Тақырып бойынша 29 материал табылды

АІ зерттеуші

Материал туралы қысқаша түсінік
«AI Зерттеуші» бағдарламасы балаларды ғылыми ізденіске жетелеумен қатар, ақпараттық мәдениетін қалыптастырып, болашақта жаңа технологиялармен жұмыс істеуге бейімдейді. Мақсаты: Балалардың зерттеу және тәжірибе жасауға деген қызығушылығын арттыру, қарапайым ғылыми ұғымдармен таныстыру және жасанды интеллект арқылы танымдық белсенділігін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Торша” балабақшасы









«AI зерттеуші»

вариатив бағдарламасы





Дайындаған: Әсафи Зульфия









Ақсу ауылы

2025жыл

Мазмұны



1.Түсінік хат……………………………………………………………………………

2.Негізгі бөлім…………………………………………………………………………

  • Бағдарлама мазмұны……………………………………………………………

  • Заманауи элемент: Жасанды интеллект технологияларын қолдану………..

  • Тақырыптық күнтізбелік жоспар……………………………………………

3.Қорытынды…………………………………………………………………………

4.Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………………….








































Түсінік хат



Қазіргі уақытта баланың танымдық белсенділігін дамыту мен зерттеуге деген қызығушылығын қалыптастыру мектепке дейінгі білім берудің маңызды бағыттарының бірі болып отыр.Осы мақсатта балабақшада «AI Зерттеуші» атты вариативтік бағдарлама әзірленді.
Бағдарлама балалардың қоршаған ортаны тәжірибе арқылы тануына, өздігінен бақылау жүргізіп, сұрақтар қою мен қорытынды жасау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Бұл бағдарлама дәстүрлі зерттеу әрекеті мен жасанды интеллект технологияларын ұштастыра отырып, балалардың заманауи дүниетанымын кеңейтеді.
Зерттеу жұмыстары 4–5 жастағы балаларға арналған. Жалпы көлемі 36 сағат, аптасына 1 рет, ұзақтығы 20–25 минут. Іс-әрекеттер шағын топтарда, қауіпсіз тәжірибе құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.
Бағдарлама барысында балалар өздері бақылаған құбылыстарды талдап, тәжірибе нәтижесін сурет, бейне немесе мультимедиялық форматта ұсынуға үйренеді. Мұндай жұмыс түрлері балалардың қиялын дамытып, ойлау, есте сақтау және сөйлеу қабілеттерін жетілдіреді.
«AI Зерттеуші» бағдарламасы балаларды ғылыми ізденіске жетелеумен қатар, ақпараттық мәдениетін қалыптастырып, болашақта жаңа технологиялармен жұмыс істеуге бейімдейді.

Мақсаты:
Балалардың зерттеу және тәжірибе жасауға деген қызығушылығын арттыру, қарапайым ғылыми ұғымдармен таныстыру және жасанды интеллект арқылы танымдық белсенділігін дамыту.
Міндеттері:

  • Балаларды қоршаған ортадағы құбылыстарды зерттеуге үйрету;

  • Тәжірибе жасау кезінде бақылау, болжау және қорытынды шығару қабілеттерін қалыптастыру;

  • Цифрлық және жасанды интеллект құралдарын қауіпсіз пайдалану дағдыларын дамыту;

  • Ойлау, салыстыру, шығармашылық және танымдық белсенділікті жетілдіру;

  • Топпен жұмыс, пікір алмасу және өз ойын еркін жеткізе білу қабілетін дамыту.

Жаңалығы:
Бағдарлама зерттеу іс-әрекетіне жасанды интеллект элементтерін кіріктіре отырып құрастырылған. Бұл тәсіл баланың тәжірибелік әрекетін визуалды, бейнелік және интерактивті ортада жүргізуге мүмкіндік береді.
AI құралдарын қолдану балалардың қызығушылығын арттырып, олардың зерттеу үдерісін ойын және таным бірлігінде өткізуге жағдай жасайды.

Заманауи элемент: Жасанды интеллект технологияларын қолдану
AI қолдану бағыттары мен тәсілдері:
AI көмекшісімен зерттеу

Балалар тәжірибе барысында немесе бақылаудан кейін сурет не бейнені планшет арқылы AI жүйесіне (мысалы, Google Lens, Gemini, ChatGPT Kids т.б.) көрсетіп:
«Бұл неге ұқсайды?», «Неге бұлай болады?» деген сұрақтар қояды.
AI көрнекі бейнелер мен қысқа түсіндірмелер арқылы құбылыстың мәнін түсіндіреді.

AI мультфильм зертханасы

Балалар өздері салған суреттерді AI көмегімен жандандырып, қысқа мультфильм немесе бейнеқойылым жасайды.Мысалы: “Кішкентай Тамшы саяхаты”, “Магнит пен темірдің достығы”.
Бұл әдіс шығармашылық қабілетті, тіл байлығын және логикалық байланыс құру дағдысын дамытады.

Табиғи құбылыстарды AI арқылы зерттеу
Тәжірибелерден кейін балалар жасанды интеллекттен нақты табиғи көріністерді көреді:

  • Жаңбыр қалай пайда болады?”

  • Вулкан қалай атқылайды?”

  • Ауа мен судың айырмашылығы неде?”

Бұл визуализация әдісі балалардың түсіну қабілетін жеңілдетіп, ой-өрісін кеңейтеді.

Ағылшын тілін кіріктіру
AI-мен өзара әрекет кезінде балалар ағылшын тіліндегі қарапайым сұрақтар қолданады:

Қарапайым сөйлемдер үлгілері:

  • What is this? — Бұл не?

  • It is water. — Бұл су.

  • What color is it? — Бұл қандай түс?

  • It is blue. — Көк түс.

  • Look! It’s moving! — Қара! Ол қозғалып жатыр!

  • Wow! It’s magic! — Қарашы! Бұл сиқыр сияқты!

  • Let’s try again! — Тағы қайталап көрейік!

  • Good job! — Жарайсың!

Бұл балалардың тілдік құзыреттілігін және ғылыми терминдерге қызығушылығын арттырады.

Мазмұндық бағыттар мен тақырып үлгілері:

  1. Түстердің құпиясы” – бояуларды араластырып жаңа түстер алу;

  2. Су мен ауа дос па?” – сұйықтық пен газ арасындағы айырмашылықты бақылау;

  3. Жұмыртқа батпай ма?” – тығыздықты тәжірибе арқылы зерттеу;

  4. Магнит нені тартады?” – металл және металл емес заттарды ажырату;

  5. Көбік атқылауы” – химиялық реакцияны бақылау.

Күтілетін нәтиже:

Бағдарлама соңында балалар:

  • Тәжірибе жасау арқылы қарапайым ғылыми түсініктерді меңгереді;

  • Өз ойын дәлелдеп айтуға, салыстыру мен талдауға дағдыланады;

  • AI құралдарын жауапкершілікпен қолдана біледі;

  • Танымдық белсенділік, зейін, логикалық ойлау және қиял қабілеттері дамиды;

  • Топта бірлесіп әрекет ету және пікірін еркін білдіру дағдылары қалыптасады.

Қорытынды:



«AI Зерттеуші» бағдарламасы – дәстүрлі тәжірибе мен заманауи технологияның үйлесімі.

Бұл бағдарлама баланың табиғи зерттеушілік қабілетін сақтап, жасанды интеллект арқылы жаңа білім алуға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде бала өзін сенімді сезінетін, ойлай білетін, заманауи цифрлық мәдениеті бар тұлға ретінде қалыптасады.





































AI ЗЕРТТЕУШІ
(Әдістемелік-күнтізбелік жоспар)

4–5 жас тобына арналған вариативтік бағдарлама
36 сағат (аптасына 1 рет, ұзақтығы 20–25 минут)


Тақырып

Мақсаты

Жұмыс барысы

Цифрлық (AI) элемент

Күтілетін нәтиже

1

Біз зерттеушіміз

Балаларға зерттеуші ұғымын түсіндіру, бақылау қабілетін дамыту

Балаларға зерттеуші деген не екенін көрсету, қарапайым заттарды бақылау және сипаттау ойыны

AI бейнесі арқылы «зерттеуші робот» көрсету

Зерттеу ұғымын түсінеді, бақылауға қызығады

2

Су — тіршілік көзі

Судың қасиеттерін бақылау, сұрақ қою дағдыларын дамыту

Балалар су құбылыстарын қарастырады, тамшы құю, сұйықтықтар араластыру тәжірибесі

AI арқылы судың айналымы бейнесін көрсету

Су туралы алғашқы түсінік алады

3

Ауа көрінбейді, бірақ бар

Ауаның бар екенін тәжірибе арқылы көрсету

Балалар шар үрлейді, үрлеу арқылы қозғалысты байқай алады

AI бейнесі арқылы ауа қозғалысын көрсету

Ауа бар екенін тәжірибемен дәлелдейді

4

Түстердің құпиясы

Түстерді араластыру арқылы жаңа түс алу, визуалды ойлау дамыту

Балалар бояуларды араластырады, нәтижесін бақылап, сурет салады

AI көмекшіден түстердің ағылшынша атын көрсету

Түстерді таниды, ағылшынша атайды

5

Күн мен көлеңке

Көлеңке мен жарық байланысын түсіндіру

Балалар шаммен ойын арқылы көлеңке жасауды байқайды

AI арқылы күн мен түннің ауысуын көрсету

Көлеңке қалай пайда болатынын түсінеді

6

Өсімдік тірі ме?

Өсімдікке су мен жарықтың әсерін бақылау

Гүлге су беріп, бермей салыстыру тәжірибесі

AI анимация арқылы гүлдің өсуін көрсету

Өсімдіктің күтімді қажет ететінін біледі

7

Магнит нені тартады?

Магнит әсерін түсіндіру, салыстыру дағдыларын дамыту

Балалар магнит арқылы металл заттарды бөліп көрсетеді

AI бейнесі арқылы магнит өрісін көрсету

Металл заттарды ажырата алады

8

Дыбыс қайдан шығады?

Дыбыс көзін анықтау, есту қабілетін дамыту

Балалар әртүрлі заттарды соғып дыбысын тыңайды

AI арқылы жануарлардың дыбысын көрсету

Есту қабілеті мен есте сақтау дамиды

9

Иіс пен дәм

Иіс пен дәм мүшелерін зерттеу, сезім қабілетін дамыту

Балалар жемістердің дәмін, иісін байқайды, сипаттайды

AI арқылы жеміс суреттерін тану ойыны

Сезім мүшелерінің қызметін ажыратады

10

Заттың пішіні мен көлемі

Пішіндерді салыстыру және сипаттау дағдыларын дамыту

Балалар әртүрлі пішіндерді салыстырып, топтастырады

AI-ден пішіндерді сәйкестендіру ойыны

Геометриялық ұғымдар қалыптасады

11

Ауыр ма, жеңіл ме?

Салмақ айырмашылығын тәжірибе арқылы көрсету

Балалар әртүрлі заттарды көтеріп, салыстырады

AI таразы суретімен салыстыру

Салмақ ұғымын түсінеді

12

Судың үш күйі

Судың күйін тәжірибемен бақылау

Балалар су, мұз, бу күйін байқайды

AI бейнеден судың айналымын көрсету

Су күйінің өзгерісін түсінеді

13

Ауа мен жел

Желдің күшін тәжірибемен байқау

Балалар жел соққанда қозғалысты бақылап, шарды ұшырады

AI жел турбинасы бейнесін көрсету

Желдің күшін сезінеді

14

Көбік атқылауы (вулкан тәжірибесі)

Химиялық реакцияны бақылау

Балалар сода мен сірке қышқылын араластырады, көбік пайда болуын бақылайды

AI бейнесінен вулкан атқылауын көрсету

Реакцияны бақылап, қорытынды жасайды

15

Күн мен жаңбыр

Ауа райын бақылау, табиғат құбылыстарын ажырату

Балалар су құю арқылы жаңбыр жасайды, тәжірибе жасап көреді

AI «weather» ойыны

Табиғат құбылыстарын таниды

16

Жаңбыр қайдан пайда болады?

Судың булануы және жауын туралы түсінік беру

Балалар судың булануын, бұлт түзілуін қарастырады

AI бейнесінен бұлттың түзілуін көрсету

Табиғи айналымды түсінеді

17

Қар мен мұз

Суық құбылыстарды зерттеу

Балалар мұздан тәжірибе жасап, қардың қасиетін бақылайды

AI анимация арқылы қардың пайда болуын көрсету

Суық пен қату ұғымын түсінеді

18

Жер мен топырақ

Топырақ қасиетін байқау, табиғатты түсіну

Балалар топырақты тексереді, заттарды отырғызады

AI бейнеден топырақтағы тіршілік көрсету

Топырақтың пайдасын біледі

19

Өсімдікке су не үшін керек?

Су берілген және берілмеген өсімді салыстыру

Балалар гүлге су беріп немесе бермей бақылау жасайды

AI фото салыстыру

Себеп-салдар байланысын көреді

20

Жәндіктер әлемі

Жәндіктердің түрін, қозғалысын зерттеу

Балалар жәндіктерді бақылап сипаттайды

AI бейнеден ара, көбелек көрсету

Табиғаттағы тіршілікті ажыратады

21

Тас және құм

Материал қасиеттерін салыстыру

Балалар түрлі тастар мен құмды сипап, салыстырады

AI суреттен тау жыныстарын көрсету

Заттың құрылысын түсінеді

22

От пен жылу

Жылудың маңызын түсіндіру, қауіпсіздік дағдыларын дамыту

Балалар шаммен жарық пен жылуды бақылайды, қауіпсіздік ережесін үйренеді

AI бейне: оттың пайда болуын көрсету

От қауіпсіздігі туралы түсінік алады

23

Көлеңке ойыны

Көлеңке бағытын байқау

Балалар шаммен әр түрлі көлеңке жасайды, суретке түсіреді

AI flashlight симуляциясы

Көлеңке бағытын түсінеді

24

Әуедегі дыбыстар

Дыбыс толқынын зерттеу

Балалар әртүрлі дыбыстар жасап, ажыратады

AI визуалды дыбыс үлгісі

Есту және қиял дамиды

25

Жарық пен түстер

Түстер таралуын бақылау

Балалар призмамен жарықты өткізеді, түстерді бақылайды

AI rainbow бейнесі

Түс түзілуін көреді

26

Робот және адам

Тірі мен жасанды айырмашылығын көрсету

Балалар робот пен адам әрекетін салыстырады

AI роботты таныстыру ойыны

AI ұғымын түсіне бастайды

27

Менің AI досым

AI көмегімен сұрақ-жауап жасау

Балалар планшет арқылы AI-ге сұрақ қояды, жауап алады

AI арқылы интерактивті сұрақ-жауап

Цифрлық сауат қалыптасады

28

Судың жолы

Судың қозғалысын бақылау

Балалар су ағымын түрлі ыдыстарда көреді

AI карта немесе 3D бейне көрсету

Қозғалысты түсінеді

29

Табиғатты қорғау

Экология ұғымын түсіндіру

Балалар экологиялық ойындар ойнап, қоршаған ортаны зерттейді

AI суреттерден before/after мысал көрсету

Табиғатты аялауға үйренеді

30

Қалдықтар мен қайта өңдеу

Қоқысты сұрыптау, экологиялық дағдыларды дамыту

Балалар қоқысты сұрыптап тәжірибе жасайды

AI ойын: 'Recycle or Trash?'

Экологиялық мәдениет дамиды

31

Мен және табиғат

Табиғатпен байланысты түсіну

Балалар өз орнын зерттеп, табиғатпен байланысын сипаттайды

AI сурет: адам мен табиғат байланысын көрсету

Табиғатқа қамқорлық сезімі артады

32

Уақыт деген не?

Уақыт ұғымын түсіндіру

Балалар таңертең, күндіз, кеш уақытын бақылап, күнтізбе жасайды

AI clock training ойыны

Уақыт ұғымы қалыптасады

33

Әуе көліктері қалай ұшады?

Ұшу принципін түсіндіру

Балалар ұшақ моделін жасайды, қозғалысты бақылайды

AI ұшақ моделі бейнесі

Ауа мен қозғалыс байланысын түсінеді

34

Роботтар әлемі

Робот түрлерін тану, технологияға қызығушылық

Балалар робот түрлерін көріп салыстырады

AI бейне арқылы робот қозғалысын көрсету

Техникаға қызығушылық артады

35

Біз не үйрендік?

Өткен тақырыптарды қайталау, қорытынды жасау

Балалар тәжірибе, бақылау нәтижесін қорытындылайды

AI quiz (сұрақ-жауап ойыны)

Өз білімі мен тәжірибесін бекітеді

36

Кішкентай зерттеушілер көрмесі

Балалардың тәжірибесін көрсету, бағалау

Балалар өз тәжірибесін таныстырады, сурет, фотоколлаж жасайды

AI арқылы фотоколлаж жасау

Зерттеу нәтижесін бөлісуді үйренеді




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі