400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ағылшын тілін үйретуде грамматикалық дағдыны қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілін толық меңгеру үшін алдымен ағылшын тілінің грамматикасын білу қажет.Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан- қилы сырларына қанығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымының әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер , олардың барлығының жиынтығы – лексикология саласында, тілдің дыбыстық жүйесі – фонетика саласында, сөздердің формалары- морфология, ал сөз тіркестерімен сөйлем – синтаксис саласында қарастырылады.Грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі .Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ағылшын тілін үйретуде грамматикалық дағдыны қалыптастыру

Ағылшын тілін толық меңгеру үшін алдымен ағылшын тілінің грамматикасын білу қажет.Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан- қилы сырларына қанығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымының әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер , олардың барлығының жиынтығы – лексикология саласында, тілдің дыбыстық жүйесі – фонетика саласында, сөздердің формалары- морфология, ал сөз тіркестерімен сөйлем – синтаксис саласында қарастырылады.Грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі .Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі.

Сөздердің грамматикалық мағынасымeн грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланыста,бірлікте болады.Мысалы,beautiful, good,bad деген сөздер заттың сапасын,соған тән бөлігін білдіреді.Грамматикалық жағынан қарағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдары білдіреді де,сын есімге жатады.Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарын арасында кездесетін қайшылықтарды оқыту барысында жойып,бір-бірін нақтылай,саралап айқындай түсетіндей әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет. Мұндай әдіс тәсілдерді және оны қандай жағдайларда, қалайша қолдану жолдарын грамматиканың әдісі белгілейді.

Дидактика талабының бірі оқытудың саналығы, яғни оқушылардың сабаққа саналы түрде қарауы, материалды саналы меңгеруі болып табылады.

Оқытудың міндеті жаңа тақырыпты түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар негізгі деректерді, анықтамаларды, ережелерді балалардың есінде берік сақтап, тұрақтандыру дағдыларын қалыптастыру болып саналады Түсінбей, ұғынбай, құр механикалық жаттап алған нәрсе ұзақ сақталмайды және оны тәжірибеде қолдана алмайды. Ендеше ол іске аспайтын құрғақ пайдасы шамалы білім болып қалады.

Дидактиканың күрделі бір шарты мектептегі оқытудың жүйелілігі мен сабақтастығы. Заттар мен құбылыстарды анық түсіну үшін оны басқа заттармен байланыстырып қарау керек, яғни бөліп алып қарамай, басқа заттар мен құбылыстардың жүйесінде қарастырған жөн.Оқыту тек білім беру ғана емес, сонымен бірге балаларды жан- жақты жетілдіру

және тәрбиелеу, шеберлік және дағдымен қаруландыра түсу болып саналады.

Дағды мен шеберлік әрдайым жаттықтыру жұмыстарын талап етеді, мұғалім балалардың алдарына белгілі бір мақсат қойып, соған жету жолдарын қарастырады; күрделі жүмыстарды бөлшектей отырып, қандай да болмасын бір әрекетті орындаудың тәселдерін көрсетеді.балалар мұғалімнің тапсырмасын орындау барысында оның айтқан, көрсеткен тәсілдерін шеберлікпен қолдануға үйренеді, дағдылана түседі.

Материалды түсіндіруде мұғалім өтіліп отырған құбылысты мәнді, белгілері анық, жүйелі етіп, көрсетуге тырысады. Дайын материалдар (мысалы, жеке сөздер: table, zoo, door, blackboard) беріліп ,бақылау жасай отырып,бірте-бірте қорытындыны балалардың өздері жасауына жағдай жасайды.Мұнда мұғалім бұрыннан алған білімдерді қайта жаңғыртады, сұрақтар қояды т.с.с.тәсілдер арқылы балаларды жаңа материалға белсенді араластырып отырыды.

Өздігінен жұмыс істеу тек білімді бекіту үшін ғана емес, жаңа материалды түсіндіруде де қолданылады. Мысалы, мұғалім оқулықтан тиісті материалды оқытады, онда не айтылғанын, қалай қорытынды жасауға болатынын немесе белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды талдауға осы ережені қолдануды тапсырады. Негізінде ағылшын тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы да оқушыларға өздігінен жұмыс жасауын көздейді.

Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға оқушылардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай индуктивтік және дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде (индуктивтік жағдайда) тіл құбылыстарын жеке-жеке тусіндіріп, соған жалпы қорытынды шығартады;бұл қолданылған әдіс индуктивтік деп аталады. Ал екінші жағдайда (дедуктивтік әдісте) анықтаманы не ережені хабарлап, сонан соң оны нақты мысалда қолдану (берілген сөздерді, сөйлемдерді немесе тексті талдауды) ұсынады, өздеріне мысал келтіртеді. Мұндай жолмен ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс.

Ағылшын тілі сабағының кез келгенінде үй тапсырмасын тексеру, бұрын оқылған материалды қайталау, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау және жаңа материалды түсіндіру, алуан түрлі жаттығу жұмыстары, оқушылардың өз беттерімен орындайтын жаттығулары, үйге тапсырма беру, сабақты қорыту сияқты жұмыстар іске асырылады. Сабақтың мұндай түрі біріккен сабақ деп аталады. Сабақтың кең тараған түрі осы біріккен сабақ болғандықтан тоқталып өтелік. Біріккен сабақтың әр бөлігі өзара жымдасып, қабысып, жүйелі бір тұтас сабақ болып өтеді.Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын анық түсіндіреді,сабаққа қажетті материалды алдын ала ,жан-жақты толық меңгеріп, дайындалады, сабақтың жоспарын да алдын ала дайындайды.

Жаңа материал мұғалімнің түсіндіру әдісі арқылыда, әңгіме әдісі арқылы да өткізіле береді. әңгімелесу барысында сұрақ – жауап қолданылады.

Жаңа материал оқушылардың санасына байқау, түсіндіру, грамматикалық талдау, кітапты пайдалану, әңгіме т.с.с әдістер арқылы жеткізіледі. Бұл әдістердің қашан қолданылатыны материалдың ерекшелігіне, көлеміне және сабақтың мақсатына байланысты. Жаңа материалды түсіндіру сабағында оны бекітуге арнайы уақыт бөлінбейді.

Кейбір жағдайларда, әсіресе белгілі бір үлкен тақырыпты аяқтаған кездерде оқушылардың өтілген материалдардан алған білімі мен дағдысын есепке алу сабағы жүргізіледі. Бұл сабақтар, бір жағынан оқушылардың білімін тексеруді көздесе, екінші жағынан, өтілген материалды қайталау, қорытындылау мақсатында ұйымдастырылады. Мұнда оқушылардың алған білімі мен дағдысы және шеберлігі ауызша да, жазбаша да тексеріледі. Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай білгенмен, жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан да мұғалім саналы да терең, тұрақты да берік білім бергісі келсе, жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын жүргізу арқылы олардың дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарына тасымалдай алатын жаттығу әдістерін білуге тиіс Грамматикалық жаттығулар фонетикалық, морфологиялық, синтаксистық және лексикалық болып бөлінеді.

Фонетикалық жаттығулардың міндеті – балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы ажырата алуын және оларды балалар дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.

Морфологиялық жаттығулардың мақсаты -тілдің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады: 1) сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар, 2) сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.

Синтаксистік жаттығуларға әдетте пунктуациялық жаттығулар да жатады. Мәтіндегі қойылған тыныс белгілерді,өздері қарастырған сөйлемдер мен мәтіндегі қажетті тыныс белгілерін қойып, түсінеді.

Лексикалық жаттығулармен жұмыс жасаған кезде балалар әдетте сөздіктерді пайдаланады. Олар көптеген мәтіндерді аударады және де басқа да жаттығулар орындайды.

Грамматикалық дағдыны қалыптастыруда көрнекі құралдардың алатын орны зор. Мұғалімнің оқыту үдерісіндегі міндеті – балалардың анық естіп, қабылдау мен сөйлеу қабілетін дамыту. Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар өздері сөйлейді, басқа балалардың сөйлегенін естіп, қабылдайды.

Әдетте көрнекілік деп графикалық немесе көзге көрінетін құралдарды қолдануды айтады. Мұнда қажетті әріптер немесе сөздер, сөйлемдер басқа түспен жазылады,асты сызылады. Кейде тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне жазылғандар да бөліп көрсетіледі. Кейбір сөздердің айтылуы бірдей ал аудармасы және жазылуы әр түрлі болады. Оқушылар кестеге қарап, салыстырып, олардың айырмашылықтарын анықтай алатындай болуы тиіс, өздерінің бақылағандарынан қорытынды шығарып, белгілі бір ереже жөнінде ұғым алулары қажет.Көрнекі құрал ретінде қандай да болмасын грамматикалық және орфографиялық құбылыстарды көрсететін схемалар да қолданылады. Мысалы:

full

Useless

еd

Мұнда оқушылар жұрнақтардың: 1) алуан түрлі болатындығы, 2) түбірден кейін тұратындығы мен, 3) жаңа сөз жасайтын қасиетімен танысады.Мұғалімдер көрнекі құралдарды өздері жасағанда мынадай талаптарды ескеруге тиіс:

1)кестелерде грамматикалық материал шамадан тыс көп берілмеуі керек.

2) оқулықтарда бар ережелер мен анықтамаларды, сондай-ақ мәтіндерді кестеде берудің қажеті жоқ

3) кестеде қажетті тұлғада берілген сөздерден басқа, іріктеп алынған мысалдар беруге болады.

4)кестенің көмегімен үйретілетін сөз, буын, әріп кестеде ажыратылып, ұқсастықтары немесе ерекшеліктері басқа бір элементпен салыстырыла, көрсетілуге тиіс.

5) оқылып отырған грамматикалық немесе орфографиялық құбылыс кесте мазмұнында тасада қалып қоймауы жағына мұқият назар аударған жөн.

6) әріптерді, буындарды, морфемалар мен сөздерді графикалық жағынан бөліп көрсетудің көптеген тәсілдерін қолдана беруге болады. Мысалы, сөз құрамын дефиспен бөлу, астын сызу, басқа түспен, басқа шрифтпен көрсету.

Сабақтың әр минутын үнемдеп пайдалану қажет. Ол үшін сабаққа алдын ала жүйелі жоспар құрылып, түрлі керекті жабдықтар алдын ала дайындалады.

Пайдаланған әдебиеттер;

1.Ә. Хасенов ,, Тіл білім,, Алматы 1996г.

2.Н.М. Құрманбаев ,, Методика обучения английскоу языку в казахской аудитории ,, Алматы 1988г.

3.Г. В. Рогова ,, Methods of teаching English ,, Москва 1983г.

4.А. П. Старков ,,Обучение английскому языку в средней школе,, Москва 1978 г.

5,,Қазақ тілі мен әдебиеті,, (журнал) 2001ж.

6.’’Шет тілі мектепте” (журнал) 2004ж.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
1354
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі