400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ағылшын тілінен ойын түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын арқылы оқушының есте сақтау қабілеті дамиды.Бала ойын арқылы өседі.Сабақты қызықты қылып өткізуде ойынның маңызы зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Hello»
Мақсаты: балаларға амандасу және өзін – өзі таныстыруды үйрету.
Барысы: педагог қолына карточкада сабақтың кейіпкерлерінің бейнеленген суреттерін балаларға көрсетіп ұстап, айтады. «Hello. I am Mum». Балалар көрсетілген кейіпкермен амандасады, танысады.

«Guess who?»
Мақсаты: мамандық атауларының айтылуын меңгерту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Барысы: балаларға бір ересек адамның басы бейнеленген және жан – жағына бір мамандық иесінің құралдары бейнеленген суреттер кезек – кезек көрсетіледі. Педагог әрбіреуін көрсетіп: «Guess who?» деп сұрап отырады. Балалар қоршаған заттарға қарап, қай маман екендігін тауып айтады.
«Whose cage?»
Мақсаты: логикалық ойлау қабілетін дамыту, жаңа сөздерді белсендіру.
Барысы: жануарлардың атауын ағылшын тілінде атау, көлемі мен пішінінің ерекшелігіне қарай торын тауып көрсету (Elephant – үлкен торда тұрады).

«Who likes…?»
Мақсаты: жаңа сөздердің айтылуын меңгерту, тақпақты жаттату.
Барысы: балалардың алдына жануарлардың (аю, қоян, ит, қораз) кескіндері және қырыққабат, ет, бал, дәннің суреттері беріледі. Педагог тақпақ жолдарын айтады, балалар айтылған жануардың нені жақсы көретінін суреттен тауып көрсетеді немесе жанына орналастырады.

«Find and say»
Мақсаты: жаңа сөздерді үйрету, ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Барысы: үй жануарларының мүсіндерін тарының арасынан тауып алады, атауын ағылшын тілінде айтады. «Is it» құрылымымен танысады.

«Pass and say»
Мақсаты: жаңа сөздердің айтылуын үйрету, есте сақтау қабілетін жақсарту.
Барысы: педагог шеңбер бойымен тұрған балалардың біріне сағат тілі бағытымен қарындаштың бірін түсін айтып, ұстатады. Алған бала сөзді қайталап келесі балаға ұстатады, осылайша қарындаш педагогтің өзіне қайтып келеді. Барлық қарындаштарды шеңбер бойымен түсін айтып жүргізіп шығады.

«Green, green, yellow»
Мақсаты: естіп түсінуді қалыптастыру, қимыл – қозғалыс аппаратын дамыту.
Барысы: педагог балаларға ойын бағдаршам түсіне сай ойналатындығын түсіндіреді. Түстердің атауын ағылшын тілінде өзі айтып тұрады. Балалар шеңбер бойында немесе өз қалаулары бойынша бөлме ішінде жүре бастайды. Айтылған түске сай жүреді, тоқтайды, баяу қозғалады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18.06.2018
1043
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі