Ағылшын тілін сындарлы
теориялық әдіс-тәсілмен оқыту.
Орта білім беру жүйесінде
әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал
әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті)
теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.
Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін
дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда
тиімді пайдалана білуін қамтамасыз
ету.
Басты міндеті —қазақстандық
мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге
көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.
Бағдарлама жеті модульден
тұрады:
1. Оқыту мен
оқудағы жаңа
тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға
үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау
және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен
оқуда ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды (АКТ) пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды
оқыту.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне
сәйкес оқыту және
оқу.
7.Оқытудағы басқару және
көшбасшылық.
Осы 7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп
өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты
инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға
қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік
ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырады.
Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал
қалыптастыру білімге құштарлықтарын, көңіл
күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей
отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды
үйренеді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары,
дарындылары айқындала бастады. Бұл орайда бағдарламаның тиімділігі көп: оқушылар топ болып
ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық түрде жеткізе
алады және басқалардың пікірлеріне өз көзқарастарын еркін білдіре
алады. Сонымен қатар оқушы өзін-өзі реттей отырып сыни тұрғыдан
ойлайды, өзін-өзі дамытады әрі білімін жетілдіреді. Ал мұғалім
болса, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өзтәжірибесінде қолдана
отырып, жан-жақты білімді де дарынды тұлға қалыптастыра алады. Бұл
оқытуда оқушылар өз ойларын ортаға салып,ой бөліседі. Қойылған
сұрақтарға еркін жауап бере отырып, өз көзқарастарын толық түрде
білдірген лидерлермен қатар жауап беруде қиналған, бірақ
ынталанғаноқушылар да болды. Өзім сабақтарда проблемалық сұрақтар
қоя отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлаулары мен шығармашылық
қабілеттерін дамытуға тырысамын. Өйткені, сұрақ қою маңызды
дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған
жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және оқушылардың
білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады және
оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан
өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалануға
болады делінген.
Әр сабағымның тұсаукесер
бөлімінде «Пицца», «Миға шабуыл», «Ой қозғау», «Суреттер сөйлейді»,
«Стикердегі диалог» әдістерімен үй тапсырмасын қалай меңгергендерін
біліп, жаңа сабақпен байланыстыруға тырысамын. Сабақтың негізгі
бөлімінде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту және
жұпта, үштікте және шағын топтарда жұмыс жасап, көшбасшылық
қабілеттерін дамыту үшін «Семантикалық картасын» пайдаланып,
«Аквариум»,«Көршіңе әңгімелеп бер», «Серпілген доп», «Ой қозғау»
сияқты тәсілдерін қолданамын. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді
кірістіруде Александер зерттеген «Диалогтік оқытуындағы» диалог пен
талқылауды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жаңа тақырыпты тиімді
меңгерулерін жүзеге асыруды ойластырамын және әр сабақтың қорытынды
бөлімінде оқушылармен кері байланысты «Венн диаграммасы»,
«Топтастыру», «Қапшықтағы фасоль», «Константиполь», «Стикердегі
диалог» сияқты әдістерін қолданып, «Бағдаршам», «Екі жұлдыз, бір
ұсыныс», «Басбармақ» тәсілдерімен өзара және критерийлер бойынша өз
жұмыстарын бағалайды.
Қазіргі заман мұғалімі заман
талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен
жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын
шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға
ретінде болатыны сөзсіз.
Қорытындылай келе, жеті
модульді сапалы қолдана алсақ, оқушыларымыз сыни ойлай алатын,
білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада
қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз. Олай
болса, өз ойын дәлелдеп келтіру арқылы жеткізе алатын, өзіндік
көзқарасы дамыған, өзіне сенімді, оқуға ынталы, оқушыны
қалыптастыруға бағытталған – сындарлы (конструктивті) теориялық
оқытуға негізделген тәсілдің
берері мол екені даусыз.