жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ахмедияр Нұрымжан Нұрланұлы
Көптілділік-көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру негізі
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы көптілділіктің маңызы
Елбасымыз
«Ғасырлар тоғысында» атты ғылыми-теориялық
еңбегінде тәрбиенің түп мақсаты қоғамның
нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде
саяси-экономикалық және рухани
дағдарыстарды жеңіп шыға алатын,
ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер
өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті
жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру
деген тұжырым жасады. Білім берудің
маңызды стратегиялық міндеті бірінші
қазақстандық білім дәстүрлерін сақтау
болса, екінші жағынан халықаралық
біліктілік сапасын, лингвистикалық
білімін жетілдіру, ең негізгісі
мемлекеттік тілді және шет тілдерін
меңгеруді қамтамасыз ету болып табылады.
Өйткені, заман талабына сай жеке тұлғаны
көп мәдениеттілікке, бәсекеге
қабілеттілігін қалыптастырудың негізі,
білім беруді жетілдірудің басым
бағыттары болып табылады. Жаңа заманда
Қазақстанның бағыт-бағдарын айқындайтын
ішкі және сыртқы саясат ағымындағы
бүкіл қоғам болып жұмылатын іс-әрекеттің
бірі - мемлекеттік тілдің мәртебесі. Дегенмен
мемлекеттік тіл тұғыры әрдайым
биік.Мемлекет тірегі –мемлекетік тіл.
Ұлт тілі мемлекеттік тіл ретінде ұлттың
рухани байлығын сақтайтын, дамытатын,
ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін қазына.
Алдыңғы ұрпақтармен, ата –бабаларымызбен
рухани сабақтастығымызды жоғалтып
алмас үшін, бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың
сана сезімін ана тілі негізінде оятып,
тәрбиелеп отыру оқушылар мен ата –ананың
міндеті. Ұрпақ тәрбиесі тілден басталады.
Еліміздің қазіргі заман талабына сай
ҚР «Білім туралы» заңының 5-бабында
«Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы
міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік
тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды,
орыс тілі және бір шетел тілін оқып
үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп
көрсетілген. Мемлекетіміз саяси,
экономикалық, мәдени байланыстары
бірнеше тілде білім алуды қажет
етеді. Қазақстан басқа мемлекеттермен
тығыз байланыста. Сол себепті ана тілімен
қоса көп тілді жеткілікті дәрежеде
меңгеру және білім мен ғылымның барлық
саласында білікті болу біздің жаңарған
қоғамымыздың көрсеткіші, алға қарай
даму сатысындағы қажетті құбылыс болмақ.
Жеке
тұлға шетел тілін үйрене отырып, сол
тілде сөйлейтін халықтардың тарихымен,
мәдениетімен, өнерімен, салт-дәстүрімен
таныс болады және ғылымның соңғы
жаңалықтарынан хабардар болады.
Шетел
тілін білуді қалаған адам өзіне жаңа
бір тұтас әлем ашады. Бір тіл білсең бір
адамсың, екі тіл білсең екі адамсың, үш
тіл білсең үш адамсың дегендей еліміздің
білікті де, білімді маманы болу үшін
арнайы ғылыми еңбектерді шетел тілдерінде
оқып–үйрену – бүгінгі күннің өзекті
мәселелерінің бірі.
Жас ұрпақты көптілділікке баулу – жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептерге берілген мемлекеттік тапсырыс. Бүгінгі оқушы мен студент - ертеңге мемлекет қайраткері.
Көптілді білім беру дегеніміз- оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту-қазіргі заман қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде асырылады.
“Үштұғырлық” үш тілді қамтығанымен, мәдени жобаны іске асыру барысында қазақ тілінің қолданылу аясын одан әрі кеңейту және конституциялық мәртебесіне сәйкес қоғамдағы рөлін нығайтуға, яғни екі тілдің көлеңкесінде қалып қоймайтындай, еліміздің барлық азаматтарының
мемлекеттік тілді меңгеруіне көңіл бөліп, мемлекеттік саясаттың негізгі
бағыты ретінде дамытуға барынша атсалысуымыз керек. Көптілділік — заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады.
Көптілді оқыту- жас ұрпақтың білім кеңестігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпяларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету үшін жан-жақты болу қажет. Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстанға ақпараттық-технологиялық, ғылыми, медициналық, оқу-әдістемелік т.б. салаларда жаңалықтарды, әлемдік ілгері тәжірибелерден хабары болып, бұл жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшін халықаралық байланыстарды нығайтып,
әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар қажет. Нарықтық экономика еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды қажет ететіні белгілі. Бұл оқу орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Сондықтан ұстаздарға қойылатын басты талаптардың бірі — өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу. Колледжімізде
студенттеріміз әр түрлі сайыстарда, сабақтарда, интеллектуалды ойындарда, көптілділікті жиі қолданса, көптілділікті тез меңгеріп алар еді.
Мысалга:
Көптілділік заман талабына айналып отырған кезеңде ана тілімізді ардақтай отырып, өзге тілдерді білгеніміз әлемдік мәдениетке, өркениетке, білім кеңестігіне еркін кірігіп, болашақта алдыңғы қатардағы бәсекелестікке қабілетті дамыған 50 елдің қатарына енуімізге, жаһандану үрдісінде өмірдің барлық жағынан бәсекелестікке төтеп беруге мүмкіншілігімізді арттырады. Қазақстан кеңістігіндегі үштілділік бұл заман талабы болып отыр. Егер осы үштілділік тиімді жұмыс атқарсын, үштілділік біздің мемлекетіміздің болашағына жұмыс істесін десек, онда үштілділікте басымдылық мемлекеттік тілге берілуі керек. Қорыта келгенде – Еліміздің экономикалық әлеуметтік дамуы үшін интеллектуалды жоғары тұлғалар керек, сондықтан мұғалімдердің көптілділіктің жеке тұлғаның калыптастыруына ықпал етулері үшін өз білімдерін заман талабына сай көтерулері керек.Ұлттық білім саясатына барынша жауап бере алатын көптілді меңгерген тұлғаны қалыптастыру жолындамыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген