жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ағылшын тілінде инновациялық әдіс тәсілдер тиімділігі.
Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық әдістерді қолданудың ерекшеліктері
Инновациялық қызмет (технология) дидактикалық үрдістің барлық қырларына қатысты болады: ұйымдастыру формалары, оқыту мазмұны мен тех- нологиясы, оқу-танымдық қызмет. Оқытудың келесі интерактивті технологиялары ерекшеленіп, жан-жақты сипаттала түсті: жобалап оқыту технологиясы, компьютерлік технологиялар. Интерактивті оқыту технологиясының формалары мен әдістері, соның ішінде проблемалық дәріс, семинар-диспут, оқу дискуссиясы, «миға шабуыл», дидактикалық ойын және т.б
Бүгінде білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы технологиялары пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңа- руына себепші болуда.
Қазіргі оқыту әдістемесіндегі заманауи бағдар деп инновациялық білім беру жүйе- сін атауға болады. Ал «Инновация» (лат. тілі. – жаңа, өзгеру деген мағынасын білдіреді) термині түрлі элементтер жүйесі мен солардың аясындағы сандық және сапалық өз- герістерді білдіреді.
Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, яғни, инно- вациялық үрдістерді мазмұнды ұйымдастыруды анықтайды. Инновация ұғымы алғаш рет ХІХ ғасырда мәдениеттанушылар зерттеулерінде пайда болып, белгілі бір мәдениеттің келесі бір мәдениетке енгізген жаңа элементі деген ұғымды берді. Инновация білім беру мақсатында, оқыту технологиясында, білім беру жүйесінде түрліше қызмет атқарады.Инновациялық технологиялар оқыту үрдісінде білім сапасын заман талабына сай етіп, жаңашыл бағытта білім алушыларды толық қамтамасыз етеді, жаңаша оқыту жүйе- сіне бейімдейді. Ағылшын тілінің мектепте тілден берілетін білім жүйесіндегі негізгі шетел тілі ретінде таңдалып алынуы көптеген факторлардан туындайды. Олар: әлеуметтік лингвистикалық: Адамзат тарихында бірде бір тілге тән болмаған қыз- метті атқаратындықтан қазіргі әлемде әмбебап құрал болуымен байланысты;
әлеуметтік мәдениеттілік: Ағылшын тілді мәдениеттің қазіргі әлемдегі мәдениеттің өзара байытылуына әкелетін, мемлекеттерге және континенттерге әсерін тигізетін транс- мәдениет, халық туралы білім көзі болып табылатындықтан;
экономикалық: әлемдік экономикалық кеңістіктегі ықпалдасуда әлеуметтік қалып- тасу және өсу кезеңінің құралы болып табылатын іскерлі ағылшын тілінің негіздерін мең- геруді бағамдайтындықтан;
ақпараттық: ғылыми-техникалық ақпараттар легі ағылшын тілінде сақталатын- дықтан, ағылшын тілінің бүкіл әлемдік Интернет тілі болып отыратындығынан мектептегі ағылшын тілін оқытудың жаңартылған мазмұны әлемдік стандарттарға сәйкес келуі керек
Алғашқы сатысында оны оқып-үйренуге қызығушылығын қалыптастыру үшін педагогикалық - дидактикалық жағдайлар жасалады, ана тіліне сүйене отырып, ағылшын тілінде тұлға аралық бірліктің қарапайым біліктері қалыптасады.
Екінші сатыда оқушыларда тілдік қызметтің барлық тілдерінде: сөйлеу, оқу, жазу және тыңдап - түсінуді жүйелі дамыту жүзеге асады.
Үшінші сатыда ағылшын тілін оқыту өзара қатысымдылық ықпал етуде оқу әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени, әкімшілік, кәсіптік салада, ресми қарым-қатынаста ағылшын тілін қолдануды қамтамасыз ететін, шетел тілінің қатысымды бірліктерінің дамуына ықпал етуі тиіс.
Қазіргі заман жаңа формация мұғалімінің моделіндегі интеллектуалдық, қарым- қатынастық және дүниетанымдық секілді негізгі құзырлықтарды анықтауда тәжірибеде қолданылып жүрген тиімді әдіс-тәсілдер мыналар:
Компьютерлік технологияларды, оның ішінде мультимедиалық кабинет мүмкіндік- терін пайдалана отырып, көп тілділікке оқыту.
Ғылымның өсіп-өркендеуі елеулі техникалық прогресске жол ашып отырған жағ- дайда оқу-тәрбие жұмысында жақсы табыстарға жету үшін ғылыми-техникалық жетіс- тіктерді оқыту процесінде кеңінен пайдалану керек. Соңғы кезде шетел тілдерін оқытуда бейнефильмдерді қолдануға үлкен мән беріліп келеді.
Бейнефильмдер оқушының көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Шетел тілі сабағындағы бейнефильмдер оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін де қолданылады. Оқушылардың белсенділігін арттырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, ойын, тілін дамытуда, оларды түрлі тақырыптарға сөйлетуге үйретуде бейнефильмдердің пайдасы орасан зор.
Аудиокітаптар – жазылған және айтылған мәтіндердің синтезі. Тыңдаушы диктор сөйлеген сәттен бастап бір мезгілде экрандағы мәтінді тыңдайды әрі оны бақылап отырады. Аудиокітаптар – жазылған және айтылған мәтіндердің синтезі. Тыңдаушы диктор сөйлеген сәттен бастап бір мезгілде экрандағы мәтінді тыңдайды әрі оны бақылап отырады, аудиокітаптар тыңдаушының сөздік қорын кеңейтумен қатар, оның ауызша және жазбаша сөздерді түсінуін жеңілдетеді. Олар сөз дикциясы мен оның айтылуындағы жетістіктерге арналған құрал сипатында пайдаланылады. Аудиокітаптар – бұл ақпаратты игеру мен жылдам түсінуге ықпал ететін құрылым, қуатты да икемді жүйе. Аудиокітап- тардың көмегімен ағылшын тілі қарым қатынас құралы болып қалыптасты. Бүгінгі оқы- тушылардың басым бөлігі оқыту процесіне аудиокітаптарды енгізудің маңыздылығын жете сезінуде.
Аудиокітаптарды қолданудан күтілетін нәтижелер:
Аудиокітаптар тілдік дағды мен сауаттылық сапасын көтереді. Олар сөздік қорды қалыптастырып, ойда елестетуге ынталандырады, оқу шапшаңдығын арттырады. Аудио- кітаптардың көмегімен айтылу үлгілерімен, сөйлем құрылымдарымен танысуға болады.
Аудиокітаптар оқушылардың оқуға деген ықыласын оятып, уақыт бірлігіне қарай қабылданатын мәліметтер көлемін көтеруге септігін тигізеді.
Сондай-ақ аудиокітаптар жете талдап қарауға және негізгісін ажырату шеберлігін арттыруға ықпал етіп, тілдік өзгерістер мен сөйлемдердің жинақылығын, жатықтығын және қалыптылығын құрылымдық безендіру дағдысын әрі қарай жетілдіреді.
Аудиокітаптармен жұмыс әдістемесі кәдімгідей, бірақ, берер жемісі берекелі.
Аудиокітаптар - ағылшын тілін меңгертуді жетілдірудің берден бір тиімді (эффек- тілі) құралы. Әрине, оқу процесі әрдайым уақыт пен күшті қажет етеді. Дегенмен, тіл меңгеруде де әркімнің өзі жетер биігі бар!
ХХІ
ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі,
технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы
дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби
мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен
оқушының арасындағы байланысты
субъективті деңгейде көтерудегі
демократиялық бастамалардың барлығы
мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі
ретінде қабылдау олқылық көрсетеді.
Мұғалім қоғам айнасы.
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту
әдістемесінің заман талабына сай толық
білім беруге, меңгертуге кепілдік
бермейтіндігін мектеп тәжірибесі
көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған
әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде
іске асу үшін оны технологияландыру
қажеттілігі туады. Білім беру үрдісін
ақпараттандыру – жаңа ақпараттық –
коммуникативтік технологияларды
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара
тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын
жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің
барлық деңгейлерінің тиімділігі мен
сапасын жоғарылатуды көздейді. Біріккен
ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр
– ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.
Қазақстан Республикасы да ғылыми -
техникалық прогрестің негізгі белгісі
– қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа
кезеңіне енді.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың
жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең
ақпараттық кезең, яғни компьютерлік
техника мен оған байланысты барлық
ақпараттық - коммуникативтік технологиялар
педагогтар қызметінің барлық салаларына
кірігіп, оның табиғи ортасына айналып
отыр. «Білім берудегі ақпараттық –
коммуникациялық технологиялар» ұғымы
«оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары»,
«қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары»,
«компьютерлік оқыту технологиялары»
және т. б., тіркестермен тығыз байланысты.
Білім беруді ақпараттандыру, білім
салаларының барлық қызметіне АКТ - ны
енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру
қазақстандық білім беруді сапалы
деңгейге көтерудің алғы шарты. Ақпараттық
процестерді қамтамасыз ететін қазіргі
заманғы есептеу техникалары біртұтас
күрделі жүйе болып табылады. Сол себепті,
педагогтардың кәсіби біліктілігін
арттыруда АКТ - ны оқып - үйрену және оны
қолдану күрделі процесс болып табылады.
Ақпараттық технология – қазіргі
компьютерлік техника негізінде ақпаратты
жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау
істерін қамтамасыз ететін математикалық
және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі
техникалық құралдар жиыны.
Коммуникация
– ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері
мен механизмдерін және оларды жазып
жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын
жалпы ұғым
Ақпараттандырудың
негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына
сәйкес қоғамды дамытудың жоғары
тиімділікті технологияларына сүйенген
жаңа білім стратегиясына көшу болып
табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім
жүйесінің ерекшеліктеріне – оның
іргелілігі, алдын алу сипаты және оларға
қол жеткізу мүмкіндіктері жатады.
Орыналиева Венера Нурболовна

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген