жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ахмет Байтұрсынов
Ұлы тұлғалар 7 а.ә сыныптары |
Ахмет Байтұрсынұлы
|
|
Мақсаты |
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығынан білімдерін пысықтау, халқы үшін жасаған еңбектерінің мәнінің жоғары екендігін ұғындыру. Тақырыптың идеялық мазмұнын ашу арқылы жатқа айту, есте сақтау әдіс – тәсілдерін үйрету.оқушынң ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілдерін байыту |
|
Жалпы мақсат |
Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру |
|
Күтілетін нәтиже |
Оқушылар ойларын жүйелі жеткізе біледі, сөз қорларымен жұмыс істеу қабілеттерін дамиды. |
|
7 модульдің қолданылуы |
АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
|
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер |
Кім жылдам,Сақина салмақ,Аялдама ойыны,Суреттер сөйлейді |
|
Қолданылатын ресурстар |
Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук |
|
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг |
«Мозайка» әдісі бойынша сурет арқылы сыныпты топқа бөлу топқа бөліп психологиялық ахуал қалыптастырдым |
Оқушылар амандасады, шеңберге тұрып бір-бірімен амандасады. Әрбір оқушы суреттер арқылы өз жартысын тауып, шыққан сурет бойынша тиісті орнына отырады |
Сабақ кезеңдері |
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
Білім
Қызығушылық тарын ояту |
«Кім жылдам арқылы Сұрақ жауапты пайдалану 1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы тарихи - әлеуметтік жағдай қандай болды? 2. Әдебиеттің дамуына үлес қосқан өкілдер кімдер? Оларға қысқаша сипаттама беріңдер. 3. Әдебиеттің жанрларының жаңа түрлерін атаңдар, негізін салушылар кімдер? |
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы әр топты диалогқа түсіру ,Өткен тақырып аррналған а үй тасырмасын қайталау ға сұрақтар жасалып, арнайы плакатқа жазылып тақтаға ілінеді, крассворд, карточкалар |
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау, білімдерін тексеру. Топпен жұмыс жасау, жарыс арқылы сабаққа деген ынталары артады |
Түсіну |
«Сақина салмақ» Арқылы сұрақтар мен тапсырмалвр беру Жаңа сабақаққа тапсырмалар тартату Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру, сақина саламақ әдісі арқылы әр топқа арнайы сұрақтар беру, олар сол сұравқ арқы түсініктері салмақты түрде айта біледі Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман - тілегін, мұң - мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім - ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық - отаршылдық саясатын, шенді - шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой - санасын оятуға бар жігер - қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс - тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған. Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған - терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т. б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді. Қазақ тілінің негізін қалаушы ретінде Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу - ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911 - 1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912 - 1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп - бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып - танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл - құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып - білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жаңғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.
|
||
Қолдану |
«Маса» жинағы» «Аялдама» ойыны Бойынша тақырыпты ашу үшін тапсырмалар қолдану үшін тақырыпты оқып қолданады Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса, Сап-сары, аяқтары ұзын маса. Өзіңе біткен түсі өзгерілмес, Дегенмен, қара яки қызыл маса. Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша. Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, Қоймастан құлағына ызыңдаса? |
Жаңа сабақты түсініп мағанасын ашу , ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру, сақина саламақ әдісі арқылы әр топқа арнайы сұрақтар беру, олар сол сұрақ арқылы түсініктері салмақты түрде айта біледі |
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу |
Сергіту сәті |
«Балапандар биі» атты жаттығу жасау |
Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау |
Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды. |
Талдау |
Жаттығулар Кітаппен тапсырмалармен жұмыс
Кім біліп, ер еңбегін сезіп жатыр? Кім шыдап, жолдастыққа төзіп жатыр? Сасық ми, салқын жүрек, самасыздар Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр,— дегендегі, «кім шыдап, жолдастыққа төзіп жатыр» деу де автордың көркемдік ой жүйесінің өзгешеліктерінің бір қыры. Әдетте жолдастық сөзі жиі қолданылғанмен, оның адам қарым-қатынасындағы терең мағынасы-мәні ауыр сыннан өту, шыдау, тозу арқылы шыңдалатыны, нағыз жолдастық әр адамның қолынан келе бермейтіні, биік рухани өріске, асыл арманға байланыстылығы ашыла түскен: тақырыпты оқып топ бойынша талдап жинақтайды |
Жаңа тақырыпты тадау мқсатында тапсырмалармен кіттаппен жұмыс жасау тапсырылады |
Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, өзара пікір алмасады, топпен, жек дара тапсырмаларды орындайды, нәтижесінде топтаса отырып ортақ жауап табу керек |
Жинақтау |
Суреттер жарысы Сурет арқылы ойларын ортаға салу |
Әр топ өзіне берілген суреттегі тапсырмаларды ашадыі |
Әр топ суреттегі тапсырмаларды орындайдыі |
Бағалау |
Өзін-өзі бағалау (2 мин) Бағдарша, бағалау парақшалары |
Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату |
Өзін өзі топпн бағалайды |
Рефлексия. |
Стикерлерді толтыру |
Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну |
Ұсынылған стикерді толтыру |
18.03.2019ж-----------Жантілеуов Б

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген