400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ағзалардың негізгі тіршілік ортасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағзалардың негізгі тіршілік орталарына жалпы сипаттама беру Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ағзалардың негізгі тіршілік ортасы

Мақсаты:

Білімділік: Ағзалардың негізгі тіршілік орталарына жалпы сипаттама беру

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Гигиеналық тәрбие беру


Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4.Кубизм әдісі

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.

3. Топтастыру. 6. Сызықтық диктант

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық,интербелсенді тақта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс.

4. Тірек сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Сызбамен жұмыс

Кестемен жұмыс

Сызықтық диктант

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

50.Экологияға кіріспе

Кубизм әдісі

Кубикті лақтыру арқылы әр оқушы сұрақтарға жауап береді.

1.Экология нені зерттейді

2.Экологияны ғылымға енгізген ғалым

3.К.Линнейдің жасаған тұжырымдамасы

4.Ч.Дарвиннің экологияға қосқан үлесі

5.Экологияның бөлімдерін атаңдар

6.Қазіргі уақытта экологияға неге көп көңіл бөледі

Сәйкестілік тесті және тест сұрақтары оқушыларға жеке орындауға беріледі.

ІІІ. Жаңа сабақ.

51.Ағзалардың негізгі тіршілік орталары

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Жер бетіндегі тірі ағзалар тіршілік етуіне байланысты мына төмендегі төрт тіршілік ортасына бөлінеді.

Сулы орта.

Су – тіршілік ортасы ретінде өзіндік ерекшеліктермен ерекшеленеді,яғни, қысымы жоғары,қысымы бірден төмендейді, оттегінің аздығы,күн сәулесін күшті сіңіреді.

Сулы ортада өмір сүретін ағзалар – гидробионттар деп аталады.


Гиробионтар – суда өмір сүретін экологиялық топтарға жататын –планктондар (өсімдіктекті ағзалар –фитопланктондар, жануартекті ағзалар – зоопланктондар) жатады.

Судың жоғарға қабатында өмір сүретін, ауалы қабатпен жанаса өмір сүретін ағзалар – нейстондар деп аталады.

Суда жақсы жүзетін, су ағысына төтеп бере алатын жануарлар нектондар деп аталады.

Су түбінде мекен етуші ағзалар бентостар деген атқа ие болды (Өсімдіктекті ағзалар – фитобентос, жануартекті ағзалар – зообентостар).

Гидробионттардың бейімделу ерекшеліктері.

Су жануарларының сулы ортада бағыттын табуы.Көру бағытының шектеулілігі, дыбысқа жоғары бағыттылық (эхолокация –дыбыс толқындарының таралуын қабылдау (киттәрізділер)) Фильтрация (сүзу) – қоректену көзі.

Кейбір гидробионттар қоректенуі жағынан өзгелерден ерекшеленеді , олар көп мөлшердегі суды сүзіп, ондағы кездесетін органикалық шығу текті ағзалармен көптеген ұсақ ағзаларды ұстап қорек етеді.

Су тоғандарының кеуіп қалу жағдайларына бейімделушілік ерекшелктері.

Бұндай су тоғандары негізінен өзен тасқындарынан, қатты жаңбырдан, қардың көп мөлшерде еруінен кейін уақытша пайда болады да, жануарлар тоғанға ерекше жағдайдағы өмірге – гипобиозға бейімделіп алады, ол кезде олар аз қозғалады,тіпті цисталық кезеңдегі өмір кешеді десе де болады.

Құрлықты – ауа ортасындағы тіршілік сулы ортаға қарағанда эволюциялық дамуда кейінірек пайда болды.Сулы ортаға қарағанда бұл ортадаға өмір күрделірек.Жанурлар денесі ауамен қоршалған- газтәрізді ортада қысым төмен, оттегінің мөлшері жоғары,су тамшыларының мөлшері керісінше төмен. Бұлар тыныс алу жағдайын күрт өзгертеді,сонымен қатар, су алмасу мен тірі ағзалардың қозғалысы да өзгереді.

Көптеген түрлерде ауа лектерінің көмегімен таралу – анемохория дамыған.

Ауа лектерінмен ағзалардың пассивті қабылдануы –аэропланктондар деп аталады.

Бұл ортаның өзіндік ерекшелігі –температураның жылдам өзгеруі болып табылады.

Құрлық – ауалы ортаның жағдайы ондағы ауа – райының өзгерісіне тікелей байланысты.Ауа – райының өзгерісіне байланысты жер бетінің 20 км. бетіндегі атмосферасының үздіксіз өзгерісіне әкеледі (тропосфераның шегі).

Ауа –райының көп жылдық тұрақты өзгерісі сол жердің климатына сәйкес сипатталады.

Сонымен қатар, жерүсті тіршілігі үшін ол жердің жарық түсу жағдайы, жергілікті жер рельефі және грунтының құрамы, жауын – шашындардың (жауын, бұршақ, қар) мөлшеріне де көп байланысты.Топырақ – тіршілік ортасы.

Топырақ – құрлық үстінің жұқа борпылдақ, ауамен байланысып жататын бөлігі. Бұл үшфазалы жүйе, оның қатты бөлігі ауаме, сумен қоршалып жатыр. Олар газ бен сулы ерітінділермен толтырылған жолақтардан тұрады. Бұндағы температура өзгеріп отырады, жер беті өлген жан- жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының шіріндісінен пайда болған органикалық және минеральдық қорлармен жинақталған. Сондықтанда топырақ тіршілікке бай.

Топырақтағы ағзалардың экологиялық топтары:

Микрофауна – топырақтағы өте ұсақ ағзалар (қарапайымдылар,колораткалар,тихоходтар мен нематодтар және т.б.). Олар үшін топырақ – микросу тоған жүйесі.

Қорытындылау.

Кестемен жұмыс.

IV. Жаңа сабақты бекіту.



Берілген жануарлар мен өсімдіктердің аттарын кестеге толтыр


Тіршілік ортасы

Ағзалар

Су


Құрлық -ауа


Топырақ


Ағза




дельфин,шағала,түйеқұс,акула,терек,бүркіт,қарға,сазан,көр-тышқан, медуза, шұбалшаң,қоңыз

дернәсілі,бит,бүрге,көбелек,бұғы, құлпынай бактериялары,қасқыр, шошқа цепені,шортан,адам,шымшық, гидра,ит кенесі.


DrawObject1

Жоғарыдағы ағзалардың мекне ету отасын атап шығыңдар


Биологиялық диктант

1.Сулы ортада өмір сүретін ағзалар деп аталады.

2.Судың жоғарғы қабатында өмір сүретін ағзалар тобы

3.Құрлықта тіршілік ететін ағзалар деп аталады

4. топырақтағы өте ұсақ ағзалар

5.Інде тіршілік етушілер

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру:Ағзалардың негізгі тіршілік ортала



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
4088
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі