Сабақ жоспары: Ахмет Байтұрсынұлы Екі
шыбын (Әдебиеттік оқу 4
-сынып)
Шарипбаева Мейрамгуль Маденовна бастауыш сынып
мұғалімі
Семей қаласы
№27 жалпы орта білім беретін
мектеп
Тақырыбы: Екі шыбын. Ахмет
Байтұрсынұлы.
-
Мақсаты:
-
Білімділік
- оқушыларға А.Байтұрсыновтың
қазақ әдебиетіндегі орнын айту, аудармаларына шолу, «Екі шыбын»
мысалының идеясын ашу, әдеби-теориялық талдау
жасау.
-
Дамытушылық
- сұрақ, тапсырма, ізденістерге
негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен, жаңа технологиялық
үрдістерге сай орындай білуге дағдылану, өз пікірін сенімді әрі
дәлелді, тұжырымды жеткізе білуге дағдылану.
-
Тәрбиелік
- адамгершілікке,
қарапайымдылыққа, өз бойларына асыл қасиеттерді сіңіре білуге
баулу.
Түрі: аралас
сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау,
іздену.
Көрнекілігі: суреттер, слайд, тапсырмалар,
кестелер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
кезеңі. Шаттық
шеңбері
Амансың ба, Алтын
күн!
Амансың ба, Жер
ана!
Амансың ба, Көк
аспан!
амансың ба, жан
досым
Міне, менің
қолым!
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау:
-
Ертіс бойында не болады?
-
Шоқанның тәтті сезімі қандай еді?
-
Шоқан нені аңсады? Әңгімеде
Шоқан оқыған сыныпты неліктен түгелдей жазалады? «Қорқақ бар қораға
кірме» дегенді қалай түсінесің?
ІІІ. Үй тапсырмасын
пысықтау:
Анатолийдің қылығы дұрыс па?
Сенің класыңда осындай
балалар бар ма? Шоқан қандай кане бәріміз кластер
құрайық
Шоқан тарихшы, этнограф,
шығыстанушы, ағартушы, географ, әжесі Айғаным, Әкесі-Шыңғыс
Уәлиханов, Анасы- Зейнеп Шорманова, Жұбайы- Айсара
Уәлиханова.
ІҮ.
Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын
хабарлау.
2.Жаңа
сабаққа даярлық.
Балалар
бүгін біз топтасып жұмыс істейміз.
Яғни 2 топқа бөлінеміз.
«Қыран» және «Тұлпар» топтары.
Кіріспе.
Ахмет
Байтұрсынұлы – Ұлттың ұлы
ұстазы
Ағартушы-ұстаз
Тілші-ғалым
Аудармашы
Ақын,
ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.
Ахмет
Байтұрсынов өз халқың сүйген патриот адам
Ахмет
Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының
Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі
Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол
себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі –
уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар
бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін
толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты,
әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады. Ахмет
Байтұрсынұлы ақын, ағартушы, ғалым. «Қазақ» газетін 1913 жылы
шығарған. «Маса», «Қырық мысал», «Тіл тағылымы» атты кітаптары
бар.
Ахмет
Байтұрсыновтың еңбектерінде орыс ақын-жазушыларынан аударған
мысалдары, ертегілері өте көп. Мысалы:
Пушкиннен- «Ат», «Алтын әтеш»,
«Балықшы мен балық», «Данышпан Аликтің ажалы»
Араб тілінен- «Нәбік
аты»
Вальтер-«Алтын
әтеш»
Надсоннан-«Шайылған көз
жасымен»
Крыловтан- «Аққу, шортан, hәм шаян»,
«Егіннің бастары», «Өгіз бен бақа» т.б
Мысал –
Басня
Мысал
– қызықты қысқа шығарма. Ол өлеңмен де, қара сөзбен де жазылады.
Тек адамдар ғана емес, хайуанаттар, жәндіктер де, түрлі – түсті
нәрселер де мысал қаһарманы болып әрекет жасайды. Мысал шығармада
автор жануарларды, құстар мен өсімдіктерді суреттегенде оларға
адамға тән қасиеттерді дарытады, сол арқылы адамдар бойындағы
кемшілікті, мінді күлкіге айналдырып, жақсылықты, адамгершілікті,
әділдікті дәріптейді. Мұндай астарлы, тұспал мәнді суреттеу
тәсілі АЛЛЕГОРИЯ
деп
аталады. Сөйтіп, мысал дегеніміз – өнеге айту сипатындағы шағын
аллегориялық шығарма.
Жұмбақ
шешу:
Басқа жәндіктерге азық, ауада
ұшады, жерде жорғалайды. 6 аяғы, 2 қанаты бар. Лас жерде жүреді,
түрлі аурулар таратады,ғаламшардың кез – келген түкпірінде
таралған. Буынаяқтыларға жатады
(шыбын)
Оқулықпен
жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей
оқу. Крыловтан аударған
аудармаларының бірі - «Екі шыбын» мысалы
Дәптермен
жұмыс
Сөздік жұмысы
Маңғаздану-паңсыну,
тәкаппарлану.
Мақтаншақ адам -мақтау
айтуды сүйетін, өзін өзі асыра бағалайтын адам.
Әлін-шамасын, күшін.
Ғибрат-үлгі, өнеге.
Мұрнын
көкке көтеру- менсінбеу.
Сергіту
сәті
|
Шығарманың аты
|
Кейіпкер
|
Адамгершілік
қасиеті
|
Кейіпкерге берілетін
баға
|
Ой-тұжырым,
мақал-мәтел
|
|
«Екі шыбын»
|
шыбын
|
мақтаншақ
|
төмен
|
Жақсымын деп мақтанба,
халық айтпай
|
Шығармашылық
жұмыс
Балалар, адамның жақсы-жаман
қасиеттері туралы қандай мақал-мәтел білеміз?
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
өзімшіл, тәкаппар
Шыншыл, адал, үлкенге
құрмет, кішіге ізет
Ахмет
Байтұрсынов схема толтыру
Ұлттың ұлы
ұстазы
Ағартушы-ұстаз
Тілші-ғалым
Аудармашы
Ақын, ауыз әдебиеті
үлгілерін жинаушы
Патриот
адам
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Ахмет Байтұрсыновтың
мысалы арқылы мен нені үйрендім?
Біреудің еңбегін бағалауға.
Өтірік айтпауға

«Екі шыбын» мысалын
оқи отырып мен қандай ой түйдім?

Мақтаншақ болмауға Өзімшіл
болмауға
ҮІІ. Қорыту.
ҮІІІ. Үйге
тапсырма: түсініп оқу, мысалды
жаттау.