AI-мен диалог болашақтың кілті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

AI-мен диалог болашақтың кілті

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл әдістің басты мақсаты - тілді осы нақты өмірдегі қарым-қатынас, яғни күнделікті жағдаяттар үшін қолдану аясын дамыту. Жасанды интеллект осы орайда оқушыға сөйлесу жағдайына жақсы мүмкіндік береді. Оқушы ЖИ-мен түрлі тақырыптарда диалог құра отырып, грамматикалық ережелерді жаттау арқылы емес, табиғи сөйлеу процесінде қолдана отырып үйренеді. Бұл процесс оқушының тілдік кедергісін жоя отырып, сөйлеуге деген сенімділікті арттырады
Материалдың қысқаша нұсқасы

"AI-мен диалог: болашақтың тілі"


Ағылшын тілі қазіргі жаһанданған әлемде ғаламдық қарым-қатынас және кәсіби дамудың ең басты құралы. Бұл дегеніміз - тілді меңгеру маңыздылығы цифрлық технологиялардың дамуымен бірге арта түсуде дегенді білдіреді. Қазіргі білім беру жүйесінде – оқушыларға тек білім беру ғана емес, сонымен қатар оларды ХХІ ғасырдағы өмірге дайындау, яғни цифрлық және ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру. Осы орайда жасанды интеллекттер (ЖИ) ағылшын тілін меңгеру дағдысын жеңілдетіп, әр оқушыға жеке тапсырмалар беруге, тілді тез үйренуге мүмкіндік береді. АҚШ-тың Стэнфорд университетінің зерттеуінше, жасанды интеллектті оқу құралы ретінде пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін 30%–ға арттырады. Бірақ, бізде оқушылар көбіне ЖИ-ді ойын-сауық, әлеуметтік желілер немесе тапсырмаларды көшіру құралы ретінде көп қолданады, бірақ олар шығармашылық дамуда және оқу мақсатындағы мүмкіндіктерінің мол екенін толық түсінбейді.

Осы орайда мәселені шешу мақсатында, мен ағылшын тілі сабағында жасанды интеллектті (ЖИ) құралдарын, мысалы, ChatGPT-ді оқушының "жеке әңгімелесу серіктесі" және "танымдық жетекшісі" ретінде пайдалануды ұсынамын. Бұл идеяның мақсаты – тек ағылшын тілінде еркін сөйлесе білуді ғана емес, сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік және ЖИ-мен тұрақты түрде жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Бұл әдіс оқушылардың тек тілдік дағдыларын ғана емес, сонымен қатар сыни ойлау, ақпаратты талдау және цифрлық сауаттылық сияқты маңызды қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Өз тәжірибемнен алар болсақ, 7-сынып оқушыларымен жүргізілген байқау сабақтары кезінде, ЖИ-мен диалог құрған оқушылардың жаңа сөздерді тез меңгеруін, грамматикалық ережелерді қатесіз қолдануға деген талпыныстарының өскені байқалды. Мысалы, оқушылар "My Healthy Day" тақырыбы бойынша ЖИ-мен әңгімелескенде, олардың бір сабақ ішінде 10-15 жаңа сөздерді тез меңгегені, сөйлем құрай алуы анықталды. Бұл дәстүрлі оқытумен салыстыра қарағанда жақсы көрсеткіш. Бұл тәжірибе білім беруде ЖИ-дің маңызды екенін және оның оқушылардың оқу процесіне оң әсеріне ие екендігін дәлелдейді.

Бұл әдістің басты мақсаты - тілді осы нақты өмірдегі қарым-қатынас, яғни күнделікті жағдаяттар үшін қолдану аясын дамыту. Жасанды интеллект осы орайда оқушыға сөйлесу жағдайына жақсы мүмкіндік береді. Оқушы ЖИ-мен түрлі тақырыптарда диалог құра отырып, грамматикалық ережелерді жаттау арқылы емес, табиғи сөйлеу процесінде қолдана отырып үйренеді. Бұл процесс оқушының тілдік кедергісін жоя отырып, сөйлеуге деген сенімділікті арттырады. Мысалы, жоба жасау арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға болады. "Менің қаламның болашағы" тақырыбында ЖИ-ден ақпарат жинап, оны талдап, қорытынды жасау арқылы презентация дайындайды. Бұл оларға тек тілдік білім ғана беріп қоймай, командалық жұмыс, проблеманы шешу және ақпараттық сауаттылық дағдыларын меңгеруге көмектеседі.

Сонымен қатар, бұл әдіс Лев Выготскийдің "жақын арадағы даму аймағы" (Zone of Proximal Development) теориясына сәйкес келеді. Яғни, ЖИ оқушыға өз бетінше шешімін таба алмайтын тапсырмаларды орындауға көмектесіп, тілдік деңгейін біртіндеп арттырады. ЖИ өз кезегінде оқушылардың жеке қажеттіліктеріне сай оқытуды қамтамасыз ете алады, өйткені әр оқушы ЖИ-ге өзінің сұрақтарын қоя алады және оған жеке жауап ала алады.


Бұл педагогикалық идеяның тиімділігі 7-сынып оқушыларымен жүргізілген тәжірибелік жұмыс нәтижелерімен дәлелденеді. Сабаққа дейін және сабақтан кейін оқушылардың білім деңгейі мен дағдыларының өзгеруін бағалау үшін кешенді әдістер қолданылды: сөздік тест, ауызша сөйлесуді бақылау және сауалнама жүргізу.

Сабақ барысында оқушылардың ауызша сөйлеу белсенділігін бақылау арқылы бағалау жүргізілді. Нәтижесінде, тәжірибеге дейін оқушылардың 40%-ы өз ойын толық жеткізуге қысылып, грамматикалық қателерге көп жол берсе, ЖИ-мен жүргізілген жұмыстан соң олардың 60%-ы пікірталасқа белсенді қатыса бастады және өз ойларын еркін жеткізе бастады. ЖИ оларға қателерін жедел түзетуге көмектесіп, оқушылардың сөйлеуге деген қорқынышы азайды.


ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер


1. Harmer,J. (2007). The Practice of English Language Teaching. Longman.

2. Gass,S.M., & Selinker,L. (2008). Second Language Acquisition: An Introductory Course. Routledge.

3. Vygotsky, L. S. (1978). Mind in Society: The Development of Higher Psychological Processes. Harvard University Press.

4. Prensky, M. (2001). Digital Natives, Digital Immigrants. On the Horizon, 9(5).

5. UNESCO. (2023). Global Education Monitoring Report 2023: Technology in education.

6. Pew Research Center. (2022). Teens, Social Media and Technology 2022.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.10.2025
186
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі