«Ағылшын тілін үйренудің тиімді жолдары»
(Әдістемелік құрал)
Құрастырушы: Бостанбай Гүлдана Ғалымбекқызы, Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Қаспан ОМ МДШО КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................................2
Ағылшын тілін оқыту әдістері...................................................................................4
Ағылшын тілінде ауызша сөйлеуге үйретудің кейбір тиімді жолдары...............21
Ағылшын тілі сабағында мәтінмен жұмыс істеу түрлері......................................29
Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері.........................................31
Жаңартылған білім мазмұнына сай жасалынған қысқа мерзімді сабақ жоспарлары................................................................................................................37
Қорытынды..............................................................................................................58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................59
Кіріспе
Ағылшын тілін оқытудың жаңа білім технологияларын меңгеріп сабақты дұрыс жоспарлау мен өткізудің орны ерекше. Олай болса, шетел тілінің әрбір сабағының мақсаты шетел тілін оқытудың мақсатымен, яғни тілді терең меңгеру және оны ұлтаралық қатынас құралы ретінде пайдалана білумен тығыз байланыста болуы жан-жақты қарастырылады.
Ағылшын тілі сабағында тиянақты және сапалы білім беру тәрбие жұмысымен күнделікті бірлікте жүргізілуі тиісті екені күнделікті тәжірибеде дәлелденгені айқын. Осыған орай, ауызша фонетикалық, граматикалық жаттығу мен жаттаған өлең, тақпақтарды қайталау, магнитофон мен электронды оқулықтағы дикторлардың оқыған мәтіндерді тыңдау, әр түрлі ойындар, жұмбақ, мақал-мәтелдерді еске түсіру-өткенді пысықтау болса, бір жағынан оқушылардың жалыққан кезінде көмектеседі, екіншіден, олардың шетел тіліне қызығушылығы мен ынтасын күшейте түсетіндігі сөзсіз.
Ағылшын тілінің мұғалімі жаңаша оқытудың технологиясын жан-жақты меңгеріп, соңғы жарық көрген ғылыми әдістемелік әдебиеттердегі тәжірибелі ұстаздардың оқыту әдістерін үйреніп, оларды шығармашылықпен өз жұмысында орынды да тиімді жемісті қолдана білуі- ХХІ ғасырдың шетел тілдері мұғалімдерінің алдына қойып отырған негізгі талабы болып табылады. Оны ойдағыдай жүзеге асыру ұстаздарға үлкен міндет жүктейді.
Ағылшын тілін оқыту кезінде кез келген бір әдістемені қолдану әртүрлі шарттарға байланысты болып келеді. Ең басты шарттары: ағылшын тілін оқытудың алдына қойылатын мақсаты, оны оқып-үйренуге бөлінген уақыт, сағат саны жатады. Осы шарттардың ішінде аса маңызды роль атқаратын-оқыту мақсаты болып келеді. Бұл шарт қоғамның дамуы, оның басқа елдермен саяси, шаруашылық және тағы да басқа байланыстары шетел тілін оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей әсер етеді.
Қазақ әдебиетінің классигі, Ұлы Абай атамыз: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек қана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана өз мақсатына жетеді.
Ағылшын тілі мұғалімі оқушылардың тіліне деген қызығушылығын арттыру үшін тек қана оқулықты ғана емес, басқа да қосымша материалдарды газет, журналдардан, тіпті интернет көзінен де қолдануы тиіс. Оқушылар материалды толық және тез меңгеру үшін, мұғалім көп көрнекі құралдарды пайдаланып, сабақты дұрыс ұйымдастыра білуі керек. Оқушылардың ағылшын тілі сабағына деген қызығушылығын ояту үшін, мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғаны жөн, бірақ бұл әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:
1Әдіс-тәсілдер арқылы өзін-өзі еркін сезіну үшін жағымды атмосфера жасап, оқушы қызығушылығын ынталандыру керек, тілді практикада қолдануға деген қажеттілігін тудыру қажет.
2.Оқушы тұлғасын толығымен оқу процесіне тарту керек, оның эмоциялары, сезімдері оның қажеттіліктеріменбайланысты болуы керек.
3.Оның тілдік шығармашылық қасиеттерін ынталандыру керек.
4.Оқушыны оқу процесінің басты тұлғасы ретінде белсенді етіп, басқа оқушылармен тығыз байланыстыру керек;
5.Оқушыға өз физиологиялық, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өз бетімен жұмыс істей алуына көмектесу керек;
6.Түрлі жұмыс түрлерін жеке, жұппен, топпен, сыныппен және тағы басқа жұмыс түрлерін қолдану қажет.
Ағылшын тілін оқыту әдістері
Сабақтың құрылымы мен типтерге бөлудің қазіргі заманғы үлгісі бар. Сабақ – мұғалімнің шығармашылығы. Ағылшын сабағында тіпті бірыңғай технологияны қолданатын, бір тақырыпқа арналған сабақ әр ұстазда түрліше болып шығады. Кез-келген сабақтың анық мақсаты болу керек. Сондықтан қазіргі заманғы дидактикада сабақ типтерін былай класификациялайды:
-
жаңа сабақ өту;
-
дағды мен біліктілігін қалыптастыру және дамыту;
-
білімін, біліктілігін, дағдысын бекіту мен пайдалану;
-
оқыту және білімді жүйелеу;
-
білімін, біліктілігін, дағдысын бақылау және коррекциялау;
-
кіріктірілген сабақ.
Мұғалім алдымен сабақта не істейтінін жоспарлайды, содан соң калай және қандай әдіспен жүзеге асыратынын анықтайды. Сабақтың құрылымы мақсат пен мазмұн арқылы анықталады, кездейсоқ таңдалуы мүмкін емес. Интерактивтік оқыту шет тілін үйренуде өте тиімді.Педагогикада, әсіресе шет тілдерін оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:
1)пассивті – оқушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру)
2)активті /белсенді/ оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс
3)интерактивті – inter (өзара), akt(әрекеттесу).
Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады. Шет тілін үйренуде интерактивті оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуацияларды моделдеуді, рольдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны, яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді. Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру. Шет тілін үйретуде интерактивтік оқыту технологиясы:
-
1)Жұптасып жұмыс істеу.
-
2)Ротациялық (ауыспалы) үштік.
-
3)Карусель - Айналмақ.
-
4)Шағын топтармен жұмыс.
-
5)Аквариум.
-
6)Аяқталмаған сөйлем.
-
7)Миға шабуыл /Мозговой штурм/.
-
8)Броундық қозғалыс.
-
9)Есептеу ағашы. /Дерево решений/
-
10)Өз атынан сот. /Суд от своего имени/
-
11)Азаматтық тыңдау.
-
12)Ролдік /іскерлік/ ойын.
-
13)Сығымдау методы. /Метод пресс/
-
14)Өз позицияңды ұстан.
-
15)Дискуссия.
-
16)Дебаттар.
Әдістер:
-
Логикалық ойлау;
-
Грамматикалық-аударма әдісі;
-
Сатылау;
-
Тізбектеу әдісі;
-
Үнсіздік әдісі;
-
Физикалық сезіну әдісі;
-
Рольдік ойындар;
-
Мәдени қарым-қатынас;
-
Жобалау әдісі;
-
Проблемалық оқыту әдісі;
-
Анализдеу;
-
Миға шабуыл;
-
Пікір алмастыру;
-
Интерактивті әдістер;
-
Коммуникативтік, көру, есту, кинестикалық;
-
Витагендік әдіс;
-
Ойға шолу;
-
Аудиолингвистикалық әдіс;
-
Келесі әдіс;
-
Түсіндіру;
-
Көрнекілік әдісі;
-
Практикалық әдіс және ақпараттық-коммукативтік технология әдісі.
Бұл оқыту әдістерінің ішінде бұрыннан қолданып келген әдістер және осы замандық жаңа әдістер қамтылған. Осы ағылшын тілін оқыту әдістерін салыстыра сипаттау аса маңызды. Себебі пайда болған әрбір жаңа әдістің артықшылығы мен кемшілігі болады. Оқытушының сабақ барысында қай әдісті таңдауы салыстырмалы сипаттауда аса маңызды. Себебі әдістердің түрлері сан алуан және де бұл әдістердің өзгешеліктерін білмей отырып оны таңдау мен қолдану қиынға соғады. Енді ағылшын тілін оқыту әдістеріне тоқталайық. Ағылшын тілін оқыту әдістерінің ең алғашқы қолданылған әдісі-«Grammar-translational method» (грамматикалық-аударма әдісі) болды. Бұл әдістің негізі XVIII ғасырдың аяғында қаланып, XX ғасырдың ортасында іс жүзінде қолданыста болды. Ағылшын тілін меңгеру грамматика мен сөздікті меңгеру қажет болды. Сол үшін осы әдіс түрі қолданылды. Бұл әдісте қандай да ьір грамматикалық құрылым меңгеріліп, кейін сол тақырыптарға орай сөйлем мәтіндері жинақталады. Одан кейін сол сөйлемнің аудармасы қамтылады. Қандай да бір әдіс түрі сияқты бұл әдістің де өзіне тән ерекшеліктері болды. Біріншіден, бұл әдіс грамматиканы жетік меңгеруге жол береді. Екіншіден, логикалық ойлау деңгейі жоғары азаматтарға ыңғайлы болды. Бұл тәсіл 50 жылдардың аяғына дейін үстемдік етіп келді. Себебі уақыт өзгере келе, қоғамда өзгереді. Сөйтіп заман ағымына сай сан алуан әдістер дүниеге келтірілді. Атап айтатын болсам, 60 жылдары пайда болған «Silenb way» (үнсіздік әдісі) әдісін атауымызға болады. Ағылшын тілін оқытуда бұл әдістің басты мақматы – тіл үйренушіге кедергі келтірмеу, әрі оған оқытушының көзқарасын араластырмау. Бұл әдіс бойынша оқытушы ешнәрсе айтпайды, бірақ ол оқыту барысында күрделі түрлі түсті таблицаларды қолданады. Бұл таблицалардағы белгілер мен түстер белгілі бір дыбысты таңбалап одан жаңа сөздер құралады. Мысалы ретінде «dog» сөзін айту үшін ең «d», кейін «о», сосын «g» дыбысының белгісі саналатын квадрат немесе түрлі таяқшалар көрсетіледі. Содан сөз құралады. Үнсіздік әдістің артықшылығы оқытушының тілді меңгеру сапасы, оқушының тілді меңгеру сапасына ықпал етпейді.
Келесі қарастыратын әдісіміз «Total-physical respone» (физикалық сезіну әдісі) деп аталады. Бұл әдіс оқыту барысында іс-қимылдар арқылы жүргізіледі. Оқушы алғашқыда білім алады, ағылшын сөздерін үнемі тыңдайды. Ал кейін оқығанын не тыңдағанын қимылмен сезінеді. Оқушы физикалық қимылдарды білдіретін сөздер арқылы барлық сөздерді меңгеруге мүмкіндік алады. Мәселен «отыр» деген сөзді түсініп олар отырады. Одан кейін 70 жылдары пайда болған әдістің бірі- «Коммуникативтік әдіс» (қарым-қатынас әдісі). Оның ең басты мақсаты- әңгімелесушілердің сөздері түсінікті болуы үшін адам баласын бір-бірімен тілдік қарым-қатынас жасауға үйрету. Бұл әдіс түрі ағылшын тілін үйретуде ең жеңіл және қолайлы әдістің түрі болып табылады. Себебі коммуникативтік әдіс қазіргі таңда да жұмыс барысында жиі қолданылады. Осы әдіс ағылшын тілін үйретудегі бірқатар үлгілі тәсілдердің үйлесімді көрінісі.
Ағылшын тілін үйретудегі келесісі-«Audio-Lingual method» (аудиолингвистикалық әдіс) әдісі. Аудиолингвистикалық әдіс 70 жылдардың аяғына қарай қолданысқа енді. Бұл әдісте оқушы магнитофоннан немесе оқытушының айтқан сөздерін тыңдап, кейін бірнеше рет қайталайды. Оқушы осы іс-әрекетте сөздердің, сөйлемдердің немесе тіркестің дұрыс айтылу жолдарымен және оны аз уақыт көлемінде жаттап алу, оны қарым-қатынас әдісінде қолдану шарттары бейімделе бастайды.
Ағылшын тілін үйретудің келесі әдісі-«Sugesto pedia» (ойға шому) деп аталады. Бұл әдіс түрі 70 жылдары қолданысқа енді. Бұл әдіс түрі басқа әдіс – тәсілдерге қарағанда күрделірек болып келді. Себебі осы әдісті қолдана отырып оқушы қиялға беріледі. Бұл әдістің мән–мағынасы мынадай: оқушы ағылшын тілін үйрену кезеңінде өзін мүлдем басқа адам болып сезінеді. Ол озіне жаңа есім таңдап, жаңа өмірбаян ойлап табады. Сөйтіп, оқушы өзін мүлдем бөгде әлемде – ағылшын әлемінде отырғандай күй кешеді. Бұл әрине оқушылар үшін қызықты және жұмбақ болып келеді. Осы әдісте қолданылған барлық тәсілдер оқушылардың оқып-үйрену процесінде оң әсерін тигізеді.
Ағылшын тілін меңгеруде сөздік қордың бай болуы да аса маңызды болып келеді. Ағылшын тілі сабағында сөздік қорды дамыту жолдары мынадай әдіс-тәсілдерден тұрады. Олар: сөйлеу, әңгімелесу, сұрақ-жауап, аударма, түсінік, кітап-мәтінімен жұмыс әдіс-тәсілдері. Оқушылардың сөздік қоры баю үшін оқытушы сабақ барысында кестелер, видеокассеталар, түрлі суреттер, көрнекі құралдарды қолдануы керек. Енді ағылшын тілін сөздік қорын дамытатын әдіс-тәсілдерге жеке-жеке тоқталайық.
Көрнекілік әдісі– ағылшын тілін үйретуде ең жиі және ең нәтижелі әдіс-тәсілі болып саналады. Себебі бұл әдіс барлық сабақ түрінде қолданылады. Көрнекілік әдісте әрине көрнекілік құралдар мен схемалар қолданылады. Олар бірнеше түстен кем болмауы керек. Бұл оқушылардың сабақ барысында қызығушылығын және сөздік қорларын дамытуда ең тиімді жолы болып табылады.
Түсіндіру әдісі – оқытушы сабақ барысында, оқыту үрдісінің бастамасы ретінде іске асырылатын әдіс. Бұл әдісте оқытушы жаңа сөзді, жаңа тақырыпты немесе сөйлемдерді түсіндіру үшін қолданылады.
Сұрақ – жауап әдісі – балалардың тілін дамыту үшін маңызды әдістің бірі. Бұл әдісте оқушылар коммуникативтік әдісте болады. Бір-бірілеріне сұрақ қойып, кейін сұрағына жауап алады. Кең көлемде қолданылатын әдіс түрі болып табылады.
Практикалық әдіс – оқушылар сабақ үйрену барысында түрлі ойын элементтері бойынша тіл үйрену іс–әрекеті болып табылады. Оқушының сөздік қорын молайтуда ойындардың ролі зор, себебі ойындар олардың сөйлеу машығын қалыптастыру үшін қажет.
Интерактивтік әдіс–сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады. Бұл әдістің мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Оқушылар және тапсырмалармен жұмыс істей отырып, топ мүдделерін де ойлауға үйренеді. Бұл әдісте әр оқушы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге талпынады.
Оқушылар бірігіп жұмыс істеуге үйренеді. Бұл әдісте оқушы сабақ барысында оқушыларға кеңесші, серіктес рөлін атқарады.
Ағылшын тілі сабақ барысында компьютер оқытушыға оқушының өз бетінше жұмысын ұйымдастыруға жәрдем береді. Ол үшін ғалымдардың ұсынысы бойынша мынадай жаттығулар мен әдістемелік тәсілдер қолдану дұрыс:
1. Сұрақ-жауап диалогы.
2. Таңдамалы жауаптармен жүргізілетін тапсырма.
3. Еркін құралған сөйлемдерді стильдік түзету.
4. Толықтыруды керек ететін жаттығулар.
5. Сөздікті меңгеруден өзін-өзі бағалауға арналған жаттығулар.
Компьютерлік бағдарламалар уақыт өте келе жетіліп, қарқынды даму үстінде. Сөйтіп біз бүгінде әлемдік интернет жүйесі арқылы ақпарат алып қана қоймай, білім алудың жаңа түрі аралықтан оқыту әдісі пайда болды. Бұл оқыту әдісінде мультимедиялық технологияның көмегімен бейне, мәтін, графика арқылы оқу курсының материалдары жасалады. Оқу материалы ретінде оқушыға дәстүрлі оқулықтар мен оқу құралдары және интерактивті қасиеті шектеулі бейне және мультимедиялық материалдар ұсынылады.
Ағылшын тілін үйрету барысында ескертетін жайттар:
1 - Ағылшын тілін оқытуды жүйелі түрде жүргізу.
2 - Үйрету күнделікті өмірде жиі қолданылатын контекстерден басталады.
3 - Тапсырманы оқушының қабілетіне қарай беру.
4 - Оқу материалдарын шындыққа сай етіп алу.
5 - Үйрену – қарапайымнан күрделіге қарай ұстанымы арқылы жүзеге асады.
Қазіргі кезде ағылшын тілі мұғалімнің міндеті балаларды ағылшын тілін меңгертіп қана қоймай, оларды өздігінен жұмыс істеуіне, тілге деген қызығушылықтарын дамыту болып табылады. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. АКТ-ны қолдану оқушы үшін өте қызықты, әрі нәтижелі болды. Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады. Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер,ноутбуктар, видеолар мен телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып, тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын қамтамасыз етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолданудың негізгі мақсаттары: тілді үйренуге деген мотивацияларының артуы, тілдік компетенцияны дамыту, өзге тілдегі мәтіндерді түсіне білу, сондай-ақ ақпаратты байланысқан және дәйектелген күйінде бере білу, лингвистикалық білім көлемінің артуы, тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік мәдени құрылымы туралы білімнің толығуы, ағылшын тілін өз бетімен үйренуге даярлық пен қабілеттілікті дамыту. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әдістемелік, дидактикалық, педагогикалық және психологиялық принциптердің тұтас комплексін жүзеге асыруға көмектеседі, таным процесін қызықты және шығармашыл етеді, әрбір оқушы үшін жеке дара жұмыс қабілетін ескеруге мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды практикада қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жаңа түрін ашады, нәтижесінде жаңа білім ашылады, оқушылардың танымдық белсенділігі дамиды, білімді өз беттерінше толықтырады, ақпараттар ағымында іздеу және бағдарлауға үйренеді. Жаңа технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолдану тәжірибесін талдай отырып, мынандай қорытынды жасауға болады: оқыту сапасы артады, тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді, ақпараттық кеңістікте адаспайтын, ақпарат мәдениетін жетік білетін тұлға болып қалыптасуына көмектеседі, тіл тосқауылының кедергілері азаяды.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияны сабақтарда қолдану келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талаптты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшын де тигізер пайдасы аса мол.Қазіргі заманғы ұстазға қойылатын талап оқушының өз бетінше оқуына қарқынды түрде көмектесіп, оның сабаққа деген қызығушылығын ояту, сонда ғана оқушы жаңаны тануға талпынып, білімін арттыруға тырысады. Жалпы оқыту жүйелерінде педагогикалық жаңа технологиялар кеңінен орын алып келеді. Әр ұстаз өзі тандаған технологияларды қолдана отырып, оқушылардың білім денгейін көтеруге бар күш – жігерін жұмсайды. Бүгінгі таңда сабақты мультимедиалық кабинетте өткізу, шет тілі сабағында компьютер жүйесін қолдану ұстаздың да, оқушының да жұмысын жеңілдетеді, оқушылардың ынтасын арттырады. Сабақтарда денгейлік тапсырмаларды, сызбаларды, көрнекіліктерді қолдану оқушылардың қабылдауын жетілдіреді.Ағылшын тілі сабақтарында тест жұмыстарын өткізу, грамматикалық тапсырмаларды орындау, мәтін тындату жұмыстарын оқушылар аса қызығушылықпен орындайды. Мультимедиалық кабинетте өткізілетін сабақтарда орындалатын тапсырмалар мен тест жұмыстарының нәтижесі сол сәтте тексеріліп, әр жіберілген қателерге талдаулар жасалып, уақыт үнемді пайдаланылады. Интеграциялық сабақтар өткізуде компьютер жүйесін қолдану өте тиімді. Экран бетіндегі жаңа сөздер, түрлі – түсті грамматикалық кестелер оқушылардың қызығушылығын, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Мультимедиалық кабинетте өткізілген сабақтарды интерактивті тақтаның ерекше мүмкіндіктерін тимді пайдалана отырып, көздеген мақсатқа жетуге болады. Ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан - жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс. Мектептегі технологияларға мыналар жатады: теледидар бағдарламалары, сандық теледидар, интернет/ WWW, ұялы телефон, ұтқыр қондырғылар, компьютер/ноутбук. Сандық бейнені (видео) қолдану. Мектептегі компьютерлік сынып интернет жүйесіне қосылғандықтан сабақтарымда АКТ кеңінен қолданамын. Сонымен қатар оқушы да интернеттен материал ғана іздеп қоймайды, әлемдік байланыс торабына кіруді де үйренеді, электрондық оқулықтармен жұмыс жасайды. Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдана білу оқушылардың үйренген білімдерін өз беттерінше қолдана білуге, дүниені аз уақытта танып білуге мүмкіндік береді. Интернет ресурстарын қолдану мүмкіндіктері өте үлкен және оқушылар мен оқытушыларға қажетті кез-келген ақпараттарды, жер шарының қай жерінен болса да алуға мүмкіндік береді. Мысалы елтану бойынша материал, жастар өмірінен жаңалықтар, газеттерден мақалалар, қажетті әдебиет және т.б. Сонымен қатар оқушылар интернет желісі арқылы өткізілетін тестілеуге, викториналарға, конкурстарға, олимпиадаларға қатыса алады. Ағылшын тілін оқытуда Интернет ресурстары беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге толығырақ тоқталсақ, төмендегі мысалдарды атауға болады.
-оқушылар Интернет топтарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат алысып, виртуалды қатынас клубтарына, телеконференцияларға қатыса алады және нақты уақыт тәртібінде мәтіндік хабарламалармен алмасуға, радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни ақпараттың қандай да түрлерін қолдануға мүмкіндіктер бар;
-ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез арада жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі, интерактивтілік (жылдам кері байланыс пен сұхбат мүмкіндігі), іздеу жүйелері арқылы және өз бетімен іздеу, алынған материалдарды түрлі тасушыларға ауыстырып салу және т.с.с. Интернеттің артықшылықтары пайдаланылады;
-Интернет шетел тілін үйренушілерге аутентті мәтіндерді қолдануға, табиғи тіл иелерін тыңдап, олармен қарым-қатынас жасауға қайталанбас мүмкіндіктер береді, яғни ол табиғи тілдік ортаны қалыптастырады;
Ақпараттық технологияларды ағылшын тілі сабағында қолдану оқушылардың ойлау және өздік жұмыс жасау белсенділігін арттырады, сөйлеу мен шығармашылық қабілетін дамытады. Жаңа технологияларды қолданған оқытушы сабағын көрнекі және белсенді ете алады. Жаңа жағдайларда оқытушы дәстүрлі оқу құралдарын ғана емес, сонымен қатар ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалануға тиіс. Бүкіләлемдік желі, электрондық білім беру ресурстары өз оқушыларының, сондай-ақ өзінің білімін кеңейткісі келетін оқытушы- пән мұғалімі үшін жақсы көмекші бола алады . Оқытушы компьютер үйренушілердің өз бетімен жұмысын ұйымдастыратын және әсіресе тілдік және сөйлеу материалымен жаттықтыру жұмысы процесінде оны басқаратын құрал болып табылады. Бұл қолданылатын жаттығулар мен әдістемелік тәсілдер сипатын анықтайды. Келесілер көбірек жиі қолданылады:
1.Сұрақ- жауаптық диалог. Үйренушінің жұмыс мәні негіз бен сұлба ретінде сұрақта жазылған тілдік материалды пайдаланып, компьютерлдік сұрақтарына тура жауаптар беруден тұрады.
2.Ішінара жауаппен диалог. Компьютерге жауап беру үшін үйренуші болжанылатын нұсқалар қатарынан біреуін таңдайды.
3.Еркін құрастырылатын жауаппен диалог. Мұндай диалогты компьютер жауаптың дұрыстығын «танып», бағалай білуі үшін оның қойған әрбір сұрағына жауаптарлы барлық мүмкін нұсқаларымен бағдарлама қамтамасыз етеді.
4.Бос орындарды толтыруға жаттығулар. Компьютер үйренушіге бос орындармен мәтінді немесе ұсыныстар жинағын ұсынады. Шет тіліне аударып, қажетті түрде қолдану қажет орыс сөздері түріндегі сыбыр сөзді пайдаланып бос орындарды толтыру қажет. Сондай-ақ компьютер ұсынғандардың ішінен таңдап, бос орындарды сөздермен немесе сөз тіркестерімен толтыруға болады.
5.Сөздікті білуін өзі бақылауға арналған жаттығулар. Мұндай жаттығулардың нұсқалары мүмкін:
а)Компьютер аудару үшін сөздер тізімін ұсынады;
б)Компьютер сөздердің екі тізімінің арақатынасын белгілеп (орыс және шетел), екі тілде бұл сөздердің балама жұптарын табуды ұсынады;
в) Компьютер шетелдік сөздердің екі тізімінің арақатынасын белгілеп, синонимдер мен антонимдер жұбын анықтауды ұсынады;
г) Компьютер шет сөздерінің тізімін және бұл сөздердің дефинация тізімін ұсынады.
6.Компьютерлік бағдарламалар (компьютерлік оқытудың шетелдік тәжірибесінен
1)Уордсток (сөздікпен жұмыс істеуге арналған бағдарлама) Өз бетімен сөздік құруға арналған бағдарлама. Үйренуші анықтамаларымен және мысалдармен 1000 сөзге дейін жаза алады. Кез келген уақытта ол сөзді қарап, өзінің лексика білімін тексере алады: экранда сөздің анықтамасы көрсетіліп, сөздің өзі туралы сұрақ болады. Бос орыны бар мысал сыбыр сөз болады. Бағдарлама жұмысқа ерекше қарапайым және жеке үйрену үшін, сондай-ақ топта сабақ өту мен ақпаратпен алмасу үшін идеалды болып табылады.
1.Мэтчмастер (сәйкестіктерді таңдауға бағдарлама) Бұл әмбебап бағдарлама үнемі сұранысқа ие. Үйренуші оң және сол бағандардың (сөзден жаңа жолған дейін үш жол) лексикалық бірліктерін дұрыс қосуға тиіс. Таңдау тіл- индикаторды пайдаланумен екі бағанды қарау арқылы жүргізіледі. Басушы құрылғы жеке және сынып жұмысы үшін жаттығуларды қағазда көбейтуге мүмкіндік береді.
2.Чойсмастер (нұсқаларды таңдауға бағдарлама) Бұл көптік таңдауға жаттығулар құруға арналған жұмыста қарапайым бағдарлама. Бағдарламашы әрбір мысал үшін таңдаудың 3-5 нұсқасын және әр түрлі санын анықтап, қажет болғанда әрбір дұрыс емес әрекетті тіркейтін қателер индикаторын кіргізе алады. Сұрақтар қатар- қатар немесе шашыраңқы көрсетілуі мүмкін. Жаттығулар құрастырған кезде оқытушыға сұрақтардың белгілі бір санын ұстану міндетті емес. Жаттығу орындағаннан кейін сұрақтар қосылуы мүмкін Бұл үшін «Түзетуші» бағдарламасы қолданылады. Компьютермен жұмыс істеуші тексеруші және үйретуші режимдерді таңдай алады. Біріншісі кезінде үйренуші жауаптарының қайсысы дұрыс екендігін жаттығу орындалып болғанша білмейді, екінші режим дереу жауапты және қателер индикаторының әрекетін қамтамасыз етеді. Қажет болғанда үйренушінің жұмыс нәтижелері басылған түрінде берілуі мүмкін.
3.Клоузмастер (бос орындарды таңдауға бағдарлама) Бағдарлама оқытушыға немесе үйренушіге 50 жолға дейінгі көлемді мәтіндерді енгізуге, дискке жазуға немесе түзетуге мүмкіндік береді. Үйренуші мәтінді атауы бойынша таңдайды және дисплейде оны көрсету алдында мәтінде қандай сөздер қалдырылып кетуге тиіс екендігін (әрбір бесіншіден әрбір он бесінші сөзге дейін) анықтайды. Сосын, нөмірленген бос орындарымен мәтінді қарастырып, оларды толтырады. Бос орындары бар әр түрлі тілдердегі мәтіндер басылған түрде алынуы мүмкін. Үйренушілер өзіне ыңғайлы жылдамдықпен оларда қағазға толтырып, ыңғайлы уақытта өз нәтижелерін компьютердің деректерімен салыстыра алады.
4.Кроссвордмастер (кроссвордты толтыруға шебер) Бағдарлама компьютерде кроссвордтар құруға, жазуға және шешуге мүмкіндік береді, сондай-ақ екі үйренуші үшін жұмыс режимін қамтамасыз етеді. Бағдарламашы диаграммалардың мөлшерлерін анықтап (кез келген бағытта 5-тен 15 квадратқа дейін), онда сөздер мен бос орындарды баса алады. Кроссворд кез келген түрлі болуы мүмкін – үйретуші және көңіл көтеруші, сол жерде ойлап табылған сөздермен немесе мәтіннен алынған сөздермен.
5.Юнисаб (қоюға бағдарламашы) Көрсетілетін мәтінде алдын ала іріктелген сөздер немесе ұғымдар бірінің артынан екіншісі неғұрлым ашық суретпен бөлініп көрсетіледі. Үйренуші олардың орнына басқа сөздерді немесе ұғымдарды қоюға тиіс.
6.Юнилекс (мәтінге сөздікпен жұмыс жасауға арналған бағдарлама). Бағдарламада әліпби бойынша мәтіннің барлық сөздерінің тізімі құрастырылады және әрбір сөздің қолданылу жиілігі көрсетіледі. Ол белгілі бір мәтіндерге лексикалық түсіндірмелерді дайындауға пайдаланылуы мүмкін.
7.Гэпмастер (бос орындарды толтыруға бағдарлама) Бағдарлама оқытушыға үлкен мәтіндер енгізіп, қалдырылып кетуге тиіс элементті – жұрнақ, қосымша, сөздер немесе ұғымдарды анықтауға мүмкіндік береді. Қажет болғанда ол басқа, дұрыс жауапұа рұқсатты бекіте алады. Мәтін арнайы процессор арқылы енгізіледі. Үйренуші бос орындарды кез келген реттілікпен толтырып, тексеруші немесе үйретуші режимдерді таңдай алады. Әрбір жауап дұрыс жауап кезінде пайда болатын кілтпен болуы мүмкін. Бұл бағдарламаны тілдік бірліктерді пайдаланудың қалыптасатын дағдыларын қатаң бақылау үшін оқытушылар жиі таңдайды.
8.Пинпойнт (сезуге бағдарлама) Бағдарлама ең аз мәнмәтін арқылы мәтіннің тақырыбын қалпына келтіру бойынша кеңінен танымал ойынды ұсынады. Ол әр түрлі тақырыптарға 60 мәтін- үлгіні қамтиды. Бағдарламада экранда көрсетілген алты тақырыптың бірі қолданылады және бұл мәтіннен бір сөз көрсетіледі. Бұл мәтіннің қалған сөздері қалдырылып қойылған. Үйренуші ең аз ақпаратты пайдаланып, алтауының қандай тақырыбы бұл мәтінге сәйкес келетіндігін тауып білуге тиіс. Ол тақырыпты ойлап тапқанша, қосымша сөздерді сұрата алады.
9.Спидрид (жылдамдықпен оқуға бағдарлама) Мәтін экранда белгілі уақыт бойы 8 жолмен бөліктермен көрсетіледі (үйренуші көрсету уақытын таңдай алады: 1 минуттан 9 секундқа дейін - өте баяу оқу үшін; 9 секунд – жедел жадыны жаттықтыру үшін). Жаттығудың мақсаты – мазмұнды жалпы қамтумен тез оқуды жаттықтыру. Әрбір беттен немесе бүкіл мәтіннен кейін көптік таңдауға сұрақтар берілуі мүмкін. Мәтін қалыпты, сол секілді көбейтілген шрифтпен көрсетілуі мүмкін. Көрсету уақытын таңдау кезінде мәтін уақыт шектеуісіз мазмұнды жалпы қамтумен оқу дағдыларын тексеру үшін пайдаланылуы мүмкін.
10.Сториборд (мәтінмен жұмысқа бағдарлама) Оқытушы экранда басады және мәтінді жазады. Жадыны, логиканы және тілдік дағдыларды пайдаланып, үйренушілер экранда бұл мәтінді қалпына келтіруге тиіс (мәтіннің әрбір сөзіндегі әріптер клякстармен ауыстырылған). Бұл жаттығу оқу белсенділігін ынталандырады. Жұмыс кезінде оқытушы шыдамдылық жоғалтып, жекелеген әріптер қарап қоюы мүмкін, бірақ үйренушілер, тәжірибе көрсеткендей, ешқашан бұлай істемейді және бүкіл мәтінді өз бетімен қалпына келтіруге тырысады. Сондай-ақ жұрнақтар мен жалғауларды ойлап табуға қосымша жаттығулар бар.
11.Тестмастер (сұрақ- жауапты түрде тестілеуге бағдарлама) Бұл кез келген деңгейде кез - келген пәнге арналған қолданылуда қарапайым бағдарлама. Оқытушы жауаптардың мүмкін дұрыс нұсқаларын қарастырып, «жауап- сұрақ» кез келген ұзындықтағы жұптар тізбегін дайындай алады. Үйренуші толық жауапты басып шығуға тиіс. Ол кез келген реттілікпен сұрақтарға жауап беріп, сондай-ақ тексеруші және үйретуші режимдерде жұмыс істей алады.
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы ағылшын тілі сабағында
7 сынып. Ағылшын тілі
Тақырыбы: Қазақстанның жануарлар мен өсімдіктер әлемі.
Сабақ кезеңін «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны тану», «Ой толғаныс» кезеңдеріне бөлінді. Таңдап алынған «Сыни тұрғысынан ойлау» арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуына, шығармашылық ізденісін қалыптастыруына жол ашылды.
Қызығушылықты ояту – жаңа сабақты түсіндіру кезеңдегі үйрету процесі. Бұл өткен сабақ пен жаңа сабақты ұйымдастырудан тұрады.Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа тақырыппен толықтырады кеңейте түседі. Сондықтан да сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі? не айта алатындығын анықтаудан басталады. Оқушылардың ойын қозғау, ояту үшін АКТ-ны пайдаланылды. Интерактивті тақтада бейне ролик (1.1 сурет) көрсетілді.

1.1 сурет – Бейне ролик
Оқушыларға тақырыпты ашу мақсатында мынандай сұрақтар қойылды.
1.What is about the video?
2. Have you seen these animals?
3. What kind of animals and plants do you know?
Оқушылар бейнероликті тамашалап болған соң, қойылған сұрақтарға жауап бере отыра, сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтады. Оқушылардың бүгінгі сабаққа қойылған мақсаты: жануарлар мен өсімдікке қатысты жаңа сөздерді меңгеру және тақырып бойынша түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып ойымызды еркін, тиянақты жеткізу.
Оқушыларды топқа бөлу үшін түрлі стикерлер таратылды, оқушылар ұнаған стикерлерді таңдап, үш топқа бөлінді, бірінші топ «The steppes», екінші топ «TheAltai mountains», үшінші топ «Northern Tien Shan».
Pre-reading task. Creating a Venn diagram to reveal the differences and surprising similarities between animals and plants (1.2 сурет).

1.2 сурет – Venn diagram
Оқушылар алдарына «Animals and plants» тақырыбы бойынша венн диаграмма толтырудағы критерялар (1.1 кесте) ұсынылды. Бұл критериялар тапсырма орындауда көмекші ретінде беріледі. Оқушылар әр критерияға назар аудару керек. Бейне роликте көрген үзіндіні және критерияларды қолданып венн диаграмманы толтырды.
-
кесте – «Animals and plants» тақырыбы бойынша венн диаграмма толтыру. Жұппен бағалау
|
Task |
Criteria |
Мах 3 points |
Assessment |
|
Venn diagram |
The ability of finding correct information on the theme/ Тақырып бойынша нақты ақпарат таба алады. |
|
«5» – 15-13 «4» – 12-10 «3» – 9-7 «2» – 6-3 |
|
The ability of finding similarities on the given theme/ Берілген тақырып бойынша ұқсастығын таба алады. |
|
|
|
|
Spelling/ Сөздердің дұрыс жазылуы. |
|
|
|
|
|
The ability of finding differences on the given theme/ Берілген тақырып бойынша нақты айырмашылығын таба алады |
|
|
|
|
The knowledge of vocabulary/ Лексикалық нормаларды жетік біледі. |
|
|
Мағынаны тану – жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кезеңде жаңа жаңалықпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді. Үш топқа мәтін таратылды. Тапсырманың мақсаты: мәтінді мұқият оқу, жаңа сөздерді қолдана арқылы тақырыпты түсіну және тапсырмаларды орындау.
Read the text and complete the table.
Northern Tien Shan are covered with fur-tree woods and Western Tien Shan with the bushes; thе gorges have apple and nut-trees with woods, the tops are covered with eternal snow. Here we can meet Tien Shan brown bear, from birds – famous golden eagle, favorite of the Kazakh hunters, the scope of which wings reaches more than three meters.
|
Place |
Animals |
Plants |
|
|
|
|
to cover – жабу
fur-tree – шырша
bushes – бұталар
gorges – шатқалдары
eternal – мәңгі
scope – сфера
wings – қанаттары
The Altai mountains of Kazakhstan, covered with taiga woods. You will meet a beautiful maral, chipmunk. On high-mountainous lake Markakol in Southern Altai of Kazakhstan was founded a national park for protection of flora and fauna, especially forfishes. On lakes there are a lot of waterfowl birds as ducks, geese, gull, and rare bird such as black stork; Besides lakes here in Kazakhstan is protected unique pine wood.
Vocabulary:
|
Place |
Animals |
Plants |
|
|
|
|
chipmunk – бурундук
was founded – құрылды
protection – қорғау
waterfowl – суда жүзетін
gull – шағала
rare – сирек
black stork – қара аист
unique – ерекше
The steppes of Kazakhstan are magnificent. There are living in Kazakhstan steppes – imperial eagle, falcons. There are animals and plants in desert too. Here grows black saxaul. Several species of birds: steppe hens, larks, desert doves .
|
Place |
Animals |
Plants |
|
|
|
|
Vocabulary:
magnificent – тамаша
imperial eagle – империялық қыран
falcons – сұңқар
desert – шөл дала
several species – бірнеше түрі
hens – құр
larks – бозторғай
doves – кептер
Мәтінді әрі қарай өрбиту мақсатында «жигсо» әдісін пайдаланылды. Жигсо бұл – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілік артады.
Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым бес адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп аталады. Содан кейін 1,2,3-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2,3,-өз алдына «жұмыс» тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы тақырыпты түсіну қажет екендігі ескертіледі. Өйткені сол тақырып бойынша «жанұя» топ оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген тақырыптарды кесте бойынша мазмұндап, ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бір-бірін оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді. Жигсо стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды еске сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген ынтасы, қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.
Ой толғаныс. Оқуды қорытындылау, оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, өздері дәлелдейді бағалайды, көрсетеді. Осы кезеңде «Постер» әдісін қолданылды (1.3 сурет). Жигсо әдісі бойынша мәтіннен меңгерген түсініктерін қағаз бетіне түсіреді.

1.3 сурет – Poster әдісі
«Plants and animals оf Kаzakhstan» тақырыбы бойынша постер салу бойынша топ бағалауы келесі 1.2 кестеде берілген. Топтың қортындысы 2.7 кестеде берілген.
1.2 кесте – The group name: «Northern Tien Shan»
|
Task |
Criteria |
Point |
Assessment |
|
Poster |
The theme is completely represented/ Тақырып толығымен ашылуы (мах 4) |
3 |
«5»– 18-16 |
|
The correct design/ Эстетикаға сай орындалуы. (мах 3) |
|
«4»– 15-11 |
|
|
The given illustrations are connected with the theme/ Ұсынылған элюстрация тақырыпқа сай жинақталуы (мах 2) |
|
«3»– 10-7 |
|
|
The work in group is correctly divided/ Топтағы жұмыс тиянақты бөлінуі (мах2) |
|
«2»– 6-3 |
|
|
Pupils can freely express their thoughts on the theme/ Ұсынылған тақырып бойынша ойларын сөйлеу мәнерін тиянақты жеткізуі (мах 4) |
|
|
|
|
Correct grammar/ Грамматикалық нормаларды дұрыс қолдануы (мах3) |
|
|
|
|
Total score: |
|
|
Постер әдісінің тиімді жағы оқушы қиялын ұштастыра түседі, идеясын оқулық мәтінімен біріктіре отырып қорғайды. Презентация барысында басқа топ мүшелерінен сұрақтар қойылады, пікірлері білдіріледі. Бұл жерде диалогтік қарым-қатынасқа түседі, себебі бізге балалардың ағылшынша сөйлегені керек. Диалогтік оқыту дегеніміз мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын сөйлесу құралы болып табылады. Сабақты диалогтік оқытуды пайдалану оқушылардың қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатыны сөзсіз.
Ағылшын тілінде ауызша сөйлеуге үйретудің кейбір тиімді жолдары
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Шетел тілін оқытудың басты мақсаты — оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту» деп көрсетілген. Өйткені қазіргі нарық жағдайында шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін меңгеру, шетел тілінде сөйлей білу өмірдің өзекті мəселесіне айналды. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпаққа шетел тілін оқытуда əр түрлі əдістемелік жаңа тəсілдерді түрлендіре, күрделендіре түсу қажеттілігі туындап отыр.
Ағылшын тілі — əлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен дамыған тілдердің бірі. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарым-қатынасты атқарады. Ағылшын тілінде сөйлеуді үйрету үшін қолданылатын оқыту əдісінің мазмұны оқушының тілдік қарым-қатынаста жинаған білімінің, қалыптасқан дағдысының, игерген шеберлігінің жиынтығына байланысты. Сөйлеуге үйрету мoнолог жəне диалог түрінде жүзеге асырылады. Мoнолог жəне диалог түрінде сөйлеу іскерлігі, біліктілігі қарым-қатынас əрекетінің, ақпараттық, регулятивтік, əдептік жəне сезімдік-бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады.
Негізгі орта білім деңгейіне арналған шетел тілі курсы жалпы орта білім деңгейінде оқыту дайындығына бағытталған, яғни ол шетел тілін меңгерудің жалпы еуропалық А1 деңгейіне сəйкестірілген.
Шетел тілі сабағында ойын, сұрақ-жауап, өлең сөздерін толықтыру, суретке қарап мəтін құру, карточкаларды қолдану арқылы ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады.
Зерттеу жұмысының негізгі дереккөздері — философия, психология, лингвистика, педагоги- калық еңбектер, əдістемелік еңбектер, озат педагогтардың іс-тəжірибелері.
Зерттеу əдістері ретінде бақылау, мұғалімдердің жұмыс тəжірибесін зерттеу, талдау мен қорыту, сөйлеу тілін дамыту, оқушылардың ауызша жауаптары мен жазба жұмыстарын талдау əдістері пайдаланылды.
Кейінгі кезде мультимедиалық, гипермəтіндік, желілік жəне коммуникациялық ақпараттық технологиялардың пайда болуы шетел тілін тиімді оқыту үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Мультимедиалық технологиялар мəтіндік құжаттарға, графикалық суреттер, дыбыс жəне бейне- көріністерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында қолданылатын əдістерге төмендегілерді жатқызуға болады:
-
Ауызша əдіс — теория жəне фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын жəне жаңа сабақты пысықтауда, ережелерді қайталауда пайдаланылады.
-
Көрнекі əдіс — бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мəселеге ықыласын көтеру жəне оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады.
-
Практикалық əдіс — практикалық іскерлік пен əдетті дамыту үшін жəне тақырып мазмұнына сəйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін пайдаланылады.
-
Ойын əдісі — оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу-білік дағдыларын қалыптастырады.
Аталған əдістерді пайдалана отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды, теориялық мəселелер мен қағидаларды оқушыға меңгерту тиімді болып табылады.
Ауызша сөйлеуге үйретудің, біріншіден, белгілі бір көлемде диалогты түрде жəне монологты түрде сөйлеудің арасында айтарлықтай формасы жағынан да, мазмұны жағынан да қандай да бір байланыстың болуы; екіншіден, оқушының өзіне тиісті пəнді жетік меңгеруімен; үшіншіден, қандай да бір мəтін материалдары мен ауызша сөйлеуде едəуір байланысты болуы. Оқудың бірінші кезеңінде іштей оқуға көңіл бөлу керек. Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-əрекет ұйымдастыруға болады. Шетел тілі пəні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, белгілі бір мəтін бойынша жұмыс істеу үшін мына жаттығуларды беруге болады:
-
Мəтінді қатесіз, дауыс ырғағын сақтай отырып оқу.
-
Мазмұнын түсіну.
-
Тірек-сызба сөздері арқылы баяндау.
-
Мазмұнын түсінуі бойынша сурет салып, суреттеу.
Келесі жаттығу түрі сөйлеуге үйрету. Диалогты сөйлеуде оқушылар сұрақ-жауап, өтініш айту, нұсқау беру жəне тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс-əрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, əр түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нəрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет жəне əр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы тиіс. Қазіргі кезеңде пəн мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне «Warming up» жаттығуы жатады.
«Warming up» жаттығуы. «Do you know?»
What`s near the Capitol? What`s near the Houses of Parliament? What would you like to see in Wash- ington D.C.? What would you like to see in London?
Тілдік жаттығудың мақсаты — сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым-қатынас туғызып, алдағы сабақтың нəтижесін жоғарлата түседі. Əдетте оқып болғаннан соң түсінік айтылады жəне жаттығулар жасалады. Сөйлей алудың əдістерімен қорытындыланады. Əңгімелесу балалардың логикалық ойлауын, тілдің қалыптасуына, қорытынды жасауға көмектеседі. Оқушылардың ағылшынша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету керек. Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: сөзді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, мəтінді, өлең сөздерді айтқанда дауыстың анық болуын қадағалау, сұрақтарға жауап беру, дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақ қоя білу мен əңгімені бастау, жалғастыру, аяқтай білу қабілетін қалыптастыру сияқты жұмыстар қатар жүргізіледі. Сондай-ақ берілген мəтіннің мазмұнын айту мен сөйлеу үлгілерін сауатты түрде құрастыра білуге, диалог арқылы сұхбаттасу сияқты жұмыстар кеңінен жүргізіледі. Осындай жұмыс кең түрде жүрген тұста оқушының сөйлеу ерекшелігі күннен күнге дамып, жан-жақты артып отырады. Ал бұл оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: оқушы меңгерген лексикалық материалдар бойынша талқылауға қатысып, мəтін бойынша түсінгенін еркін жеткізе білуге дағдыланады. Қойылған сұрақтарға тез жəне нақты жауап беру жəне сурет бойынша əңгіме құрастыру, əр түрлі жағдаяттарға байланысты сұрақ қоя білу мен схема бойынша сөйлемдер құрастырып айту жұмыстары басты рөл атқарады.
Оқу біліктілігін меңгеру мақсатында ортадан жоғары деңгейде жұмысты күрделендіріп, көптеген жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік туады. Сондықтан ауызша сөйлеуді меңгеруде мəтінмен жұмыстың да маңызы зор. Мəтінді ауызша мазмұндау үшін тіл үйренушілерді жазбаша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру, жоспар құруға, сондай-ақ белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, өздерінің ойларын, қызықты іс-əрекеттерін əңгімелеуге үйрету, жаңа технологиялар жəне тəсілдерді қолдана отырып, ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту əдістері қолданылады.
Көлемді мəтінді оқып қана қоймай, көру арқылы мазмұнын түсініп мəтіннің мазмұны бойынша түсінгенін айта білу. Сондай-ақ өз бетімен əңгіме құрап, мəтінге байланысты қанатты сөздерді, мақал-мəтелдерді пайдалану арқылы сөйлеуге дағдыландыру. Бұқаралық, ақпараттық хабарларды оқып түсіну (газет, журнал материалдары, теледидар хабары) мен талқылауда белсенділік танытып, біліктілікті жоғарылату жұмыстары басшылыққа алынады.
Сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін, оқыған үзінділері бойынша негізгі кейіпкерлерге сипаттама беру, роман, эсселердің тақырыбын, идеясын талқылау, пікірсайыс, дебат барысында өз ойын əдеби тілде еркін жеткізе білуге дағдыландыру басты мақсат болып табылады.
Кесте № 1.Төмендегі мəтінді мысал ретінде алуға болады:
My friend Bill is a geologist. He does not stay in town in spring and summer. He goes on expeditions. There he lives in a tent and cooks his own meals. He thinks he is a very good cook and when he comes back to town he tries to teach his wife and mother in low the art of cooking. He tells everybody that canned meat and porridge are the best dishes. His wife in his opinion spends too much time on cooking. So he does not let her stay in the kitchen. Neither his wife nor his mother in low contradicts him, for he never stays long at home. When he lives his children are sorry to part with him but they are glad that grandmother will cook their meals again.
Соңғы кезде көп қолданылып келе жатқан жұмыс түрінің бірі — «Brainstroming» əдісі, яғни суреттеліп берілген белгілерді қолдану арқылы біртұтас əңгіме құрастыру, оны əңгімелеп айту болып табылады.
Кесте № 2. «Brainstorming» 2 əдісі.
Бұл əдісті ағылшын тілі сабағында қолдануға болады:
-
Describe the way something is said: whisper, cry, shout, yell, mumble,
-
Think of as many things as you can that are
-
How many methods of travel can you think of?
-
What if you were caught in an avalanche?
-
What if tobacco wasn’t brought to Europe?
Сабақта Интернеттен алынған əндермен қоса, əн туралы қызғылықты қысқаша деректер, əннің нотасын жəне фразаларды қолдануға болады. Əннің мəтінін қағазға шығарып оқушыларға таратып беру керек. Мысалы: «Twinkle, twinkle little star», «If you`re happy», «Spring is green» т.б.
«Spring is green» əнін толықтыру: [http://lingualeo.com/]
is green, spring is
is bright. Summer is
is yellow autumn, is
is white. Winter is
Қазіргі кезде ағылшын тілін меңгеруде (есту, тыңдау, оқу арқылы) оқу фильмдерін көру, үнтаспалар тыңдау жəне тағы басқа мүмкіншіліктері өте көп. Шетел мамандарының сөйлеуімен жазылған үнтаспалар, бейнефильмдер көптеп саналады. Тыңдау қабілетін үнтаспа көмегімен дамыту үшін арнайы бейнежаттығулар мен аудиомəтіндер қажет. Осы орайда мəтінді тыңдау, оқып отырудың мəні зор. Тыңдауға үйренуді сөйлеумен бетпе-бет отырып тыңдаудан бастаған жөн. Аудиториялық сабақтарда оқытушының сөйлеуі, бейнефильмді көрсете отырып, оқытушының оқуы оқушы үшін үлкен өнеге, үлгі болады. Ауызша сөйлеуге үйрету шетел тілім оқытудың ең қиын аспектісі болып саналатындықтан, ең негізгі мақсат — естігенін түсіне білуге үйрету. Түсінуді тексерудің ең басты бөліктерін — сурет арқылы, екіншіден — жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады. Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау — алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мəтінге, əңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады.
Сурет арқылы өзіннің сүйікті үй жануарын сипаттау: [yandex.kz]

Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау — алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мəтінге, əңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады.[yandex.kz]

Көріп біткен фильм бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындауға болады:
-
Жазбаша жоспар құру, мəтінге ат қою, сөз тіркестерін жазу.
-
Ауызша мəтіннің қысқаша мазмұнын беру, толық мазмұнын беру.
-
Бір кейіпкерді таңдап, диалог құру.
Жұмыстың мұндай түрі ағылшын тілін тыңдап түсіне білу мен сөйлеуге үйретеді. Ағылшын тілін тыңдап түсіне-білуге үйрену үшін тек ұнтаспа ғана емес, сонымен бірге бейне-фильм жəне диафильмдердің көмегіне сүйенуге болады. Ағылшын тілінде тыңдап түсіну қабілеттері дамып жетілгеннен кейін, радиобағдармаларды тыңдауға немесе көркем жəне деректі фильмдерді көрсету арқылы оқушылардың білімдерін нығайтуға болады.
Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-əрекеттер арқылы да тіл дамытуға болады. Мысалы, ойынды сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн. Ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты қалыптасуына, дамуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі. Ойындар оқушылардың танымын, ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, əрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пəнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды жəне оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді жəне нақты міндеттерді шешеді. Ойынды сабақтың əр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады. Сынып ішінде мынадай ойындарды ойнауға болады: What’s in the bag? Around the world, Order Race, Question race, Bingo, Go fish т.б.
Ойын арқылы ауызша сөйлеу қабілетін дамыту:
«What’s in the bag?» «Сумкада не бар?» ойыны. [http://www.correctenglish.ru/]
Мұғалім алдымен балаларға бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды: Балалар, сумкада не бар? Балалар ішінде дəптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында қолдануына болады. Əсіресе жаңа сөздерді еске түсіру үшін қолданған тиімді. Мұғалім сумканың ішіндегі заттармен таныстырады. Сумкада не бар? Мұғалім оқушылардан What’s this? сұрағы арқылы затты көрсету арқылы сұрайды. Мысалы: pen, copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Содан соң оқушыларға жеке-жеке қайталатады. Сөздерді ұмытпау керек. Оқушыларға сумка ішіндегі заттарды таратып беріп, оқушылардан осы заттарды былай сұрауға да болады. Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? жауап бергенде оқушылар кімде екенін табу керек. Оқушылар тапса Janatbek has a pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының cабаққа деген қызығушылығын арттырып, сөздік қорын молайтады, сондай-ақ оқушылардың есте сақтау қабілеті арта түседі.
-
«Whose birthday is today?» ойыны.
Мұғалім оқушыларға «One of you has a birthday today. Guess who she is».
Оқушылар: What colour is her hear? What colour are her eyes?
What is her nose like? What is she wearing?
What is her hobby? — деген сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар кімнің туған күні екенін табу керек. Бұл жұмыс түрі де оқушыларды ағылшын тілінде сөйлеуге үйретеді.
Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі. Қазіргі замандағы мұғалімдер ағылшын тілінде еркін сөйлеу үшін «Interview» («Интервью») ойынын қолдану өте тиімді деп есептейді. Сұрақ–жауап жұмыстарында ойындарды қолдану да өте қызықты деп саналады.
Адамдар тілді қолданғанда «Нені?», «Қалай?», «Қайтіп?» деген сұрақтарға жауап беру үшін пайдаланады. Енді осыны үйрету мақсатында қолданса, үйретуші мен үйренуші үшін екеуара тиімді тəсіл болары даусыз. Үйретуші толып жатқан тілдік құбылыстардың қайсысын бірінші, қайсысын кейінірек оқытуда құрылым жəне мағына бойынша басымдыққа ие бола алса, үйренуші де дəл солай таңдау мүмкіндігіне ие бола алады.
Ауызша сөзді түсіну адамның естіген сөздерінің мағынасына талдау жасап, аяқталған ойды білдіруіне, ойша жинақтау қабілетіне байланысты болады.
Ағылшын тілі пəні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйретуде əлемдік озық тəжірибелерді, жаңа технологиялар мен əдістерді барынша қолдануда.
Ауызша сөйлеуді үйретуде əр түрлі технологияларды пайдаланған тиімді. Мысалы, қазіргі білім беру үдерісінде еніп жатқан инновациялық технологияларды басшылыққа алып, практика жүзінде ауызша сөйлеуді іске асыруға болады. Яғни, біз деңгейлеп саралап оқыту технологиясында білім алушыларға деңгейлік тапсырма беру арқылы əр баланы ауызша сөйлеуге үйретеміз. Балалар сөйлеу арқылы өз ойындағысын жеткізу үшін, ең біріншіден, оқушылардың сөздік қорын байытып, содан соң жаңа өткен сөздердің есте сақтап жəне де əр жағдайда қандай мағынаны беретінін түсіндіру қажет. Кейін осы жаңа сөздері бар фильмдер көрсету, өлеңдер тыңдату, диалог жəне монолог құрастыру арқылы жұмыстар жүргіздік.
Ұжымдық, топтық білім беру технологиясы түрінде ауызша сөйлеуге үйрету оқушылар мен мұғалімдер, оқушы мен оқушы арасында іске асырылады. Біріншіден, олар бір-бірімен ауызша тілдесу арқылы қарым-қатынаста болса, екіншіден, ұжым арасында еңбек етуге үйренеді. Дегенмен əр ұстаз қандай технологияны таңдаса да ең алдымен өзі сол технологияны жете түсініп, меңгеруі тиіс. Өйткені техникалық құралдардың əрқайсысын жете білу жəне меңгеру — оқушы үшін ең қажетті шарт. Сонда ғана оқушылар ауызша сөйлеуге үйреніп, олардың сөйлеу дағдылары қалыптасып, сөйлеуге жаттығады.
Ағылшын тілі сабағында мәтінмен жұмыс істеу түрлері
Қазіргі буынғы ағылшын тілі оқулықтарында оқушының еркін сөйлеуіне үйретуде, коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында қолдануына дағдыландыруда соңғы әдістемелер қолданылған.Оқыту тәсілдері әртүрлі, негізінен оқушы күнделікті тіршіліктегі ситуацияларда қолданылатын ағылшын тілін үйренуде.Оқу процесі оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға бағытталған. Әр сабақтың алдында «берілген тақырып туралы оқушы не біледі?» деген мақсатпен «сұрақ - жауап», «талқылау», «талқылау», «ой алмасу», сияқты тапсырмалар үнемі беріліп отырылады. Лексикалық және грамматикалық материалда басты көңіл бөлінетіні сөйлеу және оқу.
Оқу іскерлігін дамытуда негізінен мәтінді оқу басшылыққа алынады. Мәтінді оқығаннан кейін берілетін жұмыс түрлері:
“true or false”
“what do you think?”
“Talk to your friend” “Talk to other friends”
мәтін бойынша сөзді қайталату, еркін де дұрыс қолдануға үйрету мақсатында қолданылады.
Ағылшын тілін үйренудегі басты бағыттардың біріоқу дағдысын игеру мен қатар оқығаны туралы талдау жасай білу. Оқушылармен жұмыс жүргізетін оқулықта оқушыны әртүрлі соңғы әдістемелер арқылы еркін де сенімді сөйлеуге үйрету, коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында, қоғамдық орында қолдануға дағдыландырып, білім деңгейін тереңдету, ағылшын және қазақ елдері арқылы ауқымды мағлұмат беру.
Оқулықтағы материалдардан күнделікті тіршіліктегі ситуацияларда қолданылатын ағылшын тілін үйренуге болады. Оқу роцесі оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға бағытталған. Мәтін-негізгі қарым-қатынас бірлігі, ал мәтінмен жұмыс істеу –қарым-қатынас жасауға үйренудің құралы.
Тыңдауға үйрету мүмкіндігінше барлық сабақтарда үнемі және мақсатты түрде ауызша жаттығуларда, сөздік-грамматикалық материалды меңгеру барысында ауызша - сөйлеу жаттығуларын орындау кездерінде жүргізіледі.
Негізгі оқулықта мәтінді оқудан бұрын сұрақтар беріледі. Ол сұрақтар бойынша сол мәтіндегі мәселеге байланысты оқушы не біледі, не білмейді, оны анықтау мақсат болса, екіншіден - өз білімі деңгейінде ойын айтқызып, мәтіндегі оқиға жайлы білуге ұмтылдыру, ынталандыру. Бұл жұмысты бүкіл сынып болып немесе 4 - 5 оқушы бірігіп және жұптасып талқылауға болады. Мәтінді оқыған соң оқушы ұғымын арналған «True or false» жаттығулары беріледі. «What do you think» тапсырмасы бойынша оқушы мәтіндегі мәселе туралы өз ойын ортаға салып, еркін сөйлеуге үйренеді:
*Бұрыннан таныс әдістеменің бірі мәтіннің жалпы мазмұнын қамтитын оқу бойынша тапсырмаларды орындау. Мәтінді (1-2 рет ) оқып болғаннан кейін оқушылар өз пікірлерін білдіріп, ой тұжырымдайды.
«Close test» тәсілі бойынша мәтіндегі әрбір 3-ші, 4-ші, 5-ші т.б сөздер түсіп қалады. Көлемі шағын мәтіндерді оқып – үйрену кезінде бұл тәсіл жеке сөз тіркестерін ұғынып, есте сақтап қалуда көп пайда келтіреді. Шағын мәтіндер оқушы мен мұғалімнің таңдауы бойынша дауыстап және іштей оқуға,сондай-ақ дәстүрлі (сұрақ-жауап) және дәстүрден тыс формада (рөлдік ойындар, пресс конференциялар, дөңгелек стол т.б) талқылауға арналған материалдарды қамтиды. Шағын мәтінді түсінуді дұрыс/бұрыс жауаптардың көмегімен анықталады.
Көркем мәтінмен жұмыс істеу 3 кезеңнен құралады.
І-кезең - мәтінмен танысу алдындағы кезең, оның мақсаты-оқушыларды мәтінмен жұмыс істеуге ынталандыру, мәтінде кездесетін тілдік қиындықтарды жою, бірақ та мәтінмен алдын - ала жүргізілетін жұмыстардың оның мазмұнына қатысты болмауы керек, олай болған жағдайда мәтін оқушыларға қызықсыз болып қалады.Тақырып туралы мәтінмен танысудан бұрын әңгіме, оның авторы туралы әліметтер, мәтіннің тақырыбына байланысты тірек сөздер мен апсырмалар мәтін мазмұнын алдын – ала жорамалдауына, жақсы түсінуіне бағыт береді:
ІІ-кезең - мәтінді оқу алдында тұжырымдалып, оқушылардың алдына қойылған нақты коммуникативтік міндеттерін шешу мақсатындағы оқу кезеңі:
ІІІ-кезең - мәтінді оқып болғаннан кейінгі кезең: мәтінде суреттелген оқиғаларға жазбаша немесе ауызша түрде өздерінің көзқарасын білдіру, талқылау, пікір таластыру. Мәтіндермен жұмыс істеуде мәтінді «іштей оқу», «сұрақ-жауаптардың» көмегімен түсінігін тексеру жиі қолданылады.
Мәтінмен жұмыс істеуде оқушылар мәтіннің мазмұны бойынша 10-15 сұрақ құрастырып, оларды сыныпта талқылап, қайталап айту қолданылады. Мәтінді түсіну деңгейін бақылау әдісін мұғалім әрбір нақты жағдайларға байланысты белгілейді. Бұл мәтіннің ең қиын бөліктерін аудармалау, мәтін бойынша сұрақ-жауап жұмысы, дұрыс және бұрыс қорытындылаулар мәтіннің мағынасын (мәтін не туралы?) қазақ және ағылшын тілінде баяндаулар болуы мүмкін.
Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын» ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез- құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
-
Ойын – сауық
-
Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық
-
Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тануы)
-
Коррекциялық (өзін-өзі түзетуі)
-
Әлеуметтендіру
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде:
*ойын-сабақ;
*ойын-жаттығу,
*сергіту ойындары,
*дидактикалық мақсаттағы ойындар,
*логикалық ойындар,
*грамматикалық ойындар, т.б. Мұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады.
Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Оқушының ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігінің артуы оның алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жатқызуға болады. Олар әрі тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті — сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер мынадай мәселелердің басын ашқанын зерделедік:
-
ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;
-
жеке оқыту маңызының артуы;
-
оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске ұмтылуы, т.б.
Ағылшын тілі сабағында ойналатын қызықты ойындар
1. «Алфавит» (“Alphabet”) ойыны
Мақсаты: ағылшын тілі әріптерін қаншалықты меңгергендігін тексеру.
Шарты: Тақтаға «А», «В», «С» сияқты алфавиттің үлкен әріптерін іліп қоямыз. Ал, оқушылар осы әріптің кіші әріптерін үстелге шашылып жатқан әріптерінің ішінен тауып ілу керек.
2. «Ойлан, тап» (“Think and find”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың қиялын, сезім түйсігін дамыту.
Шарты: Ортаға түрлі заттарға толы дорбаны қоямыз. Оқушыларды екі топқа бөліп, бір бірден шақырамыз. Көзі байлаулы оқушы дорба ішіндегі затты табуы тиіс. Қай топ бірінші аяқтайды, сол топ жеңіске жетеді.
3. «30 секунд» (“30 second”) ойыны
Мақсаты: оқушыларды жылдам ойлауға дағдылау және тақырыпты бекіту
Шарты: Бір ойыншы тақырыпқа сай сөз айтады, келесі оқушы сол сөздің соңындағы әріптен келетін сөз айтуы тиіс. Егер оқушы 30 секунд ішінде айта алмаса ойыннан шығады.
4. «Дұрыс жаз» (“Write right”) ойыны
Мақсаты: жылдам ойлау қабілетін дамыту
Шарты: Тақтаға екі сөз жазылады. Кімде кім сол сөздің әр әріпіне сөзді көп тауып жазса, сол топ жеңіске жетеді.
Мысалы: Swim – son, well, ill, mother
5. «Ширату» (“Brainstorm”) ойыны
Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын тексеру
Шарты: Тақтаға ұзақ сөз беріп, оның ішінен сөз шығару керек. Ескерту: сөз құрамында қанша әріп бар сонша әріпті қолдануы тиіс.
Мысалы: beautiful: eat, tea, but, fil, lie and so on.
6. «Шашу»(“Strew”) ойыны
Мақсаты: еске сақтау қабілетін тексеру.
Шарты: Сабақтың тақырыбына сай сөздердің жазылу ретін шатастырып жазып қоямыз. Оқушылар берілген уақыт ішінде сөздерді дұрыс жазуы керек.
7 «Менің заттарым» (“My things”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың еске сақтау, байқағыштық қабілетін жаңарту
Шарты: Оқушыларға күнделікті өмірдегі тұрмыстық заттардың атын қазақшаға аударып айтамыз. Мысалы: мен кеше бір «Перизат» үйге алып келдім. Әпкем маған сүйікті су сабыным «Көгершінді» сыйлады.
8. «Смайликтер»(“Smiles”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың интонациясын тексеру
Шарты: Оқушыны тақтаға шығарып, оған бір сөйлем беріледі. Мысалы: “I loveswimming”. Оқушы берілген сөйлемді бес түрлі смайликтердің суретін көрсетілген кейіпте айтуы тиіс.
9. «Сен болжай аласың ба?» (“Can you guess?”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың таным үрдісін тексеру және дамыту
Шарты: оқушыларды топқа бөліп, топ басшысын ортаға шығарамыз. Топ басшыларына атақты адамдардың портретін береміз. Әр топ осы тұлға жайлы ағылшын тілінде сұрақ қою арқылы кім екендігін табуы тиіс. Ескерту: 10 сұрақ қоюға болады.
Мысалы:
- Is it a man (a women)?
- Does he/she live in…?
- Does he/she singer (actor, writer)?
- Is he/she American, (English, Russian and Kazakh)?
- Does he/she wear glasses?
- When they think they know the person name, they say:
- Is he …(name)? or is she …(name)?
10. «Жалғастыр» (“Continue”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын қаншалықты екендігін тексеру
Шарты: оқушылрға екі бағанда бөлінген бір сөз берілген, оқушылар соны табу керек. Мысалы:
arm washer
tele chair
win pet
dish phone
car ture
pic dow
11. «Мәтінді жалғастыр» (“Continue the topic”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту
Шарты: Тақтаға 3 - 4 оқушыны шақырып аламыз. Бір оқушыны ғана қалдырып, ал қалған оқушылар сыныптан шығара тұрады. Сыныптағы оқушы мәтін жазылған парақты оқуы тиіс. Оқып болған соң келесі оқушыны шақырып алып, әңгімесін ауызша келесі оқушыға айттырамыз. Солай жалғасады, соңында тыңдаған оқушы мен басында әңгімелеген оқушыны тыңдаймыз.
12. «Қызықты алаң» (“Cheerful place”) ойыны
Мақсаты: оқушыларды өзін - өзі еркін ұстауға, батылдыққа және көшбасшылыққа жетелеу
Шарты: Тақтаға бір оқушыны шығарамыз. Оған үш түрлі суреттер беріледі. Оқушы сол суретті ым - ишарамен, іс - қимылмен жасырады. Сыныптағы оқушылар сол заттың (жануар, мамандық иесі, жеміс, т. б) атын ағылшын тілінде табуы тиіс. Ескерту: дыбысын шығармайды.
Сыныптағы оқушылардың ішіндегі кім көп табады, сол тақтаға шығып көрсетуі тиіс. Солай ойын жалғасын табады.
13. «Сүйкімді шар» (“Better balloon”) ойыны
Мақсаты: оқушыларды жылдам ойлауға, ептілікке дағдылау
Шарты: Бұл ойынды ойнау үшін шар қажет. Тақтаға 2 - 3 не оданда көп шығаруға болады. Әрқайсысына бір шардан беріледі. Мұғалім тақырыпқа сай ортақ сөз айтады, ал ойынға қатысушылар сол тақырыпқа сай бір сөз айтады. Әр соз айтқан сайын шарды үрлеуі тиіс. Егер кімде кім сөз айта алмаса, шарды үрлемейді. Сөйтіп, кім бірінші өз шарын үрлеп болса, сол жеңіске жетеді.
14. «Ертегі» (“Fairy tale”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау, қиялын дамыту
Шарты: Тақтаға ертегіге сай кейіпкерлер, яғни оқушылар шығарылады. Мұғалім не оқушы ертегіні баяндауы қажем. Ал, оқушылар сол ертегі желісі бойынша кимылмен, сөзбен ертегіні койып береді. Ескерту: ертегі алдын ала берілмеуі тиіс.
15. «Үздік әнші» (“Leader singer”) ойыны
Мақсаты: оқушының ойын жинақы ұстауға және зейінін дамытуға арналған
Шарты: Бұл ойынды топпен не жеке ойнауға болады. Екі топ не екі оқушы бір мезгілде екі түрлі әнді айтуы тиіс. Ән өз қалауларымен таңдалынады. Қай топ не оқушы өлеңнің сөзінен не әуенінен ауытқымайды, сол жеңіске жетеді.
16. «Белгісіз әңгіме» (“Unknown story”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың арнайы сұрақтарға жауап бере білу дағдысын анықтау, жетелеу
Шарты: Оқушылар парақтарына мұғалім қойған арнайы сұрақтарға жауап беру керек. Арнайы сұрақтар мыналар:
Who?
With whom?
Where?
When?
What she/he say?
What she/he do?
At the end…
Соңында мұғалім әңгіменің әрбір сұрағын әртүрлі оқушыларға оқытып, қызықты ортақ әңгіме шығады.
17. «Карта» (“Map”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын анықтау
Шарты: Бұл топтық ойынға мұғалім алдын ала дайындалу қажет. Мұғалім бөлмеге картаның бағыттарын тығып қояды. Картаның негізгі нұсқаулықты (яғни, бірінші қай жерден іздеу керектігі туралы) топ басшысына береді. Топ ақылдаса отырып, нұсқаудағы берілген жерді табу керек Ескерту: ойында сөздік қолданылмайды.
18. «Суретші» (“Artist/ painter”) ойыны
Мақсаты: ағылшын тілінде есту қабілетін дамыту
Шарты: Мұғалім тақырыпқа сай суреттің сипаттамасын ауызша оқиды. Оқушылар түсінгені бойынша суретті салуы тиіс.
Мысалы: It is a summer season. The weather is a warm. The trees are green. The sun is shining. The sky is light blue. Two girls are playing tennis. The ball is yellow. They are enjoying and laughing.
19. «Бағдаршам» (“Traffic lights”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың бағыт - бағдарды (turn right, turn left, go straight on, stop, behind, in front of, opposite, under, out, in, on, т. б) түсінгенін анықтау
Шарты: Тақтаға әрбір топтан бір оқушыдан шығарамыз. Оқушыларға ағылшын тілінде бағыт - бағдар беріледі, сол бағытпен оқушы сынып ішінде орындауы қажет. Қай топ оқушысы қателеседі сол топ жеңіледі. Ескерту:
20. «Алтын әріп» (“Gold letter”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың таным үрдістерін дамыту
Шарты: Әр топтан үш оқушы шығарамыз. Оқушыларға үш түрлі мысалы, “C”, “K”, “R” әріптері беріледі. Оқушыларға ағылшын тілінде (егер төменгі сыныптар болса қазақ тілінде) сұрақтар оқылады. Сол сұраққа берілген әріптен басталатын жауап қайтарылу тиіс.
1. Сенің анаң қандай?
2. Кіммен доссың?
3. Таңғы асқа не жедің?
4. Арманың не?
5. Сүйікті ойының не?
6. Ай мен күн бірдейма?
7. Су қандай?
8. Өмірдің қызығы...
1. What’s your mother?
2. Who is your friend?
3. What do you eat for breakfast?
4. What your dream?
5. What is your favorite game?
6. Is the Moon and the Sun same?
7. What color of the water?
8. The interest of life is…
Жаңартылған білім мазмұнына сай жасалынған қысқа мерзімді сабақ жоспарлары
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Introduction. |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
«Сәлемдесу және танысу» тақырыбы бойынша сөздік қорын қолдануға үйрету; диалогтік және монологиялық сөйлеу қабілетін дамыту; тыңдау және тыңдау дағдыларын дамыту; қажетті ақпаратты көрсете отырып, оқу және жазу дағдыларын дамыту; оқушылардың коммуникативті әрекеттесу дағдыларын жаттықтыру. |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||
|
Сабақтың барысы |
|||||
|
Сабақтың кезеңі |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы |
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
- Nice to see you.- Sit down, please.
|
Зейіндерін сабаққа аударады, жауап береді. |
Мадақтау, толықтыру |
Оқулық, видео, слайдтар |
|
|
Сабақтың ортасы |
Речеваяразминка 3 мин. - Raise your hands if you are ready for the lesson. - Raise your hands if you are ready with your home tasks. - Smile to each other for good mood and let’s begin. - Let’s begin with day, date, season, weather.
- оқушылар қолдарын көтереді.
- Тізбектегі оқушылар бір-бірінен аптаның нөмірін, күнін, маусымын, ауа-райын сұрайды. ұжымдық Open your books at page 12, look. - What will we talk about today. Tell me your ideas. - Yes, that’s right! We will talk how to greet and introduce people, how to do it in a right way. (презентация) - What about the goals of the lesson. - кітаптыашып, тақырыпқақатыстыидеяларынайтады. Фонетикалықжаттығу - Let’s train the pronunciation. Repeat after me (Greet, greet people, greet a friend, a greeting, a greeting dialogue. Introduce, introduce a friend, introduce parents, an introducing, an introducing dialogue). (материалнаА4) - оқушыларжаңасөздерментанысып, мұғалімніңсоңынанқайталайды Лексикадан өткенді қайталау - So, it’s time to work. - SB p 12 №1 Find a greeting and a response. - Right you are. Do you know some other ways to greet people? - Look at the screen and read different greetings. (презентация) - Now, let’s play the game and use these words. It’s called «the Chain». Greet each other and answer. Don’t forget to shake hands. (таратпа материалдар)
- Well done. - Listen to 3 dialogues 2 times. Your task is to find greetings. If you find, stand up. (аудиофайл)
здоровьесберегающие технологии 4. 2 мин - Let’sworkwithintroducing. SB p 12 № 2. - Read 3 dialogues and find the introducing dialogue. - What words helped you to understand it? - Let’s listen to this dialogue and find the picture for it. (аудиофайл) - Prove.
- Right you are. I want to tell you some other expressions for introducing. Look at the screen. - Read. (презентация) - Now I want you to try to use these expressions in speech. Take cards and introduce this person to your friends. - Change 3 pairs and take your places.
- Thank you. Sit down. Let’s return to SB p 12 № 2. - Let’s read it. Оқушылар диалог оқиды - Make your dialogues in pairs and change as many expressions as you can. - What phrases can you change? - Use these cards and glue them at home. (т аратпа материал) - Now we’ll work in groups. Let’s form them. - So each group has got an introducing letter. - Task is to use «Round table» and fill in the identity card. - Exchange your cards, check up and give your marks according to the scheme. - Give back cards. |
Жауап береді
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау,
|
Электрондыоқулық, презентация, |
|
|
Аяқталуы Кері байланыс |
Қорытындылау - Dear students! Our lesson is coming to the end. Today we’ve talked about greetings and introducing.. - I’d like to know if you liked our lesson or not. - Look at the screen. Choose the color for your work. - Choose the color for my work. - Well done. I see that you mood is very good. (презентация) - And now let’s have a rest a little bit and dance. (видеозапись) - оқушылар ұжым болып билейді - The lesson is over. Good-bye. - Good-bye.
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату. |
|
|
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
About myself. |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Мектеп оқушыларының монологиялық және диалогтік сөйлеуінің дамуын қамтамасыз ету |

Warm-up: Singing the song “Rise and Shine”
- Hello! |

Бүгін біз шағын топтарда жұмыс жасай отырып, сабақ өткіземіз. Мұнда сізге көмектесетін және жұмысты қалай дұрыс ұйымдастыруға болатындығы туралы нұсқаулық карталары берілген. Алдымен біз дайындық жұмыстарын бүкіл сынып ретінде жүргіземіз, содан кейін сіз командаларда жұмыс істейсіз, содан кейін әрқайсысы өз бетіңізше. Бізоныңнұсқауларынсабақбойыұстанамыз.

Қорытындылау
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату. |
|
|
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Friendship is one mind in two bodies. |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Сommunicate meaning clearly at sentence level during, pair , group and whole class exchanges |

Warm up - Get to know activities: 1.Guessing game «Who am I?» ask questions about the animals and according to the answers they will be divided into “Wild” and “Domestic” animals. 2.Asking questions If what kind of relationships do they now ? 3.Do they have friends ? 4.What do you thing about friendship? |

I Lead-in. (1-2 min) Hello, everybody! Are you OK? – I hope so. Are you happy? – I hope so. My dear boys and girls! I’m not going to tell you what we shall do in our today’s lesson. I would like you to guess and name its topic. I hope it won’t be a very difficult task because I know you like clever and quick-witted pupils. Are you ready to start? Are you ready to throw yourself into things? Then, let’s go! (record of soft music, presentation and my words) Life is full of ups and downs So many obstacles to face, So difficult to dawn a smile To end each night with grace. A journey not for weak at heart, To succeed one must be clever. Attempt this challenge not alone For best friends are forever. They fill your heart with cheer, They offer support not often found. The best friends are forever, They never let you down. Well, who has already guessed what our lesson is about? – Pupils’ answers. Yes, today is the day that we speak about friends and friendship. The motto of our lesson you can see on my slide. These words belong to Greek philosopher and scientist Aristotle. II Main part of the lesson. (20 min) 1) I’m sure that all of you have friends. Maybe they are your classmates, your neighbours… What is a true / best friend like? In order to answer this question, we’ll use the word combinations from the table. Slide № 1 A True Friend is / must be… the most kind-hearted, cheerful, responsible, loyal, honest, sociable, intelligent, helpful, generous, reliable. 2) And where do people usually make friends? Slide № 2 Usually we make friends… in the kindergarten, in the holiday camp, at work, in an airport, by using a computer, at the disco, while studying, in a car park, in the sports centre, in the yard. Listening Now I’d like you to listen to 5 monologues about how people met their friend:
(After students have finished listening to the record, we check their results) True answers: S.1(e), S.2(c), S.3(b), S.4(a), S.5(d) And where did you meet your friend for the first time? Do you remember that? 3) They say: “A friend in need is a friend indeed”. Do you agree with this proverb? Now I’d like you to share your opinion on the point… when people usually help their friends, particularly your friend. Slide № 3 …gives me a helping hand when I…
4) Our life is not only work and studying. Sometimes we learn more about our friends socializing with them. What is the best thing to do in spare time? Slide № 4 Free time…
Listening +Video Listen to one girl of your age speaking about spending free time. Try to understand her and answer the question whether this typical of you and your friends. (Video from the Internet) After watching the film: Well, is it typical of you or not? How often do you spend free time together? What do you usually do? 5) What mustn’t a true friend do? Mind the grammatical constructions with must! Slide № 5 …mustn’t… quarrel with me, ignore my problems, let me down, see things the same, deceive me, refuse to help me, help me at the lesson, share all secrets with me. 6) And the last but not least. Explain what a person must do to become a true friend. Mind the grammatical construction with Complex Object! Slide № 6 I’d like my friend to…
III Group work. To tell the truth it was very interesting to listen to you today. But now I want you to create a portrait of a true friend, using the table. You should do it in groups. (I divide students in 3 groups and give them 3-5 minutes to prepare a small monologue about a true friend. They are also given a table) |

Қорытындылау You have worked well today. The time has come to relax a little and sing our favourite song “Best Friends Forever”. Homework At home you are to write a composition “My best friend” (Students write a composition using models prepared in advance…
|
Жауап береді |
Тиімді кері байланыс орнату. |
|
|
|
Педагогтің аты – жөні |
|
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
“To be” or “not to be”? |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
To master the grammar material, to develop speaking skills using the verb to be, enrich vocabulary. |

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Phonetic drill. Stand up and look around. Shake your head and turn around Stamp your feet upon the ground. Clap your hands and then sit down. Stand up and look around. Make a bow and turn around. Stamp your feet upon the graund. Clap your hands and then sit down. |

Грамматикалық ережені түсіндіру : ‘”To be”( болу ) осы шақтағы(Present Simple) формасы. Хабарлы сөйлемдерде төмендегідей формада қолданылады: I am from Astana. We are from Astana. He is from Astana. You are from --------. She is from Astana. They are from--------. It is from Astana.
Remember: I’m=I am We’re= We are He’s= He is. You’re= You are She’s= She is. They’ re= They are. It’s= It is Сұраулы сөйлемдерде төмендегі формалары қолданылады: Where am I from? Where is he/ she / it from/ Where are we from? What’s my name? Watt’s our name? Where are you from? What’s your name? What’s your name? Where are they from? What’s his/ her / its name? What’s their name? III.Бекіту жаттығулары 1Write is/ are 1.The lion……sleeping. 2.The tigers……having a bath. 3.The giraffes……running.4………you watching TV 5………he reading a book. 6.It…….eating.
2.Write have/has 1.I………..got blue eyes. 2.You……….got green eyes. 3.She……got black hair. 5.It……got a tail. 6.He……got a dog. 7.You…….. got a computer. 8.I…….got a rabbit. 3.Listen and read. ---Are you eating? ----Yes, we are! ----What are you eating? ------chicken and spaghetti, and pizza and ice cream. -------Are you hungry? -------yes, I am. And I’m thirsty! I like pizza and I like ice cream. ------Do you like biscuits? ------No, I don’t. |

Қорытынды
Ағылшын тілін оқытуда білімгерлердің тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру. Ағылшын тілі пәні мектепте білім, тәрбие берумен қатар жасөспірімдердің жеке бас қасиеттерін тұлға ретінде жетелдіруге қоғамдағы өз орнын табуға ерекше ықпал етеді,кез келген бір әдістемені қолдану әртүрлі шарттарға байланысты болып келеді. Ең басты шарттары: ағылшын тілін оқытудың алдына қойылатын мақсаты, оны оқып-үйренуге бөлінген уақыт, сағат саны жатады. Осы шарттардың ішінде аса маңызды роль атқаратын-оқыту мақсаты болып келеді. Бұл шарт қоғамның дамуы, оның басқа елдермен саяси,шаруашылық және тағы да басқа байланыстары шетел тілін оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей әсер етеді.
Менің ойымша әрбір мұғалім сабақтан кейін сабақта қолданған стратегия немесе әдіс-тәсілдері оқушылардың белсенді жұмыс жасауына, сабақты меңгеруіне қаншалықты көмектескендігіне ой толғау жасап отыруы тиіс. Егер сабақта кеткен қандай да бір кемшіліктер болса,ойтолғау арқылы сол кемшілікті келесі сабақтарда жібермеуге тырысады. Сабақтан кейін немесе сабақ соңында оқушылармен кері байланыс орнатып отыруға тиіс.
Оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, мен оқушыларымды өздігінен білім алуларына, білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге, ізденуге, шығармашылыққа ұмтылуына бағыт-бағдар беріп отырамын. Сабақ бойы оқушы іздену, жұмыстану үстінде болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Т.Д. Тағаева, «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы әдістерін сабақтарда қолданудың тиімділігі», Бастауыш сынып №10. 2014, 7 бет
-
С. Мирсеитова, «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде», Қарағанды, 2011, «Жолдал Е.В» ЖК, 15 – 17 бет
-
К. Талдыбаева «Білім беру үрдісінде жаңа технологияны пайдалану жолдары», «Бастауыш сыныпта оқыту» №5 2005, 3 бет
-
А. Отарбай «Оқытудың жаңа әдістерімен», Бастауыш мектеп №3. 2004, 27 бет
-
Б .Баратова. «Оқытудағы тиімді тәсілдер» Бастауыш мектеп № 4. 2004, 28 – 29 Бет
-
Мектептегі шет тілі 2009.
-
Мектептегі шет тілі. 2011.
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық (6 бет) Стронг,Уард, және Гранттар (2011)
-
Mercer, N. and Littleton, K., (2007). Мұғалімге арналған нұсқаулық (39 бет )
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық (40 бет )Mercer, N., (2000)
-
«Қазақстан мектебі» журналы. № 6, 2010.
-
Абсатова М. А. «Қазіргі педагогикалық технологиялар» — Алматы, 2006 ж.
-
Мектептегі шет тілі.
-
Верещагина И.Н.,Рогова Г.В. «Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учрежденях.
-
Play and Learn.№7\2006
-
Михальчук В.А., Лисенко М.В. Практическая фонетика английского языка. Модификации английских согласных в связной речи. – СПб: «Книжный мир», 2001
-
Меркулова Е.М. Английский язык для студентов университетов. Введение в курс фонетики. – СПб: «Союз», 2002
-
Cool English. Magazines № 20,24,26, 2006
-
English for fun – 1. 7-11 кл.: Учеб. пособие /Авт.-сост. Н.Г. Брюсова. – М.: «Дрофа», 2001
-
Let’s keep talking. Учебник разговорного английского языка. Составитель: Л. Скопинская. М.: «Поматур», 2001
-
Virginia Evans. Round-up 1,2. English Grammar Practice. “Longman”, 2002
29
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ағылшын тілін үйренудің тиімді жолдары

шағым қалдыра аласыз