруда, жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы білім алушылар мәтіндерді талдау, аргументтерді бағалау және логикалық шешімдер қабылдау дағдыларын дамыта алады. Мысалы, чат-боттармен пікірталас жүргізу арқылы немесе жоғарыда айтқандай роман кейіпкерлерімен байланыс жасау сияқты, өз ойларын нақты және жүйелі түрде білдіруді үйренеді. ЖИ креативті құралдарын пайдаланып, жаңа идеялар мен шешімдерді ұсыну қабілеттерін дамытады. [7]. Мысалы, әңгімелер немесе өлеңдер жазуда ЖИ платформасынан көмек алу арқылы олардың шығармашылық қабілеттері артады. ЖИ негізіндегі модельдер мен алгоритмдерді қолдану арқылы күрделі мәселелерді шешу дағдыларын жетілдіреді. Бұл оларға нақты өмірдегі мәселелерді шешуге көмектеседі. Жасанды интеллекттің үлкен деректерді талдау қабілеті арқылы статистикалық деректерді түсіну және талдау қабілеттерін дамытады. Бұл олардың аналитикалық ойлауын нығайтады. ЖИ құралдарын қолдану арқылы түрлі пәндер арасында байланыстар орнатып, кешенді түсініктер қалыптастыра алады. Бұл олардың интеллектуалдық ойлау өрісін кеңейтеді. [6].Бұл аспектілер білім алушылардың интеллектуалдық ойлау дағдыларын ЖИ арқылы қалай қалыптастыруға болатынын көрсетеді. ЖИ платформалар әртүрлі тілдерде жұмыс істей алады, бұл ағылшын тілін ғана емес, басқа да шет тілдерін үйренуге көмектеседі. Жалпы, жасанды интеллект платформаларын сабақта қолдану білім берудегі сапаны оқушы қызығушылығын арттыруда тиімді екенін нақты сеніммен айта аламын. [6].
Қорытынды
Қорытындылай келе, білім алушылардың оқу мотивациясын арттыру және оқу тиімділігіне қол жеткізудің нәтижесінде сабаққа жақсы дайындалып, жоғары бағаларға қол жеткізеді. Бұл олардың академиялық жетістіктерін арттырады. [5]. Мотивацияланған студенттер сабаққа белсенді қатысып, өздерін қызықтыратын тақырыптарды зерттеуге ұмтылады, өз бетімен оқуға дағдыланып, оқу материалдарын өздігінен меңгере алады, шығармашылық қабілеттерін арттырып, жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, топтық жобаларда белсенді жұмыс істеп, өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдыларын дамытып, уақытты басқару, мақсат қою және шешім қабылдау сияқты өмірлік маңызды дағдыларды дамытады.
Пайдаланылған әдебиеттер
«Зерттеушіге арналған 50 түрлі жасанды интеллект платформасы». Автор: Нұржан Мұхтарұлы Academic bilim kz.
"Түлкі Күштері" редакциясы. Білім берудегі жасанды интеллект: қолдану перспективалары мен мысалдары: / / "Фоксфорд" білім беру платформасы. URL: https://media.foxford.ru/articles/neyroseti-vobrazovanii?ysclid=lxki6v83nh766598288 (өтініш берілген күні 17.06.2024)
https://bilim-all.kz/article/23230-Agylshyn-tili-sabagynda-zhasandy-intellekt-qurylgylaryn-qoldanu
https://begemot.ai/projects/2338337-agylsyn-tili-sabaqtarynda-zasandy-intellektti-qoldanu
Тағылым Республикалық ғылыми әдістемелік журналының 2024 жылғы қазан айындағы «Жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалім» №10 (129)
А.Әлімов "Интербелсенді әдістерді ЖОО қолдану" https://files.student-it.ru/previewfile/240196
Педагогикалық білім берудегі Жасанды интеллект негізіндегі жүйелер: мүмкіндіктері мен салдары https://www.vestnik-asu.kz/jour/article/view/897

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген