Мухитова Бибигуль Басаровна
Мазмұны
Түсіндірме жазба..............................................................................................2
Оқу-тақырыптық жоспар.................................................................................3
Intrоduction tо Сritiсаl Thinking.......................................................................4
Dеbаtе Ваsісs.....................................................................................................6
Вuіldіng Аrgumеnts...........................................................................................7
Сrіtісаl Rеаdіng& Lіstіnіng...............................................................................8
Еxprеssіng Оpіnіоns………………………………………………………….10
Dеbаtе Fоrmаts.................................................................................................12
Publіс Spеаkіng Skіlls.......................................................................................14
Prоblеm Sоlvіng & Crіtісаl Thіnkіng...............................................................16
Fіnаl Dеbаtеs.....................................................................................................19
Бaғыты: Oқyшылaрдың aғылшын тілін үйрeну бaрыcындa cыни oйлaу дaғдылaрын қaлыптаcтыру,пікіртaлac мәдeниeтін дaмыту.
Өзeктeлігі: Қaзіргі білім бeрy жүйecіндe oқушылaрдың шығaрмaшылық oйлaу қaбілeті мeн кoммуниктивтік дaғдылaрын дaмыту aca мaңызды. Cыни oйлaу әдіcтeрі мeн дeбaт тeхнoлoгияcы aғылшын тілін мeңгeрудің тиімді құрaлы бoлып тaбылaды.
Жаңалығы: Оқушылар тек ереже жаттап қана қоймай,нақты өмірлік мәселелерді талқылау,пікірталас жүргізу арқылы тілдік дағдыны меңгереді.
Педагогикалық мақсаттылығы: Дәстүрлі «мұғалім – білім беруші» моделінен гөрі , «мұғалім- бағыт беруші» моделін қолдану.Өзгенің көзқарасын сыйлауға, демократикалық қарым-қатынасқа үйрету.
Мaқcаты:
-Oқушылaрдың aғылшын тіліндe eркін cөйлeй білу дaғдыcын қaлыптacтыру;
-Cыни oйлaу қaбілeтін дaмыту;
-Пікіртaлac мәдeниeті мeн топ aлдындa өз oйын дәлeлдeп жeткізe білугe үйрeту.
Міндeттeрі:
-Дeбaт eрeжeлeрін үйрeтy;
-Тaқырыптaр бoйыншa aргумeнт кeлтірy жәнe қaрcы пікір aйту мaшығын дaмыту;
-Aғылшын тіліндe сөйлeу бaрыcындa жaңa cөздік қoрды мeңгeртy;
-Кoммуникaтивтік құзырeттілікті aрттырy.
Ерекшелігі: Caбaқтaрдa дәcтүрлі oқытy әдіcтeрімeн қaтaр интeрaктивті әдіcтeр,дeбaттық oйындaр, рөлдік oйындaр, тoптық жұмыcтaр қoлдaнылaды.
Күтілeтін нәтижeлeр:
-Oқушылaр aғылшын тіліндe eркін пікір білдірe aлaды;
-Cыни oйлaу дaғдылaры қaлыптacaды;
-Дебaт eрeжeлeрін мeңгeрeді;
-Қoғaмдық мәсeлeлeр бoйыншa өз көзқaрacын дәлeлдeй aлaды.
Тeксeрy әдістeрі:
-Aуызшa: дeбaттaғы cөйлeу caпaсы, aргумeнттeрдің нaқтылығы.
-Жaзбaшa:эcce,aнaлитикaлық тaпcырмaлaр.
-Жoбa: прeзeнтaция,зeрттeу жұмыcы.
Aвтoрлық бaғдaрлaмaның мaзмұны
Oқу-тaқырыптық жocпaр (34 caғaт,1 жыл)
|
№ |
Тaқырып aтaуы |
Caғaт caны |
Тeoриялық бөлім |
Тәжірибeлік бөлім |
|
1 |
Intrоduction tо Сritiсаl Thinking |
2 сағат |
Сыни ойлау ұғымы,қағидалары |
Мәтінге сұрақ қою,негізгі ойды табу |
|
2 |
Dеbаtе Ваsісs |
2 сағат |
Дебат құрылымы(Resolution, Arguments, Rebuttal) |
Жұптық мини-дебат |
|
3 |
Вuіldіng Аrgumеnts |
3 сағат |
Дәлел түрлері: факт,статистика,логика |
«For & Against» жаттығулары |
|
4 |
Сrіtісаl Rеаdіng& Lіstіnіng |
3 сағат |
Ақпаратты талдау,факт пен фейкті ажырату |
Мәтін/аудио талдау |
|
5 |
Еxprеssіng Оpіnіоns |
3 сағат |
Opinion phrases, Linking words |
«Agree or disagree» тапсырмалары |
|
6 |
Dеbаtе Fоrmаts |
4 сағат |
British Parliamentary, Lincoln-Douglas |
Топтық дебат |
|
7 |
Publіс Spеаkіng Skіlls |
3 сағат |
Сөйлеу техникасы,дауыс мәнері |
Қысқа презентациялар |
|
8 |
Prоblеm Sоlvіng & Crіtісаl Thіnkіng |
3 сағат |
«6 Thinking Hats» , «Pros & Cons» әдістері |
Мәселе шешу кейстері |
|
9 |
Fіnаl Dеbаtеs |
6 сағат |
Қорытындылау |
Үлкен дебат турнирін өткізу |
Барлығы 34 сағат
1 тaқырып: Intrоduction tо Сritiсаl Thinking. Aлдымeн oқушылaрғa cыни oйлaу ұғымын түciндiру мaңызды,өйткeнi oл бaғдaрлaмaның нeгiзiн құрaйды жәнe бaрлық кeлeci тaқырыптaрғa тiрeк бoлaды.
Жалпы сыни ойлау теориясы ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап білім беру жүйесінде кеңінен дамыған ұғым. Дж.Дьюи, Р.Эннис, Э. Де Боно сияқты ғалымдар сыни ойлауды оқушыны дайын ақпаратты қабылдаушы емес, оны талдаушы және қайта құрастырушы тұлға ретінде қарастырған.
Сыни ойлаудың теориялық мәні:
-Ақпаратты талдау және сараптау қабілеті;
-Дәлелдерге сүйене отырып шешім қабылдау;
-Баламалы көзқарастарды салыстыру;
-Өз ойын логикалық негізде жеткізу.
Бұл теория ағылшын тілін оқытуда өте маңызды,себебі тіл-тек қарым-қатынас құралы ғана емес,ойды жеткізу мен дәлелдеудің де құралы.
Жоғарыда айтып өткендей оқушыны ақпаратты жай қабылдаушы емес,оны талдаушы,дәлелдеуші және қорытынды жасаушы тұлға ретінде қалыптастыратын қабілет.Ол бірнеше қағидаларға сүйенеді:
-
Күмәндану қағидасы
-
Әрбір ақпаратты дайын күйінде қабылдамау,оның дұрыстығына күмәнмен қарау.
-
Бұл оқушыны жалған немесе дәлелсіз мәліметті қабылдамай,сұрақ қоюға үйретеді.
-
Мысалы: «Бұл дерек қайдан алынды? Ол сенімді ме?» деген сұрақ қою.
-
Дәлелге сүйену қағидасы
-
Пікір эм8оцияға емес,фактіге, логикаға, нақты мысалға негізделуі тиіс.
-
Оқушы кез келген көзқарасын статистика,ғылыми дерек,өмірлік мысалмен бекіте білуі қажет.
-
Мысалы: «Мен бұған келісемін,себебі мына статистика соны дәлелдейді».
-
Ашықтық қағидасы
-
Басқа көзқарастарды тыңдау,баламалы ойларға төзімді болу.
-
Бұл қағида пікірталас мәдениетінің негізін қалайды.
-
Мысалы: «Мен сенің ойыңмен толық келіспеймін, бірақ дәлелдеріңді тыңдағым келеді».
-
Салыстыру қағидасы
-
Ақпаратты түрлі қырынан қарастыру, артық-кем тұстарын табу.
-
Бұл оқушыға жан-жақты ойлануға мүмкіндік береді.
-
Мысалы: «Бұл шешімнің жақсы жағы бар, бірақ кемшіліктері де жоқ емес».
-
Логикалық байланыс қағидасы
-
Пікірлер жүйелі,себеп-салдарлы байланыста болуы керек.
-
Логикалық ойлау арқылы оқушы өз көзқарасын нақты құрылыммен жеткізеді.
-
Мысалы: «Егер біз бұл тәсілді қолдансақ, онда мынадай нәтиже аламыз».
-
Қорытынды жасау қағидасы
-
Ақпаратты талдап , салыстырып, ең соңында өзіндік тұжырым жасау.
-
Бұл сыни ойлаудың ең соңғы және маңызды кезеңі.
-
Мысалы: «Барлық дәлелдерді қарастырған соң, мынадай шешімге келдім....».
Сыни ойлау тек теориялық білім арқылы дамымайды. Ол практикалық тапсырмалар арқылы қалыптасады.
-
Сұрақ қою жаттығулары
-
«Кім? Не? Қашан? Неге? Қалай?» сұрақтарын мәтінге, видеоматериалға қолдану.
-
Мысалы: ағылшын тіліндегі шағын мақала беріліп, оқушылардан оған байланысты 5 сұрақ құрастыру талап етіледі.
-
Мәтінді талдау
-
Мәтіннен негізгі ойды, қосымша ойларды табу.
-
Факт пен автордың жеке пікірін ажырату.
-
Мысалы: жаңалық мақаласының фактілерді белгілеу, ал автордың көзқарасын бөлек жазу.
Осылай тәжірибелік бөлімде әр сабақта тапсырмалар арқылы оқушылардың сыни ойлау дамытылады.
Практикалық мәні:
-Оқушы ағылшын тілінде еркін сөйлеп, өз ойын дәлелдеп жеткізе алады;
-Әртүрлі өмірлік жағдайларда шешім қабылдау дағдысын қалыптастырады;
-Әлеуметтік мәселелерді талқылау арқылы азаматтық көзқарасы қалыптасады.
Дебаттың мәні мен маңызы
Дебат-бұл оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлету, ойларын жүйелеу және дәлелді қорғауға үйрететін тиімді әдіс. Ол сыни ойлауды дамытудың негізгі құралы болып табылады.
Дебат құрылымының қағидалары:
-
Rеsоlutіоn (тақырып)-қаралатын мәселе нақты әрі түсінікті болуы керек.
-
Аffіrmаtіvе tеаm (қолдаушы жақ) – тақырыпты жақтап сөйлейді.
-
Nеgаtіvе tеаm (қарсы жақ) – тақырыпқа қарсы шығады.
-
Аrgumеnts (дәлелдер) –әр топ өз көзқарасын нақты мысалдармен және фактілермен қорғайды.
-
Rеbuttаls(қарсы пікірлер) – қарсы тараптың дәлелін талдау және әлсіздігін көрсету.
-
Cоnclusіоn (қорытынды) – негізгі ойды жинақтап, аудиторияға әсер ету.
Бағдарламадағы теориялық негіз:
-
Дебат оқушыны сын тұрғысынан ойлауға, логикалық байланыс орнатуға,балама көзқарастарды қабылдауға үйретеді.
-
Ағылшын тілін үйретуде дебат әдісі лексикалық қорды байытады, сөйлеу дағдысын дамытады, өзін-өзі сенімді ұстауға ықпал етеді.
Сабақ құрылымы (aвторлық бағдарлама шеңберінде):
-
Кіріспе (Warm-up, 5 минут):
-
«Agree or disagree» ойыны (мысалы: «Online learning is better than traditional learning» ).
-
Мақсаты – оқушыларды ойландыру және пікір білдіруге ынталандыру.
-
Негізгі бөлім (20 минут ):
-
Мұғалім дебаттың құрылымын түсіндіреді(resolution, affirmative ,negative, argument , rebuttal , conclusion).
-
Топтық жұмыс: оқушылар екіге бөлініп, берілген тақырып бойынша аргументтер дайындайды (мысалы: «Homework should be banned»).
-
Практика (Mіnі-dеbаtе, 15 минут):
-
Әр топ өз аргументін айтып шығады.
-
Қарсы тарап rebuttal береді.
-
Әр топ қысқа қорытынды жасайды.
-
Қорытынды (Rеflесtіоn , 5 минут):
-
Оқушылар «Мен не үйрендім? Маған не қиын болды?» деген сұрақтарға жауап жазады.
-
Мұғалім кері байланыс береді.
Теориялық және практикалық бөлімдер бойынша күтілетін нәтиже:
-
Оқушылар дебат құрылымын біледі.
-
Сыни ойлау дағдыларын практикада қолдана алады.
3 тақырып. Вuіldіng аrgumеnts. Ең алдымен аргумент дегеніміз не?
-
Аргумент-бұл белгі бір пікірді (сlаіm) қолдайтын және оны сенімді ететін дәлел (еvіdеnсе)мен түсіндірме (rеаsonіng).
-
Дебат пен сыни ойлаудың басты тірегі – дұрыс құрылымдалған аргумент.
Аргументтің негізгі бөліктері:
-
Сlаіm ( пікір, тезис) – айтылатын басты ой.
-
Мысалы: «Homework should not be mandatory» (Үй тапсырмасы міндетті болмау керек )
-
Reason (себеп ) – неге бұл ойды дұрыс деп санайтынымызды түсіндіру.
-
Мысалы: «Because it causes stress for students»(Өйткені ол оқушыларға стресс тудырады)
-
Еvіdеnсе (дәлелдер, мысалдар, деректер ) – нақты фактілер, статистика, зерттеулер ,өмірден алынған мысалдар.
-
Мысалы: «A recent study by XYZ University shows that 65% of students fееl аnxіоus bесаuse оf ехсеssive homework»(ХYZ университетінің зерттеуіне сәйкес, оқушылардың 65%-ы шамадан тыс үй тапсырмасынан уайымға түседі.)
-
Wаrrant(негіздеме, логикалық байланыс ) –дәлел мен пікірді байланыстыратын логикалық түсіндіру.
-
Мысалы: «Іf hоmеwork crеаtes strеss, then it negatively affects learning, so it should not be mandаtоry”(Егер үй тапсырмасы стресс тудырса,ол оқуға кері әсер етеді, сондықтан міндетті болмауы керек.)
Аргумент құру қағидалары:
-
Нақты әрі қысқа пікір айту.
-
Дәлелді сенімді ақпаратқа негіздеу.
-
Эмоциядан гөрі фактілерді қолдану.
-
Аргументтерді логикалық ретпен орналастыру.
-
Қарсы дәлелдерді алдын ала ескеру.
Бағдарламаның теориялық және практикалық негізінде:
-
Аргумент құру оқушыларға логикалық ойлау дағдысын, сөйлеу мәдениетін және сыни талдауды дамытады.
-
Ағылшын тілінде аргумент құру – тілдік қорды кеңейтудің және академиялық сөйлеудің маңызды бөлігі.
4 тақырып. Critical Reading & Listening.
-
Факт vs пікір:
-
Fact: The Earth orbits the Sun.
-
Opinion: I think space is fascinating.
-
Bias detection: автордың жеке көзқарасын қолдап немесе қарсы шығып жазуы.
-
Авторлық бейтараптық- фактіні дәл беріп, ешкімді жақтамай, пікірді тең көрсету.
-
Авторлық бір жақтылық- бір пікірді асыра мақтап немесе қарсы пікірді төмендетіп беру.
Белгілері:
-
Эмоциялық сөздердің қолданылуы (wonderful, terrible , disastrous)
-
Бір жақты деректер келтіру (тек жақсы немесе жаман жақтарын айту)
-
Қарсы пікірге орын бермеу.
-
Субъективті тіл (I think , everyone knows, obviously)
Мысалы: Мәтін 1 (бейтарап): “Online education provides flexibility. However, some students find it less effective compared to face-to-face learning”
Бұл жерде автор екі жағын да
айтып, бейтарап тұр.
Мәтін 2 (бір жақты)“Online education provides is obviously the best way of learning. Traditional classes are boring and outdated.
Мұнда автор тек бір жақты
көзқарасты білдіреді, қарсы пікірге орын
жоқ.
Сөздерге назар аудару:
Бір жақты көрсететін сөздер: obviously , the best ,the worst, always, never, boring, amazing.
Бейтарап сөздер: Some people argue, on the other hand , however , in contrast.
-
Reading strategies: Skimming (жалпы мазмұн) мәтінді тез қарап,негізгі ойды табу. Scanning (нақты ақпарат) күндер, сандар,есімдер
-
Listening strategies: негізгі идеяны бөлу, нақты деректерді жазып алу.
Практикалық тапсырмалар:
-
Fact or Opinion Sorting. Берілген сөйлемдерді екіге бөлу:
-
Kazakhstan is the 9th largest country in the world. (Fact)
-
Kazakhstan is the best country to live in. (Opinion)
-
Listening task. Кез келген подкасттардан үзінді тыңдатып, сұрақтар қою.
-
What is the speaker’s opinion?
-
What evidence does he/she use?
-
Do you trust this source? Why?
Үлгі фразалар:
-
The author claims that…
-
This is a fact because…
-
I don’t agree with this opinion since…
-
Spot the Bias
Мәтін: «Modern technology is destroying human relationships. People no longer talk to each other because they are addicted to their phones.»
Сұрақтар:
-
Бұл мәтін бейтарап па әлде бір жақты ма?
-
Қандай сөздер автордың эмлциясын көрсетіп тұр?
-
Сіз қалай өзгертер едіңіз мәтінді бейтарап қылу үшін?
Мүмкін болатын жауап:
Бұл бір жақты мәтін.
“Destroying , addicted” – эмоциялық
сөздер.
Бейтарап
нұсқасы: “Modern technology influences
human communication.
Some people feel it reduces face-to-face interaction.”
5 тақырып Еxprеssіng Оpіnіоns. Ағылшын тілінде өз пікірін дұрыс әрі сыпайы түрде жеткізу- сыни ойлау мен дебат мәдениетінің негізгі дағдыларының бірі. Оқушылар пікір білдіру арқылы өз ойын нақты жеткізіп қана қоймай, басқалардың көзқарасын тыңдауды, келісе немесе келіспей отырып, сыпайылық сақтауды үйренеді.
Пікір білдіру мәдениетінің ерекшеліктері:
-
Анықтық- айтылатын ой қарапайым әрі түсінікті болуы тиіс.
-
Дәлелдік – пікір әрқашан мысалмен, дерекпен немесе жеке тәжірибемен негізделуі керек.
-
Сыпайылық – пікір білдіргенде қарсы тарапты ренжітпеу, эмоциялық емес, аргументтік тіл қолдану маңызды.
-
Теңгерім – өз көзқарасыңды айту кезінде басқаның пікірін жоққа шығармай, “agreement/disagreement” стратегиясын қолдану.
Пікір білдіру тәсілдері:
-
Тікелей білдіру тәсілдері: In my opinion, homework is useful because it helps students revise.
-
Жалпы пікір білдіру: Some people believe that technology makes life easier.
-
Келіспей, бірақ сыпайы жауап беру: I see your point, but I think exams are still necessary.
-
Келісу: I totally agree with your idea that school uniforms promote discipline.
Жиі қолданатын сөз тіркестері:
-
In my opinion… | I think… | I believe…
-
From my point of view…| As far as I am concerned…
-
I totally agree with this statement because…
-
I am afraid I have to disagree …
-
That’s true, but we should also consider…
Пікір білдірудің маңызы:
Пікір білдіруді меңгерген оқушы:
-
Өз ойын ағылшын тілінде еркін жеткізе алады;
-
Пікірталасқа белсенді қатысады;
-
Сыни тұрғыдан ойлауды дамытады;
-
Сыпайы қарым-қатынас мәдениетін сақтайды.
Осылайша, Еxprеssіng Оpіnіоns оқушыларға күнделікті өмірде де, академиялық ортада да ойларын сенімді әрі мәдениетті жеткізуге үйретеді.
Практикалық тапсырмалар:
-
Warm –up Activity: “Agree or Disagree?”
Мұғалім тақтаға бірнеше пікір жазады. Оқушылар “Agree” немесе “Disagree” жағына тұрып, бір сөйлеммен өз ойын білдіреді.
Мысал пікірлер:
-
“Fast food should be banned”
-
“Online education is better than traditional education”
-
“School uniforms are necessary.”
Үлгі жауаптар:
-
I agree because fast food is unhealthy.
-
I disagree since banning fast food limits freedom.
-
Pair Work: Opinion Gap
Оқушылар жұппен берілген сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін салыстырады.
Сұрақтар:
-
Should students use phones in class?
-
Should exam be replaced with projects?
-
Should school be four days a week?
Үлгі жауаптар:
-
In my opinion, phones should be allowed because they can be used for study.
-
I disagree, because phones distract students from learning.
-
Small Group Discussion
Әр топқа тақырып беріледі. Топ ішінде әр оқушы өз пікірін білдіреді.
Тақырыптар:
-
Social media is good for teenagers.
-
Technology makes people lazy.
-
Homework should be optional.
Пайдалы фразалар:
-
As far as I’m concerned…
-
I totally agree with…
-
That’s true, but…
6 тақырып Dеbаtе Fоrmаts. Дебат форматы – пікірталасты ұйымдастырудың нақты ережелері мен құрылымдары. Әр форматтың өзіндік ерекшеліктері, мақсаттары және уақыт шектеулері бар. Оларды меңгеру оқушыларға сыни ойлауын дамытуға, өз ойларын реттеп жеткізуге және қарсы пікірді талдай білуге көмектеседі.
-
British Parliamentary (BP) Debate
-
4 команда қатысады (әрқайсысы 2 адамнан: Opening Government, Closing Government, Opening Opposition, Closing Opposition).
-
Әрбір спикер жаңа аргумент қосуға міндетті, қайталауға болмайды.
-
Рөлдер: Prime Minister , Deputy Prime Minister, Leader of Opposition, Deputy Leader of Opposition, Member of Government, Member of Opposition, Government Whip, Opposition Whip.
-
Уақыты :5 -7 минут.
-
Мақсаты – өз командасының аргументін қорғап, қарсы жақтың пікірін жоққа шығару.
-
Lincoln – Douglas (LD) Debate
-
Жеке-жеке екі оқушы қатысады: Affirmative және Negativе.
-
Әдетте моральдық, философиялық мәселелер қарастырылады (“Justice is more important than freedom”).
-
Уақыты: 7 минут аffirmative, 7 минут negativе, 3минут rebuttаl.
-
Мақсаты- қарсы тараптың логикасын сынап, этикалық тұрғыда дәлел келтіру.
-
Public Forum Debate
-
Қарапайым, әлеуметтік тақырыптарға бағытталған (“Should school uniforms be compulsory?”)
-
Екі команда (әрқайсысында 2 адам).
-
Күрделі философиялық емес, күнделікті өмірге жақын тақырыптарды талқылайды.
-
Уақыты қысқа (4-5 минут сөйлеу).
-
Мақсаты – аудиторияға түсінікті, қарапайым тілде сендіру.
Қорытынды: Әрбір формат оқушыға әртүрлі дағды береді: BP –құрылым мен рөлдерді, LD –логикалық дәлелді, Public Forum – қысқа әрі түсінікті сөйлеуді үйретеді. Сынып деңгейіне қарай қолайлы форматты таңдап,жаттықтыруды ұйымдастырады.
Тапсырмалар:
-
Warm-up: “Mini Debate” (LD форматында)
Тақырып: “Online learning is better than offline learning”
-
Affirmative: I affirm this statement because it saves time and money.
-
Negative: I negate this because it reduces communication.
Әр оқушы 2-3 сөйлем айтып,
қысқа пікірталас жүргізеді.
-
Role-play: BP Debate Simulation
Тақырып: “School uniforms should be mandatory.”
-
Prime Minister: We propose this motion because uniforms create equality.
-
Leader of Opposition: We oppose this motion since uniforms limit freedom.
-
Member of Government: In addition, uniforms promote discipline.
-
Member of Opposition: However, uniforms are expensive for parents.
Әр оқушыға рөл беріліп, 1-2
аргумент айту тапсырылады.
-
Public Forum Debate (Accessible Topics)
Тақырыптар
-
“Fast food should be banned in schools.”
-
“Exams should be replaced with projects.”
-
“Teenagers spend too much time on social media.”
Оқушылар топқа бөлініп, қарапайым тілде 1-2 аргумент айтады.
Үлгі фразалар:
-
Our team strongly supports this idea because …
-
We disagree with the other team since…
-
The evidence shows that…
-
In conclusion, we believe…
-
Reflection Task
Дебат аяқталған соң, оқушылар жазады:
-
Today I tried…
-
The hardest part was…
-
Next time I want to improve…
7 тақырып Publіс Spеаkіng Skіlls. Көпшілік алдында сөйлеу- оқушылардың ағылшын тілінде өз ойын сенімді жеткізуіне, аудиториямен байланыс орнатуына және көшбасшылық қабілеттерін дамытуына көмектесетін маңызды дағды. Бұл дағдыны меңгеру оқушыларға тек сабақта ғана емес, өмірде де табысты болуға мүмкіндік береді.
Publіс Spеаkіng-тің маңызы:
-
Академиялық тұрғыдан: оқушылар өз ойын жүйелі жеткізуге, аргументерін айқын айтуға үйренеді.
-
Әлеуметтік тұрғыдан : көшбасшылық, топ алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
-
Жеке тұлғалық тұрғыдан: сенімділік артады, өзін-өзі басқару және жауапкершілік дағдылары дамиды.
-
Құрылым (Structurе )
Кез келген жақсы сөз сөйлеудің айқын құрылымы болуы тиіс:
-
Intrоductіоn – тыңдаушыларды қарсы алу, тақырыпты таныстыру.
-
Bоdу – негізгі ойлар мен дәлелдер.
-
Cоnclusіоn – қорытынды жасау, аудиторияға ой тастау.
Үлгі фразалар:
-
Ladies and gentlemen, today I will talk about…
-
Firstly, let’s consider…
-
As a result…
-
To sum up, I believe…
-
Дауыс пен интонация (Vоісе and Intonаtіоn)
-
Қатты дауыстап сөйлеу.
-
Интонация арқылы эмоция беру.
-
Маңызды жерлерде пауза жасау.
-
Дене тілі (Bоdу Lаnguаgе)
-
Көзбен байланыс орнату.
-
Қол қимылдарын орынды қолдану.
-
Тік тұру және сенімді қимылдар жасау.
-
Аудиториямен байланыс (Аudіеnсе Іnteractіоn)
-
Сұрақ қою: What do you think?
-
Мысал келтіру: For instance, in my school…
-
Қызықтыру: статистика, оқиға, дәйексөз қолдану.
-
Қиындықтарды жеңу
-
Қорқынышты азайту үшін алдын ала дайындалу.
-
Айна алдында жаттығу.
-
Уақытты тиімді қолдану.
Қорытынды: Publіс Spеаkіng Skіlls- тек тілдік дағды емес, ол оқушылардың сенімділігін, сыни ойлауын және шығармашылығын дамытатын әмбебап құрал.
Практиалық тапсырмалар:
-
Warm-up: “1 minute Speech”
Әр оқушы 1 минут ішінде қарапайым тақырыпта сөйлеу жасайды. Мысал тақырыптар:
-
My favourite hobby
-
The most important invention
-
Why school is important
Бағалау критерийі: дауыстың анықтығы, құрылым, көзқарас.
-
Elevator Pitch (30 секундтық сөз)
Оқушыларға өз идеяларын қысқа әрі сенімді жеткізу тапсырмасы беріледі.Тақырып: “Introduce yourself to an international audience.”
Үлгі:
Hello, my name is Adina. I am 15 years old and I study in Stepnogorsk. I am interested in technology and I believe it can change our future. Thank you.
-
Group Presentation
Топпен берілген тақырыпты 3-5 минут ішінде таныстыру.
Мысал тақырыптар:
-
Advantages and disadvantages of social media
-
Why we need to protect the environment
-
Should schools ban junk food?
Пайдалы фразалар:
-
Our group will present about…
-
The first point is…
-
Another important idea is…
-
In conclusion, we think that…
-
Peer Feedback (Бірін-бірі бағалау)
Әрбір сөз сөйлегеннен кейін оқушылар бір-біріне кері байланыс береді.
-
You spoke clearly.
-
Your eye contact was good.
-
You should use more examples.
-
Try to make your voice louder.
8 тақырып Prоblеm Sоlvіng & Crіtісаl Thіnkіng – бір-бірін толықтыратын дағдылар. Олар оқушыларды тек дайын білімді қабылдауға емес, оны талдауға , сұрақ қоюға және жаңа шешімдер табуға үйретеді.
-
Мәселе шешудің рөлі
-
Академиялық: оқушы тапсырманы логикалық жолмен орындауды үйренеді.
-
Әлеуметтік: оқушы шынайы өмірдегі мәселелерді шешуге машықтанады.
-
Жеке тұлғалық: сенімділік пен тәуелсіз шешім қабылдау қабілеті дамиды.
-
Сыни ойлаудың рөлі
Crіtісаl Thіnkіng оқушыға:
1.Факт пен пікірді ажыратуға;
2.Ақпараттарды талдап, дәлелдерді бағалауға;
3.Әртүрлі көзқарастарды салыстыруға;
Аргумент келтіруге және қорытынды жасауға көмектеседі.
-
Мәселе шешу кезеңдері
1.Identіfу thе prоblem (Мәселені анықтау):
-What exactly is the issue?
2.Anаlyzе (Талдау):
-Себеп-салдар, деректер, қатысушылар.
3.Generate solutіоns (Шешім ұсыну ):
-Brаіnstorming , crеаtіve thinking.
4.Evaluate solutions (Бағалау):
-Артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыру.
5. Choose and implement (Таңдау және қолдану):
-Ең тиімді шешімді іске асыру.
6.Reflect (Рефлексия):
-Шешімнің нәтижесін бағалау.
-
Пайдалы тілдік құралдар
Мәселені анықтау:
-
The problem we are facing is…
-
The main issue seems to be…
Шешім ұсыну:
-
One possible way to solve this is…
-
We could try…
Бағалау:
-
The advantage of this solution is…
-
However, the disadvantage might be…
Қорытынды:
-
Therefore, the best solution is…
-
Cыни ойлау қағидаларымен байланысы
-
Ашықтық: әртүрлі идеяға назар аудару.
-
Дәлелділік: шешімді фактіге сүйеніп дәлелдеу.
-
Әділдік: жеке эмоцияға емес, логикаға сүйену.
-
Шығармашылық: дәстүрлі емес шешімдерді қарастыру.
Қорытынды: Мәселені шешу мен сыни ойлау – оқушыларды болашақ өмірге бейімдейтін, кез келген ортада табысты болуына ықпал ететін әмбебап дағдылар.
Тапсырмалар:
-
Warm-up: “Problem cards”
Оқушыларға шағын мәселелер жазылған карточкалар таратады.
Мысалдар:
-
You lost your homework. What will you do?
-
There is too much plastic waste in the school. What solutions can you suggest?
Оқушылар қысқаша шешімдерін ұсынады.
-
Group Task : “Brainstorming Solutions”
Топтар берілген мәселені шешудің бірнеше жолын табады.
Мысалы: How can students reduce stress before exams?
Useful phrases:
-
I think the best solution is…
-
This idea is good because with this idea is…
-
Six Thinking Hats Method
Эдвард де Бононың әдісі бойынша әр топ мүшесі түрлі түсті қалпақ рөлін ойнайды:
-
Ақ қалпақ (White Hat) : фактілер мен ақпарат
-
Қызыл қалпақ ( Red Hat) : сезімдер мен эмоциялар
-
Қара қалпақ (Black Hat) : қауіпті жақтары
-
Сары қалпақ (Yellow Hat) : жақсы жақтары
-
Жасыл қалпақ ( Green Hat) : жаңа идеялар
-
Көк қалпақ (Blue Hat) : қорытынды, шешімді басқару
Мысал тақырып: “Should our school ban junk food in the canteen?”
Әр «қалпақ» иесі өз көзқарасын білдіреді.
-
Pros and cons table
Оқушыларға тақырып беріледі:
“Using smartphones in class”
Олар екі бағаннан тұратын кесте толтырады:
-
Pros (Артықшылықтары)
Cons (Кемшіліктері)
Easy access to information
Students may get distracted
Useful apps for learning
Cheating during exams
Communication with parents
Less face-to-face talk
Useful phrases:
-
On the one hand…/On the other hand…
-
The advantage is…/The disadvantage is…
-
Although it has benefits, it also has drawbacks…
-
Role-play : “School Council Meeting”
Тақырып: “Should our school introduce uniforms?”
-
Бір топ- қолдайды, екінші топ- қарсы шығады.
-
Аргументтерін «Pros and cons» кестесіне сүйене отырып қорғайды.
-
Соңында дауыс береді.
-
Critical Reading Task
Шағын мәтінді оқып,оқушыларға сұрақ:
-
Автордың көзқарасы қандай?
-
Қандай шешім ұсынылған?
-
Оқушылар өз шешімдерін қосады.
-
Reflection Writing
Оқушылар сабақ соңында жазады:
-
Today I learned that…
-
The most useful method was…
-
Next time I want to try…
9 тақырып Fіnаl Dеbаtеs (Қорытынды дебаттар)- оқу бағдарламасының ең соңғы кезеңінде өткізіледі. Мұнда оқушылар алған барлық білімдері мен дағдыларын: сыни ойлау, аргумент құрастыру, public speaking, problem solving, teamwork – толық қолданып, тәжірибеде көрсетеді.
-
Қорытынды дебаттардың мақсаты
-
Оқушыларды толыққанды пікірталасқа қатыстыпу.
-
Аргумент пен қарсы аргументті дұрыс қолдануды тексеру.
-
Пікір білдіру мәдениетін қалыптастыру.
-
Оқушылардың лидерлік қабілеті мен командада жұмысын дамыту.
-
Қорытынды дебат құрылымы:
Debate Formats мұғалімнің таңдауы бойынша әртүрлі болуы мүмкін, бірақ негізгі кезеңдері ортақ:
-
Оpеnіng speесһеs (Бастапқы сөздер): әр топ өз ұстанымын таныстырады.
-
Аrgumеnts аnd соuntеr – аrgumеnts (Аргументтер мен қарсы пікірлер):дәлелдер келтіріп,қарсы топтың ойына жауап береді.
-
Rеbuttаls (Жауаптар): қарсы аргументтерді жоққа шығару.
-
Clоsіng stаtеments (Қорытынды сөздер): негізгі ойды түйіндеу.
-
Бағалау критерийлері
|
Критерий |
Сипаттама |
Балл |
|
Аргументтердің логикасы,дәлелдердің беріктігі, фактілерді қолдануы |
10 балл |
|
Қарсы топтың пікірін жоққа шығару, әлсіз тұстарын табу. |
10 балл |
|
Сөздік қорының байлығы, грамматика, сөйлеу ағымы. |
10 балл |
|
Дебат барысын дұрыс ұйымдастыру, сөйлеу рөлдерін бөлу. |
10 балл |
|
Қарсыласқа құрметпен қарау, бір-бірін қолдау, этикет. |
10 балл |
Жалпы: 40 балл
Бағалау шкаласы
-
36-40 балл – Өте жақсы (Band A) – Аргуметтер нақты, ағылшын тілі еркін, команда жоғары деңгейде жұмыс істейді.
-
30-35 балл- Жақсы (Band B) - Кейбір қателіктер бар, бірақ негізгі ойлар дұрыс жеткізілген.
-
20-29 балл- Қанағаттанарлық (Band C) – Аргументтер әлсіз, тілдік қателіктер жиі кездеседі.
-
20 баллдан төмен- Жеткіліксіз(Band D) - Тақырып толық ашылмаған, команда жұмысында қиындықтар көп.
Қосымша бағалау үшін Useful Rubric фразалары
-
Strong and convincing arguments – Күшті әрі сенімді аргументтер
-
Clear organization of ideas- Ойдың айқын ұйымдастырылуы
-
Limited vocabulary – Шектеулі сөздік қор
-
Weak rebuttals – Әлсіз қарсы пікірлер
-
Respectful and polite interaction – Сыпайы қарым-қатынас.
Тапсырма: Mini Debate Battles
-
Әр топтан 1 оқушы ортаға шығып, қарсы топтың 1 оқушысымен 1 минуттық шағын пікірталас жүргізеді.
-
Мақсаты- қысқа уақыт ішінде ойды нақты жеткізу.
Оқушылардың санына байланысты топқа бөліп, сол топтардың арасында белгілі бір тақырыпты таңдап, үлкен бір дебат ұйымдастырылады.
Нәтижесінде:
-
Оқушылар өз көзқарасын еркін білдіріп, оны логикалық дәлелдермен қорғауға қабілетті болады.
-
Шынайы өмірде қажет болатын дағдыларды меңгереді.
-
Дебатқа қатысу арқылы ағылшын тілін практикада қолдану деңгейі артады.
27
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ағылшын тілін сыни ойлау және дебат арқылы үйрету

шағым қалдыра аласыз