“Ағылшын тілінде ауызша сөйлеудің маңызы мен оқытудың тиімділігі”

Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Ағылшын тілінде ауызша сөйлеудің маңызы мен оқытудың тиімділігі”

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада оқушыларды ағылшын тілінде ауызша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдары жан-жақты қарастырылды. Сондай-ақ, түрлі мысалдар мен оқушылардың ақпаратты тез қабылдауына, тақырыпты оңай үйренуіне арналған әдіс-тәсілдер баяндалды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ағылшын тілінде ауызша сөйлеудің маңызы мен оқытудың тиімділігі

Аннотация

Мақалада оқушыларды ағылшын тілінде ауызша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдары жан-жақты қарастырылды. Сондай-ақ, түрлі мысалдар мен оқушылардың ақпаратты тез қабылдауына, тақырыпты оңай үйренуіне арналған әдіс-тәсілдер баяндалды.

Кілт сөздер: оқушы, ағылшын тілі, әдіс-тәсілдер, білім.

Қазіргі таңда ағылшын тілі әлем елдерін байланыстыратын бірден-бір тіл. Көптеген ақпараттық технологияның тетігін де осы тіл арқылы табуға болады. Біздің қоғамда да ағылшын тілінің маңыздылығы мен мәні ерекше. Бұны бүгінгі күні іске асырылып жатқан мемлекеттік саясаттан да байқауымызға болады.

Қазақстан Республикасы жалпыға ортақ білім беру саласының мемлекеттік жалпыға арналған бағдарламасында: «Шетел тілін оқытудың басты мақсаты – оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту» деп жазылған. Себебі, бүгінгі нарық ахуалында шет тілін, соның ішінде ағылшын тілін үйрену, өзге тілде еркін сөйлеу – қоғамның негізгі мəселесі болып саналады. Сондықтан болашақ ұрпаққа шет тілін оқыту кезінде түрлі әдіс-тәсілдерді, инновациялық технологияларды қолдану аса маңызды.

Елімізде білім беру саласында ағылшын тілін оқыту деңгейі жалпыға ортақ болып саналады, яғни шетел тілін меңгеру А1 деңгейінен басталады. Бұл еліміздегі шет тілін меңгерту деңгейінің негізгі бастапқы сатысы. Міне, отандық білім беру саласы да жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес келеді. Шетелдік тәжірибелердің негізінде зерделенетін ағылшын тілін үйрету, оқыту мәселесі мектеп қабырғасында да өзекті болып саналады.

Бүгінде ағылшын тілін үйрену өте кең түрде қарастырылған. Мәселен, puzzle English, lingualeo, speak peak секілді білім беру платформалары ағылшын тілін тегін үйретіп қана қоймай, оны дамытуға түрлі мүмкіндіктер қарастырған. Бұл бағдарламаларды қолдану кезінде түрлі бағыттағы тапсырмаларды орындап, аудио, бейне, оқылым, айтылым деген дүниелерді қамтитын бағдарламалар арқылы ағылшын тілін оңай үйренуге болады.

Жалпы, ағылшын тілі қазіргі уақытта сұранысқа ие тілдердің бірі. Тіпті, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ағылшын тілінің зор мүмкіндіктерін айтып өтеді. Президентіміз бұл мақаласында: «Ағылшын тілін үйренуге де басымдық беру қажет. Жастарымыз неғұрлым көп тілді меңгерсе, соғұрлым мүмкіндігі кеңейеді» дейді. Бұл сөз арқылы ағылшын тілінің қоғамдағы рөлінің аса ауқымды екенін байқауымызға болады.

Бүгінде жұмыс пен кәсіптің қай саласында болмасын, барлық уақытта және барлық жерде ағылшын тілін білу қажеттілігі туындауда. Тіл меңгеру үшін бірі арнайы курстарға жазылып, күнделікті жаттығулар арқылы үйреніп жатса, енді бірі шетел асып кетуде. Ал, енді бірі арнайы платформалар арқылы игеруде. Осы тұрғыда, өзім оқушыларға қолданатын, ағылшын тілін тегін үйрететін 5 платформа туралы айтуды жөн санадым:

1. «Инглекс» – тегін кітапханасы бар тіл үйренуге арналған сайт. Сайт авторлары іскерлік, туристік және күнделікті қолданысқа арналған ағылшын тіліне қатысты мақалалар жариялайды. Білім деңгейіне қарай шақтардан бастап, түрлі сериалдарды талдауға арналған рубрикалар да қарастырылған.

2. «Duolingo» – ағылшын тілін жаңадан бастаушыларға арналған тегін сервис. Сайт «жетістік ағашы» формасында жұмыс жасайды. Келесі деңгейге өту үшін ұпай жинау қажет. Ал ұпайды сұраққа дұрыс жауап беру арқылы жеңіп алуға болады.

3. «Learnathome» – сайты студенттер үшін өте ыңғайлы болып табылатын ресейлік сервис. Себебі, қосымша күнделікті 30 минутта орындауға болатын жоспар дайындайды. Сервиске тіркелген соң алдымен деңгей анықтауға арналған тест тапсыру міндетті.

4. «FreeRice» – сөздік қорды көбейтуге арналған жаттығулар мен тапсырмалардан тұратын жаттықтырушы. Сервис ойын негізінде құрылған. Әрбір дұрыс жауап үшін ұпай алып отырасыз.

5. «Ororo.tv» – тұтынушыларға фильмдер мен сериалдар көру арқылы ағылшын тілін үйрететін сервис. Бейнежазбаларға аудармашы бекітілген, онда өзіңізге түсінікті тілді таңдау мүмкіндігі де қарастырылған.

Сонымен қатар, бүгінде ауызша сөйлеу дағдысын арттыру кезінде қолданылатын әдістердің бірі – «Brainstroming» әдісі. Бұл әдіс суреттеліп отырған бейне арқылы әңгіме құрау кезінде қолданылады. Берілген сурет кез келген тақырыпта болуы мүмкін. Жалпы, мен өз тәжірибемде аталмыш әдісті жиі қолданамын. Себебі, бұл әдіс арқылы оқушылар ағылшын тілінде кез келген тақырыпта сөйлеуге, ауызша айтуға дағдыланады. Сондықтан бұл оқыту - оқушылардың тәжірибелік бағыты үшін өте тиімді болып саналады. Және де оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоямын:



Describe the way something is said: whisper, cry, shout, yell, mumble,

Think of as many things as you can that are

How many methods of travel can you think of?

What if you were caught in an avalanche?

What if tobacco wasn’t brought to Europe?



Осы әдісті тәжірибе жүзінде бірнеше сынып оқушыларына қолданған болатынмын. Аталмыш әдіс оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеуіне ерекше әсер етті. Оқушылар көлемді мəтінді оқып қана қоймай, көру арқылы мазмұнын түсініп, мəтіннің мазмұны бойынша түсінгенін айтты. Сондай-ақ өз бетімен əңгіме құрап, мəтінге байланысты қанатты сөздерді, мақал-мəтелдерді пайдалану арқылы сөйлеуге дағдыланды.

Сабақ барысында, диалог арқылы да оқушылардың ағылшын тілінде ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға жұмыс жасаймын. Мәселен, диалог арқылы оқушылардың сөйлеуге деген ішкі жан дүниелік ынтасы, іздену дағдылары қалыптасады. Бұл туралы түрлі деректемелерде шет тілін меңгертудің тиімді жолдары қарастырылған. Ал соның ішінде мектеп оқушыларына аудио-тыңдалым арқылы тілдік деңгейлерін арттыру аса маңызды. Шетел тілін игерудің тағы бір түрі - үнтаспа арқылы әртүрлі бұйрықтар беріп, орындату. Мұнда педагог тапсырманың дұрыс, не бұрыс екенін қадағалайды. Бұйрықтарды тек бұйрық рай түрінде берумен қатар әртүрлі нұсқаулар түрінде де береді. Мысалы: «When Tom walks to the window, John will write Kate’s name on the blackboard». Мұндай бұйрықтар оқушылардың сөздерді, шетел тілінің грамматикалық формаларын есте сақтауына көмектеседі.

Ағылшын тілінде еркін сөйлеу үшін ән айту арқылы да көптеген жетістікке жетуге болады. Ән айту кезінде оқушылар түрлі қызықты деректерге куә болады. Сонымен қатар, қызықты, ерекше фразаларды кездестіреді. Сол арқылы оларда қызығушылық туындап, ән арқылы ағылшын тілін үйренуге, еркін сөйлеуге бейімделеді. Сабақта интернеттен алынған əндермен қоса, əн туралы қызықты қысқаша деректер, əннің нотасын жəне фразаларды қолдануға болады. Осы ретте, айта кететін жайт, сабақтың басында әннің өзін қағазға түсіріп, оны оқушыларға таратып берген жөн. Осы мәтін арқылы және тыңдалым арқылы төменде көрсетілген тапсырманы орындайды. Тапсырмада кейбір сөздер алынып тасталған. Міне, әнді тыңдау кезінде оқушы қай сөздің түсіп қалғанын көрсетіп, сол жерге қажетті сөзді жазуы қажет. Бұл оқушының есте сақтау қабілеті мен визуалдық қабілетін жақсартады. Сол арқылы ол ағылшын тілінде сөйлесуге бейімделеді. Мысалы, «Twinkle, twinkle little star», «If you`re happy», «Spring is green» секілді ағылшын тіліндегі сөзі жеңіл, оқушыларға ұғымды әндерді таңдап алсақ болады. Мысал ретінде тілі жеңіл «Sping is green» әнін таңдап алдым.

«Spring is green» əнін толықтыру:

is green, spring is

is bright. Summer is

is yellow autumn, is

is white. Winter is

Бүгінде мектеп қабырғасында ағылшын тілін оқыту, ауызша сөйлеудің тиімді жолдарын қарастыру мәселесі өзекті болып саналады. Түрлі цифрлық технологиялар оқушылардың оқуына, білім алуына, толыққанды білімді игеруіне арнап жасалынған. Ауызша сөйлеуге дағдыланғанда түрлі технологияларды пайдалану қажет. Әсіресе, қазіргі таңда білім беру үдерісіне еніп жатқан түрлі технологияларды қолдану тиімді. Бұл тәжірибе жүзінде ауызша сөйлеуді іске асыруға өз көмегін тигізеді



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.00.2023
288
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі