Материалдар / "Айбары асқақ- Ата Заң"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Айбары асқақ- Ата Заң"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілеріне арналған сыныптан тыс сабақ үлгісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2020
453
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі













түрі: «Конституция сабағы»

тақырыбы:«Айбары асқақ- Ата Заң»

(қашықтық ой-бөліс)













Сыныбы: 2 «Ә»

Сынып жетекшісі: Мұсаева Ж.Р





2020 - 2021 оқу жылы



Тақырыбы: «Айбары асқақ- Ата Заң»

Мақсаты : 1. Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету,

өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.

3. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

Әдісі:ой қозғау,сұрақ-жауап

Түрі: қашықтық ой-бөліс

Көрнекілігі:слайд, сызба,тапсырмалар бейнеролик

Барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі Кіріспе әңгіме:

Еліне арналатын тілегі шын,

Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!

Іргесін туған елдің тіреп тұрған

Қадірін Ата Заңның білемісің?!,-деп ақын жырлағандай бүгінгі қашықтық ой-бөліс сабағымыз Ата Заңымыз туралы болмақ

Қазақстан Республикасы тәуелсіз егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы алды. 1995 жылдың 30 тамызында өз Ата Заңымыз қабылданды. 30 тамыз – мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталады. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері де бар.

/ Ту, елтаңба, әнұран туралы әңгімелеу /

Бейнеролик


Мұғалім: Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар.

Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата-бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ол 4 бөлім, 21 тараудан тұрды. Алайда уақыт өте келе бұл Конституция заманның талабына сай келмегендіктен, өзінің өмір сүруін тоқтатты

Ой-бөліс

«Тәуелсіз елдің тұғыры – Ата Заң »

- Қазақстан елі қандай ел ?

- Оқушы қандай міндеттерді білуі керек ?

Түйін сөз

Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы. Сендер әлі кішкентайсыңдар, алайда Қазақстан мемлекетінің мүшесі бола отырып, сол елдің азаматы мен азаматшалары болып табыласыңдар. «Болашақ- жастардың қолында» дегендей үздік оқушы болып, өз міндеттері мен құқықтарыңды біліп,оны дұрыс орындап, бірлік пен ынтымақта жұмыс жасап, Қазақстан елінің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы үшін үлес қосайық дегім келеді.


«Білгенге маржан»

-1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясының негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.

Қазіргі Ата Заң 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады. Конституция негізінен әлемдік тәжірибеде жиі қолданатын, халықаралық Адам құқығы туралы декларация (1948 ж 10 желтоқсан Нью-Йорк) және 1989 ж 20 қарашада қабылданған Балалар құқығы туралы конвенцияға сәйкестендіріліп жасалған.

Ата Заңымыздың кейбір баптарына тоқталып өтейік


1-бап: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл — қазақ тiлi.

9-бап:

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері — Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібi конституциялық заңмен белгiленедi.

14-бап: Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

15-бап: Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар.

Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

30-бап: Азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi.

34-бап: Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.

Жеке жұмыс

«Заң білмеген зардап шегеді »

« Мектеп заңына бағынайық! »

(Оқушыларға арналған бірыңғай талап ережелерін жазу)


Менің ..................

І. Оқушылардың құқықтары:

Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірін білдіруге;

Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;

Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б шараларға қатысуға;

ІІ. Оқушылардың міндеттері:

Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеуге, сабаққа жүйелі түрде дайындау, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.

Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту

Мінез-құлық ережелерін сақтау:

Үлкендерді құрметтеу


Жеке жұмыс шығармашылық тапсырма

« Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді?» сызба құрастырады.


Қорытынды:

Оқы да білім ал деген,

От бол да мәңгі жан деген.

Ата Заңым менің!

Ата заңым!

Арман әнім!

Сенен асқан бар ма бағым!

Ата Заңымыз бізді қорғайды, әрі қамқор болады. Халқымызға дұрыс бағыт беретін Ата Заңымыз мәңгілік жасасын!








Сараптама

Күні: 8.09.2020ж

Сыныбы: 2 «Ә»

Қатысқаны: 24 оқушы

Тақырыбы: «Айбары асқақ- Ата Заң»

Мақсаты : 1. Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету,

өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.

3. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

әдісі:ой қозғау сұрақ-жауап. түрі: қашықтық ой-бөліс

көрнекілігі: слайд, сызба,тапсырмалар бейнеролик

Барысы : І. Ұйымдастыру кезеңінде Ата Заңымыз жайлы, Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет екендігі жайлы ойқозғау жұмысы жүрді. Сабақ барысында оқушылар еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы алғанын, 1995 жылдың 30 тамызында өз Ата Заңымыз қабылданғанын және 30 тамыз – мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталатыны жайлы білім алды. Бейнеролик көрсетілім арқылы еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері Ту, Елтаңба, Гимн туралы білімдерін толықтыра алды. Оқушылар қашықтықтан жеке шығармашылығын ұштау мақсатында

«Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді?»тақырыбында ой-бөлісті.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!