Ағылшын тілінің қолданылу аясы күннен-күнге
артқан сайын оған деген ғылыми қажеттілік те өсіп келеді. Ағылшын
тілін қоғамдық және ғылыми салада қолдану мен өркендетуге барынша
жағдай жасалып, оның жан-жақты әлеуметтік-коммуникативтік рөлін
арттыру өмір талабына айналып отыр. Қазіргі кезеңде ағылшын тілін
дамытуда ғылыми-лингвистикалық зерттеулер жүргізу мен олардың
нәтижелерін нақты іске асыру арқылы қазіргі ағылшын әдеби, ғылыми,
салалық тілінің нормаларын бірыңғайлауды қамтамасыз ету де негізгі
міндеттер болып табылады. Ағылшын тілінің әдеби,
лексика-фразеологиялық, терминдік, синонимдік, аймақтық тілдік
нормалары жан-жақты әрі бай. Сондықтан да оны қолдануда көп
жағдайда дұрыс мағынасын түсінбей үстірт кетіп жататын жағдайлар аз
болмай жатады.Идиома тілдің барлық деңгейлермен тығыз
қарым-қатынаста өмр сүретін, өзінің компаративтік мағынасы мен
компаративтік функциясын сол деңгейлердің көмегімен жүзеге асыратын
көпдеңгейлі, күрделі тілдік құбылыс болып табылады. Идиома – бұл
сөз тәртібін қатаң сақтайтын бүтін ретінде болатын сөз тіркесі.
Мысалы, көздің қарашығы – тура мағынада «көздің қарашығы» емес,
ауыспалы мағынада өте қадірлейтін, құрметтейтін затты не адамды
айтады. Әр тілде өз идиомалары бар. Сондықтан да солардың
мағыналарын білуіміз қажет. Себебі, оларды сөзбе-сөз аударғанда
түсініспеушілікке әкеп соқтырады. Мысалы, ағылшын тілінде де көп
мөлшерде қызықты идиомалар көптеп кездеседі. Сөздік қорды дамытуда
тұрақты сөз тіркестерінің яғни, идиомалардың алатын орны ерекше.
Сіздерге көп қолданылатын ағылшын тіліндегі тұрақты сөз тіркестерін
ұсынамын.
Idioms: 1) To live high on the hog –мұқтаж көрмей
өмір сүру, рахатта өмір
сүру. Example: When he gets his
fortune from his uncle, we will live high on the hog.
(Ол атасының мұрасын алғаннан кейін, біз мұқтаж көрмей өмір сүреміз.) Example Dialogue: A: He’s
got a new house and a new car, and he just joined the golf club.
(Ол жақында жаңа үй,
жаңак көлік және де гольф алаңын сатып алды.) B: He’s really living high
on the hog, isn’t he? (Иә,
ол шыныменде рахат өмір сүруде,
солай емес пе?) 2) Sitting
pretty - олжалы болу,
жолы болғыш болу. Example: Sam got the raise
last week, now he sure is sitting pretty.
(Сэм өткен аптада жұмысынан жоғарылады,
олжалы болды.) Example Dialogue: A: Have
you talked to Randy lately? He just got a new job and a raise.
(Сен жақында Рэндимен сөйлестің бе? Ол біразда ғана жұмысынан олжалы болды.) B: Yes, I've heard. He sure
is sitting pretty. (Иә,
мен естідім.
Оның көңіл-күйі тамаша болар.)
Ағылшын идиомасының
өзіндік ерекшелігі
бар.
Егер фразеологизмдерді
сөзбе-сөз аударатын болсақ,
онда біз өз халқымыздың және басқа елдердің сөйлеу мен жазба әдебиетіне нұқсан келтірген болар едік.
Мысалы ағылшын тіліндегі, As busy as a
bee – толассыз жұмыс жасау дегенді сөзбе-сөз дәл аударсақ,
ол тіпті күлкілі «жұмысты арадай жасау»
деп шығар еді.
Қазақ тілінде тұрақты сөз тіркесі сөйлемнің құрамына еніп,
оның синтаксистік сөз тіркесінің басыңқы не бағыныңқы сыңарының қызметін атқарады.
Мысалы:
Қас пен көздің арасында жетіп келді –
деген сөйлеміндегі басыңқы сыңары жетіп келді,
бағыныңқы сыңары қас пен көздің арасында болады.
Ал,
«төбе шашы тік тұрды»
деген тұрақты сөз тіркесін алайық,
мұндағы сөздер тура мағынасынан айырылған,
тұтастай «қорқу»
деген мағынаны білдіреді.
Сондықтан әр фразеологизмнің мағынасына қарау керек.
Және де қазақ тілінде тұрақты сөз тіркесі фразеологизмдер деп аталса,
ағылшын елдерінде идиома деп аталады.
Ал ағылшын идиомасына келсек,
ол да өзіндік ерекшелігі бар.
Мысалға:
идиомалар көбінесе ертегілерде,
жай және құрмалас сөйлемдерде көп қолданылады.
1.The small boy was very
brave. Even when the large dog grawled at him and showed its teelth
he stood and did not turn a
head. Бұл жердегі идиома «did
not turn a
head». Кішкентай ұл өте батыл болған. Ол тіпті ит үрген кезде,қорықпай бір орында тұра берген деген мағынаны білдіреді. Ал,идиомасын сөзбе-сөз аударсақ,
«ол басын бірде-бір қозғаған жоқ» десек,сөздің мағынасы өзгеріп кетеді де, тіпті түсініксіз болып қалады.
2.He was too soft – hearted
and could not refuse money to his children and relatives whenever
they asked for it. Бұл жердегі идиома «He was too
softhearted» soft –
hearted деген сөзінде жұмсақ жүрек деген мағынаныбілдіреді. Ал былай негізінде ойланып көрсек, жүрек жұмсақ болмайдығой, сондықтан бұл идиома. Толық аудармасы «Ол өте қайырымды адамболған. Егер балаға және өз туысқанына ақшалай көмек керек болса, олкөмектен ешқашан аянбаған».
3.When the boy asked his
parents to allow him to learn to play piano, they agreed because
they knew he had a good ear for
music. Бұл жердегі идиома«good
ear