Ағылшын тілінде қолданылатын һ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ағылшын тілінде қолданылатын һ

Материал туралы қысқаша түсінік
Белсенді әдістерді және интербелсенді тәсілдерді қолдану. Пәндерді технологиялық тәсіл негізінде жобалау жолдарын қарастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Белсенді әдістерді және интербелсенді тәсілдерді қолдану.

Пәндерді технологиялық тәсіл негізінде жобалау жолдарын қарастыру.


Қазіргі күні әрекеттік педагогика ең танымал оқу жүйесіне айналған, яғни мектепте оқу процесінің негізінде интербелсенді әдістемелер керек: әрбір мұғалім әрбір сабақта интербелсенді әдістер, құралдар мен тәсілдерді қолдануы қажет.

Интербелсенді оқыту бірінші кезекте білім игеру процесінде қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» -«әрекет жасау» дегенді білдіреді. Басқаша сөзбен айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен тығыз қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру.

Интербелсенді оқыту көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттері арқылы жүзеге асырылады: бірлескен жұмыстар, жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары, ситуативтік және рөлдік ойындар, ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау, шығармашылық жұмыстар, т.б.

Интербелсенді оқуда білім алушылар мынадай білім, білік, дағды, құзырлылық, машықтарды иемденеді: терең және жүйелі ойлану; ақпаратты өздігінен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу; ақпаратты жан-жақты талдау және бағалау; өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру; пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірлерін дәлелдеу; басқалармен тиімді қарым-қатынас құру.

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда мен инновациялық технологиялар ішінен «Қазақ тілі сабағында интербелсенді тәсілдерді қолдану жолдары» тақырыбын алдым.
Негізгі мақсат – оқушылар арасында еркін, ашық шығармашылық қарым-қатынас орнату, оқушыларға білімді өз бетімен ізденуге бағыт-бағдар сілтеу, оқушыларға қажетті білік-дағдыларды қалыптастыру, белсенділікті дамыту;
Аталған мақсатты жүзеге асыруда алдыма қойған міндеттерім:
• Зерттеу жүргізу және жоспарлау, сабақта интербелсенді оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану;
• Оқушыларды өз бетімен білімді игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, сыни тұрғыдан ойланып, проблемаларды шешуге дағдыландыру;
• Қазіргі заманғы жаңа техникаларды қолдана білу білімдерімен және дағдыларымен қаруландыру, оқу үрдісінде кеңінен қолдану;
Күтілетін нәтиже: еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, белсенді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптасады.

«Интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ал «интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым-қатынасқа негізделген оқыту, диалог арқылы үйрету.
Интербелсенді оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды. Сондықтан да интербелсенді оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады.
Осы қағиданы ұстанған мұғалім оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтып, сабақтарында оқушы бойындағы идеясы мен білім – біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруды талап етеді.

Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары:
• Орта қалыптастыру
• Әрекет арқылы үйрету
• Өмірмен байланыстыру
• Өзінділік пен дербестікке баулу.[6;7]

Интербелсенді оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданыладыИнтербелсенді оқудың әдістері:
• Интербелсенді лекциялар мен семинарлар;
• Броундық қозғалыс;
• Пікірталастар ;
• Ойындар (оқу, рөлдік, іскерлік, өндірістік, имитациялық және т.б.);
• Тренингтер;
• Оқытудың компьютерлік технологиялары;
• Жұптасып жұмыс істеу;
• Сұрақтар қоюда ынталандыру (СТО – ға үйрету);
• Шағын топтармен жұмыс;
• Аяқталмаған сөйлем;
• Есептеу ағашы;
• Өз атынан сот;
• Ролдік /іскерлік/ ойын;
• Өз позицияңды ұстан;
• Дискуссия;
• Дебаттар.

 

Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын қазіргі қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.

Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім- ұйымдастырушы, бағыт беруші. Оқушылардың дербес ізденісі жаңа білімді өз белсенділіктерімен алу іс-әрекеттерін үйымдастыруға көмектеседі. Оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін сабақ барысында пайдалану арқылы сабақтың сапалы, қызықты өтетіндігін байқадым.

Білім беру процесінде ізденістің алар орны ерекше. Құр дайынды көшіру оқушының шығармашылық ойлау қабілетін, талабын өшіреді. Сондықтан әр түрлі әдіс-тәсілдерді оқыту барысында жиі қолдануға тырысамын.

Интербелсенді оқытудың теориясындағы жетістікке жетелейтін әдіс-тәсілдер арқылы жүргізілген тәжірибеме тоқталып өтейін:
«Диалог негізінде оқыту және оқу» және «Қалай оқыту керектігін үйрету» деген атауларға негіз болып саналады.
Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ–жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады.[8;30-36]Менің әр сабағым диалогтан құрылады, себебі тіл үйрету ауызша болғандықтан көбінесе оқушылардың сөйлеуіне мән беремін. Диалогтық оқытуда қолданып жүрген тәсілдерім: «дискуссия», «дебат», «іскерлік ойын»ашық сұрақ және жабық сұрақ қою, «рөлдік қойылым»т.б. Мысалы: ертегі кейіпкерлеріне дебат әдісі арқылы баға беруге болады. Әсіресе, жағымсыз кейіпкерлерге талдау жасағанда, жақтаушы, даттаушы бола отырып, ол бейненің жағымды жақтарын да анықтауға болады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сын тұрғысынан ойлаудың 60-тан астам стратегиялары бар. Өз іс-тәжірибемде болжау, Т-кестесі, инсерт, кластер, ассоциация, венн диаграммасы, семантикалық карта, джигсо, мозаика, ыстық орындық, ақылдың 6 қалпағы, дананың кілті, БҮҮ, РАФТ, 5 тармақ, екі жақты күнделік, кубизм т.б. стратегияларын кеңінен қолданып, сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының иерархиялық моделі Блум таксономиясы арқылы жоспарлап өткізудемін.
«Миға шабуыл» әдісі – қойылған проблеманы оқушылардың шығармашылық белсенділігіне сүйене отырып шешуге бағытталған, оқушыларға проблеманы шешуде жауап нұсқасын таңдауға еркіндік беріліп, оны шешудің неғұрлым көп ж олдарын көрсетуге негізделген. Кейін ең жақсы идеялар, шешімдер таңдалынып алынады. Мысалы: 3-сыныпта «Отбасы мерекелері» тақырыбы бойынша оқушылар отбасы туралы мәтінді тыңдап, бұрыннан таныс білімдерін жан-жақты еске түсірді. Бұл мәтінде кім туралы айтылып тұр? Әр отбасында мерекелердің атап өту ерекшеліктері? Сендерге басқа отбасындағы мерекені өткізу дәстүрі  ұнады ма? Неге? т.б сұрақтарға жауап береді.
Топтық жұмыс.Топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Бұл үшін мұғалім топқа бөлудің қызықты тәсілдерін қолдану керек. Оқушыларды топқа бөлудің қызықты, әрі танымды тәсілін олардың алдағы жұмысқа деген ықыласын арттырады.  Топпен жұмыс істегенде уақытша болса да бастарын біріктіреді, араларында бір-біріне деген жылы сезімдер орнайды.

Сондай-ақ, қазақ тілі сабағында  «Аяқталмаған сөйлем» әдісін қолдануға болады. Мысалы, үйге берілген тапсырмаларды тексеру барысында сөйлемнің басы беріліп, оны аяқтау оқушыға тапсырылады.
Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырыбы бойынша ақпарат жинайды.
Есептеу ағашы – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады.
«Өз позицияңды ұстан» деп аталатын интеграцияның да пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқушылар «Иә» немесе «Жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндіргені дұрыс, әсіресе кейіпкерлерге, олардың іс-әрекеттеріне қатысты пайданалануға болады.

Бағалау. Рефлексия. Оқушылар өз білім деңгейін білді, нені үйренгені
туралы айта алды. Әр адамның пікірі құнды екенін түсініп, өздерін
және өзара критериалды бағалауды үйренді.
«Детальдарын қосу» әдісі. Топта жұмыс істеу кезінде оқушы  алынған білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуі қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты болса сол топ сыйлық алады. Бастапқы сөйлемнің мысалы:
Сабақ басталды. Кеңейтілген сөйлемнің мысалы:
Қазақ тілі сабағы басталып, мұғалім оқушыларды түгендей бастады.
Интербелсенді әдіс-тәсілдер арқылы өткізген сабақтар барысында төмендегідей өзгерістер орын алды:
– Диалогтық оқытуда өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды және өз ойларын дәлелдеуге тырысты.

Сөйлеу мәдениеті қалыптасып, ойын жеткізуге дағдыланды.

Тілдік қорын толықтыра отырып, көркем әдебиет оқу қажеттігін түсінді.

Дәстүрлі сабақ барысында томаға тұйық отырған бірқатар балалар ашылып сөйлеп, өзіндік пікірлерін білдіргені қуантарлық жағдай болды.

Қорыта айтқанда, диалогтық оқытудың маңыздылығы оқушы «Көре, көре көсем, сөйлей, сөйлей шешен» болады деген тұжырым жасауға негіз бар. Ал сын тұрғысынан ойлауға үйрету модульдері стратегиялары арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты, оқушылармен кері байланыс орнатылды. Топтық жұмыстар негізінде барлық оқушы жұмыспен қамтылып, көптеген оқушылардың қабілеттері ашыла түсті. Әдебиеттегі тұлғаларды сомдау арқылы импровизациялық қабілеттері дамыды. Сұрақтар қоюды, соның ішінде ашық және жабық сұрақтарды ажырата білуді үйренді. Постер қорғай отырып, дарынды оқушылармен бір топтағы оқушылар белсенділік танытып, ашыла түсті. Сабақты өздері түсіндіріп, өз қолдарымен жасағанда есте жақсы қалатынын мойындады. Ең бастысы өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу кезеңінде өз түсінігін өзгерте білді және білімді саналы түрде меңгеруге бейімделді.Мұғалім жаңаша оқыту тәжірибесін пайдалана отырып, өз білімін өзара байланыстырып ұйымдастыра білсе, әр түрлі базалық мәліметтерді іздестіре отырып, технологиялар мен ақпараттарды қолданып, икемділік танытса және де еңбекте ынтымақтастықта болып, келіспеушілік пен әр түрлі көзқарастылыққа көрегенділік танытса, жетістікке жететіні сөзсіз.
Оқу-тәрбие үрдісінде интербелсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың білім сапа көрсеткіштері де артты.

Жобалап оқыту технологиясы педагогикалық технология оқыту проблемаларын, тәрбиелеу мәселелерін шешуді технологияландыру мәселесінің туындауына байланысты соңғы кезде өмірге келді. Қазіргі кезде оқыту теориясындағы «технологиялық қатынас», «технология», «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы», «тәрбие технологиясы», «ойын технологиясы» т.б. ұғымдарды бір-бірінен ажыратып, жеке-дара қарастырудың қажеттілігі туындап отыр.

Педагогикалық технология – дара тұлғаны қалыптастыруға педагогикалық ықпалдарды ұйымдастыру қажеттілігінен туындаған өзара байланысты процестер [1, 9]. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік жоспары, ұлттық үлгісі қалыптасуда. Осыған орай, оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялары пайда болуда. Бүгінде елімізде білім беру ошақтарында 50-ден астам педагогикалық технологияларды теориялық және ғылыми қолданбалы бағыт тұрғысынан жазылған зерттеулерді арқауы етіп, оларды оқыту үрдісін жетілдіру бағытында қолдану мәселелерімен отандық ғалымдар: Д.М.Жүсіпбалиева, Б.Ә.Әбдікәрімұлы, М.С.Мәлібекова, Г.Қ.Нұрғалиева, Қ.Қабдықайырұлы, Ж.А.Қараев, Ш.Т.Таубаева т.б. өз зерттеулерінде қарастырған, педагогикалық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін нақтылау қажеттілігін айқындай түсуде.

Осындай жаңа технологиялардың бірі – жобалап оқыту технологиясы. Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. Жобалау технологиясы ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған психолог, педагог, философ Джон Дьюи. Дьюидің ілімін жалғастырушы профессор Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. "Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе – бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі" – деп тұжырымдайды Хилпатрик [2, 50].

Сонымен қатар танымдық прагматизм философиясының өкілі Девей жобалық жұмыстың ғылыми және саяси концепциясының іргетасын қаласа, оның әріптесі Килпатрак жобалау әдісін ауқымды мағынасына қарай тәрбиеге қатысты философия ретінде бағалады. Осыған байланысты Килпатрак жобаны «әлеуметтік ортада өткізілетін жүректен шыққан мақсатты әрекет» ретінде қарастырады [1, 11].

Рейхвейн (1951) теория мен тәжірибенің байланысын жоба десе, Б.Отто жалпы сабақтардың концепциясында басты рөлді сұхбат алады дегенді айтады. Кершенштайнер (1968) еңбек мектебінен жобалау идеяларын немесе осы бағытта дамуды байқауға болатынын тұжырымдады [2, 52].

1965 жылдан бері қарай жобалау әдісі халықаралық деңгейде қолданыла бастады. Бұл әдіске қайта оралудың басты себебін ғалымдар «мәселені оның дамуында қарастыруға мүмкіндік беретіндігімен» байланыстырады, яғни білім алушылар нақты мәселені шешу үшін әрекет үстінде бірнеше рет теорияға үңіледі, соның нәтижесінде өз ісінің қалай орындалғанын бағалай алады, өз қолдарымен жасалған іс оларға қанағаттанарлық, өзіне сенімділік әкеледі. Ғалымдар бұл технологияның осы артықшылықтарына үлкен мән берген. В.Килпатриктің ойынша, оқу әрекеттері оқытушының қатысуынсыз орындалуы тиіс. Сонда оқушы өз әрекетінің нәтижесін көріп, өзінің қабілетін бағалай алады десе, ал Д.Дьюи оқушының әрекеті мұғаліммен бірлескен әрекет болуын талап етті. Өйткені оқушының әрекетті аяғына дейін орындауына толық білімі жетпеуі мүмкін, ол үшін мұғалім әрекетті орындаудың алдында оқушының барлық ойлау әрекеті сатысынан өтуін қамтамасыз етуі тиіс деген пікір айтады [1, 13-15].

Демек, жобалау идеясы, жобалау әдісі ең алдымен жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі оқытуға қарсы бағытталған бағдарлама ретінде қарастырылды.

Жоғарыда айтылғандай, жобалау әдісі Еуропада ХХ ғасырдың басында басталғанымен, Қазақстанда білім беру салалары кредиттік жүйеге енгелі қазақ тілі әдістемесінде соңғы жылдары ғана қолданыла бастады.

Жобалап оқыту технологиясы ТМД елдерінің оқыту жүйесінде де кең өріс алып жатқаны белгілі. Жобалап оқыту технологиясының теориялық алғаш негіздеген Ресей ғалымдарынан В.П.Беспалько, В.В.Давыдов, В.К.Дьяченко, Л.В.Занков, П.Я.Гальперин,
Н.В. Кузьмина т.б. ғалымдардың теориялық зерттеулерінің нәтижесінде, сонымен қоса Е.Н.Ильина, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов т.с.с. әдіскерлердің практикалық тәжірибелерінің негізінде қарастырылған.

Қазақ тілін оқыту үдерісінде оқыту технологияларын жаңа қырынан қарастырған, оларды таңдап, талғап қолданудың ғылыми-әдістемелік мәселелерін арнайы зерттеген жұмыстар қатарында Ф.Оразбаеваның коммуникативтік технологиясын, М.Жанпейісованың модульдік технологиясын, Қ.Қадашеваның жаңғырта оқыту технологиясын, Р.Шаханованың мамандыққа бейімдеп оқыту технологиясын, З.Бейсембаева мен К.Жақсылықованың модульдік технологияларын, Н.Құрманованың дамыта оқыту технологиясын, Н.Оразахынованың сатылай кешенді талдау технологиясын, белсенді оқыту әдістерін зерттеген Ж.Сүлейменова мен Ә.Әлметованың сұхбаттық оқыту технологиясын, А.Жапбаровтың, А.Қыдыршаевтың, Ж.Дәулетбекованың сөз мәдениетін меңгертумен, шешендікті қалыптастырумен байланысты жаңа технологияларға қатысты қағидалары көрсетілген еңбектерін атауға болады [3, 36-37]. Әйтсе де, бұл зерттеулерде жобалау технологиясы туралы пікірлердің тым аз қамтылғаны, кейде үстірт қана аталып кеткені байқалады.

Жобалап оқыту технологиясы – кредиттік оқу жүйесінің талабына сай, қазақ тілін үйренуге қазіргі заман тұрғысынан қойылып отырған міндеттерге жауап бере алатын, бүгінгі күн үдерісін толық ақтай алатын оқыту жүйесі [4, 39]. Яғни, жобалап оқыту технологиясының негізгі тірегі – өз бетімен белсенді істер атқаратын студенттің өзіндік ізденісіне, олардың өзін-өзі танытуына, танымдық-практикалық қабілеттерін жүзеге асыруына қажетті мүмкіндіктер.

Ш.Д.Абдиева: "жобалау әдісі – студент пен оқытушының бірігіп, белгілі бір мәселені шешуге және қорытынды жасауға негізделген оқу немесе басқа да әрекеттерін айтуға болады" – десе [4, 43], ғалым А.А.Сатбекова: "жобалау әдісі арқылы қазақ тілін оқыту – студенттердің репродуктивтік оқу әрекеттерін біртіндеп имитациялық әрекеттерге көтеру арқылы қазақ тілінің заңдылықтарын және қазақ тілінің бай қорында жинақталған ұлттық мәдени мол мұраны студенттің ішкі құндылықтар жүйесіне енгізудің тиімді жолы"– деп тұжырымдаған [5, 49].

Яғни, жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу.

Демек, жобалап оқыту технологиясын қолданып, проблемалық тақырыптың мазмұнын ашу, пікірталасқа түсу, өзіндік ойларын ғылыми дәлелдеудегі мұндай оқу ынтымақтастығын тудыратын топтық жұмыстардың мүмкіндіктері мен тиімділігі мол. Ә.Қисымова, Т.Увалиева ғалымдардың зерттеп, зерделеулерінің нәтижесінже жаңа кезеңде жобалай оқыту технологиясын қазақ тілін сапалы әрі тиімді оқыту жүйесі ретінде таңдап алудың бірнеше себептері жүйеленді.

Біріншіден, бұл технология – кредиттік оқу жүйесін жүзеге асыруға мүмкіндігі мол технология. Кредиттік оқу жүйесінде студенттің өз бетімен орындайтын жұмысына басымдылық беріледі. Ол оқытушының басшылығымен және өз бетімен орындайтын жұмыс деп бөлінеді. Осы тұрғыдан қарағанда, жобалай оқыту технологиясы мен кредиттік оқу жүйесінің өзара бірлігі айқын байқалады.

Екіншіден, жобалай оқыту технологиясының философиялық, гуманистік, психологиялық мүмкіндіктері студенттің жеке тұлғасын дамытуға бағытталады. Өз бетімен қазақ тілі бойынша берілетін түрлі жобаларды қазақ тілінде орындау барысында студент «білім іздеудің өзіндік сүрлеуін» қалыптастырады және ол сүрлеу студенттің өмір бойғы білім алуы дағдыларын дамытады.

Үшіншіден, бұл технологияның артықшылығы–жоба жұмысын орындау арқылы студент өздігінен шешім жасауға үйренеді, жобаның орындау логикасын анықтайды. Cтудент тілді меңгеру үдерісінде қазақ тілін оқып-білудің негізгі әрі белсенді субъектісіне айналады.

Төртіншіден, бұл технология студенттің білім деңгейін дамытуға көмектеседі, себебі ол өз бетінше әрекетке түсіп, ізденеді.

Бесіншіден, бұл технология бойынша студент тақырыпты өзі таңдауына мүмкіндік алады.

Алтыншыдан,жобалау технологиясы оқытушыға да, студентке де жұмысына, ғылыми дәлелдемелеріне қанағаттану сезімін, яғни «эгофакторлық» сенім ұялатады [6, 63-65].

Сонымен қатар, жобалай оқыту технологиясы аясында оқушылардың сөйлесім әрекеттерін жетілдіруде профессор Ф.Оразбаеваның «тілдік қатынастың бір бүтін тұлғасы болып табылатын мәтін адамдардың қарым-қатынасын іс жүзіне асыратын материал ретінде және өзара түсінісу, пікірлесу, ойды жеткізу тұлғалары түрінде зерттеледі» деген пікірі басшылыққа алынды [3, 90]. Өйткені мәтін сөйлесім әрекетімен, қатысым әдісімен, олардың қолданылу қағидаларымен тығыз байланыста болады. Мәтін – ойлау, хабарлау, баяндау, қабылдау, пайымдау құбылыстарымен байланысты, адамдар арасындағы тілдік қатынастың іске асуына негіз болатын қатысымдық жүйелі тұлға. Мәтінмен жұмыс жоғарыда айтылған қатысымдық бірліктерді өзара тығыз байланыста қолдануға мүмкіндік береді.

Жобалап оқыту технологиясы арқылы қазақ тілін меңгертудің ережесі мынадай: тақырып (жобалық) оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек және ол оқушының қызығушылығын тудыруы қажет; оқытушының рөлі өзгереді, ол тек қана ұйымдастырушы әрі кеңесші болуы тиіс; жобалап оқытудың өн бойында іздену әрекеті, зерттеу әрекеті, талдау және жинақтау әрекеті ұйымдастырылады. Сонымен бірге, ізденуші жеке жұмысының жобасын ұсынып, оны нәтижесінде дәлелдеу үшін жоспар жасайды, сызба, кескіндеме, диаграммалар пайдаланылады; талқыға ұсынылатын тақырып кең және ашық болуы қажет; жобаны қорғау жұптық (диада), үштік (триада) және топтық шеңберде орындалуы қажет [1, 22].

Т.Әбдікәрім сөзімен айтқанда "жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады" [6, 65].

Сондай-ақ, қазақ тілін оқыту технологияларын қолдану арқылы студенттер білімінің сапасын көтеру үдерісі – оқыту технологияларының сапасын, студенттердің сол технология бойынша қазақ тілінен алған білімінің сапасын, қазақ тілін үйретуші оқытушылардың шығармашылық жұмысының сапасын, қазақ тілін үйрету әдістерінің сапасын танытатын, анықтайтын ерекше дидактикалық үдеріс. Қазақ тілін жобалай оқыту технологиясының сапасы оның қол жеткізілетін түпкі нәтижесі арқылы өлшенеді [5, 50].

Қорыта айтқанда, жобалау әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі болып табылады. Жобалап оқыту технологиясын қолданатын педагогикалық үдерістегі – оқу қызметтері, оқыту әдістері мен тәсілдері, оқытудың формасы мен техникалық құралдары тілдің лингвистикалық негіздерімен байланыста қаралады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қисымова Ә.Қ., Увалиева Т.Ж. Оқыту технологиялары. – Алматы. 2007, 204 б.

  2. Пахомава Н.Ю. Проектное обучение – что это?// Методист. №1, 2004, 50-54сс.

  3. Э.Тұрдалиева, Ақынова Ж.Жобалау технологиясын қолдану әдістері //Қазақ тілі мен әдебиеті. №5, 2006, 36-40бб.

  4. Абдиева Ш.Д. Жобалау әдісін қолдану арқылы студенттердің тіл үйренуге деген белсенділігі мен қызығушылығын арттыру // Қазақ тілі мен әдебиеті. №3, 2010, 39-43бб.

  5. Сатбекова А.А. Қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқыту жүйесінің дидактикалық ұстанымдары // Білім – Образование. №3 (27), 2006, 48-52бб.

  6. Әбдікәрім Т.М.Магистранттарға қазақ тілін жобалай оқыту технологиясының әдістемелік негізі // ЕҰУ Хабаршысы. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. №3 (88), 2012, 63-66бб.

  7. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2014 ж. 17 қаңтар;

  8. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы»

  9. «Жаңаша оқыту – заман талабы» Ғ.Сұлтанова, З.Сатқаева, Алматы, 2011 ж. (7-17б.);

  10. «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» С.Мирсеитова, Қарағанды, 2011 ж. (45-б.);

  11. «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер» «Қазақстан мектебі» журналы №3, 2012 ж. (18-б.);

  12. «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі» Н.С.Байжуманова «Білім әлемінде» журналы № 5, 2008 ж. (33-36-б.)





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2021
336
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі