жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ағылшын тілін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер
Ағылшын тілінің пайда болуы
Ағылшын тілі — Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс-герман тобына жататын тіл. Герман тобына ағылшын тілінен басқа неміс, норвег, швед, нидерланд т.б. тілдері жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.
Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.
Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тілдеріне жатады. А. т. құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады.Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да 20-ғ-дың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері ун-тінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында Ағылшын тілі оқытылып мамандар дайындалды.
Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді. А.т-нің түп-төркіні 5-6 ғ-да құрлықтан Британ аралына қоныс аударған англ, сакс, ют тайпалары мен аралдағы байырғы кельт (бриттер) тайпаларының тілі болып саналады. А.т-нің даму тарихы ежелгі ағылшындық (7-11 ғ.), орта (12-15 ғ.) және жаңа (15 ғ-дан бері) дәуір болып үш кезеңге бөлінеді. А.т-дегі жазба ескерткіштер 7-8 ғ-дан белгілі. Ол уақытта ағылшындар руна жазуын пайдаланып, тасқа, ағашқа, сүйекке ойып жазған. 6-7 ғ-да ағылшындар арасында христиан дінінің таралуына байланысты руна жазуы қолданыстан шығып, латын әліпбиі қолданыла бастады. Ағылшындар латын әліпбиін ілгері дамытып, оған W, J және V әріптерін қосты. 1066 ж. Англияны нормандар басып алды да, мемл. тіл — француз тілі болып, Ағылшын тілі қарапайым халықтың сөйлеу тілі есебінде сақталды. 1476 ж. Англияда ағылшын тілінде кітап басып шығару басталды. Бұл жағдай Лондон диалектісі негізінде ағылшынның жазба әдеби тілін қалыптастырды. Ағылшын тілі британдық және американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық Ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі. 7-11 ғ-да англо-саксон тілінде 4 диалект болған: нартумбриялық, мерсиялық, уэссек және кент. Ағылшын тілінің басты ерекшеліктері: а) фонетика жүйесінде дыбыстарының көпшілігі біресе созылыңқы, біресе қысқа айтылады. Осыған орай, Ағылшын тілінде сөз мағынасы бірсыдырғы өзгеріске түсуі мүмкін; б) морфол. саласындағы өзгешелік: сын есіммен сан есімнің барлық жалғаулары, яғни септіктері, сондай-ақ, зат есім мен етістік аффикстерінің көбі бұл күнде тарихи өзгерістерге түскен.
Соған орай, ағылшын тілінде сөз бен сөзді байланыстыратын предлогтар, артикльдер, сондай-ақ көмекші етістік сияқты жаңа тұлғалар, формалар (морфемалар) пайда болған. Ағылшын тілінің жазу ережелері мен сөздердің айтылуында айырмашылықтар бар. Орфографиялық ережелер бойынша бұрынғы және қазіргі ағылшын тіліндегі дыбыстардың өзгерістері жазуда қатаң сақталады.
Ағылшын тілі көптеген елдерде қолданады.Олардың қатарында негізгі осы елдер бар:
1.Ұлыбритания
2.Англия
3.Австралия
4.Жаңа Зеландия
5.Канада
6.Ирландия
7.АҚШ(Америка Құрама штаттары)
Ағылшын тілінің мамандық үшін маңызы
Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.
Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемелекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында шет тілін кәсіби деңгейде оқыту басты орында тұр. Яғни әрбір студент өз мамандығына байланысты шет тілін жетік меңгеріп, одан әрі қарай дамыта алады. Сонымен қатар шет мемлекеттерге шығып, мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндігі зор.
Ағылшын тілі сөздерін қарым-қатынас шеңберіне бөлу.
1.Мансап,саясат.
Соңғы жылдары саясат лексикасында кейбір шетел тілі сөздері пайдалануда.
Мысалы: премьер-министр, вице-премьер, спикер, президент.
2.Бұқаралық ақпарат
Бұл сфера ағылшын тілінен енген кірме сөздерімен өте жылдам толықтырылып келеді.Интернет кірме сөздерінін пайдалануының «рекордсмені»,әсіресе жарнама,болған жағдайларды мәліметтегенде т.б.Бұл сферада филологиялық білімі бар көп маман жұмыс істесе де,сол адамдар тілдің мәдениетін сақтау керек сияқты.
3. Жарнама.
Ағылшын тілінен енген кірме сөздердің келуінің бір жолы.
Бізідің жарнамашылар ағылшын жарнамасының аудармасын көрсетеді: стимер, ростер, триммер, снукер, пул, сквош т.б.
Бірақ практикада керісінше,бұқаралық ақпарат,теледидар осы сөздердің пайда болуына әсерін тигізеді. [ди-джей, фейс-контроль, стилист, лузер, ток-шоу]
4. Интернет. Интернет желісін пайдаланудын күннен күнге өсуі: бит, баит,диск, курсор, флешка,флипчарт, чат т.б.
5.Спорт.
Бұрыннан үйреншікті сөздер де ағылшын тілінен келген екен.
Бұл сөздер спортсмен, футбол, бодибилдинг, рефери, матч, гол, боулинг, дайвинг, скейтборд, сноуборд, байкер, фитнес т.б.
6.Косметика терминдері:
лифтинг, скраб, пиллинг.
7.Техника.
Жаңа технологияларға жаңа ат береді,сөздер ағылшын тілінде айтылады.
Бұл сөздер: компьютер, ноутбук, мобильный, сканер, органайзер, клавиатура, монитор т.б.
Ағылшын тілінен келген тұрмысқа қажет құрал жабдықтар [блендр, принтер, ксерокс, миксер, икс пи, фотошоп]
8. Кино, музыка.
Айтылмыш шеңбер ағылшын тілдің мықты бастауы болып табылады, поп-мәдениет арқылы ағылшын тілінен енген кірме сөздері көбі бөгетсіз кірді.
Қазіргі кезде әнші жұлдыздардың көбі ағылшын тілінде ән айтады,киноларға түседі.Мысалы:А.Шварценеггердің көп айтатын сөзі бар I'll be back; немесе Дима Биланның әні Never-ever let me go), қазір сол сөзді жастар көп айтады.[саундтрек, бойфренд, блокбастер, терминатор, камеди клаб, вестерн, киборг, хит, сингл, ремейк, трек, постер, т.б.]
9. Экономика.
Бұл сфераға келесі сөздер келген инвестиция, маркетинг, дилер, брокер, дефолт, прайс-лист, менеджер, босс, шеф.
Жоғарыда айтылған сөздер бізге ағылшын тілінен енген кірме сөздерінің диаграммасын құрастыруға мүмкіндік берді

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген