жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ай мен күн 5 сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспар
Пәні: қазақ тілі Сабақ тақырыбы: «Жұлдыздар туралы аңыздар, ертегілер». |
|
||
Күні 8 тамыз 2016 жыл |
Мұғалімнің аты-жөні: Токашев Шалкар Оралгазынович Омарова Ляйля Кутбаевна |
||
Сынып: |
Қатысқаны |
Қатыспағандар |
|
5 |
|
|
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
О4. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау Т2. Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтайды Ж2 мәтіннен түсінгенін жинақтап жаза алады |
||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: Жұлдыздар туралы аңыздар мен ертегіні оқиды, тірек сөздерді табады Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтіннің негізгі ойын анықтай алады, түсінгенін жинақтап жаза алады. Кейбір оқушылар орындай алады: өз ойын жинақтап, саластырмалы талдау жасайды |
||
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: Жұлдыздар туралы аңыздар ,ертегілер тақырыбындағы мәтінді мазмұндап ерекшелігін табады, мәтіндерді салыстыра отырып мазмұндайды |
||
Пәнге қатысты сөздік қор: жұлдыз, аңыз, ертегі, ай, күн, егіз, сұлулар, темірқазық, үркер.
|
|||
Диалогке арналған тіркестер: Кім?Неліктен? Неге? Не? Қандай? Қайда? Білесің, ойлайсың |
|||
Талқылауға арналған сұрақтар: Аңыз бен ертегінің ерекшілігі бар ма? Аңыз әңгімелердегі кейіпкерлер өмірде болған ба? Қандай ертегілерді білесіңдер? |
|||
Пәнаралық байланыстар |
Жаралатыстану, қазақ әдебиеті |
||
Алдыңғы оқу Ынтымықтастыра отырып оқу ортасын құру 2 мин
Қызығушылығын ояту 2 мин |
Сәлемдесу, түгендеу Оқушыларды сабаққа бейімдеу
Қораптан бұлт, жұлдыз, айдың суреттерін алғыза отырып топқа бөлу
«Сәлемдеме жіберіңіз» стратегиясы арқылы суреттері салынған, тірек сөздер жазылған беттерді аша отырып сабақтың тақырыбын тапқызу.
|
||
Сабақтың кезеңдері |
Жоспарланған мерзімдер |
Жоспарланған шаралар |
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басы |
|||||||||||||||
Мағынаны ашу. Болжау старатегиясы арқылы 4 мин |
|
1 – тапсырма Айсұлу мен Күнсұлу мультфильмін көрсету арқылы сабақтың мақсатын анықтату. Сұрақтар Кімдер тұралы? Олар қазір қайда? Олар кім болу мүмкін?
|
Интерактивтік тақта
|
||||||||||||
Сабақтың ортасы
3 мин
7 мин
Эмоция картасы арқылы Айсұлу мен Күнсұлудың іс – әрекетін салыстырады ВЕНН диаграммасы арқылы екі мәтіндегі Күнсұлу мен Үркерді салыстыру Қос диаграмма Екі мәтінді салыстыру 15 мин Сергіту сәті 3 мин
5 мин |
|
Тақырыпқа сай жұмбақ шешкізу Жұмбақты шешкізу. Мекенi көкте екi ару, Бiр-бiрiн көруге зәру. (Күн мен Ай) Күндiз бiлiнбейдi, Түнде күлiмдейдi. (Жұлдыз)
2 – тапсырма Көз жүгіртіп оқыту (барлық,көпшілік,кейбір). Жаңа сөздерді анықтайды (барлық және көпшілік оқушылар) Айсұлу мен Күнсұлу ертегісінің видеосын көрсету, мәнерлеп оқыту .
Баяғы өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі егіз қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп, бірімен бірі үнемі ұрысысып, жиі- жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп: - Сеннен мен сұлумын! – дейді. Ал Айсұлу болса: - Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! – деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының дағы Айсұлудың бетіне өшпестей болып тиеді. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал, бейбастықпен қатты ұятқа қалған Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбей, бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен. Кесірлі Ай жазасын осылай тартқан.
2- мәтін Көшпелі халықтардың Жетіқарақшы туралы айтылатын аңыздардың танымдық сипаты өте зор. «Жетіқарақшыны таныған жеті қараңғы түнде де адаспайды» дейді қазақ мақалы. Халық аңызында Жетіқарақшы Үркер қызға қатты ғашық болыпты. Аңызда Үркер қыз өте сұлу болған деседі. Жетіқарақшы Үркер қызды ұрламақшы болыпты, бұлар түнімен бірте-бірте жақындап қоян-қолтық келгенмен, бау тағарда таң атып, жұлдыз біткен көзден ғайып болады екен, сөйтіп Жеті қарақшы қанша әрекеттенсе де, еңбегі зая кететін көрінеді –мыс. 3 – тапсырма Графикалық органайзерлер арқылы оқыту 1 топ «Эмоция картасы» Айсұлу мен Күнсұлудың іс – әрекетін салыстырады 2 топ «ВЕН диаграммасы» Күнсұлу мен Үркердің сұлулығын салыстырту 3 топ «Қос диаграмма»Екі мәтінді салыстыру
Жаңа сөздерді қаншалықты меңгергендіктерін білу үшін «Көршіңді шақыр» ойынын ойнату |
Интерактивтік тақта
интерактивті тақтадан оқиды ТКО әдісі арқылы түсіндіру,жаңа сөздерді ақ қағазға жазып қоямыз
ойын |
||||||||||||
Сабақтың соңы Кері байланыс 3 мин |
|
ПОПС әдісі арқылы Менің ойымша..... Мен мұны былай дәлелдеймін..... Дәлел ретінде мысалдар келтіремін...... |
|
||||||||||||
Бағалау 1 мин |
|
Бағдаршам карточкалары арқылы бағалау Қызыл – барлығы Сары - көбі Жасыл - кейбіреулері |
|
||||||||||||
Айсұлу мен Күнсұлу
Аңыз бойынша өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі егіз қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп, бірімен бірі үнемі ұрысып, жиі жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп:
- Сеннен мен сұлумын! – дейді. Ал Айсұлу болса:
- Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! – деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының дағы Айсұлудың бетіне өшпестей болып тиеді. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал, бейбастықпен қатты ұятқа қалған Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбей, бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен. Кесірлі Ай жазасын осылай тартқан. Ай бетіндегі қарауытқан дақ осыдан қалған-мыс деген екен.
Жетіқарақшы мен Үркер
Көшпелі халықтардың Жеті қарақшы туралы айтылатын аңыздардың танымдық сипаты өте зор. «Жеті қарақшыны таныған жеті қараңғы түнде де адаспайды» дейді қазақ мақалы. Халық аңызында Жеті қарақшы Үркер қызға қатты ғашық болыпты. Аңызда Үркер қыз өте сұлу болған деседі. Жетіқарақшы Үркер қызды ұрламақшы болыпты, бұлар түнімен бірте-бірте жақындап қоян-қолтық келгенмен, бау тағарда таң атып, жұлдыз біткен көзден ғайып болады екен, сөйтіп Жеті қарақшы қанша әрекеттенсе де, еңбегі зая кететін көрінеді –мыс. Сөйтіп олар осылайша қосылалмай өтіпті.
Айсұлу мен Күнсұлу
Бұл атам заманда болған оқиға екен. Өте ертеде болғаны сондай, қай жүзде және қашан орын алғанын ешкім есіне түсіре алмайды.Бір беделді және аты шыққан байдың Айсұлу ме Күнсұлу атты екі қызы болыпты. Олардың асқан көркемдігі сондай, екеуінде аспан шырақтарына салыстырады екен және осындай жағдайларда жиі кездесіп тұратын жайттарда қайсысы әдемірек деген сұрақ төңірегінде ұдайы пікір таластырып тұрады екен. Уақыт өткенсайын олардың арасындығы бәсекелестік те қарқындап қыза түсіпті. Дауласулары біртіндеп үдей беріп, түптің түбінде жаулыққа ұластыпты. Күндердің бір күн, дауда жеңіліп бара жатқан Күнсұлу ызаланғаны сондай өзінің әпкесінің бетін тырнап- тырнап алыпты.Сонда олардың бәсекелесулерін бақылаған Пайғамбар, шыдамы таусылып, былай депті:
-Жер бетінде өмір сүрушілердің,әрқайсысы өзінше жақсы, өз көркімен тамаша, ал сендер оны түсінбедіңдер. Сендер енді адамдардан мәңгі алыста тұратын боласыңдар.Апалы-сіңілі қыздар көк шырақтарына : Ай мен Күнге айналыпты.Сөйтіп ел аузында айтылғандай, өзінің бетіндегі жазылмайтын тыртығынан ұялғандықтан Айсұлу аспан төріне тек түнгі шақтарда, Күнсұлу жоқ кездерде ғана пайда болады екен.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген