Алматы облысы Іле ауданы Жайнақ ауылы №31 орта мектеп МКМ
Бабанқызы Марал
Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында әдістер мен жаттығуларды пайдалану
Оқу әдістемелік құрал

Мазмұны
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім Ағылшын тілі сабағында тиімді әдістер мен жаттығуларды пайдаланудың маңыздылығы.............................................................................. 4-8
III. Қорытынды......................................................................................... 9
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ............................................................... 10
Мақсаты:
-
Шетел тілі сабағында ауызша сөйлеуге үйретудің маңыздылығын айқындау;
-
Ауызша сөйлеуге үйретуде қолданылатын әдістер мен технологияларды айқындау;
-
Ауызша сөйлеуді дамыту үшін орындалған іс-тәжрибелік жұмыстар нәтижесін айқындау;
-
Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын дамытудың әдістемесін жасау және оның тиімділігін тексеру.
Егер оқушылардың сөйлеу дағдысында әдістер мен технологиялар тиімді пайдаланылса, онда оқушылардың оқу мотивациясы мен сөйлеу дағдысы қалыптасып, шығармашылықпен әрекет жасау дағдылары дамиды.
Міндеттері:
-
Оқушылардың ағылшын тілінде ойлау қабілеттерін жетілдіру.
-
Оқушылардың ағылшын тілін тыңдап түсіну, сөйлеу дағдыларын
-
қалыптастыру.
-
Сөздік қорын байыту.
-
Грамматикалық дағдыны дұрыс қолдана білу.
-
Дұрыс сөйлеудің орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық,
-
стилистикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
-
Сөз әрекетінің түрлері бойынша ауызша дағдыларын қалыптастыру
Ағылшын тілі сабағында тиімді әдістер мен жаттығуларды пайдаланудың маңыздылығы
Ағылшын тілінің негізгі мақсаты оқушыларға тіл үйрету болғандықтан, негізгі жұмыс сөз үйрету болып табылады. Ағылшын тілі сабағының негізгі арқауы – тіл дамыту жұмыстары болуы тиіс. Оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдар туралы мағлұматтар мен анықтамаларды, түсініктемелерді ағылшын тілінде дұрыс пайдалануды игеруі, өз ойын нақты, жүйелі түрде еркін жеткізе білу қабілеті тіл дамыту жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып, талапқа сай жүргізілуіне байланысты.
Күтілетін нәтиже:
1. Грамматикалық тапсырмаларды түрлендіріп беру;
2. Мазмұнды суреттермен жұмыс ұйымдастыру;
3. Оқушыларды топқа бөліп, өзара сөйлестіру;
4. Белгілі бір тақырыпта берілген әңгімені жалғастыру;
5. Шағын көріністер даярлату;
6. Мәтінмен жұмыс жүргізу.
Осының ішінен ең басты орын алатыны – мәтінмен жұмыс.Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында қойылатын басты талаптардың бірі – берілген материалды түсініп оқу. Себебі оқушы оқып тұрған әрбір сөздің, әрбір сөз тіркесінің беретін мағынасын, грамматикалық тұлғасын түсінбейінше сөйлемдегі айтылар ойды қабылдай алмайды. Сондықтан алғашқы сабақтардан бастап ағылшын тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқыза отырып, әрбір оқылған сөзді, сөз тіркесін, сөйлемдерді, мәтінді түсініп оқуға баулу қажет. Егер мұғалім мәтін бойынша тек: оқу, аудару, сұраққа жауап беру, мазмұнын әңгімелету сияқты түрлерін пайдаланса, бұл бір сарынды болып келіп, оқушыларды жалықтырады және пәнге деген қызығуын төмендетеді. Ал шығармашылықпен жұмысты мынадай тәсілдерді пайдалана отырып өткізуге болады: -Мәтінді өзгертіп баяндату. Мысалы: “Менің ойымша”, “Мен өз тәжірбиеме сүйеніп айтып отырмын”, сияқты сөз тіркестерін қолдану; -Мәтіннен іріктеліп алынған сөздерге морфологиялық талдаулар жасата отырып, түбірлес сөздерді анықтату. Бұл жұмыс түрлері өтілген грамматикалық ережелерді есте сақтау, іс жүзінде пайдалана білуге жаттықтырады; -Тілді жақсы білетін оқушылар үшін белгілі бір сөйлемнің құрамындағы сөздерді синонимдермен алмастыруды тапсыруға болады; -Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің ретін алмастыра отырып, ауыстырылған сөйлемдерді орын, орнына қою арқылы әңгіме құрастыру. Берілген сөйлемдерді оқиға желісіне сүйене отырып, әңгіме құрастыру. Жұмыстың бұл түрі мәтін құрамындағы әрбір сөздің мән – мағынасын нақты түсінуге, яғни сөздікпен жұмыс істеуге ықпал етеді. - Берілген мәтінге сүйене отырып диалог құрастыру.
Мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстың басқа түрлері де өте көп.
1. Оқылған әңгіменің мазмұнын қысқаша, тұжырымды түрде әңгімелету.
2. Мәтін ішінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді табу.
3. Белгілі бір жоспар бойынша мазмұнын айту.
4. Мәтін бойынша сурет cалғызу.
Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруға арналған әдістер мен жаттығулар
1. «Алфавит» (“Alphabet”) ойыны
Мақсаты: ағылшын тілі әріптерін қаншалықты меңгергендігін тексеру. Шарты: Тақтаға «А», «В», «С» сияқты алфавиттің үлкен әріптер ілініп қоямыз. Ал, оқушылар осы әріптің кіші әріптерін үстелге шашылып жатқан әріптерінің ішінен тауып ілу керек

2. «Ойлан, тап» (“Think and find”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың қиялын, сезім түйсігін дамыту.
Шарты: Ортаға түрлі заттарға толы дорбаны қоямыз. Оқушыларды екі топқа бөліп, бір бірден шақырамыз. Көзі байлаулы оқушы дорба ішіндегі заттытабуы тиіс. Қай топ бірінші аяқтайды, сол топ жеңіске жетеді.

3.«Ширату» (“Brainstorm”) ойыны
Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын тексеру
Шарты: Тақтаға ұзақ сөз беріп, оның ішінен сөз шығару керек. Ескерту: сөз құрамында қанша әріп бар сонша әріпті қолдануы тиіс. Мысалы: beautiful: eat, tea, but, fil, lie and so on.

4. «Шашу»(“Strew”) ойыны
Мақсаты: еске сақтау қабілетін тексеру.
Шарты: Сабақтың тақырыбына сай сөздердің жазылу ретін шатастырып жазып қоямыз. Оқушылар берілген уақыт ішінде сөздерді дұрыс жазуы керек
5. «Менің заттарым» (“My things”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың еске сақтау, байқағыштық қабілетін жаңарту Шарты: Оқушыларға күнделікті өмірдегі тұрмыстық заттардың атын қазақшаға аударып айтамыз. Мысалы: менкешебір «Перизат» үйге алып келдім. Әпкем маған сүйікті сусабыным «Көгершінді» сыйлады.

6. «Смайликтер»(“Smiles”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың интонациясын тексеру
Шарты: Оқушыны тақтаға шығарып, оған бір сөйлем беріледі. Мысалы: “I love swimming”. Оқушы берілген сөйлемді бес түрлі смайликтердің суретін көрсетілген кейіпте айтуы тиіс
7. «Сен болжай аласыңба?» (“Can you guess?”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың таным үрдісін тексеру және дамыту
Шарты: оқушыларды топқа бөліп, топ басшысын ортаға шығарамыз. Топ басшыларына атақты адамдардың портретін береміз. Әр топ осы тұлға жайлы ағылшын тілінде сұрақ қою арқылы кім екендігін табуы тиіс. Ескерту: 10 сұрақ қоюға болады.
Мысалы: - Is it a man (a women)?
- Does he/she live in…?
- Does he/she singer (actor, writer)?
- Is he/she American, (English, Russian and Kazakh)?
- Does he/she wear glasses?
- When they think they know the person name, they say:
- Is he …(name)? or is she …(name)
8. «Жалғастыр» (“Continue”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын қаншалықты екендігін тексеру Шарты: оқушылрға екі бағанда бөлінген бір сөз берілген, оқушылар соны табу керек. Мысалы: arm washer tele chair win pet dish phone car ture pic dow
9. «Мәтінді жалғастыр» (“Continue the topic”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту
Шарты: Тақтаға 3 - 4 оқушыны шақырып аламыз. Бір оқушыны ғана қалдырып, ал қалған оқушылар сыныптан шығара тұрады. Сыныптағы оқушы мәтін жазылған парақты оқуы тиіс. Оқып болған соң келесі оқушыны шақырып алып, әңгімесін ауызша келесі оқушыға айттырамыз. Солай жалғасады, соңында тыңдаған оқушымен басында әңгімелеген оқушыны тыңдаймыз.
10 «Сүйкімді шар» (“Better balloon”) ойыны
Мақсаты: оқушыларды жылдам ойлауға, ептілікке дағдылау
Шарты: Бұл ойынды ойнау үшін шар қажет. Тақтаға 2 - 3 не оданда көп шығаруға болады. Әрқайсысына бір шардан беріледі. Мұғалім тақырыпқа сай ортақ сөз айтады, ал ойынға қатысушылар сол тақырыпқа сай бір сөз айтады. Әр соз айтқан сайын шарды үрлеуі тиіс. Егер кімде кім сөз айта алмаса, шарды үрлемейді. Сөйтіп, кім бірінші өз шарын үрлеп болса, сол жеңіске жетеді.
Қорытынды
Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр. Бұл ретте оқушының шығармашылық қабілетін аша білу үшін жағдай жасау, оның қабілетін дамыту, өзін-өзі жетілдіру және жауапкершілікке тәрбиелеу сөз болады. Білім және біліктілік адам үшін маңызды құндылықтарға айналады. Соған орай білім жүйесі де дайын білімді игеруге ғана емес, интеллектуалдылықты қалыптастыруға, жеке танымдық әрекетті қалыптастыруға бағытталуы тиіс
1. Грамматикалық тапсырмаларды түрлендіріп бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылы артады;
2. Мазмұнды суреттермен жұмыс ұйымдастыру арқылы сөйлем құрауға үйренеді;
3. Оқушылар топқа бөлініп, өзара сөйлесіп, сөздік қоры дамиды;
4. Белгілі бір тақырыпта берілген әңгімені жалғастырып, тілдік дағдылары коммуникативтік қабілеттері артады;
5. Шағын көріністер даярлатып, оқушының ағылшын тілінде сөйлеуге жағдай жасалып, ақыл - ой белсенділігі қалыптасады ;
6. Мәтінмен жұмыс жүргізе отырып, жаңадан сөйлем құрай алуға баулиды. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Яғни, баланың қиялын ұштап, шығармашылығын шыңдай отырып, ағылшын тілінде сөйлеу ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің өмірге деген қызығушылығы артады, шығармашылық әрекеті мен танымдық қабілеті жоғары деңгейге көтеріледі. Ол үшін, жалықпай жаңа инновациялық технологиялар мен әдіс- тәсілдерді, жаттығуларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Осыған орай, осы әдістемелік құралда оқыту үдерісінде инновациялық әдістәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың таным қабілетін арттыруға арналған және оқу үдерісінде пайдалы қызықты танымдық тапсырмалар арқылы балаларды шығармашылыққа баулуға бағытталған материалдар жинақталды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) «Қазақстан мектебі» журналы. № 9 2009 жыл 2)Қ.Ө.Бітібаева.Оқушыларды ғылыми зерттеу жұмысына баулу жолдары
3) « Қазақстан мектебі»журналы №11-12 2007 жыл
4) ҚР Білім туралы заңы
5) ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
6) Н.С.Сарсенова «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда оқытудың жаңа технологиясын енгізудің тиімді жолдары»Алматы 2006жыл
7)Мұғалімге арналған нұсқаулық, таратпа материал
8)«Мектептегі шет тілі» Республикалық әдістемелік- педагогикалық журнал
9)«Ағылшын тілі мектепте» Республикалық ғылыми- әдістемелік журнал.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз