жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ағылшындар саудагерлерден Үндістан билеушілеріне қалай айналды?
Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрі
Сарыағаш ауданы, №37Б.Майлин атындағы ЖББМ
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Сабақтың тақырыбы: Ағылшындар саудагерлерден Үндістан билеушілеріне қалай айналды?
Бөлім: |
XVIІI ғасырдағы Үндістан және Ұлыбритания |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) |
Абдрахманова Гульжахан Бегдиллаевна |
Күні: |
|
Сынып:7 |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Ағылшындар саудагерлерден Үндістан билеушілеріне қалай айналды? |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары |
7.3.2.6 еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау; 7.4.1.4 «экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория» ұғымдарын қолдану арқылы, тауар-ақша қатынастарының дамуын түсіндіру |
Сабақтың мақсаты |
Ағылшындардың отаршылдық экспансиясының Үндістанның дәстүрлі қоғамының дамуына ықпалын сипаттауда «экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория» ұғымдарын қолдану арқылы тауар-ақша қатынастарының дамуын түсіндіру |
Тарихи концепт |
Маңыздылық. |
Құндылықтар |
Ұлттық мүдде:Отансүйгіштік, патриотизмге тәрбиелеу Талап: Сыни және креативті ойлау дағдысын арттыру; Ар-ұят: Академиялық адалдық қағидасын қолдау. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Ұйымдастыру
Өткен білімді еске түсіру 7 минут
Жаңа тақырыпқа қадам 3 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Ынтымақтастық атмосферасын құру «Жылы жүрек» әдісі Бастапқы ынталандырушы материал «Миға шабуыл» әдісі
1.Ағылшын саудагерлерінің бастапқы мақсаттары қандай болды? 2.Неліктен олардың алғашқы қадамдары үрейлендірді? Терминдермен жұмыс: Фактория — басқа елдің аумағындағы шетелдік көпестердің сауда бекеті. Экспансия — мемлекеттің өз ықпалын басқа елдерге немесе аймақтарға таратуы. Отарлау — бір елдің екінші елді күшпен басып алып, оны өзінің шикізат көзіне айналдыруы. Экспорт — тауарларды шетелге сатуға шығару Импорт — тауарларды шетелден елге әкелу. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру Жаңа тақырып бойынша негізгі терминдерді (экспорт, импорт, экспансия, отарлау, фактория) түсіндіреді . |
Оқушылар өз болжамдарын келтіреді, зерттейді, талқылайды
Дескриптор «Экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория» ұғымдарына зерттеу жасап, маңыздылығын анықтайды
|
ҚБ «Алақан әдісі»
Ынталандыру әдісі «Жарайсың, бәрекелді»
|
Тақырыптық суреттер https://share.google/SN7vQDMhFzrlPtYoz Бенджамин Уэсттің 1765 жылғы суретінде Моғол императоры Шах Алам салық жинау құқығын Лорд Клайвқа беріп жатқаны бейнеленген.
Кеспе қағаз, стикер, маркер, түрлі түсті қағаз , карта, кескін карта |
Сабақтың ортасы Жаңа білім 5 минут
10 минут
5 минут
10 минут
|
Мәтінмен жұмыс 1 Тапсырма: «Түртіп алу» әдісі жұптық тапсырма Мәтінмен жұмыс Мәтін бойынша талдау сұрақтары: 1.Мәжбүрлі тауар-ақша қатынастарының енгізілуі Үндістанның дәстүрлі ауыл қауымдастығының ыдырауына қалай әкелді? 2.Өнеркәсіп төңкерісіне дейінгі Үндістанның «әлемдік шеберхана» ретіндегі рөлі мен одан кейінгі «шикізат отары» ретіндегі рөлін салыстырып, қарама-қайшылықтарды атап көрсетіңіз. 3.Ағылшын экспансиясы мен тауар-ақша қатынастарының енуі Үндістанның дәстүрлі қолөнеріне қалай әсер етті? Мәтіндегі терминдерді қолдана отырып түсіндіріңіз. Қалыптастырушы бағалау: Кері байланыс «Табыс баспалдағы» Жеке жұмыс. Тапсырма №2 «Оқиға картасы» әдісі арқылы еуропалықтардың Үндістанды отарлау саясатының салдарын жіктеу.
Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі
ЕБҚ «Бос орынды толтыр» әдісі Ағылшындар алғашында Үндістанға ____ жасау үшін келді. Ост-Үнді компаниясы ____ жылы құрылды. Уақыт өте келе ағылшындар Үндістанды ____ бастады.
Сабақтың қорытындысы: Тест жұмысы: https://app.diffit.me/ Жеке тест тапсырмаларымен жұмыс
|
Дескрипторлар: 1. Термин сөздердің мағынасын сипаттайды
2.Ағылшындардың Үндістанның касталық жүйесін елді отарлау мақсатында пайдаланғаны ақиқат па, жалған ба, анықтайды 3.Үндістандықтардың касталық жүйесіне еуропалық отаршылдық экспансияның ықпалын сипаттайды ; 4.британдықтар касталық жүйені негізге ала отырып, отарлау саясатын жүргізу ерекшеліктерін зерттейді.
Кілт сөздерді қолданып мәтінді толықтырады.
Оқушылар тест тапсырмаларын орындайды. |
Бағалау критерииі: Ағылшын отаршылдық экспансиясының Үндістанның дәстүрлі қоғамының дамуына ықпалын анықтайды . «Экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория» ұғымдарын қолдану арқылы тауар-ақша қатынастарының дамуын түсіндіреді.
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ Кері байланыс «Табыс баспалдағы» «Екі жүлдыз, бір тілек»
ҚБ «Бас бармақ»
ҚБ «Өзін-өзі бағалау» Тест жауаптары 1 балл Қалыптастырушы бағалау 10 балл
|
Ақпараттық мәтін
Үлестірмелі қағаздар
Тірек-сызбалар Кесте
Карта
ҚБ парағы
|
Сабақтың соңы 5 минут
|
Рефлексия «Жақсы сұрақ» әдісі арқылы кері байланыс жасайды. Неліктен...? Егер... болса қалай? Сіз қалай ...? |
Тақырып бойынша Неліктен...? Егер... болса қалай? Сіз қалай ...? кері байланыс береді |
Оқушылар бағалау критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды |
А4, конспект
|
Үй тапсырмасы |
Қазіргі Ұлыбритания,Үндістан елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын зерттеу |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген