Ай дидарлы
анашым»
«Бәйтерек» тобының
тәрбиеленушілерінің фотосуреттерінен құралған бейнебаян қойылып
тұрады.
Жүргізуші:
Армысыздар аяулы аналар!
Армысыздар
мейірімді әжелер!
Армысыздар қызғалдақтай
құлпырған қыздар!
Ана десем
сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға
туыстық.
Бар адамға
берсе ананың мейірімін,
Орнар еді
бар әлемде тыныштық.
Аяулы аналар, ардақты әжелер, сүйкімді қыздар, барша қонақтар
сіздерді «Бәйтерек» тобының бүлдіршіндері көктемнің бірінші
мерекесі 8-наурыз мересімен
құттықтайды!
Ендеше, «Бәйтерек» тобының
бүлдіршіндерін ортаға шақырайық.
Әуенмен, балалардың
қолдарында жүрекшелерімен залға кіріп би қимылдарын
жасайды.
Құрметтейік балалар аналарды,
Бізді өмірге
әкелген даналарды.
Себебі, ана деген
асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік
әр қадамды.
Бүлдіршіндердің аналарына
арналған әсем әндерін қабыл
алыныздар.
Хор: «Ай дидарлы
анашым»
Тақпақтар:
Б.Алихан, Каусар, Мейіржан,Олжас,
А.Айкөркем.
Б.Алихан:
Анашым
күлімдеген,
Баласын «күнім»
деген
Баптаған өз
қолымен,
Тұлпарың
сүрінбеген.
Анашым
аялаған,
Құшағың сая
маған.
Әлемнің бар
асылын,
Мен үшін
аямаған.
Каусар:
Ана
біздің күніміз,
Ана біздің
гүліміз.
Ұлдарыңды
қуантып,
Ұзақ өмір
сүріңіз.
Мейіржан:Аналарды
сүйеміз,
Сөзін ойға
түйеміз.
Әжені де
ардақтап,
Әдеппен бас
иеміз.
Олжас: Көктем келді
қуанып,
Күн шуағын
нұрланып
Аналарға
келеміз
Құшақ-құшақ гүл
алып.
А.Айкөркем: Ел жатқанда
жатпаған
Мен деп тыным
таппаған
Бақыты үшін
баланың
Аман сау бол ақ
мамам.
Жүргізуші:
Балалар қар еріп, құстар
ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын -
сиқыршы көктем. Олай болса, мерекеге көктемді
шақырайық.
Музыка әуенімен залға Көктем
кіреді.
Көктем
келеді: Сәлеметсіндер ме, балалар!
Көңіл-күйлерің қалай?
Балалар, мен Көктем
Патшайымымын, ал менің жанымда менің қызым Көктем Ханшайымы тұр.
Біз сендерге күннің шуағын алып келдік, қыстың суығы мен қарлы
боранды алысқа қудық. Ал өзімізбен бірге жарқыраған күннің нұрын,
жылуын және нәзік жандылар мерекесін ала келдік. Сендерге келуге
асықтық. (көңілсіз)
Жүргізуші:
Көктем,
көп рахмет сізге, бірақ неге көңіл – күйіңіз
жоқ?
Көктем: - Біз су асты әлемін
қатты жақсы көреміз. Сендерге асығып келе жатып, жолдан су асты
әлемін көрдік. Ол жақта медузалар өте әдемі би билеп жатты. Соны
Көктем Ханшайымы екеуміз көргіміз келген, бірақ сендерді күтіп
қалар деп асығып келдік.
Жүргізуші:
Көктем,
сіз олай көңіліңізді түсірмеңіз. Біздің балалар қазір сізге
медузалардан кем түспейтін би билеп береді. Қане, су асты әлеміне
саяхат жасайық.
Би:
«Медуза»
Көктем:
- Ой
рахмет, балалар! Өте керемет би. Тап бір су асты әлемінде жүргендей
сезімде болдым.
Осы кезде көктемнің телефоны
шақырады.
Көктем: Ия, жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілер де
оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып
келемін. Балалар, менің кететін
уақытым болды. Мен сендермен қоштаспаймын. Әлі де мен сендермен
бірге боламын. Сендер мені далаға серуенге шыққанда көретін
боласыңдар. Көріскенше сау болыңдар
балалар.
Жүргізуші:Сау бол
көктем!
Ана деген адамзаттың
данасы
Ана деген сәбилердің панасы
Ана деген қайнар ыстық бұлағы
Ана деген өмірдегі қамқоршың
Ана деген сүйенерің, жан құрбың.
Жүргізуші:Біз көңілді халықпыз. Көңіл
көтеріп, би билеп, ән саламыз. Кәне, балалар, көңілді, әзіл би
билеп беріңдерші.
Би: «Бабушки –
старушки»
Ойын: «Гүлді жұбыңа
бер»
Жүргізуші:
Анашым,
анажаным
Өміріміздің
сәнісіз.
Арналады
сіздерге
Қазіргі біздің
әніміз.
Ән: Есенбек Айкөркем «
Анажаным»
Жүргізуші:Ақ анашым,
әппағым.
Өзің жайлы
тақпағым.
Арналады
сіздерге.
Бар баланың тақпағы-дей отыра
сіздерге арналған балалардың тақпақтарын қарсы
алыңыздар!
Тақпақтар: Бекмұхаммед, Мирас,
Алинұр, Е.Айкөркем.
Бекмұхаммед:Әр сөзіңді
жаттағам
Жүрегімде
сақтағам
Тәрбиеші
апайды
Үнемі айтып
мақтанам.
Мирас: Анашым
әлдилеген
Күш қуат алдым
сенен
Өзіңсің
бесігімді
Тербеткен ән
күйіңмен.
Алинұр:Анашым
мейірбаным
Шарлатқан өмір
бағын
Бойыма ақ
сүтіңмен
Сыйладың өмір
мәнін.
Е.Айкөркем:Мерекені қарсы
алып,
Мәз болады барша
жұрт
Гүл ұсынып
анаға
Бердім өзім ән
салып.
Жүргізуші:
Біздің
әкелеріміз де аналарымызға қол ұшын бере алады. Бүгін аналарымыз
үшін демалатын күн. Ал үй жұмыстарын әкелеріміз бен ұлдарымызға
қалдырайық. Әкелеріміз бен ұлдарымыздың
қолдарынан кір жуып жаю келе ма екен? Байқап
көрейік.
Ойын «Кір
жаю»
Шарты: Балалар шелектен жуылған бет орамалдарды алып
беріп тұрады, ал әкелер жіпке іледі. Бірінші болған топ жеңіске
жетеді.
Жүргізуші:
Әкелеріміз де үй шаруасына икемі бар екен. Ендеше
балаларымыздың аналарына арналған өлең шумақтарына кезек
берейік.
Тақпақтар: (Саят, Надира,
Айару, Қ.Нұрислам, Бижігіт, Сезім,
У.Алихан)
Саят: Сенен өскен
балалар
Батырлар мен
даналар
Құттықтаймыз
мейраммен
Құрметті апа
аналар.
Надира: Асыл жансың
анашым
Еркелеткен
баласын
Сабағымнан бес
алсам
Мәз мейрам боп
қаласың.
Айару: Шалқып тасып
әніміз
Жадыраған
жанымыз
Ана сені
құттықтап
Әндетеміз
бәріміз.
Қ.Нұрислам: Ана деген
ақылшың
Анаң барда
батырсың
Қасыңда кім болса
да
Анаңа тек
жақынсың.
Бижігіт: Аялаған
анамыз
Саялаған
санамыз
Шынары боп
өсесің
Ана біздің
гүліміз.
Сезім: Аналарды
сүйеміз
Сөзін ойға
түйеміз
Әжені де
ардақтап
Әдеппен бас
иеміз.
У.Алихан: Айналайын
апашым
Көкте күн боп
жанасың
Ет жүрегің
елжіреп
Құшағыңа
аласың.
Жүргізуші:
Біз
әкелеріміз бен ұлдарымыздың үй шаруаларын жасағандарын көрдік.
Қолдарынан бәрі келеді екен. Біз аналарымыздың да өнерлі екенін
білеміз. Ендеше, аналарымызды ортаға
шақырамыз.
Би: «Құлпырған
гүлімсің»
Құрметті аналар, мен сіздердің
тапқырлықтарыңызды тексергім келіп
тұр.
Ойын: «Сөз тапқанға қолқа
жоқ»
Әртүрлі сұрақтар жасырылады, аналар «А» және
«Ж» әріптерінен басталатын сөзбен жауап берулері керек. (ойын
ойналады)
1. Сіздің
есіміңіз?
2. Балаңызды қалай
еркелетесіз?
3. Сіз жұмыс жасап отырсыз, ал балаңыз маза
бермей жатыр, балаңызды не деп
тынышталдырасыз?
4. Жақсы көретін
мерекеңіз?
5. Сүйіп ішетін
тағамыңыз?
6. Қандай санды
ұнатасыз?
7. Жақсы көретін әніңіз
қандай?
Жүргізуші:
Біз
балабақшада тек қана қазақ тілін емес, сонымен қатар ағылшын, орыс
тілдерін де меңгерудеміз. Балаларыңыздың шетел тіліндегі
тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Тақпақтар: (Айкөркем, Арзу,
Алинұр, Б.Алихан, Ақбаян)
Айкөркем: My mom is
pretty
My mom is
sweet
My mom is
the best mommy
You will ever
meet
Арзу:
My dear,
dear Mommy
I love you
every
I want you to be
happy
On the 8 th of
March
Алинұр:
I love
you mommy
My dearest
mommy
You make me
happy
When I am
sad
Б.Алихан:
Today is
mother`s Day
Let`s help
Mama
I`ll make
breakfast
You make
lunch
Ақбаян: На 8
марта
Я любимой
маме
Сделаю
подарок
Своими
руками.
Жүргізуші: Адал бол деп
балдырған.
Әділдікке
баулыған
Жүрегінде
махаббат
Тілегінде-махаббат
Анамызға мың алғыс! – дей
отыра құттықтау сөз кезегін ата – аналарға, балабақша меңгерушісі
мен әдіскеріне береміз.