400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ АУЫЗША СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ АУЫЗША СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ Заманауи білім беру барысында шет тілін меңгертудің маңызы зор. Себебі, ағылшын тілі әлемдік аренада үлкен беделге ие. Дамудың даңғыл жолына түскен Тәуелсіз елдің ұландарын тәрбиелеу мақсатында көптілділік қашан да өзінің тиімділігін көрсететіні анық. Қазіргі нарықтық жағдайда, тың технологиялардың бәрі ағылшын тілінде тәржімаланып, ауызша сөйлеу дағдысы әркімнің бойынан табылуы тиісқасиеттердің біріне айналуда. Сол себепті, мектеп қабырғасында негізгі білім беру барысы мұқит назарға алынған жөн. Алғашқы дағды қалай қалыптасса, өмірлік таным да солай жалғаспақ. Осыған орай, әр ұстаздың алдында тұрған басты талап, заманауи көзі ашық, көкірегі ояу, шет тілін еркін меңгерген тұлғатәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Талдықорған қаласының білім бөлімі»ММ

«Шоқан Уалиханов атындағы №10 орта мектеп –гимназиясы» КММ

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Кабаева Мадина Канатовна

Shape1


АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ АУЫЗША СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ


Заманауи білім беру барысында шет тілін меңгертудің маңызы зор. Себебі, ағылшын тілі әлемдік аренада үлкен беделге ие. Дамудың даңғыл жолына түскен Тәуелсіз елдің ұландарын тәрбиелеу мақсатында көптілділік қашан да өзінің тиімділігін көрсететіні анық. Қазіргі нарықтық жағдайда, тың технологиялардың бәрі ағылшын тілінде тәржімаланып, ауызша сөйлеу дағдысы әркімнің бойынан табылуы тиісқасиеттердің біріне айналуда. Сол себепті, мектеп қабырғасында негізгі білім беру барысы мұқит назарға алынған жөн. Алғашқы дағды қалай қалыптасса, өмірлік таным да солай жалғаспақ. Осыған орай, әр ұстаздың алдында тұрған басты талап, заманауи көзі ашық, көкірегі ояу, шет тілін еркін меңгерген тұлғатәрбиелеу.

Жалпы, ауызша сөйлеу дағдысының болуы үлкен жетістіктердің бірі. Көбісі сөздердің тікелей аудармасы не болмаса тек жазбаша мәтіннің мағынасын ғана меңгеріп, оны сөйлеу дағдысы барысында дұрыс қолдана алмай жатады. Ал, ауызша еркін сөйлеу ол ең алдымен ой мен тілдің бір уақытта жұмыс жасауына ықпал етіп, адамның сезім мүшелерінің толықтай жұмылдырылуына түрткі болмақ. Айтар сөзді алдымен ой елегінен өткізіп, кейін оны дұрыс байланыстыра білу, сөз саптау барысын жүйелі жүргізу үлкен өнер. Ағылшын тілі – әлемдегі тілдер арасындағы көркемдік айшықталған, өзіне тән ерекшелігімен басым түсетін, сөздік қоры мол, үйренуге жеңіл әрі таза тілдердің бірі екенін ескерсек, мектеп оқушыларының машығын арттыру барысында алға қойған мақсатқа толық жетуге мүмкіндік бар.

Шет тілі сабағында ауызша сөйлеу дағдыларын арттырудың бірқатар тиімді әдіс – тәсілдері бар. Ол ең алдымен педагогтың біліктілігі мен сабақты жүйелі жүргізуіне байланысты. Түрлі ойын ұйымдастыру, сұрақ –жауап, суретке қарап мәтін құрау, таратпа қағаздары арқылы топқа бөліп, өз – ара тілдік байланысты арттыру секілді тәсілдерді қолданып, пәнаралық байланысты негізге ала отыра, оқушылардың тілдік қорын молайтуға болады.

Заман дамыған сайын өзінің мол мүмкіндіктерін ашып, таным көкжиегін кеңейту барысында түрлі технологиялар терең қолданысқа енген. Сандық сауаттылықты сауат ашу барысында пайдаланып, шет тілін меңгертуді барынша жетілдіруге болады. Ғаламтордың ақпарат айдынында әр қоданушыға түрлі бағдарламалар құрастырылып, қызықты ойын, танымдық дүниелер де топтастырылған. Әр сынып арнайы мультимедиялық жабдықтармен қамтамасыз етілгенін ескерсек, бұл ағылшын тілін ауызша оқу барысында да мол мүмкіндіктерге жол ашпақ. Мәселен, мәтіндік графикалық суреттер, түрлі бейнежазбалар, дыбыс, бейне, әуен мұның бәрі сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, оған қосы шәкірттердің ынтасын одан әрі арттыра түседі. Ерекше сипаттағы әдіс-тәсілдер қашан да өзінің тиімділігін байқататыны анық. Олай болса, заманның озық технологияларын тиімді мақсатқа қолдану ұстаздар үшін үлкен көмекші болмақ.

Ағылшын тіліндегі дағдыларды қалыптастырып, оқушылардың бойында біліктілікті арттыру барысында бірқатар негізгі ережелерге мән бергеніміз абзал:

  1. Ауызша әдіс – бұл көбіне жаңа сабақты пысықтауда, өткенді қайталап, енді ғана меңгерген сөздерді жаттау барысында көптеп пайдаланылады;

  2. Көрнекі әдіс – ұстаздың шеберлігі мен ұтқырлығына байланысты оқу материалынының мазмұнын түрлі көрнекіліктер арқылы дамыту барысын көздейді;

  3. Практикалық әдіс – бұл игерген мәліметтерді пысықтау үшін, іскерлік пен дағдының бір мезгілде көрініс тауып, оқушылардың білім деңгейін саралау барысының айқын көрінісі;

  4. Ойын әдісі – оқушылардың қызығушылығын барынша арттыруға негізделген, түрлі ойын түрлерін қамтып, сөйлеу дағдысын жетілдіру барысында жүйелі жүргізілуі қажет үрдіс.

Әрине, жоғарыда аталған әдістердің бәрі ең алдымен оқушылардың білімін шыңдап, ағылшын тілінде еркін сөйлеуіне бағытталған. Түрлі тапсырмалар негізінде танымдық шығармашылықты арттырып, ағылшын пәнін үздік үйретуге болады. Көбіне, біз мәтіндермен тығыз жұмыс жасайтын болғандықтан, оны оқудың да бірқатар талаптарын ескергеніміз жөн.

Ең алдымен мәтінді оқу барысында қателікке жол берілмеуін қатаң қадағалаған жөн. Себебі, сөйлеу барысында сөздердің дұрыс айтылуы ең басты алғышарттардың бірі. Ал, оны мәтін оқу барысында өзгеріске ұшыратып, білмей ережеге қайшы айтар болса, бірден ескерілу қажет. Бұл баланың алдағы уақытта сол сөздің дұрыс айтылуын есте сақтауына негіз болмақ. Сонымен қатар, мәтінді тұтастай оқып шығып, мағынасына мән бермеу де үлкен қателік. Оны оқып біткен соң ауызша талдау, пысықтау үлкен рөл атқарады. Оқушыларды бір сергітіп, сабақта ширатып алу үшін, мәтінмен байланыстырып түрлі ойын ұйымдастырып жіберуге де болады. Мәселен, сурет салу, сөз жасыру, топқа бөліп өз – ара талқылау, сөзжұмбақ шешіп немесе кез – келген тиімді тәсілді жүзеге асырған артық етпейді.

Тілді жаттықтырудың барысында ұстаз ең алдымен ептілікке мән берген дұрыс. Ол ең алдымен педагогтың дауыс ырғағы, оқушыларды сабаққа бейімдеу барысында жылы сөйлеуі, оларды қызықтыра алуы. Кез – келген оқушы белгілі бір пәнді ұстазы үшін қатты жақсы көруі мүмкін. Сол себепті шәкірт пен мұғалімнің арасындағы тығыз қарым – қатынас қашан да көрініс табуы қажет.

Сабаққа толық бет бұрып, оқушылардың назары шет тілін меңгеру барысына бейімделген соң, оқушылардың сөйлеу дағдысын жетілдіру барысы барынша жүргізіле бастайды. Ауызша сөйлеу – оқушылардың логикалық ойлауын дамытып, тілдік қорын байытып, өзіндік қорытынды жасауға, еркін тілдесуге жол ашпақ.

Шет тілінде еркін сөйлеудің, сөз саптаудың дұрыстығы мен сөйлемдердің байланысын арттыру мақсатында оқушылар үшін қызықты дебат ойынын ұйымдастырға, пікірталас алаңын құруға, белгілі бір шығармаларды талдау барысында түрлі көзқарастарға бөліп, әр адам өзіне бекітілген саланы қорғап шығуына тапсырма беруге болады. Жүйелі жүргізілетін аталмыш сипаттағы жұмыстар аз уақытта өзінің оң нәтижесін көрсетіп, оқушылардың сөйлеу тіліне көп көмегін тигізбек.

Заманауи білім беру барысында көптілді білу әрқашан артық етпейді. Оның ең негізгі тармақтарының бірі –ағылшын тілі екенін ескерсек, оқушыларға барынша жан – жақты білім беру біздің басты мақсатымыз. Бүгінгі мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертеңгі күні ел тізгінін ұстайтын білгір мамандарға айналатыны анық. Олай болса, білімнің нәрін сеуіп, оларға барынша жан – жақты тәрбие мен тағылымды сіңіру қоғамның алдында тұрған үлкен міндет. Өз ойын бүкпесіз жеткізіп, шет тілін еш қиындықсыз түсінетін, тұщымды жауап қайтара алып, өзінің білгірлігін байқататын саналы шәкірттеріміз көп болсын!



 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 желтоқсан
464
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі