Ахмет Яссауи

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ахмет Яссауи

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Яссауи туралы ақпарат
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК МӘНІ



Байбосынова Гульмира Оспановна

«Ясновка орта мектебі»КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі



Мұсылман әлемінде аты әйгілі, орта ғасырлық сопылық әдебиеттің ірі өкілі, Қожа Ахмет Ясауи артына мәні өшпестей аса елеулі мұра қалдырды. Оның «Диуани Хикмет» атты екі әлемнің де мән-жайын сипаттайтын туындысы адамгершілік, имандылық, әділдік, инабаттылық тәрізді күрделі мәселелерді сипаттап ашып көрсетуге арналған. Бұл дүниедегі адамдар арасындағы әр алуан қарым-қатынас: мансап пен байлық, билік, кедейлік пен қанағатшылдық, нәпсі мен тәубашылдық, Хаққа сыйыну секілді түйінді жәйттер дін талабы тұрғысынан сарапталады. Бұл дүниенің баянсыздығы мен мен ол дүниенің бақилығын салыстыра отырып, қанағат, адамгершілк, мейірім-шапағат, адалдық, ізеттілік жайында сөз қозғайды. Жалпы алғанда Яссауи мұраларын бірден оқып кету мүмкін емес. Оның еңбектері күрделі әрі оларды тез меңгеріп алу да қиын. Оның әрбір еңбегінде мән бар. Сондықтан болар ол мұраларды ұқыптылықпен талдау отырып оқу және оны сүзгіден өткізу қажет.

Ақынның кез келген еңбегіндегі отбасы, ақыл-ой, адамгершілік, экологиялық, тіпті экономикалық одан қала берді өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу т.б. көптеген мәселелерін жеке дара қарастырып шығу абзал. Ахметтің қандай еңбектері бар екенін, олардың аттары және баспа арқылы жарыққа шығуы жайында азда болсын тарихи деректер беріліп өткені дұрыс. Өйткені, ақын еңбектері біз жас ұрпаққа жетуі үшін көптеген түрлі бағыттағы қиындықтарды бастап кешіріп, өткізіп келетіндіктен, солар туралы да аз ғана деректер берілуі керек.

Қ.А.Ясауидің келесі еңбегі «Пақырнама және Мүнажатнама». Бұл шығармаларға ден қойып сараламасақ та бұл еңбектердің де көптеген елдердің тіліне аударылып, оқылғанын естен шығармау керек  «Мират-ул-Қулуб». Бұл еңбегі жақында Швецияның Упсала деген қаласындағы бір университеттің кітапханасының қолжазбалар қорынан табылды. Түркияда 2000 жылдары жарық көрген.

Келесі еңбегі, Ахмет Ясауи өміріне қатысты аңыздар мен әңгімелер, хикметтер жинағы болып табылады. Бұлар да көптеген тілдерге аударылып, таратылған. «Тарихы терең көрген Түркістан» атты Түркістанның 1500 жылдық мерей тойына арналған мерекелік жинақта да Ясауи туралы көптеген мағлұматтар бар [1]. Яссауидің алғашқы еңбегі «Диуани хикмет. Бұл «Диуани хикмет» еңбегі ел аузында айтылып қол жазба түрінде сақталған. Біз сөз етіп отырған Ахмет Яссауи тәрбиесінің адам баласына ықпал ету күшіне кәміл сенді, адамдығы мен адамгершілі мол пенде жауыздыққа бармайды деп есептелді. Тек дені дұрыс тәрбиеның көзі ғана ақымақтыққа бастар істерден сақтап, мінез бен болмысты түзеуге ықпал етпек.

Адамзат баласының алдында үлкен белес тұрды. Ол адам бойындағы адагершілік қасиетін сақтап қалу еді. Сол тұстағы ойшылдардың алдында да осы мәселе болды. А.Яссауи де елге дұрыс жол сілтеп, нағы адами құндылықты көрсету үшін қандай шарттары керек екенін көрсетіп, өзінің алдындағы басты парызын орындау керектігін сезіне білді. Оның осы жалған дүниеде не нәрсеге ұмтылып, не нәрседен жеріну керектгіні бейнелейтін ұлағатты ұғымдарын оқып, үйренудің қазіргі сәт үшін мәні зор.

Қожа Ахмет Ясауи мұраларындағы «Даналық кітабында» шариғат, тариқат, мағрифат, хақиқат мадақталады:

Алғашқысы – Алланы тану. Келесі Құдайды ұлықтау. Үшінші – күнәлар мен әділетсіздікті жоққа шығару. Төртіншісі – жалған дүниеден бас тарту. Хикметтері төрт, кей жерлерде екі шумақтан құрылған болып, жалпы окырман қауымның жаттап алып айтуына ыңғайлы болып келеді. Сол себептен де Ясауи хикметтері ел арасына ауызекі тараған хикметтер, кейіншелік қағаз беттеріне түсе бастаған. Сонымен хикметтер саны өзі айтып кеткендей, «төрт мың төрт жүзге» тарта екен. Оған дәлелді мына хикмет шумақтарынан келтіруге болады .

Нақты хикметтерінің қанша екені белгісіз. Ұстаздары жайында да дерек аз. Бізге мәлім болған бүгінге дейінгі оның Түркістан қаласына қай кезде келгені, оның қай жасында кімді пір тұтқаны жайында ақын өзінің хикметтерінде көрсетіп отырған. Дегенмен осы бір құнды дүниелерді оқырманға ғылыми дәржеде жеткізе алсақ біз үшін үлкен мәртебе. Иә, бұл еңбекті жіті назарда ұстап, тереңнен үңіліп зерделеу керек. Қазақ әдебиетіне келіп тағы бір еңбегімен көзге түскен Ахмет Яссауидің «Пақырнама және мүнажатнама» еңбегі еді. Бұл еңбек «Диуани хикметтен» гөрі барынша сопылық ілім мен ислам өркениетіне арналып негіз болған. Яғни, пақырнамасында сопылық жолда жүрудің үлкен төрт мақамын толығымен сөз етеді. Олар: шариғат, тариқат, мағрифат, ақиқат мәселелері еді. Бұлардың өзі төрт түрлі болып келгенімен әрқайсысы он-он мақамға бөлінеді. Оны да көрсеткен.

Ал енді, «Мұнажатнамасына» келетін болсақ, ол екі шумақтан тұрып, хикметтер тәріздес өлең сөздерінен жазылған. Ясауидің Мұнажатнамасы негізінен екі бөлімнен тұрады. Алғашқысында Құдайға мінәжат етуді өсиет еткен болса, кейінгісінде жалпы жұртқа хикметтермен сусындау арқылы Алланы тануға, танымға баруды өсиет еткен. Қысқалығы мен де әрі түсінікке жетер нұсқалығымен де шығарма құнын сақтап тұр. Оның көптеген елдердің тіліне аударылуы да тегін емес-ті. Сол кезеңдеред түркі тілдес бір қауым жұрт бір-бірінің тілін түсіне алатын болған. Жазуларының негізі араб графикасына негізделген. Осы тіл және жазу арқасында көптеген сопылыққа бастар жолды меңзейтін еңбектер жазылды. Бірі – Ахмет Ясауи екенін атап көрсеттік. Сондықтан болар сопылар барынша нәпсімен күресуді алға қойып отырған.

Қожа Ахмет Ясауидің келесі бір еңбегі «Мират – ул Қулуб». Бұл еңбек алдыңғы сопылық ілімін негіз еткен ілімнің жалғасы сынды. Мұнда да негізінен Иассахан негізіндегі шариғаттың, мағрифаттың, тариқаттың, ақиқаттың мәселелерін ашып көрсетеді. Шығарманың атауының өзі қызық әрі адам баласын өзіне тартып тұрады. Шығарманың бұл аталуы оның ішкі мазмұнына байланысты болмақ. Аталған еңбекті кімде-кім оқып шығар болса, қателіктерге бой алдырмай өзінің күнәларын танитын болады делінген.

Тағы бір еңбегі Ясауи өміріне байланысты аңыз-әңгімелерге толы хикаяттар мен еңбектер. Бұл шығармаларды оқудың арқасында оқушы оқырман өздерін жақсы бір бағыттан көруге тырысады. Біз айтып отырған ғұлама әрі дана Қожа Ахмет Яссауи өмірі үлкен үш арнадан тұрады. Атап айтқанда біріншісі – бала кезі, жастық шағы, екіншісі – бозбала шағы, үшіншісі – нәпсіні жеңіп әулиелік деңгейге көтерілген тұсы.

Құдай тағала пендеге иманды сыйламастан бұрын ең алдымен осы сыйға ие бола алатындай ақыл және де сол тартудың тұрақты бола алтыныдай мекені – сананы берген екен. Яғни иманның нұры мәнге ие болуы тиіс. Иман жүрекке түскен сәуле. Оның нұры кез келген адамның жүрегін жібітіп, ерітіп те жібере алады. Алла адамзатты жаратушы және иманды жіберуші. Ал сол үлкен сыйдың адам рөліндегі теңдесіз дүние екенін түсіну.

Иманды жүректің екінші негізі – сабырлық. Сабырлы болу үшін адамға төзім мен шыдамдылық керек. Ол қасиеттер адам баласында о бастан бар. Сабырлылық адамды асығыс жолдан сақтайды. Жөнсіз қылық жасаудан алдын алады. Адам неғұрлым сабырлы болса, соғұрлым тағатты болады, әмір қиындықтарынан қорықпай, машақатқа бекем келеді.

Адам өзінің қайраты, тәубесі арқылы өмірдегі таңдауын өмір сүру жолын, орнын белгілейді. Егер де адам жалтақтап, өмір мәселелерін шешуге батылы жетпей, жалған өмір мен хақ өмірге таңдау жасауға қорқып тұрса, онда ол жалған қорқыныш сезіміне бой ұрып, қолы да, жолы да байланып, шайтан құрығына түседі. Яғни адам тек Хақ алдында қорқуы керек, ал бұл дүниелік қорқынышқа бой алдырса, жаны семіріп, құты қашып, иманынан айрылады.

Адам баласы жан-жағына рақымды болып, мейріммен қараса, оған сондай рақымшылық танытатын болады. Мейірімді адам басқалардың қайғы-қасіретіне ортақ болып, шер бөлісе алады. Жүрегі махаббатқа толы жылытар, көңіл қуантар. Содан болар Яссауи еңбектерінде адамгершіліктің биік үлгісі бола білген пайғамбар жетім басын сыйлаушы, ғаріптерге медет болушы тұлғасында көбірек сипатталады. Мейірімді болу, рақымды болу пенденің сезімталдық сынды ең нәзік деген сезімдерінен құралған. Адам баласы қаншылықты момын, жүрегі жұмсақ, көңілі жібіген сайын, бұл дүниеде соншалықты дәрменсіз, бейшара болады мыс. Олардың жауға, қорлыққа, зорлыққа қарсы тұрар хәлдері жоқтың қасы. Ахмет Яссауи өз хикметтерінде сопы-дәруіштерді мәңгүрт кейіпінде, бейшара образында бейнелеп көрсеткен. Ал бұлардың мұсылмандық қаруы, яғни осы өмірдегі амалсыздық белгісі жылау, көз жасын көл қылу түрінде сипатталып, мейірім, махаббат, рақымдылық, кешірімді болу, қайырымдылық қасиеттерінің ұғымын жылауда көрсеткен. Тегінде шынайы жылау, адамның жан жүрегінен шыққан аяушылық сезімнің көз жасы сауап. Имандылықтың басты шарты деп: адал болу, шынайлық, садиқ болу сынды жолдарды А.Яссауи еңбегінде атап көрсеткен. Бұл шарттар адам баласының өмір бойғы жемісі болып табылмақ. Ал надан болу дегеніңіз – тәкәппарлық. Менмендіктің түрі. Мұндай кісілер қатыгез қайығымен жүзіп жүретін жандар. Яссауи пендені жалған дүние тұзағынан сақтанып, нәпсінің тұтқыны болмау үшін не жағдайда да иманынан айырылып қалмауына шақырады. Пенденің жүрегі таза, жан дүниесі пәк болуның кепілдігі ретінде әрдайым иманмен белгіленген ізгі қасиеттерді тәрбиелеп, жетілдіріп отыру қажет.

Сопылық поэзияның басты көркемдік әдістері – тұспалдау мен бейнеліліктің Фарабидің поэтикаға қатысты ғылыми еңбектерінде образдылықты бірінші орынға қоюына белгілі бір дәрежеде ықпал еткені, философиялық-аллегориялық лирика арқылы көзқарас-пікірлерін жеткізген ортағасырлық ойшылдар қатарында Әл-Фарабидің де аталатыны жайлы да біз алдыңғы зерттеулерде тарата айтқан болатынбыз. Фараби поэзиясымен оның даңқты жерлесі Қожа Ахмет Ясауидің таныс болған- болмағаны жөнінде ешбір мәлімет жоқ. Дегенмен жоғарыда айтылғандардан аңғаратынымыздай, отандас қос ойшылдың поэзиялық мұрасының мазмұндық қабатынан едәуір үндестіктерді кездестіруге болады.

Сопылық таным туындысы «Диуани хикметтің» аңыздық сипаты басым «Оғызнамамен» тақырыптық аясы, баяндау-суреттеу әдісі, көркемдік ерекшелігі жөнінен қабыса бермеуі – заңды құбылыс. Дегенмен біртекті әдеби дәстүрден тамыр тартқан аталмыш шығармаларда ортақ образдар мен көркемдік-бейнелеу құралдары да едәуір. Ал «Оғызнамадағы» өлең үлгілері құрылымдық жөнінен Йасауи хикметтерінің табиғи бастауларының бірі болып табылады.

Сюжет мәселесіне келсек, Қорқыт жырларында азаматтық тарихтың аңыздық үлгісі жинақталса, Ясауи хикметтерінде агиографиялық сюжеттер қамтылған. Халық педагогикасында адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеудің аса бай жолдары белгілі болғанына көз жеткізу үшін, келесі әдістер мен құралдарды атап өтуге болады. Олар көрсету, үйрету, жаттықтыру, сендіру, өтіну, кеңес беру, мақұлдау, сәттілік тілеу, тыйым салу, ант беру, күшейту, сөгіс беру, кінәләу және т.б. Бұл айтылғандар жөнінде Ясауи еңбектерінде толық қамтылған. Мәселен, «Хикменттерінде» қамтылса, екіншісі «Пақырнама мен Мүнажатнамасында», ал үшіншісі болса, «Мират-ул- Қулуб» атты еңбектерінде талданып, берілген. Қалған мәселелер өмірбаянына негізделіп жазылған аңыз-әңгімелер мен хикаяттарында келтірілген. Міне, осы еңбектерді оқудың, оқытудың арқасында адам баласы өзін адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелей түседі. Қандай халық болса да оның ұлтық үрдісі, өзіндік әуені, білікті қасиеті ұлттық болуы арқылы болашақ өскелең жас ұрпақтың төл ұлтына тән қабілетін қалыптастырды. Қ.А. Ясауи өзінің бүкіл жарқын қабілеті мен дарынын, күш жігерін түркі халқына, туған еліне жалпы түркі дүниесіне, әсіресе өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне жұмсаған ғұлама. Оның әдеби, мәдени, сопылық шығармалары бүкіл түркі әлеміне оның ішінде қазіргі қазақ әдеби тілінің кемелденуіне, ал оқу-ағарту саласындағы көзқарастары бүкіл түркі әлеміндегі, оның ішінде еліміздегі педагогикалық ой-пікірлердің пісіп жетілуіне, хикметтері мен рухани адамгершілік мұралары ұлттық тәлім-тәрбие беруде үлкен ықпал етуде. Сол себепті Ясауидің ілімі күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпақ емес.



АННОТАЦИЯ

Бүгінгі күні қоғам алдында зиялы тұлғалардың педагогикалық ақыл –ой мен тәлім- тәрбиелік тәжірибені көздеп, заман талабына сай жетілдіре отырып, пайдалану көзделген.

Ортаазиялық философ,ислам уағызшысы, сопылық ақын, пәлсапашы,халықты ислам дініне жетелеген Ахмет Ясауидің ұлтына деген тигізген пайдасын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Дүниетанымдық ұстанымы шариғаттан құралған Ахмет Ясауи өз сөздерінде «Адам өз-өзін тану үшін хақты тану керек, оның басшысы тәубе! Алла мен адам арасында, адам мен қоғам арасында көпір болуы керек. Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды» - деген болатын.

Бұл мақаланың негізі ретінде жеке тұлғаның қалыптасуы жөніндегі ғылыми тұжырымдар, қоғамдағы тәрбиелік жұмыстарымен Қ.А.Ясауидің рухани адамгершілік тәлім-тәрбиесін, ағартушылық қызметінің, шығармашылық тарихи еңбектерін талдау, негізге алу, философиялық танымдарын жүйелеу. Қожа Ахмет Ясауи ілімінің тереңіне бойлай отырып, оның адамзат пен қазақ әдебиетіне берер мәніне үңілу. Қазақ әдебиетінің бір өкілі ретінде ғана емес, рухани жан азықтың тамырына ислам қанын сіңірген Ахмет Ясауи даналығы мың жылдар бойына ұрпақтан-ұрпаққа мұра. Кілт сөздер: Қожа-Ахмет Ясауи, Диуани хикмет, әдебиет, философия, хикмет.

***

Abstract. Today, it is planned to use the pedagogical intelligence and educational experience of intellectuals in the eyes of society, improving them in accordance with modern requirements. It is impossible to describe the benefits of Ahmed Yasawi, a central Asian philosopher, Islamic preacher, Sufi poet, philosopher, who led the people to the religion of Islam. Akhmet Yassawi, whose worldview is based on sharia, said in his words: "in order for a person to know himself, he must recognize the truth, the head of which is repentance! There must be a bridge between God and man, between man and society. It is a duty to respect the human being created by Allah on an equal footing with him, without discriminating." The basis of this article is scientific conclusions on the formation of personality, analysis, justification, systematization of philosophical knowledge of spiritual and moral education, educational activities, creative historical works of K. A. Yasawi with educational work in society. The main purpose of the event is to promote the development of the Kazakh literature and the development of the Kazakh literature.



На сегодняшний день перед обществом предусмотрено использование интеллектуальными личностями педагогического интеллекта и учебно–воспитательного опыта с их совершенствованием в соответствии с требованиями времени.

Нельзя не выразить словами пользу, которую принес нация Ахмета Ясауи, среднеазиатского философа, исламского проповедника, суфийского поэта, философа, приведшего народ к исламу. Ахмет Ясауи, мировоззренческая позиция которого основана на шариате, в своих словах заявил: "чтобы человек узнал себя, нужно признать Хака, его глава-покаяние! Должен быть мост между Аллахом и человеком, между человеком и обществом. Бог считает своим долгом уважать человека наравне с ним, не унижая его».

В основу данной статьи положены научные выводы о становлении личности, анализ духовно-нравственного воспитания, просветительской деятельности, творческих исторических трудов К. А. Ясауи с воспитательными работами в обществе, систематизация философских познаний. Погружаясь в глубь учения Ходжи Ахмеда Ясауи, углубляясь в его значение для человечества и казахской литературы. Мудрость Ахмета Ясауи, который не только является одним из представителей казахской литературы, но и впитал исламскую кровь в корни духовной пищи, передавалась из поколения в поколение на протяжении тысячелетий. Ключевые слова: Ходжа-Ахмет Ясауи, Диуани хикмет, литература, философия, хикмет.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақ совет энциклопедиясы. 1-том. – Алматы, 1972. – 647 б.

  2. М.Жармұхамедұлы, М.Шафиғи, С.Дәуітұлы. Қожа Ахмет Йасауи. Хикмет жинақ. – Алматы:Жалын, 1998. – 324 б.

  3. Қожа Ахмет Иассауи. «Диуани хикмет».- Алматы: Арыс, 2001. – 18 б. С.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.03.2024
238
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі