|
Ынтымақтастық
атмосферасы
|
Күн
жарығын алақанға саламын.
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық,
мейірімді,
Болып кетер сонда дереу
жан-жағым.
|
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта
жақсы ахуал қалыптастырады.
|
|
Үй тапсырмасын пысықтау
|
Кім жылдам» әдісі
арқылы топпен жұмыс
жасау
Жаңа сабақты бастамас
бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру,
соларқылы топен жарыс ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау
(5 минут)
-
Бу
турбинасының құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы айтып
бер.
-
Бу
турбинасының артықшылығы неде?
-
Реактивті двигательдер дегеніміз
не?
-
Оның қандай түрлері бар?
-
Физикалық диктант
1.Жүйеге
берілген ……. оның ішкі энергиясының өзгерісіне және жүйенің сыртқы
денелерге қарсы істейтін …………
жұмсалады.
2.Бір
дененің …………….есебінен ғана жұмыс істейтін мәшинені жасау
мүмкіндігіне тыйым салады. Ол процестің бағытын білдіреді. …………
ретті мәңгі қозғалтқыш жасау мүмкін
емес.
3.Термодинамикада сырттан жылу алмай және машинаның ішінде
қандай да бір өзгеріссіз, шексіз ұзақ уақытжұмыс істейтін
мәшинелерді …………мәңгі жылу қозғалтқыштары деп
атайды.
4.Газдың
сырқы күштерге қарсы атқарған жұмысы газ………… Оның соңғы және
бастапқы……… айырымына көбейткенге
тең
Қайталау сұрақтарына
жауап беру, есеп шығару. 1.
Жылу қозғалтқыштары деген не? 2.
Жылу қозғалтқыштарының түрлерін атаңдар. ПӘК қандай
шама? 3.
Карно циклын сипаттап беріңдер. 4.
Есеп шығару: 1-есеп. Жылу машинасы бір циклде 1кДж жылу
мөлшерін жұтып 400 Дж жұмыс істеді. Машина қанша жылу мөлшерін
бөліп шығарады? Ш е
ш і м і: Термодинам-ң бір заңы: Q=ΔU+A=>ΔU=Q-A=1000-400=600
Дж 2-есеп. Жылу машинасы бір циклде 400 Дж жылу
шығарып 600 Дж жұмыс істейді. Жылу машинасының ПӘК-і неге
тең? Ш е
ш і м і: 3-есеп. Автокөліктің ПӘК-і 20%, және 30
минутта 1,5 кг жанармай жағады. Автокөлік моторын қуатын анықтаңыз.
q=4,6*107 Дж/кг – жанармайдың меншікті жану
жылуы. Ш е
ш і м і: A = ηQ
= ηqm.
Қуат болса: VI.
Үй тапсырмасын беру. §5,9-5,10
оқу-мазмұндау. №1.
Қыздырғышы 2270С, салқындатқышы 270С жылу машинасының макс ПӘК-і
неге тең? (40 %). №2.
Идеал жылу машинасы қыздырғыштан алған әрбір 1000 Дж энергия
есебінен 250 Дж пайдалы жұмыс жасайтын болса, бұл жылу машинасының
ПӘК-і неге тең? (25
%).

|
|
Жаңа сабақ
|
Өткен тақырыптарға байланысты байланысты
«Аквариум» әдісі
Өткен тақырыпты оқушыларға қысқаша қайталау
мақсатында осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға
байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық
жасату
1
.Айдың табиғаты.
2.Шолпан бетіндегі термодинамикалык
жағдайлар.
З.Марст атіршілік мүмкін бе?
Жердің параметрлерін сұрау.
mж =
6*1024кг;
R= 6378 км; g= 9, 8 Н/кг; υ2 =
11, 2 км/с; ρ = 5, 5 г/см3
υ = 7, 9 км/с; 1 тәулікте = 24 сағ; S = 5, 1 * 108 км
1. Айға жалпы сипаттама
беру.(слайдтар арқылы түсіндіру) Айдың үстіңгі беті қатты шар тәрізді суық дене
болып табылады.
1. Ай - Жердің табиғи серігі.
mА =
1/81 * mж =0,
0123mж; R
= 1738 км; g= 1, 63 Н/ кг; ρ= 3, 35 г/см3 (Жердің 0, 6 тығ/ы)
Fаа < Fаж Соның нәтижесінде газ молекулаларына Fа - ін жеңіп,
ғарыш кеңістігіне ұшып кету жердегіге қарағанда әлдеқайда жеңіл.
Сондықтан Айда атмосфера да тығыз атмосферасыз сұйық күйде бола
алмайтын суда жоқ.
2. Ай бетіндегі физикалық
жағдай. Ай
жерге әрқашан бір жарты шарымен қарайды.
А) Айдың күн тәуліктері 29, 53 жерлік тәулікке созылады. (Күн мен
түн Жердегі екі аптаға (14, 8 жерлік тәулікке) тең. Айдағы бір
тәулік бір айға жуық.
Б) Ұзақ ай күнінде t= 13°С дейін қызады. Мұндай температурада жеңіл
газ молекулаларының жылдамдығы 2, 4 км/с артады және олар Айды
тастап ұшып кетеді. Түнде ай бетінің t = - 160°С немесе t= - 170°С
дейін төмендейді
Ай әзірге адам аяғы басқан жалғыз ғарыштық дене. Ең бірінші айға
барғанндар кімдер? (1969ж Н. Армстронг, Э. Олдрии)
Жерден өзіміз білетіндей Айдың бір ғана жарты шары көрінеді. (1 -
сурет)
3. Ай рельефі.
А) Ай топырағының химиялық құрамы жер жыныстарына ұқсас екені
дәлелденді.
Б) Ай жыныстарының жасы 3, 1 - 4 млрд жылға дейін.
Айдың жасы = Жердің жасына= 4, 6 млрд жыл.
В) Ай бетінің картасы 60 - сурет бойынша
- Күн жүйесін не құрайды? (Күн, планеталар және олардың
серіктері)
- Күн жүйесінде неше планета бар және оларды ретімен ата? (
Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон).
- Күн жүйесінде қандай планеталар қозғалады? (астероидтар,
кометалар, метеорлық денелер).
2. Шолпан планетасы туралы.
(слайдтар арқылы түсіндіру) -
М. В. Ломоносов ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысының барысында
(1761ж)
Жер мен күн арасында Шолпан планетасы бар екенін анықтап, жаңалық
ашты.
- М. В. Ломоносов – Шолпан планетасында атмосфераның бар екендігін
және Жер планетасымен салыстырғанда тығыз болатындығын байқады.
- 1967 мен 1983 жылдар аралығында автоматты «Шолпан - 4», «Шолпан -
16» станциялары мен ғаламшарларды зерттеудің негізгі программалары
орындалды.
- 1985 жылғы маусымның ортасында Шолпанның жанынан ұшып өткен «Вега
- 1» және «Вега - 2» ғарыш станциялары оның атмосферасына
аэростаттық шарлар мен ғаламшарларын бетіне қонатын қону блоктарын
тастады.
Зерттеу нәтижесінде Шолпан атмосферасының 96%- не жуығы –
СО2,
4%- азот, 0, 002%- і - О2, 0, 2%- Н2О
буынан тұратыны анықталды.
- 1887 жылы Фобос, Деймос атты екі табиғи серігі ашылды.
- Ғаламшарға сипаттама:
А) mш =
Жердің 0, 815 массасына тең.
R=6050 км (Жердің 0, 950 радиусында)
ρ= 5, 24 г/см3
ә) Шолпан ақшыл бұлттар қабатымен топтаса жабылған, олар тек
радиотолқындар үшін ғана мөлдір. Радиолокациялық зерттеулер
Шолпанның басқа барлық (Ураннан басқа) планеталарға қарама - қарсы
және өзі де күнді айнала қозғалатын жаққа қарама - қарсы бағытта
өзі осі боймен айналатынын ашты. Шолпанда күн тәулігі 117 Жер
тәулігіне тең.
Б) Шолпан бетінің картасы.
Ғаламшар бетінің тегістігі айтарлықтай екендігі анықталды, бірақ
ондада ойпаттар, жазықтар мен бірге тау шоқылары мен қыраттар,
сақина таулар мен қазан - шұңқырлар, тік жарлар мен жарықтар
бар.
В) Жылыжай эффектісінің мәні.
4. Марс ( Қызыл ғаламшар). (слайдтар арқылы
түсіндіру) -
Халқымыз қызыл жұлдыз деп те атаған, себебі Марс топырағының түсі
қызыл күрең болғандықтан оның бетінен көтерілген шаң тозаң қызыл
түсті.
- Сипаттама: ғаламшар массасы - 0, 107 Жер массасына тең, ρ= 3, 95
г/см3 (Жердің 0, 72 тығыздығына тең) бетіндегі
υ2 = 5
км/с. Марс Жерден диаметрі бойынша 2 есе кіші.
- Марста күн тәуліктері Жердегіден 39, 5 мин - қа ұзақ. Марс жылы
Жердің 687 тәулігіне тең, яғни Жердікінен екі есе ұзақ. Онда жыл
мезгілдерінің алмасуы болып тұрады. Себебі тәуліктік айналу осінің
көлбеулігі дәл жердікіндей.
- Марстағы температура:
Жаздыгүннің өзінде температура 0°С - ға дейін сирек көтеріледі, ал
түнге қарай аязға (- 70- 100°С шейін төмендейді).
Температураның тәуліктік өзгерісі 80 - 100°С дейін жетеді.
Полюстерінде (- 130°С) суық болады, бұл кезде
СО2 –
да қатады.
Жаңа тақырыпты өз бетіңмен меңгер
(төмендегі жетелеуші тапсырмалар арқылы)
Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр.
1.Механикалық қозғалыс туралы сөз болғанда , кей жағдайда
қозғалыстағы денені ..................... ретінде қарастырады.
2. Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге
болатын денені материалық нүкте деп атайды.
3. Дененің немесе материалдық нүктенің санақ денесімен
салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі
қозғалыс траекториясы деп аталады.
4.Траекторияны түріне қарап қозғалысты түзусызықты немесе
қисықсызықты деп бөледі.
5.Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның
ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады.
6.Дененің орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның келесі
орнымен қосатын бағытталған кесінді , яғни векторды
айтады.

|