400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ағза функцияларының эндокриндік реттелуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағза функцияларының эндокриндік реттелуі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ағза функцияларының эндокриндік реттелуі

 Эндокринология (грек. endon – ішкі, krіno – бөліп шығарамын және logos – ілім) – эндокриндік бездердің құрылысы, қызметі, олар бөліп шығаратын өнімдер – гормондар, сондай-ақ осы бездердің қызметі бұзылуы салдарынан туатын аурулар туралы ғылым. Эндокринология ғыл. пән ретінде 19 ғ-дың 2-жартысында қалыптасты. 20 ғ-дың бас кезінде әр бездің организмнің дамуын, тіршілік әрекетін реттеу процестерінде маңызы бар екені ашылып және олардың өзара байланысы анықтала бастады. Мұнымен қатар эндокринді органдар қызметінің үдеп не кеміп кетуінен немесе олардың өзара байланысы, т.б. ауытқуларынан пайда болатын бірқатар аурулар жөнінде мәліметтер жиналды. Эндокринологияның бұдан кейінгі дамуы әр түрлі ішкі секреция бездері түзетін гормондарды бөліп алу бағытында жүріп, гормондық препараттарды эндокринді және бірқатар эндокринді емес ауруларды емдеуге пайдалануға мүмкіндік берді. Жануарлар эндокринді бездерінен гормондық препараттар алынды. Эндокринологияның негізгі мәселелері ішінде жүйке жүйесі мен эндокринді жүйелердің өзара байланысын зерттеудің үлкен маңызы болды. Эндокринология деректері зоотехния мен ветеринарияда да кең қолданыла бастады. Қазақстанда Эндокринология саласындағы зерттеулер 20 ғ. 30-жылдардың аяғында Алматы қаласында Респ. бұғақ ауруын емдейтін диспансер ашылғаннан кейін басталды (1972 жылға дейін жұмыс істеді). А.Н. Сызғановтың жетекшілігімен ғыл. экспедициялар ұйымдастырылып, олар Алматы облысы тұрғындарының бұғақ ауруына шалдығу дәрежесін тексерді. Республикада ауыз су, топырақ пен тағам құрамындағы йод мөлшері анықталып, республиканың бірқатар облыстарында бұғақ ауруынан, тиреотоксикоздан сақтану шаралары жүргізілді. Бұғақ пен қант диабеті эпидемиологиясы зерттеліп, кәсіби аурулар (фосфордан улану, діріл ауруы) кезінде эндокриндік бездерде туатын өзгерістер анықталды. Аяқ гангренасына ұшырататын қант диабетінің ерекшеліктері анықталып, оны емдеу әдістері ұсынылды. Қант диабетін түрлі дәрі-дәрмектермен емдеу нәтижесі айқындалды. Қалқанша без аурулары, сондай-ақ қант диабетімен бірлескен аурулар зерттелуде. Қазақстанда Эндокринология мәселелеріне арналған жүйелі зерттеулер Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында, Қазақ ұлттық мед. ун-ті мен мед. академияларындаргізіледі. Ж. Абылайұлы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 сәуір
270
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі