Нурмухаметова
Карлығаш Шаймуратовна
Құрлық
әскерлерінің Әскери институты
Философия
пәнінің оқытушысы
Ахмет
Иасауи «батырлық білекте емес, жүректе».
Ахмет
Иасауи түркі жұртының әулиесі атанған
ойшыл. Сайрам қаласында діндарлардың
(шайқы) отбасында дүниеге келген А.Иасауи
он жетіге толған шағында білім іздеп
Түркістан қаласына орын тебеді. Атақты
Арыстан баб пен Жүсіп Хамаданидан білім
алады. Деректер бойынша кейін келе
өзінің орденін ашып екі жүзге жуық
шәкірт тәрбиелеген деседі. Мұсылман
әлеміндегі суфизм бағытын ұстанушы.
Суфизм
араб тілінде саф- таза деген мағынаны
білдіреді, екінші мағлұмат бойынша
жүннен тоқылған шекпен киген дәруіштер
деп аударылып жүр. Суфизмнің ұстанымы
бойынша ақиқатқа жету. Сопылар ақиқатқа
жеткен кезде кемел адам Аллаһтың дидармен
қауышады дейді. Хаққа жету үшін алдымен
сопылықты ұстанған адам шариғат,
тариқат, мағрифат, хақиқат деп аталатын
кезеңдерден өтеді. Суфизм бағытында
кеңінен қолданылатын ұғымдар «тауба»,
«шүкір», «обал», «ысырап», «қанағат»
осылардың өлшемін білу. Ер-азаматтардың
іздеп жүріп оқуға тиісті еңбек деп
айтсам қателеспеймін өйткені, Ахмет
Иасауи ілімінің негізі -
жүректің
тазалығы. Бабамыз жүректі қарайтып
жібермей ізгілікке ұмтыл, нәпсіңді
тыйып, әрдайым өз-өзіңмен
күрес жүргізуді қалайды. Дана «жүрек
көзі ашылса, адамға ақиқаттың сәулесі
түседі» деп пайымдайды. Адамның өзімен-өзі
күресіп, нәпсіні еркіне жібермей
тізгіндеу сол арқылы ғана екі дүниенің
бақытына қол жеткізе алады деп ой
қорытады. Түркілердің ел тірегі, кемел
адмы – батыр деп білсе Иасауидың кемел
адамы –
тақуа.
Ахмет Иасауи ілімінде рухтың тазалығы
арқылы жаратушының махаббатына бөленесің
деп біледі. «...Иасауи сопылық ілімі
арқылы батырлықтың білекте емес, жүректе
екендігінде, адамдық мәніннің сыры
жүрек, рух арқылы ашылатындығын басты
тұғыр қылып көрсетті. Батырлық, ерлік,
алыптық ұғымы байыпталып, мазмұны
жағынан тереңдетіліп, толықтырылады.
Көшпелі мәдениеттегі негізгі күш
материалды қуат, батырлық, білектілік
ретінде дәріптеліп, «қанша батыр болса
да жауға салма жалғызды, қанша шешен
болса да дауға салма малсызды деген
ілімінде « батырлық жүректе», ал жүрек
болса шексіздік әлемін - Тәңірді де
сыйдыра алатын, адамдағы ең асыл күш
болып дәріптелген. Бұрын «көп қорқытатын»
болса енді ол жүректілікпен адамдық
мән – рух тазалығымен, хикметпен
тереңдікке жетіп, Абайдың тілімен
айтқанда «мыңмен жалғыз алысатын»
сатыға, яғни, рухани кемелдікке көтеріледі.
Өзінің орнын анықтау үшін қоғамға
тайсалмай кіріп, етене араласа алады.
Өзінің «менін» қоғамдық менмен үйлестіре
алады. Онымен бетпе – бет, диалог –
сұхбатқа енеді. Сұхбатқа түсу үшін
рухтың тазалығы, өзіне деген сенім,
жауапкершілік сезімі қалыптасуы керек.
Адам рухындағы сезім, қорқыныш, үрей,
жауапкершіліктен безу сияқты психологиялық
хәлдерді реттеп отыратын күш –иман
нұры» – дейді Иасауитанушы Досаи
Кенжатаев.
Ахмет
Иасауидің ілімін жалғастырушылар екі
бағытқа бөлініп кетеді. Соның бірі –
Нақышбанди тарикаты, екінші Сүлеймен
Бахырғанидың тарикаты. Бұл тарикаттар
туралы зерттеулер жүргізілуде.
29
хикмет
Он
сегіз мың ғаламға сәруар* болған Мұхаммет,
Отыз
үш мың асхабқа сардар болған Мұхаммет.
Жоқшылық
пен індетке қанағатшыл Мұхаммет,
Күнә
тартқан үмбетке шапағатшыл Мұхаммет.
Кірпік
ілмей талықты, – сабыр табар Мұхаммет,
Жетім,
міскін, ғаріпті жарылқаған Мұхаммет.
Үлес
берген пендеге сара жолдан Мұхаммет,
Азап
кешкен әммеге пана болған Мұхаммет.
Әбужаһил
залымға төзім қылған Мұхаммет,
Жалақордың
хақ жолға өзін бұрған Мұхаммет.
Жалғаншының
қайғысын ұмыттырған Мұхаммет,
Зікір
айтып Рухын шынықтырған Мұхаммет.
Малғұн,
лағин, шайтанға соғыс қылған Мұхаммет,
Шариғатқа
үмбетін тоғыстырған Мұхаммет.
Тариқатқа
– жолбасшы,жаны ышқынған Мұхаммет,
Ақиқатты
баршаға табыстырған Мұхаммет.
Жамандыққа
– жақсылық бағыштаған Мұхаммет,
Тауфық
тілеп, залыммен алыспаған Мұхаммет.
Сәждеге
ұрып маңдайын,тағат қылған Мұхаммет,
Қабыл
болып дұғасы – таң аттырған Мұхаммет.
Залымдардың
бәлесін харап қылған Мұхаммет,
Бір
Алланың Дидарын талап қылған Мұхаммет.
Бес
уақыт намазда имам болған Мұхаммет,
Миғражда
көргені Дидар болған Мұхаммет.